Об утверждении Типового Кастодиального договора Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.04.2003. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
КАСТОДИАНДЫҚ ҮЛГІ ШАРТЫ 199___ жылғы ______________       ________________________                                          (елді мекеннің атауы) Осы Шарт мына тараптардың арасында жасалды: бұдан әрі "Қор" деп аталатын Мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қоры ___________________________________________________________________ (қордың атауы, лицензияның N және берген күні) атынан ____________________________________________________________ (лауазымы, Т.А.Ә.) бұдан әрі "Компания" деп аталатын Зейнетақы активтерін басқару жөніндегі компанияның ___________________________________________________________________ (компанияның атауы, лицензияның N және берген күні) ________________________________________________________________атынан ___________________________________________________________________ (лауазымы, Т.А.Ә.) бұдан әрі "Кастодиан" деп аталатын Кастодиан-Банкі ___________________________________________________________________ (банктің атауы, лицензияның N және алған күні)
Тарау 1. 1. Шарттың мәні
1. Шарттың мәні Осы Шарт "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - Заң), Қазақстан Республикасының Заңдары мен Азаматтық Кодексіне сәйкес қабылданған нормативтік актілерге сәйкес жасалады.
Тармақ 1.1
1.1. Қор Салымшылардан зейнетақы жарналарын қабылдауды және Қордағы жеке зейнетақы шоттарында жинақтаушы зейнетақы қаражаттары бар алушыларға зейнетақы төлеуді жүзеге асырады. Бұл функцияларды жүзеге асыру үшін Қор Кастодианда шоттар ашады.
Тармақ 1.2
1.2. Компания Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес оларды орналастыру жолымен Қордың зейнетақы активтеріне инвестициялық басқаруды жүзеге асырады және зейнетақы активтерін басқаруға _________ жасалған N _________ шарттың ережелеріне сәйкес Кастодиандағы Қордың тиісті шоттарына иелік етеді.
Тармақ 1.3
1.3. Кастодиан оған сеніп тапсырылған зейнетақы активтеріне есеп жүргізуді, сонымен бірге Компанияның және Қордың зейнетақы активтеріне иелік етуіне қатысты заңдардың сақталуына бақылау жасауды қамтамасыз етеді, сондай-ақ көмекші журналдар мен жеке шоттар жүргізу арқылы балансқа есеп жүргізуді жүзеге асырады.
Тармақ 2
2. Тараптардың құқықтары мен міндеттері
Тармақ 2.1
2.1. Кастодиан мыналарға міндетті:
Тармақ 2.1.1
2.1.1. оған сеніп тапсырылған жинақталған зейнетақы қаражаттарын есепке алу үшін Қорда мынадай шоттар ашады:
Тармақша а
а) "Клиенттердің ағымдағы шоттары" баланстық шотында: - зейнетақы жарналарын, инвестициялық табысты есептеу және оларды қаржы құралдарына инвестициялауға арналған жеке шоттар; - зейнетақы төлеуді және басқа қорларға аударым жасауды жүзеге асыруға арналған жеке шоттар;
Тармақша б
б) "Акциялар және сақтауға арналған басқа да бағалы қағаздар" 7360 меморандумы шоттарындағы бағалы қағаздарды және басқа қаржы құралдарын есепке алуға арналған жеке шот.
Тармақ 2.1.2
2.1.2. Бағалы қағаздар бойынша табыстардың уақтылы түсуіне бақылауды жүзеге асырады;
Тармақ 2.1.3
2.1.3. заңдарда және эмитентпен белгіленген мерзімдерде Қорды және Компанияны бағалы қағаздар бойынша корпоративтік іс-әрекеттер туралы ақпараттандырады, зейнетақы активтері портфеліне кіретін бағалы қағаздарды нақты ұстаушының функциясын жүзеге асырады;
Тармақ 2.1.4
2.1.4. есептік, кассалық және Компания мен Қордың тапсырмасы бойынша Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарының талаптарына қайшы келмейтін, зейнетақы активтеріне қатысты өзге де операцияларды жүзеге асырады;
Тармақ 2.1.5
2.1.5. жинақталған зейнетақы қаражатының қаржы құралдарының түрлері бойынша мақсатты инвестициялануына және Қордың комиссиялық сыйақыларының заңдарда белгіленген мөлшерлерде және зейнетақы активтерін басқаруға ______ жасалған N ______ шартта белгіленген тәртіппен есептелуіне бақылауды жүзеге асырады. Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес келмеушілік белгілі болған жағдайда дереу Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссияға (бұдан әрі - БҚҰК) және Ұлттық зейнетақы агенттігіне (бұдан әрі - ҰЗА) және Қорға хабарлай отырып Компанияның (Қордың) бұйрықтарын өткізбейді (орындамайды).
