Об утверждении Правил возмещения затрат на медицинскую помощь Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.10.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Медициналық көмекке жұмсалған шығындарды өтеудiң ережесiн бекiту туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 06.10.2006 N 965 (алғаш рет ресми жарияланғаннан кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен. "Қазақстан Республикасында азаматтардың денсаулығын сақтау туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Тармақ 1
1. Қоса берiлiп отырған Медициналық көмекке жұмсалған шығындарды өтеудiң ережесi бекiтiлсiн.
Тармақ 2
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi және жариялауға жатады.
Басқа 3. Медициналық көмекке жұмсалған шығындарды өтеудiң ережесi
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2000 жылғы 27 мамырдағы N 806 қаулысымен бекiтiлген Медициналық көмекке жұмсалған шығындарды өтеудiң ережесi Осы ереже, меншiк нысанына қарамастан, медициналық қызметке лицензиясы бар заңды және жеке тұлғаларға, олардың тегiн медициналық көмектiң кепiлдi көлемiн көрсетуi бойынша жұмсаған шығындарын бағдарлама әкiмшiлерiнiң өтеуiнiң негiзгi шарттары мен ережелерiн белгiлейдi. Тегiн медициналық көмектiң кепiлдi көлемiн көрсеткенi үшiн шығындарды өтеу, мемлекеттiк бюджетте көзделген қаражат есебiнен, заңнамада белгiленген мерзiмде жүзеге асырылады. Шығындарды өтеу: мемлекеттiк денсаулық сақтау мекемелерiнде шығыстар сметасы бойынша; мемлекеттiк мекемелерден басқа, медициналық ұйымдарда орындалған медициналық қызметтер көрсетудiң көлемi үшiн бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерiмен шарттық негiзде жүзеге асырылады. Тегiн медициналық көмектiң кепiлдiк берiлген көлемiн көрсететiн жеке және заңды тұлғаларға күрделiнi қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген медициналық ұйымдардың қызметiне байланысты шығындардың барлық түрлерi өтеледi. Мемлекеттiк медициналық ұйымдардың күрделi шығындары Қазақстан Республикасы бюджетiнiң шығыстары экономикалық жiктемесiнiң тиiстi ерекшелігi бойынша күрделi трансферттер түрiнде өтеледi. 📌 Ескерту. Кіріспе толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2004.03.26. N 370 қаулысымен.
Тарау 1. 1. Меншiк нысанына қарамастан, медициналық қызметке лицензиясы бар бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсететiн жеке және заңды тұлғалардың шығындарын жан басына шаққандағы норматив бойынша өтеу
1. Меншiк нысанына қарамастан, медициналық қызметке лицензиясы бар бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсететiн жеке және заңды тұлғалардың шығындарын жан басына шаққандағы норматив бойынша өтеу
Тармақ 1
1. Жан басына шаққандағы норматив-медициналық қызметтердiң нақты көлемiн қамтамасыз ету үшiн жыл сайын бiр адамға есептелiп, қайта қаралатын шығындардың белгiленген нормасы. Жан басына шаққандағы норматив бiр тұрғынға анықталады. Ауылдағы денсаулық сақтаудың ерекшелiгiн, қызмет көрсету учаскесiнiң географиялық алшақтығын, ауылдық елдi мекендегi халық тығыздығының төмендiгiн ескере отырып, бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiсi бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін ауылдық және қалалық денсаулық сақтау ұйымдары үшiн жан басына шаққандағы нормативтi жеке белгiлеуге құқылы. 📌 Ескерту. 1-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 2003.01.28. N 96; 2004.03.26. N 370 қаулыларымен.
Тармақ 2
2. БМСК-тiң қаржыландыру көлемi тұрғындардың санын қызмет көрсетiлетiн аумақтың жан басына шаққандағы нормативiне және жыныстық жасын түзету коэффициентiне көбейту жолымен, мынадай формула бойынша есептелiнедi: К қарж. = С тұрғ.* Ж норма.* Ж коэфф., мұнда: К қарж. - БМСК ұйымын қаржыландыру көлемi, С тұрғ. - бекiтiлген тұрғындардың саны, Ж норма. - жан басына шаққандағы норматив, Ж коэфф. - жасы-жынысы бойынша түзету коэффициентi. Жасы-жынысы бойынша түзету коэффициентi - бұл, тұрғындардың жасы-жынысы бойынша әр түрлi санатына медициналық көмектi тұтыну деңгейiндегi айырмашылықтарды ескеретiн коэффициент. Жасы-жынысы бойынша түзету коэффициенттерiн қолдануды және есептеу тәртiбiн Қазақстан Республикасының азаматтардың денсаулығын қорғау саласындағы уәкiлеттi орталық атқарушы органы анықтайды.
