Об утверждении критериев отнесения предприятий к системообразующим Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.09.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Кәсіпорындарды жүйе құрушыға жатқызу өлшемдерін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 27 маусымдағы № 711 қаулысымен бекітілген Салалық органдардың кәсіпорының Дағдарыстан кейін қалпына келтіру бағдарламасының (бәсекеге қабілетті кәсіпорындарды сауықтыру) талаптарына сәйкестігіне сараптамалық қорытынды беру қағидасының 3-тармағының 4) тармақшасына сәйкесБҰЙЫРАМЫЗ:
Тармақ 1
1. Кәсіпорындарды жүйе құрушыға жатқызудың қоса беріліп отырған өлшемдері бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының индустрия және жаңа технологиялар, ауыл шаруашылығы, қаржы және экономикалық даму және сауда министрліктерінің ресми интернет-ресурстарында жариялануы қамтамасыз етілсін.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрілгінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрықтың бақылау орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Экономикалық даму және сауда вице-министрі М.Ә.Құсайыновқа жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы бұйрық оның бірінші ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Бірінші Вице-министрі __________________ Рау А.П. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі _______________________ Мамытбеков А.С. Қазақстан Республикасы Қаржы министрі _______________________ Жәмішев Б.Б. Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрі _______________________ Келімбетов Қ.Н. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің міндетін атқарушы ___________________________ Сауранбаев Н.Е.
Басқа 6. Кәсіпорындарды жүйе құрушыға жатқызу өлшемдері
Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің міндетін атқарушы 2011 жылғы 31 тамыздағы № 306 және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2011 жылғы 26 тамыздағы № 11-1/487 және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2011 жылғы 26 тамыздағы № 440 және Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің 2011 жылғы 25 тамыздағы № 256 бірлескен бұйрығымен бекітілген Кәсіпорындарды жүйе құрушыға жатқызу өлшемдері
Тармақ 1
1. Осы кәсіпорындарды жүйе құрушыға жатқызу өлшемдері (бұдан әрі – өлшемдер) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 27 маусымдағы № 711 қаулысымен бекітілген Салалық органдардың кәсіпорының Дағдарыстан кейін қалпына келтіру бағдарламанасының (бәсекеге қабілетті кәсіпорындарды сауықтыру) талаптарына сәйкестігіне сараптамалық қорытынды беру қағидасының 3-тармағының 4) тармақшасын орындау үшін әзірленген.
Тармақ 2
2. Кәсіпорындарды жүйе құрушыға жатқызу өлшемдері міндетті және ұсынымдық сипаттағы болып бөлінеді:
Тармақша 1
1) міндетті өлшемдері: кәсіпорын Қазақстан Республикасының "Жеке кәсiпкерлiк туралы" Заңына сәйкес орта немесе ірі кәсiпкерлiк субъектiлерiне жатқызылуы тиіс; кәсіпорынның есепті жылдың алдындағы үш жылдық кезеңнің біріндегі облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) өнеркәсіп өндірісінің және/немесе көрсетілетін қызметтер мен атқарылатын жұмыстардың жалпы көлеміндегі үлес салмағы, өңірдің ерекшелігі ескеріле отырып – кем дегенде 0,1%; кәсіпорын өндірісінің облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) өнеркәсіп өндірісінің және/немесе көрсетілетін қызметтер мен атқарылатын жұмыстардың жалпы көлеміндегі жоспарланған үлес салмағы, өңірдің ерекшелігі ескеріле отырып - кем дегенде 0,1%;
Тармақша 2
2) ұсынымдық өлшемдері: өндірістік тізбенің сақталуы мен дамуы үшін кәсіпорынның маңыздылығы, өнімдерді өндіруге, барынша жоғары қайта бөлінетін жұмыстарды орындауға көшу үшін әлеуетінің болуы; ішкі және сыртқы нарықтарға ұзақ мерзімді өткізу перспективасы бар шығарылатын өнімнің, көрсетілетін қызметтердің, атқарылатын жұмыстардың өзектілігі; әлеуметтік тұрақтылықты сақтау, халықтың әлеуметтік осал топтарын бірінші кезектегі қажет таурлармен қамтамасыз ету, бағалардың өзгеру мүмкіндігінің және өнімнің тапшылығының кері салдарларын барынша азайту бөлігінде кәсіпорынның өңір үшін маңыздылығы; мультипликативті әсердің болуы, ілеспе өндірістерді, шағын және орта бизнесті дамыту.
Тармақ 3
3. Кәсіпорынды жүйе құрушыға жатқызуды өңірдің ерекшілігін ескере отырып, осы Өлшемдерге қосымшаға сәйкес нысан бойынша кәсіпорындарды жүйе құрушыға жатқызу өлшемдерінің сәйкестігі туралы облыстың (республикалық маңызы бар қала, астана) жергілікті атқарушы органы әкімдігінің қорытындысы түрінде жергілікті атқарушы орган жүзеге асырады.
