Об утверждении временного положения об оказании адресной социальной помощи малообеспеченным гражданам области Күшін жойған
Басқа 0
Облыстың аз қамтамасыз етілген азаматтарына атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің уақытша ережесін бекіту туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің 26.02.2002 № 2 шешімімен
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 22 маусымдағы «Атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің уақытша тәртібі туралы» № 1036 қаулысымен және қолданылып жүрген нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес жергілікті бюджеттің осы мақсаттарға белгіленген қаржысынан шыға отырып ШЕШІМ қабылдаймын:
Тармақ 1
1. Облыстың аз қамтамасыз етілген азаматтарына атаулы әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уақытша ережесін» бекітсін.
Тармақ 2
2. Еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау департаментіне (бастық қызметін атқарушы Балтабаева Г.К.) қалалық және аудандық еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау бөлімдері арқылы, осы ережеде көрсетілген, әлеуметтік көмектің барлық түрінің тағайындалуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Аудан әкімдеріне жергілікті деңгейде аз қамтамасыз етілген азаматтарға әлеуметтік көмек көрсетум ұйымдастыруды ретке салу мақсаттарында, селолық округтерде, көмек сұрағандардың, әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын және отбасыларының қамтамасыз етілген деңгейін тексеру жөніндегі, олардың өмір сүрудегі материалдық-тұрмыстық жағдайын зерттеудің актісін құру үшін, қоғамдық комиссия құрсын.
Тармақ 4
4. Аудан және Петропавл қаласының әкімдеріне аз қамтамасыз етілген азаматтарға атаулы әлеуметтік көмекті қаржыландыруды жергілікті бюджетте көрсетілген сома көлемінде қамтамасыз етсін.
Тармақ 5
5. Еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау департаментіне, қала және аудан әкімдеріне аз қамтамасыз етілген азаматтарға әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа тәртібі туралы бұқаралық ақпарат құралдарында ақпарат берсін.
Тармақ 6
6. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары В.П.Никандровке жүктелсін.
Басқа 7
Облыс әкімінің
1999 жылғы
20 қарашадағы № 180
шешімімен бекітілді
Облыстағы аз қамсыздандырылған азаматтарына адрестік әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уақытша Ереже
Тарау 1. 1. Жалпы Ереже
1. Жалпы Ереже
Тармақ 1.1
1.1. Осы уақытша ереже аз қамсыздандырылған отбасыларына (азаматтарға) тұрмыстық көмек көрсетуге және жұмыссыздарды жерлеуге; жұмыссыздарға тұрмыстық көмек көрсетуге; балалары бар отбасына көмек көрсетуге; жұмыс істейтін азаматтарды жерлеуге; жаңатуған балаларға әлеуметтік көмек көрсетудің уақытша тәртібін белгідейді.
Тармақ 1.2
1.2. Әлеуметтік көмек көрсету келесі нормативтік актілерге сәйкес жүзеге асырылады:
- Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен 1999 ж. 22.07. № 1036 бекітілген, адрестік әлеуметтік көмек көрсетудің уақытша ережесімен;
- Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен 1997 ж. 21.03. № 382 бекітілген, балалары бар отбасына әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі ереже;
- Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына 1998 ж. 07.04. № 292, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына 1997 ж. 21.03. № 382 өзгерістер мен толтырулар енгізуі туралы»;
- Қазақстан Республикасы Ұлтстатагенттігі Директорының 1997 ж. 26.03 № Р-1-14/124 және Қазақстан Республикасы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрінің 1997 ж. 02.04 № 2 бекіткен бұйрықтары мен жиынтық кірісті есептеу тәртібі жөніндегі нұсқаулыққа;
- «Халықты жұмыспен қамту жөніндегі» Қазақстан Республикасының 1998 ж. 30.12. № 341-1 Заңына
- «Халықты жұмыспен қамту жөніндегі» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер енгізу жөнінде 1999 ж. 05.04. № 361-1 Қазақстан Республикасының Заңына;
- Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 ж. 12.04. бекіткен №437 қаулысы, «Аз қамсыздандырлыған азаматтарға, тұрмыстық-коммуналдық қызметке төлеу және үйлерін сақтауға тұрмыстық жәрдемақы тағайындау және берілу тәртібі туралы» уақытша ереже;
- «№ 437 12.04.1996 ж. Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына өзгерістер мен толтырулар енгізуі туралы» № 1297 28.08.1997 ж. Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы;
Тармақ 1.3
1.3. Әлеуметтік көмек аудандық (қалалық) еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау бөлімдерімен жергілікті бюджет қаржысынан көрсетіледі.
Тармақ 1.4
1.4. Әлеуметтік көмек арыз беру арқылы, мынадай жағдайларда көрсетіледі:
- бала туғанда
- жұмыс істейтін азаматтарды жерлегенде және жұмыссыз мәртебесі бар азаматтарды жерлегенде;
- балалары бар отбасына
- коммуналдық қызметтерді тұтынғаны және үй-жайын ұстау үшін төлемақыны төлегенде;
- белгіленген тәртіпте жұмыссыз мәртебесін алғандарға;
- үйлерінде тұрып оқитын мүгедек балаларға;
- жеті жасқа дейін 4 және одан да көп балалы жұмыс істемейтін аналарға.
📌 Ескерту. 1-4-тармаққа өзгеріс енгізілді – Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің 15.12.1999 № 243 шешімімен
Тармақ 1.5
1.5. Жаңа туған балаға және жұмыс істейтін азаматтарды жерлеуге әлеуметтік көмектер осы Ережеге сәйкес жағдайлар 17.04.1999 жылдан кейін болған жағдайда беріледі.
