О названии центрального парка в селе Бирлик Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.08.2011. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Бірлік ауылындағы орталық саябаққа атау беру туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37-бабының 3 тармағына, «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына және 2011 жылдың 23 ақпанында өткен ауыл тұрғындары жиналысының хаттамасына сәйкес Бірлік ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Бірлік ауылындағы орталық саябаққа Дүйсен Асанбаевтың есімі берілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Бірлік ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Қ. Салмарбековке жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім Әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін, күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.