О наименовании улиц и переулка поселка Белкуль и населенном пункте Бирказан Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.08.2011. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Белкөл кенті және Бірқазан елді мекеніндегі көшелер мен тұйыққа атау беру туралы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35-бабына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік–аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес және қала әкімі жанындағы онамастикалық комиссиясының 2011 жылғы 24 мамырдағы N 2/3 ұйғарымына және Белкөл кенті тұрғындарының 2011 жылғы 17 мамырдағы N 1 хаттамасы, Бірқазан елді мекені тұрғындарының 2011 жылғы 17 мамырдағы N 2 хаттамасы негізінде, ШЕШЕМІН:
Тармақ 1
1. Сызбалық картаға байланысты Белкөл кентінде орналасқан мөлтек ауданға: Жаңа мөлтек ауданы атауы берілсін.
Тармақ 2
2. Сызбалық картаға байланысты Белкөл кентінде орналасқан көшелерге және тұйыққа: Жерұйық көшесі, Сарыарқа көшесі, Бірлік көшесі, Кәкім Әбдіқадыров атындағы көше, N 1 көше, N 2 көше, N 3 көше, N 4 көше, N 5 көше, N 6 көше, N 7 көше, Кәкім Әбдіқадыров атындағы тұйығы атаулары берілсін.
Тармақ 3
3. Сызбалық картаға байланысты Бірқазан елді мекенінде орналасқан көшелер мен бекетке: Бірқазан көшесі, Көкжиде бекеті, Көкжиде көшесі атаулары берілсін.
Тармақ 4
4. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау Белкөл кенті әкімі аппаратының бас маманы Қ. Оспановқа жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткен сәтінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.