Түлкібас поселкесінің көшелерінің атауларын өзгерту туралы Қолданыста
Басқа 0
Түлкібас поселкесінің көшелерінің атауларын өзгерту туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 37-бабының 3 тармағына және Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес және тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас ауданы Түлкібас поселкесінің әкімі ШЕШТІ:
Түлкібас поселкесіндегі мына көшелердің атаулары өзгертілсін:
Тармақ 1
1. «С.М.Киров» көшесін «Бекқожа Аблаев» көшесіне;
Тармақ 2
2. «Железнодорожный» көшесін «Өнгенбай Сергенов» көшесіне.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өз құзыретіме қалдырамын.
Тармақ 4
4. Осы шешім алғаш ресми жариялағаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.