Басқа 12. Облыстың (республикалық маңызы бар қала, астана) жергілікті атқарушы органы әкімдігінің кәсіпорындарды жүйе құрушыға жатқызу өлшемдерінің сәйкестігі туралы ҚОРЫТЫНДЫСЫ
Кәсыпорындарды жүйе құрушыға жатқызу өлшемдеріне қосымша Нысаны Қазақстан Республикасы                Облыстың (республикалық маңызы Экономикалық даму және сауда          бар қала, астана) жергілікті министрлігімен келісілген             атқарушы органының әкімдігі бекіткен _____________________________        ___________________________ (А.Т.Ә.), қолы                       (А.Т.Ә.), лауазымы, қолы 20 __ жыл______ № ____ Облыстың (республикалық маңызы бар қала, астана) жергілікті атқарушы органы әкімдігінің кәсіпорындарды жүйе құрушыға жатқызу өлшемдерінің сәйкестігі туралы ҚОРЫТЫНДЫСЫ 1) Кәсіпорындарды міндетті сипаттағы жүйе құрушыға жатқызу өлшемдері Облыс, республикалық маңызы бар қала, астана № 1 Кесте № р/с Қа­ты­су­шы­ның ата­уы Өл­шем бір­лі­гі Ке­зең (жыл) Мәні 1 "Же­ке кәс­iп­кер­лiк ту­ра­лы" Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның За­ңы­на сәй­кес кә­сі­по­рын­ның тү­рі ор­та, ірі 2 Өнер­к­ә­сіп өн­ді­рі­сі­нің және/неме­се көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер мен ат­қа­ры­ла­тын жұ­мыстар кө­ле­мі­нің, сон­дай-ақ оның есеп­ті жыл­дың ал­дын­да­ғы үш жыл­дық ке­зең­нің бі­рін­де­гі өнер­к­ә­сіп өн­ді­рі­сі­нің және/неме­се көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер мен ат­қа­ры­ла­тын жұ­мыстар­дың жал­пы кө­ле­мін­де­гі үлес сал­ма­ғы мил­ли­он тең­ге % 3 Са­лы­нып жа­тқан кә­сі­по­рын өні­мі өн­ді­рі­сі­нің және/неме­се көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер мен ат­қа­ры­ла­тын жұ­мыста­ры жос­пар­лан­ған, сон­дай-ақ оның жал­пы кө­ле­мін­де­гі өні­мі өн­ді­рі­сі­нің және/неме­се көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер мен ат­қа­ры­ла­тын жұ­мыста­ры жос­пар­лан­ған үлес сал­ма­ғы мил­ли­он тең­ге % 2) Кәсіпорындарды ұсынымдық сипаттар жүйе құрушыға жатқызу өлшемдері Облыс, республикалық маңызы бар қала, астана № 2 Кесте № р/с Қа­ты­су­шы­ның ата­уы Өл­шем­де­рі (Кә­сі­по­рын­ды да­мы­ту­дың әле­умет­тік-эко­но­ми­ка­лық ин­ди­ка­тор­ла­ры­ның бо­лжа­мы)* 1 Өн­ді­рі­стік тіз­бе­нің сақ­та­луы мен да­муы үшін кә­сі­по­рын­ның ма­ңы­зды­лы­ғы, өнім­дер­ді өн­ді­ру­ге, ба­рын­ша жо­ға­ры қай­та бө­лі­не­тін жұ­мыстар­ды орын­да­у­ға кө­шу үшін әле­уе­ті­нің бо­луы 2 Іш­кі және сырт­қы на­рық­тар­ға ұзақ мер­зім­ді өт­кі­зу пер­спек­ти­ва­сы бар шы­ға­ры­ла­тын өнім­нің, көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер­дің, ат­қа­ры­ла­тын жұ­мыстар­дың өзек­ті­лі­гі 3 Әле­умет­тік тұ­рақ­ты­лық­ты сақ­тау, ха­лық­тың әле­умет­тік осал топ­та­рын бі­рін­ші ке­зек­те­гі қа­жет та­ур­лар­мен қам­та­ма­сыз ету, ба­ға­лар­дың өзге­ру мүм­кін­ді­гі­нің және өнім­нің тап­шы­лы­ғы­ның ке­рі сал­дар­ла­рын ба­рын­ша азай­та бө­лі­гін­де кә­сі­по­рын­ның өңір үшін ма­ңы­зды­лы­ғы 4 Муль­ти­пли­ка­тив­ті әсер­дің бо­луы, іле­с­пе өн­ді­рі­стер­ді, ша­ғын және ор­та биз­не­сті да­мы­ту Ескерту: Ақпарат мазмұнды сипатта болуы және болжамды көрсеткіштерді қамту тиіс 3) Облыстың (республикалық маңызы бар қала, астана әкімдіктері) жергілікті атқарушы органы әкімдігінің кәсіпорындарды, жүйе құрушыға жатқызу қорытындысы