Тармақ 2.1.6
2.1.6. жинақталған зейнетақы қаражаттарының қауіпсіз және құпия сақталуын және банктік заңдарға сәйкес есеп жүргізілуін қамтамасыз етеді;
Тармақ 2.1.7
2.1.7. саудаластықтарды ұйымдастырушылар мен Орталық депозитарий белгілеген ережелерге сәйкес бағалы қағаздарды алады және береді;
Тармақ 2.1.8
2.1.8. Қорға және Компанияға 2.1.1.-тармақта аталған шоттардың көшірмелерін күн сайын береді;
Тармақ 2.1.9
2.1.9. апта сайын Қормен және Компаниямен зейнетақы жарналары түсімдерінің сомалары, жинақталған зейнетақы қаражатынан төлем жасалған сомалар, алынған инвестициялық табыс сомалары және өткен кезеңдегі салымшылардың жинақталған зейнетақы қаражаттарын басқа қорға аудару, Қормен зейнетақы активтерін бағалау туралы ақпараттарға қарама-қарсы салыстыра тексеру жүргізеді;
Тармақ 2.1.10
2.1.10. ай сайын Компаниямен мыналар бойынша ақпараттарға қарама-қарсы салыстыра тексеру жүргізеді: - зейнетақы активтері сомасына; - инвестициялауға жіберілген сомаға қаражат құралдарының түрлері бойынша жеке-жеке; - зейнетақы төлеу шотына аударылған қаражаттар сомасына.
Тармақ 2.1.11
2.1.11. Операциялық күн ішіндегі Алушының жинақталған зейнетақы қаражаты сомасын басқа Қордың Кастодианына аударым жасау туралы Қордың тапсырысын атқарады;
Тармақ 2.1.12
2.1.12. осы Шартты атқару кезінде Қор және оның алушылары туралы алынған заңдарға сәйкес сапалы жүргізуге мүмкіндік жасайды;
Тармақ 2.1.13
2.1.13. Қор (Компания) жалдап алған аудиторға тексеруді қолданылып жүрген заңдарға сәйкес сапалы жүргізуге мүмкіндік жасайды;
Тармақ 2.1.14
2.1.14. Кастодиан осы Шарт бойынша құқықтар мен міндеттерді басқа тұлғаларға беруге құқығы жоқ.
Тармақ 2.2
2.2. Кастодиан:
Тармақ 2.2.1
2.2.1. осы Шарттың ажырамайтын бөлігі болып табылатын қосымшада келтірілген тарифтерге сәйкес сыйақы алуға құқылы.
Тармақ 2.3
2.3. Қор мыналарға міндетті:
Тармақ 2.3.1
2.3.1. 2.1.1.-тармақта аталған жинақтаушы зейнетақы қаражаттары шоттарын ашады;
Тармақ 2.3.2
2.3.2. айдың 25-інен кешіктірмей, ай сайын Компанияға күндер бойынша бөліп, алда тұрған зейнетақы төлемдерінің кестесін береді;
Тармақ 2.3.3
2.3.3. Компанияға басқа жинақтаушы зейнетақы қорларына аударым жасауға, алушы қайтыс болған жағдайда және алушы Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге тұрақты тұруға кететін жағдайда төлем жасау үшін қажетті ақшаның сомасы туралы алты банктік күннен кешіктірмей мәліметтер береді;
Тармақ 2.3.4
2.3.4. түскен зейнетақы жарналарының сомасы, жинақталған зейнетақы қаражатынан төлем жасалған сомалар, алынған инвестициялық табыстар мен өткен кезеңде басқа қорға аударылған жинақталған зейнетақы қаражаты сомалары туралы, сондай-ақ бағалы қағаздар портфелінің құрылымы мен зейнетақы активтерін бағалау туралы Компаниямен және Кастодианмен апта сайынғы ақпараттарды қарама-қарсы салыстыра тексеру негізінде Компаниямен және Кастодианмен зейнетақы активтерінің есебін жүргізудің және бағалаудың сәйкес келуін қамтамасыз етеді;
Тармақ 2.3.5
2.3.5. Қор осы Шарт бойынша құқықтар мен міндеттерді басқа тұлғаларға беруге құқысы жоқ;
Тармақ 2.3.6
2.3.6. Өз салымшыларына олардың зейнетақы шоттарының жай-күйі туралы мәліметтерді хабарлауға және Кастодианда ашылған жинақтау шотындағы түсімдердің толықтығына бақылау жасайды.
