О принятии Поправки к приложению В к Киотскому протоколу к Рамочной конвенции Организации Объединенных Наций об изменении климата Қолданыста
Басқа 0
Біріккен Ұлттар Ұйымының Климаттың өзгеруі туралы негіздемелік конвенциясына Киото хаттамасының В қосымшасына түзетуді қабылдау туралы
Қазақстан Республикасының
Президенті мен Үкіметі актілерінің
жинағында жариялануға тиіс
«Қазақстан Республикасының Халықаралық шарттары туралы» 2005 жылғы 30 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы 1) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
Тармақ 1
1. 2006 жылғы 17 қарашада Біріккен Ұлттар Ұйымының Климаттың өзгеруі туралы негіздемелік конвенциясы Тараптары Конференциясының екінші сессиясында қабылданған, Біріккен Ұлттар Ұйымының Климаттың өзгеруі туралы негіздемелік конвенциясына қоса беріліп отырған Киото хаттамасының В қосымшасына түзету қабылдансын.
Тармақ 2
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 3. Біріккен Ұлттар Ұйымының Климаттың өзгеруі жөніндегі негіздемелік конвенциясына Киото хаттамасының В қосымшасына ТҮЗЕТУ
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2011 жылғы 25 тамыздағы
№ 145 Жарлығына
ҚОСЫМША
Біріккен Ұлттар Ұйымының Климаттың өзгеруі жөніндегі негіздемелік конвенциясына Киото хаттамасының В қосымшасына ТҮЗЕТУ
«Австрия» және «Бельгия» деген жолдардың арасына мынадай жол енгізілсін:
«Беларусь* 92».