О реализации Указа Президента Республики Казахстан "О мерах по усилению государственной поддержки и активизации развития малого предпринимательства" Күшін жойған
Басқа 0
«Шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдауды күшейту және дамыту белсендiлiгiн арттыру жөнiндегi шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығын жүзеге асыру туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімінің 19.11.2004 № 50 шешімімен.
«Шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдауды күшейту және дамыту белсендiлiгiн арттыру жөнiндегi шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1997 жылғы 6 наурыздағы № 3398 Жарлығын орындауда және облыс азаматтарының кәсiпкерлiк бастамаларды жүзеге асыруы үшiн қолайлы құқықтық және экономикалық жағдайлар туғызу мен ынталандыру мақсатында ШЕШТIМ:
Тармақ 1
1. «Қостанай облысында шағын бизнестi дамыту туралы» облыс Әкiмiнiң 1997 жылғы 20 ақпандағы № 29 шешiмiне қосымша шаралар қосымшаға сәйкес бекiтiлсiн.
Тармақ 2
2. Облыс Әкiмiнiң бұрын қабылданған «Қоғамдық тамақтандыру кәсiпорындарын лицензиялау туралы» 1996 жылғы 27 тамыздағы № 123 және «Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 17 сәуiрдегi N 2201 қаулысын жүзеге асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 29 желтоқсандағы № 1894 Қаулысын жүзеге асыру туралы» 1996 жылғы 17 сәуiрдегi № 55 шешiмдерiнiң күшi жойылсын.
Жоғарыда көрсетiлген қызмет түрлерiне лицензиялар беру құқығы қалалар мен аудандар әкiмдерiне берiлсiн.
Тармақ 3
3. Қалалар мен аудандар әкiмдерi:
- шағын кәсiпкерлiктi нығайту мен дамытуда жан-жақты практикалық көмек көрсету және қолдау жөнiндегi жұмысты ұйымдастырсын;
- қалалар мен аудандарды дамытуға, әртүрлi мерекелер және басқа да шаралар өткiзуге ерiксiз жарна жинауды ұйымдастыру жөнiндегi бұрын қабылдаған барлық шешiмдерiнiң күшiн жойсын;
- осы шешiм талаптарынан туындайтын мiндеттердi шағын кәсiпкерлiктi дамыту жөнiндегi қоғамдық құрылымдар өкiлдерiмен талдасын және олардың қызметтерiн қолдау мен белсендiлiгiн арттыру жөнiнде нақты шаралар қабылдасын;
- шағын кәсiпкерлiктi дамыту жөнiнде жұмыс iстеп тұрған құрылымдар жұмысын ұйымдастыруда, кәсiпкерлердi бизнес өндiрiсiнiң негiздерiне оқытуда және олармен кеңес өткiзуде, оларды қажеттi әдiстемелiк материалдармен, анықтамалық және басқа да әдебиеттермен қамтамасыз етуде жан-жақты ықпал жасасын және көмектессiн.
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасының Үкiметiне:
- басты мiндетi орталық және жергiлiктi органдар қызметiнiң iс-қимылын үйлестiру болып табылатын Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлiгiнiң құрамында шағын кәсiпкерлiктi қолдау жөнiнде агентство құру және оның жұмысын ұйымдастыру;
- жанұялық және жеке кәсiпкерлiктi, салық және кеден жеңiлдiктерiмен заңды түрде қамтамасыз етудi, тiркелу ретiн ықшамдауды қарастыратын заң актiлерiнiң жобаларын Қазақстан Республикасы Парламентiне енгiзу;
- Қазақстан Республикасының Ұлттық банкiсiмен бiрлесе отырып, жеке кәсiпкерлердi қосқанда шағын кәсiпкерлiктiң кәсiпорындары үшiн мемлекеттiң қатысуымен мемлекеттiк банктер мен екiншi деңгейдегi банктерде төлем алынбай шоттар ашуды қамтамасыз ететiн тиiстi шешiмдер қабылдау тапсырылғаны еске алынсын.
Тармақ 5
5. Осы шешiмнiң орындалуына бақылау жасау облыс Әкiмiнiң орынбасары Б.Ә. Егеубаевқа және облыстық экономика басқармасына жүктелсiн.