Тарау 2. 2. Меншiк нысанына қарамастан, медициналық қызметке лицензиясы бар мамандандырылған амбулаториялық-емханалық көмек көрсететiн жеке және заңды тұлғалардың шығындарын амбулаториялық-емханалық тарификатор бойынша өтеу
2. Меншiк нысанына қарамастан, медициналық қызметке лицензиясы бар мамандандырылған амбулаториялық-емханалық көмек көрсететiн жеке және заңды тұлғалардың шығындарын амбулаториялық-емханалық тарификатор бойынша өтеу
Тармақ 3
3. Амбулаториялық-емханалық тарификатор мамандандырылған амбулаториялық-емханалық көмек көрсетiлетiн қызметтерге арналған тарифтер тiзбесi. Амбулаториялық-емханалық тарификатордың негiзгi экономикалық көрсеткiшi нақты қызмет құнының қызметтердiң барлық түрiнiң орташа құнына қатынасын көрсететiн қызметтердiң шығын көлемiнiң коэффициентi болып табылады. 📌 Ескерту. 3-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 2003.01.28. N 96; 2004.03.26. N 370 қаулыларымен.
Тармақ 4
4. Қызмет көрсетулердiң шығын көлемi коэффициенттерiн Қазақстан Республикасының азаматтардың денсаулығын қорғау саласындағы уәкiлеттi орталық атқарушы органы белгiлейдi.
Тармақ 5
5. Мамандандырылған амбулаториялық-емханалық қызмет көрсету үшiн қаржыландыру көлемi қызметтердiң шығын көлемi коэффициентiн амбулаториялық-емханалық тарификатордың базалық тарифiне көбейту жолымен, мынадай формула бойынша анықталады: К қарж. = К ш. * Б т., мұнда: К қарж. - мамандандырылған амбулаториялық-емханалық қызмет көрсету үшiн қаржыландыру көлемi, К ш - қызмет көрсетулердiң шығын көлемi коэффициентi, Бт - амбулаториялық-емханалық тарификатордың базалық тарифi.
Тармақ 6
6. Бюджеттiк жылға арналған бағдарламаның әкiмшiсi амбулаториялық-емханалық ұйымдарда көрсетiлген қызметтер үшiн базалық тарифтi арнайы мамандандырылған емханалық көмекке көзделген, шығыстар нормативтерi негiзiнде есептелген бюджет қаражатын жоспарланған қызметтер санына бөлу жолымен, қызметтер шығыны коэффициентiн ескере отырып немесе формула бойынша анықтайды: Бт = К қаражат /(Жс * К ш.ор.), мұнда: К қаражат - арнайы мамандандырылған емханалық көмекке көзделген бюджет қаражаты, Жс - амбулаториялық-емханалық ұйымдардағы қызметтердiң жоспарланған саны, Кш.ор - барлық жоспарланған қызмет көрсетулер бойынша шығын көлемiнiң орташа коэффициентi. Барлық жоспарланған қызмет көрсетулер бойынша шығын көлемiнiң орташа коэффициентi Қазақстан Республикасының азаматтардың денсаулығын қорғау саласындағы уәкiлеттi орталық атқарушы органының әдiстемелерiне сәйкес анықталады. 📌 Ескерту. 6-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2003.01.28. N 96 қаулысымен.
Тарау 3. 3. Меншiк нысанына қарамастан, медициналық қызметке лицензиясы бар стационарлық көмек көрсететiн жеке және заңды тұлғалардың шығындарын клиникалық-шығындық топтар бойынша өтеу
3. Меншiк нысанына қарамастан, медициналық қызметке лицензиясы бар стационарлық көмек көрсететiн жеке және заңды тұлғалардың шығындарын клиникалық-шығындық топтар бойынша өтеу
Тармақ 7
7. Клиникалық-шығындық топтар (бұдан әрi - КШТ) - аурулардың, оларды емдеуге жұмсалған шығындар бойынша ұқсас, клиникалық бiртектi топтары. КШТ-тың негiзгi экономикалық өлшемi аурудың осы тобының шығындарының барлық топтар бойынша орташа шығындарға қатынасын көрсететiн, шығын көлемiнiң коэффициентi болып табылады. Аурулардың топтары бойынша шығын көлемiнiң коэффициентiн Қазақстан Республикасының азаматтардың денсаулығын қорғау саласындағы уәкiлеттi орталық атқарушы органы белгiлейдi. 📌 Ескерту. 7-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 2003.01.28. N 96; 2004.03.26. N 370 қаулыларымен.
