О присвоении наименования "Бирлик" улице без названия в городе Талгар напротив улицы "Исатая Тайманулы" Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.07.2011. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Талғар қаласындағы "Исатай Тайманұлы" көшесіне қарама-қарсы атаусыз көшеге "Бірлік" атауын беру туралы Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 08 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік–аумақтық құрылысы туралы" Заңының 12-бабының 5-1) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 4)-тармақшасына сәйкес, Талғар қаласы тұрғындарының пікірін ескере отырып, Талғар қаласы әкімінің 2011 жылғы 04 мамырдағы N 515 хатының және аудан әкімдігі жанындағы қоғамдық ономастикалық кеңесінің 2011 жылғы 25 ақпандағы N 1 келісімі негізінде Талғар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ және Талғар ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Талғар қаласындағы "Исатай Тайманұлы" көшесіне қарама-қарсы атаусыз көшеге "Бірлік" атауы берілсін.
Тармақ 2
2. Осы бірлескен шешім мен қаулының орындалуына бақылау жасау Талғар қаласының әкімі Қожахметов Адайбек Уәлиұлына жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы бірлескен шешім мен қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.