Басқа 6. Шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдауды күшейту
және дамыту белсендiлiгiн арттыру жөнiндегi шаралардың
ЖОСПАРЫ
Қостанай облысы әкiмiнiң
1997 жылғы 1 сәуiрдегi
№ 45 шешiмiне
қосымша
Шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдауды күшейту
және дамыту белсендiлiгiн арттыру жөнiндегi шаралардың
ЖОСПАРЫ
___________________________________________________________________
|Рет| |
|№ | Шаралардың атаулары |
|___|______________________________________________________________|
| | |
| | |
| 1 |Мемлекеттік кәсіпорындағы офистік жайлардағы, пайдаланылмаған |
| |өндірістік объектілер мен алаңдарға түгендеу жүргізу және |
| |жарғылық капиталында мемлекеттік үлесі бар ұйымдарда осындай |
| |түгендеуді жүргізуді қамтамасыз ету. |
| | |
| 2 |Көрсетілген объектілерді тендер арқылы өндірістік қызметпен ай|
| |налысушы шағын кәсіпкерлік субъектілеріне осы саланы 3 жыл |
| |бойына өтеу мерзімімен тендер арқылы сату |
| | |
| 3 |Шағын бизнес орталықтары және инкубаторларын салуға арналған |
| |жер бөліктерін анықтау, өндіріспен айналысатын шағын кәсіпкер-|
| |лік субъектілеріне мақсатты жолмен төлемін 5 жылға дейін |
| |ұзарта отырып сату жөнінде конкурстар жүргізу, оларға |
| |төлемсіз жер иелену актілерін беру |
| | |
| 4 |Көп қабатты үйлерде бірлесе тұру талаптарын бұзбай, өндірістік|
| |қызметпен айналысушы кәсіпкерлерге тұрғын үйлердің пәтерлерін |
| |және жер қабаттарын қайта жоспарлауды келістіру жосығын |
| |ықшамдау. Сәйкесті құжаттарды төлем алмай беру. |
| | |
| 5 |Аяқталмаған құрылыстың мемлекеттік объектілерін өндірістік |
| |қызметті ұйымдастыру үшін тендерлік негізде шағын кәсіпкерлік |
| |кәсіпорындарына беруді қамтамасыз ету. |
| | |
| 6 |Кәсіпкерлік және шағын бизнесті қолдау үшін қаржы табу |
| | |
| 7 |Аймақта шағын және орта бизнесті дамытуды есепке алу мен |
| |мониторингінің жүйесін қолдану және ай сайын облыс Әкіміне |
| |мәлімет түсіру. |
____________________________________________________________________
Таблицаның жалғасы
_______________________________________________________
Аяқталу | Орындалу | Орындауға жауапкерлер |
атаулары | нысаны | |
____________|____________|_____________________________|
| | |
| | |
Мәлімет | 1997 жылдың| Мемлекеттік мүлік жөніндегі |
| 5 сәуірі | аумақтық комитет |
| | |
Комиссия | II тоқсан | Мемлекеттік мүлік жөніндегі |
хаттамасы | | аумақ комитет, кәсіпкерлер |
| | және шағын бизнес өкілдеріне|
| | практикалық көмек көрсету жө|
| | ніндегі облыстық комиссия |
| | |
Қалалар | Ай сайын | Жер қатынастары және жерге |
және | | орналастыру жөніндегі коми- |
аудандар | | тет, қалалар және аудандар |
әкімдерінің| | |
шешімдері | | |
Қалалар | 1997 жылдың|Облыстық құрылыс, сәулет және|
және | 5 сәуіріне | коммуналдық шаруашылықтың |
аудандар | дейін | басқармасы |
шешімдері | | |
| | |
Хаттама | 1997 жылдың| Денсаулық сақтау басқармасы,|
| II тоқсаны | облыстық білім департаменті,|
| | ауылшаруашылығы облбасқарма-|
| | сы, облыстық өнеркәсіп және |
| | сауда басқармасы, облыстық |
| | кеден басқармасы, Ұлттық |
| | банктің облбасқармасы, ішкі |
| | істер облбасқармасы, көлік |
| | инспекциясының облбөлімі, |
| | «Солқазқойнау» аумақтық |
| | басқармасы, облмемқұрылыс- |
| | лицензия басқармасы, |
| | экономика облбасқармасы |
| | |
Өкім | 1997 жылдың| Облқаржыбасқармасы,Қостанай,|
| сәуірі | Рудный, Жетіқара қалаларының|
| | әкімдері |
Мәлімет | Ай сайын | Облыстық экономика басқар- |
| | масы |
____________|____________|_____________________________|