Тармақ 2.4
2.4. Қор мыналарға құқылы:
Тармақ 2.4.1
2.4.1. Компаниядан Қордың зейнетақы активтерін орналастыру жөніндегі инвестициялық қызметтері туралы күн сайын есеп алуға;
Тармақ 2.4.2
2.4.2. Кастодианнан күн сайын 2.1.1-тармақта аталған шоттардың жай- күйі туралы ақпарат алуға;
Тармақ 2.4.3
2.4.3. Қордың шоттары бойынша қозғалыстар туралы кемінде айына бір рет Кастодианнан есеп алуға;
Тармақ 2.4.4
2.4.4. зейнетақы төлемдері жөніндегі шотқа иелік етуге;
Тармақ 2.4.5
2.4.5. Компаниядан зейнетақы төлемдері шотына мәлімденген сома шегіндегі қаражатқа есептеме жасауын талап етуге;
Тармақ 2.4.6
2.4.6. өз қаражатына есеп жүргізу үшін Кастодианда шот ашуға;
Тармақ 2.4.7
2.4.7. тәуелсіз аудиторға Кастодианның заңға сәйкес және осы шарт бойынша операцияларды жүзеге асыруға қатысты қызметіне тексеру жүргізуді тапсыру.
Тармақ 2.5
2.5. Компания мыналарға міндетті:
Тармақ 2.5.1
2.5.1. Кастодианның зейнетақы активтерін орналастыру туралы бұйрықтарын тіркейтін құжаттамаларды жүргізу;
Тармақ 2.5.2
2.5.2. Кастодианға брокер (бірінші диллер) соңғы тапсырымды алған күні тапсырымның көшірмесін табыс етуге тиіс. Егер Компания бағалы қағаздар операцияларына дербес қатысқысы келген жағдайда, бағалы қағаздармен сатып алу-сату шартына тұрған күні Кастодианды хабардар етуге міндетті. 📌 Ескерту. 2.5.2.-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Ұлттық зейнетақы агенттігі 25.03.1998 39 бұйрықпен .
Тармақ 2.5.3
2.5.3. апта сайын Қормен және Кастодианмен зейнетақы жарналарының түсімдері сомаларының, жинақталған зейнетақы қаражатынан төлем жасалған сомалар, алынған инвестициялық табыс сомалары және өткен айдағы салымшылардың жинақталған зейнетақы қаражаттарын басқа қорға аудару, зейнетақы активтерін бағалау туралы ақпараттарға Қормен қарама-қарсы салыстыра тексеру жүргізеді;
Тармақ 2.5.4
2.5.4. ай сайын Кастодианмен мыналар бойынша ақпараттарға қарама-қарсы салыстыра тексеру жүргізеді: - зейнетақы активтері сомасына; - инвестициялауға жіберілген сомаға қаражат құралдарының түрлері бойынша жеке-жеке; - бағалы қағаздарды сатудан түскен сомаға; - комиссиялық сыйақылар сомасына; - зейнетақы төлеу шотына аударым жасалған қаражат сомасына;
Тармақ 2.5.5
2.5.5. жинақталған зейнетақы қаражатын Қордың тапсырысы бойынша зейнетақы төлеу үшін шотқа жіберу;
Тармақ 2.5.6
2.5.6. Қорға күн сайын зейнетақы активтерімен инвестициялық қызмет бойынша есеп беру;
Тармақ 2.5.7
2.5.7. Компанияның осы Шарт бойынша құқықтар мен міндеттерді басқа тұлғаларға беруге құқығы жоқ.
Тармақ 2.6
2.6. Компания мыналарға құқылы:
Тармақ 2.6.1
2.6.1. Кастодианнан күн сайын 2.1.1-тармақта аталған шоттардың жай-күйі туралы ақпарат алуға;
Тармақ 2.6.2
2.6.2. тәуелсіз аудиторға Кастодиан қызметінің заңға сәйкестілігіне және осы шарт бойынша операциялардың жүзеге асырылуына қатысты тексеру жүргізуді тапсыру.
Тарау 3. 3. Кастодианның көрсеткен қызметтеріне ақы төлеу мөлшері мен тәртібі
3. Кастодианның көрсеткен қызметтеріне ақы төлеу мөлшері мен тәртібі
Тармақ 3.1
3.1. Кастодианның көрсеткен қызметтері үшін Компания мен Қор осы Шарттың ажырамайтын бөлігі болып табылатын қосымшада келтірілген тарифтерге сәйкес сыйақы төлейді.
Тармақ 3.2
3.2. Компания осы Шарттың 2.1.1-тармағының "а" және "в" тармақшаларында аталған шоттар бойынша көрсетілетін мынадай қызметтерге ақы төлейді:
Тармақша а
а) транзакциялық _________________
Тармақша б
б) корпоративтік қызмет _______________________
Тармақша в
в) басқалары ____________
Тармақ 3.3
3.3. Қор осы Шарттың 2.1.1.-тармағының "б" тармақшасында аталған шоттар бойынша көрсетілетін қызметтерге толық ақы төлейді, сондай-ақ осы Шарттың 2.1.1-тармағының "а" және "в" тармақшаларында аталған шоттар бойынша мынадай қызмет түрлеріне ақы төлейді.
