Об утверждении Правил, обеспечивающих право граждан, имеющих льготы по жилищно-коммунальным услугам Күшін жойған
Басқа 0
Тұрғын үй-коммуналдық қызметтеріне жеңілдіктері бар азаматтардың құқығын қамтамасыз ету жөніндегі Тәртібін бекіту туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облыстық әкімдігінің 22.05.2007 № 2 қаулысымен.
«Қазақстан Республикасының азаматтардың жеке категорияларына жеңілдіктер беру мәселелері жөніндегі кейбір заңдылықтар актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 7 сәуірдегі № 374-1 Заңына және «Ақтөбе облысының 2000 жылға арналған бюджеті туралы» Ақтөбе облысы Мәслихатының 1999 жылғы 7 қарашадағы шешіміне сәйкес облыс Әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. «Отан», «Даңқ» ордендерімен марапатталған, «Халық қаһарманы», Қазақстан Республикасының құрметті атақтарына ие болған тұлғаларға жеңілдіктер берудің ұсынылған Тәртібі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыс Әкімінің орынбасары С. Мұқашевқа жүктелсін.
Басқа 3
Облыс Әкімінің
2000 ж. 9 наурыздағы № 35
шешімімен бекітілген
«Отан», «Даңқ» ордендерімен марапатталған, «Халық қаһарманы», Қазақстан Республикасының құрметті атақтарына ие болған тұлғаларға жеңілдіктер берудің Тәртібі туралы
Тармақ 1
1. Тұрғын үй-коммуналдық қызметтер жөніндегі жеңілдіктер пайдалану құқығы «Отан», «Даңқ» ордендерімен марапатталған, «Халық қаһарманы», Қазақстан Республикасының құрметті атақтарына ие болған тұлғаларға беріледі.
Тармақ 2
2. Жоғарыда аталған азаматтар категорияларына белгіленген тәртіп және нормалар шегінде тұрғын үйді ұстаудың коммуналдық қызметтері үшін (орталықтандырылған жылу, ыстық және салқын сумен жабдықтау, канализация, электрмен, газбен жабдықтау, қоқыстарды шығару, лифтер қызметі), ал орталықтан жылыту жүйесі жоқ үйлерге сатып алған отыны үшін белгіленген тәртіп және норма шегінде отын құнының 50 пайыздық жеңілдіктері беріледі.
Тармақ 3
3. Қалалық, аудандық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау бөлімдері тізімді жасайды және бекітеді (жылына бір рет), оларды қызмет көрсетушілерге береді.
Тармақ 4
4. Тұрғын үй-коммуналдық қызметтерге жеңілдіктер беру (пайдалану) нормалары мына мөлшерде белгіленсін:
- газ-ас дайындауға, шаруашылық-тұрмыстық қажеттерге су жылытуға № 1-ші қосымшаға сәйкес;
- қатты, сұйық отын және үйді жылытуға жұмсалатын газ – 1 шаршы метрге 75 кг шартты отын;
- салқын және ыстық сумен жабдықтау - № 2-ші қосымшаға сәйкес;
- электр қуаты жеңілдікке құқығы бар бір адамға айына 45 кВт/сағат мөлшерінде, ал электрлі плиталармен жабдықталған үйлерде тұрушыларға 70 кВт/сағат.
Тармақ 5
5. Тұрғын үй-коммуналдық қызмет пен қатты отын бойынша жеңілдіктер беру белгіленген босату (тұтыну) нормаларын есепке ала отырып және тұрғын үй заңында белгіленген мемлекеттік тұрғын үй қорынан бір адамға берілетін тұрғын үй нормасына бала шегінде жүзеге асырылады, бірақ нақтылы пайдалы алаңнан және қызметті нақтылы пайдалану шегінен артық емес.
Коммуналдық қызметтерді пайдалануды есептеу құралдарын орнатқанға дейін, оларды төлеу жеңілдіктері белгілі тәртіппен бекітілген тарифпен төленеді.
