Об установлении ветеринарного режима карантинной зоны с введением ограничительных мероприятий Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.08.2011. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Шектеу іс-шараларын енгізе отырып, карантин аймағының ветеринариялық режимін белгілеу туралы Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 7)-тармақшасына және Ақсу ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2011 жылғы 31 мамырдағы N 2/356 ұсынысы негізінде Ойтоған ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Ойтоған ауылдық округінің Ойтоған ауылына, ұсақ мүйізді малдар арасында сарып ауруы анықталуына байланысты, шектеу іс-шаралары енгізіле отырып, карантин аймағының ветеринариялық режимі белгіленсін.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасауды өз құзырымда қалдырамын.
Тармақ 3
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.