Об утверждении Методики пропорционального распределения жилищ из государственного жилищного фонда или жилищ, арендованных местным исполнительным органом в частном жилищном фонде Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.05.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйлерді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйлерді барабар бөлу әдістемесін бекіту туралы Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 10-2-бабының 10-2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйлерді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйлерді барабар бөлу әдістемесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық департаменті осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен соң осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының орынбасары Н.П. Тихонюкке жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 5. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйлерді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйлерді барабар бөлу әдістемесі
Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының 2011 жылғы 26 тамыздағы № 304 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйлерді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйлерді барабар бөлу әдістемесі
Тармақ 1
1. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйлерді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйлерді барабар бөлу әдістемесі (бұдан әрі - Әдістеме) "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңына сәйкес әзірленген.
Тармақ 2
2. Осы Әдістеме тұрғын үй қорынан тұрғын үйлерді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйлерді тізімдер бойынша бөлу кезінде басшылық ретінде қолданылады.
Тармақ 2-1
2-1. Сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғынжай Қазақстан Республикасының азаматтарына Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарына сәйкес беріледі.
Тармақ 3
3. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйлерді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйлерді барабар бөлу Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасына сәйкес кезектен тыс және бірінші кезекте тұрғын үй алуға құқығы бар азаматтарға тұрғын үй бөлінгеннен кейін жүзеге асырылады.
Тармақ 4
4. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйлерді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйлерді барабар бөлуді есептеу үшін мынадай көрсеткіштер қолданылады: А – азаматтардың жекелеген санаттарына беруге арналған пәтерлер саны; В – барабар бөлуге жататын пәтерлердің жалпы саны; С – кезекте тұрған азаматтардың жекелеген санаттарының жалпы санға қатысты пайыздық арасалмағы; К – жекелеген санаттар кезегінде тұрған азаматтар саны; Кжалпы – жалпы кезекте тұрған азаматтар саны. Кезекте тұрған азаматтардың жекелеген санаттарының жалпы кезектегі азаматтардың санына қатысты пайыздық арасалмағы мынадай формула бойынша анықталады: В = К / Кжалпы Азаматтардың жекелеген санаттарына беруге арналған пәтерлер саны мынадай формула бойынша анықталады: А = В * С
Тармақ 5
5. Еселік мәнді алған кезде азаматтардың жекелеген санаттарына беруге арналған пәтерлер саны тұтас сандарға дейін дөңгелектеледі. Бұл ретте 0,5-тен кем қалдық мәні назарға алынбайды, ал 0,5-ке тең немесе одан асатыны тұтас сан ретінде қабылданады