О проведении месячника по благоустройству, санитарной очистке и озеленению территории городов и сельских населенных пунктов области Қолданыста

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 09.04.2000. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Облыстың қалалары мен селолық елді мекендерді аумақтарын көріктендіру, санитарлық тазалау және жасыл желектендіру айлығын өткізу туралы "Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын жақсарту жөніндегі бірінші кезектегі міндеттер туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 18-мамырдағы № 3956 Жарлығын, Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 16-қарашадағы № 4153 Жарлығымен бекітілген "Халықтың денсаулығы" Мемлекеттік бағдарламасын, "Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық жайы туралы" Қазақстан Республикасы Заңындағы елді мекендер аумақтарын көріктендіру және санитарлық жақсарту шараларын іске асыру мақсатында облыс Әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Ақтөбе қаласы мен облыс аудандарының әкімдері:
Тармақша 1
1) 2000 жылғы 15-сәуір - 15-мамыр арлығында облыстың елді мекендері аумақтарын көріктендіру, санитарлық тазалау және жасыл желектендіру айлығын ұйымдастырсын және өткізсін;
Тармақша 2
2) меншіктік нысандарына қарамастан облыстың барлық кәсіпорындары, ұйымдары, мекемелері қызметшілерін, жоғарғы және орта арнаулы оқу орындары оқушыларын ғимараттардың, үйлердің, өндірістік ғимараттардың, қоршаулардың, парктердің, гүлзарлардың, көшелердің, тротуарлардың қасбеттерін тиісті санитарлық-техникалық талаптарға сәйкестендіру жөніндегі көпшілік жұмыстарын жүргізуге тартсын;
Тармақша 3
3) меншіктік нысандарына қарамастан кәсіпорындарға, ұйымдарға аумақтарды, көшелерді, аландарды бекітсін, осы жұмысқа жол қызметтерін, тұрғын үй коммуналдық шаруашылықтарын тартсын;
Тармақша 4
4) елді мекендердің айналасындағы ұйымдастырылмаған қоқыс төгілген орындарды жойсын және бұдан былай қалалар, елді мекендер, су қоймалары, кәсіпорындар және ұйымдар маңындағы аумақтардың ластануына жол берілмесін;
Тармақша 5
5) қоқыстар мен тұрмыстық қалдықтарды тұрмыстық қалдықтар полигонына шығаруды іске асырсын;
Тармақша 6
6) су құбырларының, канализация жүйелерінің ақауларын және инженерлік желілердегі авариялар зардаптарын жоюдың нақты шараларын алсын;
Тармақша 7
7) көшелерді мен автожолдарды жарықтандыру жөніндегі тиісті жөндеу жұмыстарын жүргізсін;
Тармақша 8
8) облыстың қалалары мен елді мекендерін жасыл желектендірудің шараларыш алсын;
Тармақша 9
9) уақытша жұмыспен қамту тәртібінде жұмыссыз азаматтар көріктендіру, санитарлық тазалау және жасыл желектендіру жөніндегі қоғамдық ақы төленетін жұмыстарға тартсын.
Тармақ 2
2. Облыстық орман және биоресурстар жөніндегі аумақтық басқармасына (А.Тұрғалиев), "Табиғат" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне (А. Егізбаев) облыстың қалалары мен елді мекендерін жасыл желектендіру үшін тиісті санда ағаштар мен бұта тектестер өскіндерімен қамтамасыз ету ұсынылсын.
Тармақ 3
3. Облыстық санэпидемстанциясы (Е. Оңайбаев), облыстық қоршаған ортаны қорғау басқармасы (А. Иманбеков), облыстық ішкі істер басқармасы (С. Ісімов) облыстың қалалары мен селолық елді мекендері аумақтарын көріктендіру, санитарлық тазалау және жасыл желектендіру айлығының өткізілу барысына бақылауды қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Облыстық газеттердің редакциялары, облыстық телерадиокомпания айлықтық өту барысын жан-жақты көрсетсін.
Тармақ 5
5. Ақтөбе қаласы мен облыс аудандарының әкімдері, облыстық санэпидемстанция (Е. Оңайбаев), облыстық қоршаған ортаны қорғау басқармасы (А. Иманбеков) 2000 жылғы 20-мамырға дейін жүргізілген жұмыстың қорытындылары туралы облыс Әкімінің аппаратына хабарласын.
Тармақ 6
6. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыс Әкімінің орынбасары С. Мұқашевқа жүктелсін.