Об утверждении состава аптечки первой помощи (автотранспортной) Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.12.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Алғашқы көмек көрсетуге арналған (автокөліктік) дәрі жиынтығының құрамын бекіту туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 20.12.2004 N 876 (ресми жарияланған күнiнен бастап күшіне енеді) бұйрығымен. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 25 қарашадағы "Қазақстан Республикасының жол қозғалысы Ережелерін бекіту туралы" N 1650 қаулысын жүзеге асыру, жол-көлік оқиғаларында опат болғандар санын азайту, жол-көлік оқиғаларына қатысушылардың өзіне және өзара көмекті дер кезінде көрсете алуы мақсатында бұйырамын:
Тармақ 1
1. Қоса берілген:
Тармақша 1
1) Алғашқы көмек көрсетуге арналған (автокөліктік) дәрі жиынтығының құрамы;
Тармақша 2
2) Жол-көлік оқиғаларына қатысушылар алғашқы көмек көрсетуге арналған (автокөліктік) дәрі жиынтығындағы дәрілік заттарды қолдануы, өзіне - және өзара көмек көрсетуі жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау, білім және спорт министрлігінің 1999 жылғы 2 сәуірдегі "Алғашқы көмек көрсетуге арналған (автокөліктік) дәрі жиынтығының құрамын бекіту туралы" N 172 бұйрығы өз күшін жойды деп есептелсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын қадағалау Төрайымның Бірінші орынбасары С.Е. Ыбыраевқа жүктелсін.
Басқа 6. Алғашқы көмек көрсетуге арналған (автокөліктік) дәрі жиынтығының құрамы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау істері жөніндегі агенттігінің 2000 жылғы 18 сәуірдегі N 225 бұйрығымен бекітілген Алғашқы көмек көрсетуге арналған (автокөліктік) дәрі жиынтығының құрамы ----------------------------------------------------------------------- р/н ! Аталымы ! Саны ! ----------------------------------------------------------------------- 1 ! 2 ! 3 ! ----------------------------------------------------------------------- Мертіккенде (соғылғанда, сынықта, буын тайғанда, күйгенде), жарақаттарда, естен тану кезінде қолданылатын ауруды басатын, қабынуға және естен тануға қарсы дәрілік заттар 1) анальгин 0,5 N 10 1 орам 2) ацетилсалицил қышқылы (аспирин) 0,5 N 10 1 орам 3) 30% сульфацил натрий ерітіндісі - 5,0 (көз тамшылары) 1 сауыт Қан кетуді тоқтатуға, өңдеуге және жарақатты таңуға арналған құралдар 4) эсмарх түріндегі қан тоқтататын бұрау 1 дана 5) 10х5 стерилді бинт 1 дана 6) 10х5 стерилді емес бинт 1 дана 7) 5х5 стерилді емес бинт 1 дана 8) 65х43 мақта-дәке стерилді таңғыш 1 дана 9) 2,5х7,2 немесе 6х10 бактерицидтік жапсырғыш пластырь 4 дана 10) стерилді дәке салфеткалары 2 орам 11) 5% спиртті йод ерітіндісі немесе 1% 1 сауыт бриллиант жасылы ерітіндісі 12) 1х500, 2х500 немесе 1х250 медициналық жапсырғыш пластырь 1 дана 13) N 1, 3, 6 медициналық түтікшелі эластикалық бинт 1 дана 14) 50 г стерилді емес гигроскопиялық мақта 1 дана 15) 3% сутегі пероксиді ерітіндісі (немесе гидроперит - 1 орам) 1 сауыт Жүрек ауырғанда қолданылатын дәрілер 16) N 40 нитроглицерин таблеткалары немесе N 20 капсулалары (тринитролонг) 1 орам 17) Валидол таблеткалары немесе капсулалары 1 орам Естен таңғанда (коллапста) қолданылатын дәрілер 18) 10% аммиак ерітіндісі (мүсәтір спирті) - сауыттарда 1 орам немесе ампулаларда Тамақтан уланғанда қолданылатын дәрілер 19) N 10 активтендірілген көмір 2 орам Стресс реакцияларында қолданылатын дәрілер 20) Корвалол 1 сауыт ----------------------------------------------------------------------- Ескерту: Дәрілік заттар қобдишада сақталады. Алғашқы көмек көрсетуге арналған (автокөліктік) дәрі жиынтығына дәріні қабылдауға арналған кішкене стақан мен өзіне - және өзара көмек көрсету жөніндегі нұсқаулық қоса беріледі. Тізімде көрсетілген дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды өз бетінше ауыстыруға және таңбасына нұқсан келген, жарамды мерзімі өткен дәрілік заттарды қолдануға жол берілмейді. Алғашқы көмек көрсетуге арналған (автокөліктік) дәрі жиынтығы дер кезінде толықтырылып отыруға тиіс.
