Достық ауылдық округіндегі көшелерге ат қою туралы Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.07.2011. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Достық ауылдық округіндегі көшелерге ат қою туралы Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасындағы әкімшілік–аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Достық ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Достық ауылдық округіндегі: Ленин көшесі Қазыбек би атымен аталсын. Комсомол көшесі Төле би атымен аталсын. Целинный көшесі Жақсыбек Қосахов атымен аталсын. Королева көшесі Өзбекәлі Жәнібеков атымен аталсын. № 1 атаусыз көшесі Алатау Батыр атымен аталсын. № 2 атаусыз көшесі Мәншүк Мәметова атымен аталсын. № 3 атаусыз көшесі Бауыржан Момышұлы атымен аталсын. № 4 атаусыз көшесі Әйтеке би атымен аталсын. № 5 атаусыз көшесі Жамбыл Жабаев атымен аталсын. № 6 атаусыз көшесі Сәрсенбай Нурденов атымен аталсын. № 7 атаусыз көшесі Мұхтар Әуезов атымен аталсын. № 8 атаусыз көшесі Қаныш Сәтбаев атымен аталсын. № 9 атаусыз көшесі Шоқан Уалиханов атымен аталсын. № 10 атаусыз көшесі Әл-Фараби атымен аталсын. № 11 атаусыз көшесі 1-мамыр атымен аталсын. № 12 атаусыз көшесі 9-мамыр атымен аталсын.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау ауыл әкімінің бас маманы М.Раманкуловқа жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.