Об утверждении названий улиц с. Малыбай, с. Казантай Малыбайского сельского округа Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.08.2011. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Лебяжі ауданының Малыбай ауылдық округіне қарасты Малыбай, Қазантай ауылдарының көше атауларын бекіту туралы Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасындағы әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабының 2 тармағына сәйкес ШЕШІМ ҚАБЫЛДАЙМЫН:
Тармақ 1
1. Лебяжі ауданының Малыбай ауылдық округіне қарасты Малыбай, Қазантай ауылдарының көше атаулары қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешім оны алғаш рет ресми жариялағаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуына бақылау қою бас маман Х. Хасеноваға жүктелсін.
Басқа 4
Лебяжі ауданы Малыбай ауылдық округі әкімінің 2011 жылғы 17 тамыздағы № 1-15/5 шешіміне қосымша Малыбай ауылдық округі Малыбай ауылы 1 Мир көшесі 2 Абай көшесі 3 Мұқтар Әуезов көшесі 4 Баймолдинов көшесі 5 Мұса Жәлил көшесі 6 Сырым көшесі 7 60 лет ЛКСМ Казахстана көшесі 8 Ленин көшесі 9 Советская көшесі Қазантай ауылы 1 Қуаныш көшесі 2 Бірлік көшесі 3 Еңбекші көшесі