Басқа 7. Жол-көлік оқиғаларына қатысушылар алғашқы көмек көрсетуге арналған (автокөліктік) дәрі жиынтығындағы дәрілік заттарды қолдануы, өзіне - және өзара көмек көрсетуі жөніндегі нұсқаулық
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау істері жөніндегі агенттігінің 2000 жылғы 18 сәуірдегі N 225 бұйрығымен бекітілген Жол-көлік оқиғаларына қатысушылар алғашқы көмек көрсетуге арналған (автокөліктік) дәрі жиынтығындағы дәрілік заттарды қолдануы, өзіне - және өзара көмек көрсетуі жөніндегі нұсқаулық
Тармақ 1
1. Мертігу: соғылу, сынықтар, буын таюлар Мертігуде ауыруды басатын дәрілік заттар (анальгин) береді, аяқ-қолды (шиналармен, қолда бар құралдармен қысады немесе қолды денеге, аяқты аяққа қысып) иммобилизациялайды, мертіккен жерге суық басады.
Тармақ 2
2. Жарақаттар мен қан кетулер Күре тамырдан қан кетуден (қан ашық қызыл түсті, ырғақты ағыспен шығады) - жарақаттан жоғарырақ жіппен қысып байлайды, байланған уақыты жазылған парақша қыстырылады, жарақатты таңады. Аяқ-қолды иммобилизациялап,жарылыға ауыруды басатын дәрілік зат (анальгин) береді. Көк тамырдан қан кетуде (қан түсі қара қошқыл, ырғақсыз ағады) - жарақат бетіне стерильді салфетка бастырады және дәкемен үстінен таңып тастайды. Ұсақ тамырдан қан кетуден - жарақатты стерильді таңғышпен таңады, ауыруды басатын дәрі (анальгин) береді. Ұсақ жарақаттар мен денеге түскен дақтарды бриллиант жасылы ерітіндісімен, йод немесе сутегі тотығымен өңдейді, бактерицидтік пластырь жапсырады.
Тармақ 3
3. Күйіктер Жайылған күйікті стерильді таңғышпен таңады, ауыруды басатын дәрі (анальгин) беру керек. Бір стақан сілтілі су ішкізеді.
Тармақ 4
4. Жүрек ауыруы Жүрек ауырғанда нитроглицерин немесе валидолдың бір таблеткасын тілінің астына салады немесе 50 мл суға 15-20 тамшы корвалол араластырып береді.
Тармақ 5
5. Естен тану Жаралыны жерге жатқызады, аяқтарын сәл көтеріп, мақтаға тамызылған мүсәтір спиртін иіскетеді.
Тармақ 6
6. Стрестік реакциялар 50 мл суға 30 тамшы корвалол араластырып, науқасқа ішкізеді.
Тармақ 7
7. Жүрек-өкпе реанимациясы Науқас естен таңғанда, тынысы мен күре тамырының соғу ырғағы білінбеген кезде жүргізіледі. Жүрекке тікелей емес массаж және "ауызға-ауыз" тәсілімен қолдан тыныс алдыру жасалады, бұл медицина қызметкері келгенше немесе тынысы мен тамыр соғуы қалпына келгенше жүргізіледі.
Тармақ 8
8. Улану Асқазанын шайғызады. 2-3 таблетка активтендірілген көмір береді.
Тармақ 9
9. Көздің зақымдануы Көзге бөгде заттар түскенде немесе жарақаттанғанда сумен жуып, 2-3 тамшы натрий сульфацилин тамызу қажет.