Об установлении охранной зоны государственного учреждения "Катон-Карагайский государственный национальный природный парк" на территории Катон-Карагайского, Зыряновского и Курчумского районов Восточно-Казахстанской области Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.08.2011. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Шығыс Қазақстан облысының Катонқарағай, Зырян және Күршім аудандары аумағында "Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркі" мемлекеттік мекемесінің қорғау аймағын белгілеу туралы Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 123-бабына, «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңының 10-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына және 18, 43, 48-баптарына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабы 1-тармағының 9) тармақшасына сәйкес, ұсынылған жобаларды қарап, «Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» мемлекеттік мекемесін қолайсыз сыртқы әсерден ерекше күзету мен қорғауды қамтамасыз ету мақсатында Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Мыналар:
Тармақша 1
1) жер пайдаланушылар мен меншік иелерінен жер учаскелерін алмай, Шығыс Қазақстан облысының Катонқарағай, Зырян және Күршім аудандары аумағында «Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі - Парк) ені 2 километрден кем емес қорғау аймағы;
Тармақша 2
2) осы қаулыға қосымшаға сәйкес Парктің қорғау аймағының көлемдері мен шекаралары;
Тармақша 3
3) «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңының 43 және 48-баптарына сәйкес Парктің қорғау аймағы аумағында табиғат пайдаланудың режимі мен тәртібі белгіленсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Г.В. Пинчукке жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Келісілді: Шығыс Қазақстан облыстық орман және аңшылық шаруашылығы аумақтық инспекциясының бастығы            А. Калмыков
Басқа 7
Басқа 8. «Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» мемлекеттік мекемесінің қорғау аймағының көлемдері мен шекаралары
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2011 жылғы 25 тамыздағы № 189 қаулысына қосымша «Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» мемлекеттік мекемесінің қорғау аймағының көлемдері мен шекаралары
Тармақ 1
1. Қорғау аймағының жалпы аумағы - 46774,1 гектар.
Тармақ 2
2. Катонқарағай, Зырян және Күршім аудандарының жерлерінде қорғау аймағы «Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» мемлекеттік мекемесінің шекарасын бойлай орналасқан, шығысында ресей-қытай шекарасының түйіліскен жерінен бастап оңтүстікке қарай «Марқакөл орман шаруашылығы мемлекеттік мекемесі» мемлекеттік мекемесінің аумағына дейін; оңтүстік-батыста «Марқакөл орман шаруашылығы мемлекеттік мекемесі» мемлекеттік мекемесінің аумағынан бастап Форпост хуторына дейін; батысында «Үлкен-Нарын орман шаруашылығы мемлекеттік мекемесі» мемлекеттік мекемесінің аумағынан бастап, одан әрі солтүстікке қарай «Зырян орман шаруашылығы мемлекеттік мекемесі» мемлекеттік мекемесінің аумағымен Ресей Федерациясының шекарасына дейін. Қорғау аймағына «Үлкен-Нарын орман шаруашылығы мемлекеттік мекемесі» мемлекеттік мекемесіне тиісті - 1320,0 гектар, «Зырян орман шаруашылығы мемлекеттік мекемесі» мемлекеттік мекемесіне - 2589,0 гектар, 10952,9 гектар ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер және 31912,2 гектар босалқы жерлер кіреді.