Тармақша а
а) сақтау және есеп жүргізу; ____________________________
Тармақша б
б) басқалар. ___________
Тармақ 4
4. Тараптардың жауапкершілігі
Тармақ 4.1
4.1. Есептік, кассалық және осы Шарттың 2.1.1.-тармағында аталған шоттар бойынша өзге де операциялар уақтылы атқарылмаған жағдайда Кастодиан заңдарға сәйкес жауапкершілікте болады.
Тармақ 4.2
4.2. Қорға және Компанияға Кастодианның міндеттемелерді орындамағаны және осы Шарттың ережелеріне сәйкес орындамауы салдарынан келтірілген шығындар заңда белгіленген тәртіпте өтеуге жатады.
Тармақ 4.3
4.3. Кастодиан Компанияның инвестициялық шешімдеріне жауапкершілік атқармайды.
Тармақ 5
5. Шарттарды өзгерту және бұзу тәртібі мен жағдайлары
Тармақ 5.1
5.1. Осы Шарт тараптардың өзара келісімі бойынша жазбаша түрде өзгертілуі және толықтырылуы мүмкін.
Тармақ 5.2
5.2. Тараптардың біреуі Шартты бұзу туралы шешім қабылдаған жағдайда ол туралы осы Шарттың 5.3., 5.4.-тармақтарында жазылған ерекшеліктерді ескере отырып, қолданылып жүрген заңда белгіленген тәртіпте басқа тараптарға жазбаша түрде хабарлауға міндетті.
Тармақ 5.3
5.3. Кастодианның бастамашылығы бойынша шарт бұзылған жағдайда ол осы шартты бұзу туралы жазбаша хабарлауды Қор немесе Компания алған сәттен бастап отыз күннен асырмай, Қор мен Компания басқа кастодианмен кастодиандық шартқа қол қойған сәтке дейін осы Шарт бойынша міндеттемелерді атқаруға міндетті. 📌 Ескерту. 5.3.-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Ұлттық зейнетақы агенттігі 25.03.1998 . 39 бұйрықпен .
Тармақ 5.4
5.4. Осы шартты бұзу туралы жазбаша хабарламаны Кастодиан, Қор немесе Компания алған сәттен бастап үш күн мерзімде міндетіне қордың активтерін түгендеу және оларды басқа Кастодианға беру әдістері мен мерзімдерін айқындау кіретін, Кастодианның, Қордың және Компанияның уәкілетті өкілдерінен құралған келісім комиссия құрылады, олардың міндетіне Қордың активтерін түгендеу және оларды тараптардың біріне беру әдістерін жаңа кастодиандық шартпен бекіту жүктеледі. 📌 Ескерту. 5.4.-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Ұлттық зейнетақы агенттігі 25.03.1998 № 39 бұйрықпен .
Тармақ 5.5
5.5. Зейнетақы активтерін басқа Кастодианға беру Қор мен Компанияның осы Шарт бойынша Кастодиан алдындағы барлық міндеттемелерін орындағаннан кейін жүзеге асырылады.
Тармақ 6
6. Шарттың қолданылу мерзімі
Тармақ 6.1
6.1. Шарт ____________ бастап күшіне енеді.
Тармақ 6.2
6.2. Осы Шарттың қолданылу мерзімі шектеусіз.
Тармақ 7
7. Дауларды шешу тәртібі
Тармақ 7.1
7.1. Тараптардың осы шарт бойынша реттелмеген дауларын Қазақстан Республикасының соттары Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарының негізінде, олардың құзыретіне сәйкес қарайды. Осы шарт бірдей заңдық күші бар үш данада, қазақ және орыс тілдерінде жасалды. Көшірмелері БҚҰК-ға және ҰЗА-не берілді.
Тармақ 8
8. Тараптардың реквизиттері мен қолдары Қор                                       Компания      ____________________                 _________________________      ____________________                 _________________________      ____________________                 _________________________      ____________________                 _________________________      ____________________                 _________________________      (Қордың, Филиалдың                   (Компанияның реквизиттері,      Өкілдіктің реквизиттері,                  мекен-жайы, телефоны,      мекен-жайы, телефоны,                 есептік шоты және т.б.)      есептік шоты, және т.б.)      __________________________          __________________________      (Қор өкілінің қолы)                   (Компания өкілінің қолы)         МО                                            МО      Кастодиан      __________________________      __________________________      __________________________      __________________________      (Кастодианның реквизиттері,      мекен-жайы, телефоны,      есептік шоты және т.б.)                            МП Ескертпе: Тараптар кастодиандық шарттың ережелерін кеңейтуге және нақтылауға құқылы. Мұндай жағдайда толықтырулар осы үлгі шартының ережелеріне және заңдарға қайшы келмеуі тиіс.