О квотировании рабочих мест для лиц, освобожденных из мест лишения свободы и несовершеннолетних выпускников интернатных организаций
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О квотировании рабочих мест для лиц, освобожденных из мест лишения свободы и несовершеннолетних выпускников интернатных организаций
- Атауы (қаз.)
- Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғаларға және интернат мекемелерінің кәмелетке толмаған түлектеріне жұмыс орындарын квоталау туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 360/5
- Қабылданған күні
- 15.08.2011
- Көрсетілген редакция
- 26.04.2012 60284_197679.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 26.04.2012
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V11PG000125
- ЭКБ идентификаторы
- 60284
- Редакция идентификаторы
- 60284_197679
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 04:47
0 Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғаларға және интернат мекемелерінің кәмелетке толмаған түлектеріне жұмыс орындарын квоталау туралы
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексі 18-бабының 7)-тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7-бабының 5-5), 5-6) тармақшаларына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Жұмыс орындарының жалпы санынан бір пайыз мөлшерінде жекеменшік түрлеріне қарамастан (келісім бойынша) бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғаларға және интернат мекемелерінің кәмелетке толмаған түлектеріне кәсіпорындарда, мекемелер мен ұйымдарда жұмыс орындарының үлесі белгіленсін.
2
2. Жұмыс берушілерге тиісті жолдамаларды беру жолымен бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғаларды және интернаттық ұйымдардың кәмелетке толмаған түлектерін квоталанатын орындарына жұмысқа орналастыруға "Ертіс ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі жәрдемдесуді қамтамасыз етсін.