Тармақ 8
8. Клиникалық-шығындық топтар бойынша емделiп шыққан жағдайды қаржыландыру көлемi шығын көлемi коэффициентiн стационарлық көмектi қаржыландырудың базалық ставкасына және стационар деңгейi коэффициентiне көбейту жолымен, мынадай формула бойынша анықталады: К қарж. = К шығ. * Б стац. * К дең., мұнда: Қ қарж.- клиникалық-шығындық топтар бойынша емделiп шыққан жағдайды қаржыландырудың көлемi, К шығ.- шығын көлемі коэффициентi, Б стац. - стационарлық көмектi қаржыландырудың базалық ставкасы, К дең. - стационар деңгейiнiң коэффициентi. Бюджеттiк жылға арналған бағдарламаның әкiмшiсi стационарлық көмектi қаржыландырудың базалық ставкасын стационарлық көмекке көзделген, шығыстар нормативтері негізінде есептелген бюджеттiң қаражатын емделiп шыққан жағдайдың жоспарланған санына шығын көлемi коэффициентiн ескере отырып бөлу жолымен немесе формула бойынша анықтайды: Б стац. = К қарж./ (Жс * Кш.ор.), мұнда: Қ қаражат - стационарлық көмекке көзделген бюджет қаражаты, Ж с - емделiп шыққан жағдайдың жылдық жоспарланған саны, К ш.ор. - жоспарланған жағдайлардың шығындары көлемiнiң орташа коэффициентi. Жоспарланған жағдайлардың шығындары көлемiнiң орташа коэффициентi Қазақстан Республикасының азаматтардың денсаулығын қорғау саласындағы уәкiлеттi орталық атқарушы органының әдiстемелерiне сәйкес анықталады. Ауруханаiшілік ауыстырылған науқастарды емдеуге жұмсалған шығындарды өтеу бiр рет емделу жағдайы ретiнде жүзеге асырылады. Оларды тексеру процесiнде негiзгi диагнозы расталмаған немесе мамандандырылған медициналық ұйымға ауыстыруды талап ететiн басқа аурулары анықталған науқастарды емдеу аяқталмай жұмсалған шығындарды өтеу денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi органның әдiстемесiне сәйкес жүзеге асырылады. Стационарды алмастыратын медициналық көмектiң түрлерiн көрсету кезiнде шығындарды өтеу науқастарды дәрiмен тегiн қамтамасыз ету ескерiле отырып, денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi органның әдiстемесiне сәйкес емделу жағдайы үшiн жүзеге асырылады. Стационарлық көмектiң шектi көлемiн олардың орындалуын бақылауды жүзеге асыратын жергiлiктi мемлекеттiк денсаулық сақтауды басқару органдарының ұсынысы бойынша денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi орган белгiлейдi. 📌 Ескерту. 8-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 2003.01.28. N 96; 2004.03.26. N 370 қаулыларымен.
Тарау 4. 4. Есеп берудi ұсынудың тәртiбi
4. Есеп берудi ұсынудың тәртiбi
Тармақ 9
9. Бастапқы медициналық-санитарлық көмек, арнайы мамандандырылған амбулаториялық-емханалық көмек, стационарлық көмек көрсететiн ұйымдар шығындарды өтеу үшiн бағдарламаның әкiмшiсiне ай сайын белгiленген мерзiмде 1, 2, 3-қосымшаларға сәйкес есеп-тiзiлiмдерiн бередi.
Тармақ 10
10. Есеп-тiзiлiмдердi төлеу үшiн 4-қосымшаға сәйкес жұмыстарды (қызмет көрсетулердi) қабылдау кесiмi жасалады.
Тармақ 11
11. Республикалық және жергiлiктi бюджеттерден қаржыландырылатын медициналық ұйымдар бюджеттiк қаражатты пайдаланғаны туралы Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi белгiлеген тәртiппен және нысан бойынша бағдарламалар әкiмшiлерiне есеп бередi.