Егер тарифтерді есептеу кезінде қабылданған коммуналдық қызметтерді пайдалану нормалары осы шешіммен белгіленгеннен жоғары немесе төмен болған жағдайда, онда жеңілдіктерге құқығы бар азаматтарға қосымша өтем төленбейді немесе артығы ұстап қалынбайды.
Тармақ 6
6. Бір пәтерде жеңілдіктерді пайдаланатын екі немесе одан да көп адам тұрған жағдайда тұрғын үй жөніндегі жеңілдіктер (пайдалану шығындары бойынша) олардың әр қайсысына тағайындалған жеңілдіктер ережелері мен нормалары бойынша беріледі.
Адамдарға (отбасыларға) тиесілі жеңілдіктерді бірнеше негіздермен қосып, сомалауға жол берілмейді.
Тармақ 7
7. Осы категориялардағы адамдардың жеңілдіктерге басқа негіздермен құқықтағы болғанда, оларға оның ең тиімді деген біреуі беріледі.
Тармақ 8
8. Қызмет көрсетушілердің тұрғын үй-коммуналдық қызметтері жеңілдіктерімен жұмсалған шығынын өтеуді еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының айсайынғы қосынды есебі негізінде облыстық қаржы басқармасы қамтамасыз етеді.
Басқа 12
Облыс әкімінің
2000 ж. 9 нарыздағы № 35
шешіміне № 1 қосымша
Азаматтардың кейбір категорияларына ас даярлау, шаруашылық-тұрмыстық қажеттерге су жылыту үшін берілетін газдың нормалары
Атаулары
Табиғи газ (шаршы метр)
Қысымды газ (кг)
Ас даярлауға, шаруашылық-тұрмыстық қажеттерге су жылыту үшін 1 адамға айына берілетін орташа жылдық нормасы:
газбен жанатын плита және орталықтан ыстық сумен жабдықталғанда
10
4,8
газбен жанатын плита болғанда, бірақ орталықтан ыстық сумен және газбен жылытылмаған жағдайда
12,5
8,2
газбен жанатын плита, су жылытатын қондырғы болғанға және орталықтан ыстық сумен қамтамасыз етілмесе
18,5
13,7
моншада газбен су жылытатын қосымша жылытқыш қондырғы болғанда
8,5
Басқа 13
Облыс Әкімінің
2000 ж. 9 нарыздағы № 35
шешіміне № 2 қосымша
Пәтерлер түрлері
1 адамға бір тәулікте пайдалану нормасы салқын су ыстық су
І
- канализацияны есептемегендегі сумен жабдықтау
80
ІІ
- су жүйесімен және газбен жабдықталғанда
150
ІІІ
- ваннамен су жүйесі болғанда
200
ІV
- су жылытқышы бар су жүйесі болғанда
180
V
- су жылытатын қондырғысымен су жүйесі болғанда
250
VI
- су жүйесі көшедегі колонкіден тартылғанда
50
VII
- су және канализация ванна болғанда
120
VIII
- су, канализация және газбен жабдықталғанда
150
IX
- су, канализация, ванна болғанда
200
X
- су, жылытқышы бар канализация болғанда
180
XI
- жатақханада су жүйесі, канализациясы, душы болғанда
100
XII
- көп қатарлы үйлерде су жүйесі, канализация және газбен жылытатын қондырғы болғанда
250
XII
- жатақханада су жүйесі, душы мен канализациясы болғанда
100
XIV
- барлық жағдай жасалған пәтерлерде
160 100
XV
- су, канализация, ыстық су болмағанда
150
XVI
- су, канализация су жылытқышымен болған жағдайда
180
XVII
- су, канализация, газбен су жылытқышы болғанда
250
XVIII
- су, канализация, ыстық су болғанда
160 85
XIX
- су, канализация, ванна болғанда
200
XX
- жатақханада су, канализация болғанда
100