Об утверждении Временного порядка централизованного ведения валютных операций бюджетных организаций через валютные счета Департамента Казначейства Министерства финансов Республики Казахстан Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.11.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық Департаментінің валюталық шоттары арқылы бюджеттік ұйымдардың валюталық операцияларын бір орталықтан жүргізудің Уақытша тәртібін бекіту туралы Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық Департаментінің валюталық шоттары арқылы бюджеттік ұйымдардың валюталық операцияларын бір орталықтан жүргізудің Уақытша тәртібі бекітілсін. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық Департаментінің валюталық шоттары арқылы бюджеттік ұйымдардың валюталық операцияларын бір орталықтан жүргізудің УАҚЫТША ТӘРТІБІ
Тармақ 1
1. Осы Тәртіп "Валюталық реттеу туралы" 1996 жылғы 24 желтоқсандағы N 54-1 ЗКР Қазақстан Республикасының Заңына, "Бюджеттік жүйе туралы" 1996 жылғы 24 желтоқсандағы N 52-1 ЗКР Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларына, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің нормативтік актілеріне сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық Департаментінің бұдан әрі мәтін бойынша "Қазынашылық Департаменті" шоты арқылы, мемлекеттік бюджет есебінен ұсталатын ұйымдардың бұдан әрі мәтін бойынша бюджеттік ұйымдардың шетел валютасымен жасалатын операцияларды бір орталықтан жүргізудің тәртібін, сондай-ақ шетел валютасымен операцияларды жүргізуді ұйымдастырудың негізгі принциптерін белгілейді.
Тармақ 2
2. Бюджеттік ұйымдардың шетел валютасымен жүргізілетін операциялары Қазынашылық Департаменті және оның Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде немесе басқа уәкілді банктерге ашылған банктік шетел валютасының шоттары арқылы жүзеге асырылады. Облыстық Қазынашылық басқармалары шетел валютасымен жасайтын операциялар Қазынашылық Департаментінде және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің облыстық басқармаларында ашылған өздерінің шоттары арқылы жүргізеді.
Тармақ 3
3. Шетел валютасымен жасалатын операциялар жүргізу үшін Қазынашылық органдарында бюджеттік ұйымдардың шетел валютасында шоттар ашады. Бюджеттік ұйымдардың валюталық шоттарын ашу, жүргізу және жабу Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі белгілеген тәртіппен жүргізіледі.
Тармақ 4
4. Бюджеттік ұйымдарға қолданылып жүрген заңдарда көзделген операцияларды жүзеге асыру үшін нақты шетелдік валютаны аударым арқылы алуға рұқсат етеді. Бюджеттік ұйымдарға нақты шетел валютасы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі немесе олардың уәкілді банктері арқылы елден тысқары шыққандағы іссапар шығындары үшін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде Қазынашылықтың арнайы рұқсаты бойынша ерекше жағдайларда беріледі. Пайдаланылмаған нақты шетел валютасын қайтару Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі немесе оларға өкілетті банктер арқылы жүргізіледі.
Тармақ 5
5. Бюджеттік ұйымдардың валюталық шоттарынан қаражаттардың түсуі мен жұмсалуы бойынша валюталық операциялары қаражаттардың түсу көздерін және олардың жұмсалу бағытын тәртіпке келтіретін шоттарды ашуға жазбаша рұқсаттарға сәйкес жүргізіледі. Республикалық бюджетте тұратын ұйымдарға валюталық шоттарды ашу үшін жазбаша рұқсатты қазынашылық органдары: лимиттердің бас иелік етушісі - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық Департаменті, тиесінші ведомствоға қарасты бюджеттік ұйымдар - Қазынашылықтың аумақтық бөлімшелері береді. Жергілікті бюджет есебінен тұратын ұйымдар валюталық шоттарды ашуға тиісті қаржы басқармаларының жазбаша рұқсатын көрсетеді.
Тармақ 6
6. Қазынашылық органдары бюджеттік ұйымдардың тапсырмалары бойынша қаржыларды төлеу мен аударуды шетел валютасы түрінде іске асырады. Операцияларды жүргізу жөнінде қызмет көрсететін банктің комиссиялары бюджеттік ұйымдардың есебінен төленеді.
Тармақ 7
7. Қазынашылық Департаментінің конверсиялық операцияларды жүргізу тәртібі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен басқа да уәкілді банктермен жасасқан шарттарға сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 8
8. Бюджеттік ұйымдардың операцияларды шетел валютасында есепке алуды Қазынашылық органдары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми бағамы бойынша теңгемен жүзеге асырады.
Тармақ 9
9. Бюджеттік ұйымдардың бюджеттік қаражаттары есебінен сатып алынған шетел валютасындағы қаражаттардың қалдығы ағымдағы жылдың 25 желтоқсанына дейін пайдаланылмаса, сол жылы осы ұйымдардың бюджеттік шоттарында қалпына келтірілуі тиіс.
Тармақ 10
10. Мемлекеттік бюджет есебінен ұсталатын ұйымдардың валюталық шоттары бойынша операцияларды жүзеге асыру Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық Департаменті бекіткен және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісілген Валюталық операцияларды жүргізу жөніндегі Нұсқаулыққа сәйкес жүргізіледі.