Басқа 1. Ведомстволық статистикалық есеп беру
Медициналық көмекке жұмсалған шығындарды өтеудің ережесіне 1-қосымша Ведомстволық статистикалық есеп беру "Мем­ле­кет­тік ста­ти­сти­ка ту­ра­лы" Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның За­ңы­на сәй­кес ұсы­ны­ла­ды N 1-ны­сан ОДА Ай сай­ын Кім­ге ұсы­ны­ла­ды _______________________________ ата­уы _______________________________________________ алушы­ның ме­кен-жайы Ми­ни­стр­лік ____________________________________ Ден­са­улық сақ­тау _______________________________________________ ұй­ым­да­ры есеп­ті Кә­сі­по­рын, ме­ке­ме, ұй­ым _______________________ мер­зім­нен кей­ін­гі ____________________________________ ай­дың 5-інен Ме­кен-жайы ____________________________________ ке­шік­тір­мей бағ­дар­ла­ма Мен­шік ны­са­ны _________________________________ әкім­ші­сіне ұсы­на­ды Негіз­гі қыз­мет тү­рі ___________________________ Бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін ұйымдардың есеп-тізілімі Есепті кезең -------------------------------------------------------------------- NN ! Ұйымның атауы ! Жан басына шаққандағы ! Бекітілген ! Төлеуге ! ! норматив (теңге) ! тұрғындардың ! ұсынылды ! ! ! саны ! -------------------------------------------------------------------- 1 ! 2 ! 3 ! 4 ! 5 -------------------------------------------------------------------- -------------------------------------------------------------------- Барлығы -------------------------------------------------------------------- М.О. Бас дәрігер (директор) Бас бухгалтер 200 ж. "___"_________
Басқа 2. Ведомстволық статистикалық есеп беру
Медициналық көмекке жұмсалған шығындарды өтеудің ережесіне 2-қосымша Ведомстволық статистикалық есеп беру "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ұсынылады N 1-нысан КДҚ Ай сайын Кімге ұсынылады __________________________________ атауы __________________________________________________ алушының мекен-жайы Министрлік _______________________________________ Денсаулық сақтау __________________________________________________ ұйымдары есепті Кәсіпорын, мекеме, ұйым __________________________ мерзімнен кейінгі __________________________________________________ айдың 5-інен Мекен-жайы _______________________________________ кешіктірмей бағдарлама Меншік нысаны ____________________________________ әкімшісіне ұсынады Негізгі қызмет түрі ______________________________ Консультативтік-диагностикалық қызмет көрсететін ұйымдардың есеп-тізілімі Есепті кезең Базалық тариф -------------------------------------------------------------------- N !Тарификатор ! Қызмет ! Шығын көлемі ! Орындалған !Төлеуге !бойынша кодтау ! саны ! коэффициенті ! базалық !ұсынылды !----------------! ! ! салмақ коэф- ! !коды !кіші коды ! ! ! фициенттері ! -------------------------------------------------------------------- -------------------------------------------------------------------- Барлығы -------------------------------------------------------------------- М.О. Бас дәрігер (директор) Бас бухгалтер 200 ж. "___"_________
Басқа 3. Ведомстволық статистикалық есеп беру
Медициналық көмекке жұмсалған шығындарды өтеудің ережесіне 3-қосымша Ведомстволық статистикалық есеп беру "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ұсынылады N 1-нысан СК Ай сайын Кімге ұсынылады _________________________________ атауы _________________________________________________ алушының мекен-жайы Министрлік ______________________________________ Денсаулық сақтау _________________________________________________ ұйымдары есепті Кәсіпорын, мекеме, ұйым _________________________ мерзімнен кейінгі _________________________________________________ айдың 5-інен Мекен-жайы ______________________________________ кешіктірмей бағдарлама Меншік нысаны ___________________________________ әкімшісіне ұсынады Негізгі қызмет түрі _____________________________ Стационарлық көмек көрсететін ұйымдардың есеп-тізілімі Есепті кезең Базалық ставка -------------------------------------------------------------------- NN !Бөлімшенің!Емделгендердің !N КШТ !Таразылық !Базалық ! Төлеуге !аты !саны (емделіп ! !коэффи- !ставка- ! ұсынылды ! !шыққаны + қайтыс! !циент !лар ! ! !болғаны) барлық ! ! !саны ! ! !аурулар ! ! ! ! -------------------------------------------------------------------- 1 ! 2 ! 3 ! 4 ! 5 ! 6 ! 7 -------------------------------------------------------------------- -------------------------------------------------------------------- Барлығы -------------------------------------------------------------------- М.О. Бас дәрігер (директор) Бас бухгалтер 200 ж. "___"_________
Басқа 4. Жұмысты (қызметті) қабылдау актісі
Медициналық көмекке жұмсалған шығындарды өтеудің ережесіне 4-қосымша Жұмысты (қызметті) қабылдау актісі Медициналық ұйымның атауы __________________________ Есепті кезең __________________________________________ -------------------------------------------------------------------- Жұмыстың (қызметтің) атауы !Төлеуге ұсынылды, !Төлеуге !мың теңге !қабылданды, ! !мың теңге -------------------------------------------------------------------- Бастапқы медициналық-санитарлық көмек -------------------------------------------------------------------- Консультативтік-диагностикалық қызмет -------------------------------------------------------------------- Стационарлық көмек -------------------------------------------------------------------- Ескерту ____________________________________________________ ____________________________________________________________ ____________________________________________________________ ____________________________________________________________ Бағдарлама әкімшісі Медициналық ұйым Лауазымы ______________ Лауазымы ______________ Аты-жөні ______________ Аты-жөні ______________ қолы __________________ қолы __________________ М.О. М.О.