Тармақ 1.6
1.6. Аз қамсыдандырылған отбасыларына (азаматтарға) тұрмыстық көмек қолданылып жүрген Заңдарға сәйкес беріледі.
Тармақ 1.7
1.7. жәрдемақы жаңа туған, қамқорға алынған және асырап алынған балаларға тағайындалады және төленеді.
📌 Ескерту. Ереже 1-7-тармақпен толықтырылды – Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің 15.12.1999 № 243 шешімімен
Тармақ 1.8
1.8. толық мемлекеттік қамсыздадырудағы және жұмыс ітейтін балаларға жәрдемақы тағайындалмайды және төленбейді, сол сияқты ата-ана құқығынан айрылған ата-анаға жәрдемақы тағайындалмайды және төленбейді.
📌 Ескерту. Ереже 1-8-тармақпен толықтырылды – Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің 15.12.1999 № 243 шешімімен
Тарау 2. 2. Адрестік әлеуметтік көмектер көрсетудің шарттары мен тәртіптері
2. Адрестік әлеуметтік көмектер көрсетудің шарттары мен тәртіптері
Тармақ 2.1
2.1. Әлеуметтік көмек аз қамсыздандырылған азаматтарға (отбастарына), жұмыс істейтін азаматтар мен жұмыссыздарды жерлегенде берілетін әлеуметтік көмектен басқа, мынандай жағдайларда көрсетіледі, ортаайлық кіріс бір кісіге жаңа тоқсанда екі есе көрсеткіш көлемінен аспағанда, жыл сайынғы республикалық бюджет Заңында көрсетілген және кедейшіліктің шекті жағдайын нақты есептеп ұсынылған тұрмыс актісіне сәйкес тұрақты мекен-жайын тексергеннен соң тағайындалады.
Қазақстан Республикасы Ұлтстатагенттігі Директоры № Р-14/124 26.03.1997 ж. және Қазақстан Республикасы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігінің бекітілген бұйрықтары, бір кісіге орта айлық кіріс жиынтығын есептегенде «Кіріс жиынтығын есептеу тәртібі жөніндегі нұсқауды» қолданады.
Тармақ 2.2
2.2. Әлеуметтік көмек жөнінде арыз берушілер, мынандай құжаттар тапсыруа керек:
Бала туғанда әлеуметтік көмек тағайындау үшін:
- жеке басын куәлендіретін құжаты (жеке куәлігі не болмаса төлқұжаты);
- арыз;
- АХАТ органдары берген, баланың тууы туралы куәлігінің көшірмесі;
- отбасы мүшелерінің кірісі туралы анықтама;
- салық комитетінің қосымша шаруашылық бары жөніндегі анықтама;
- отбасының құрамы жөнінде нақты тұратын мекен-жайы бойынша анықтама;
- материалдық тұрмыс-жағдайын зерттеу актісі.
Баласы бар отбастарына әлеуметтік көмек тағайындау үшін:
- арыз;
- балаларының тууы жөніндегі куәлігінің көшірмесі;
- отбасы мүшелелерінің кірісі жөніндегі анықтама;
- салық комитетінің қосалқы шаруашылық бары жөніндегі анықтама;
- отбасының құрамы жөніндегі құжат нақты тұратын мекен-жайы бойынша;
- алушының жұмыссыз мәртебесі барлығы туралы анықтама;
- тұрмысының материалдық жағдайын тексерген акті.
Белгіленген тәртіпте жұмыссыз мәртебесін алғандарға, әлеуметтік көмек тағайындау үшін:
- арыз;
- алушының жеке басын куәлендіру құжаты;
- отбасы мүшелелерінің кірісі жөніндегі анықтама;
- салық комитетінің қосалқы шаруашылық бары жөніндегі анықтама;
- отбасы мүшелерінің нақты тұратын мекен-жайы бойынша анықтама;
- алушының жұмыссыз мәртебесі бары жөніндегі анықтама;
- материалдық тұрмыстық жағдайын тексерген акті.
Белгіленген Заңды тәртіпте еңбек биржасында тіркеуде тұрғандар мен жұмыс істейтін азаматтарды жерлеуге әлеуметтік көмек тағайындау үшін:
- арыз;
- АХАТ органдары берген, өлгендігі туралы анықтама;
- жерлеуді ұйымдастырған, жәрдемақы алушыны куәлендіретін құжаты;
Үйінде тұрып оқитын мүгедек баланың тұрақты мекен-жайы бойынша әкесінің, не анасының, не болмаса олардық орнындағы кісінің арызы бойынша жәрдемақы тағайындалады.
Мүгедек баланы оқыту ұшін оның арызына қосымша, облыстық оқу басқармасы жанындағы Ведомствоаралық жүйке-медицина-педагогикалық консультативтік комиссиясының анықтамасы қоса беріледі.
Отбасының кірісіне қарамастан, жеті жасқа дейінгі 4 және одан да көп балалы жұмыс істемейтін аналарға және үйінде тұрып оқитын мүгедек балаларға ай сайын жәрдемақы төленеді.
📌 Ескерту. 2.2-тармаққа өзгеріс енгізілді – Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің 15.12.1999 № 243 шешімімен
Тармақ 2.3
2.3. Әлеуметтік көмек тағайындалуының бардық түрін, барлық керекті құжаттар мен арызы 10 күннің ішінде берілгеннен соң, аудан (қала) еңбек, жұмыс пен қамту және халықты әлеуметті қорғау бөлімдері ұйымдастырған комиссия тағайындайды.
Қазақстан Республикасы Үкіметі 1997 ж.21.03 № 382 қаулысымен бекіткен «Балалары бар отбастарына әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі ереже» ІІ және ІІІ бөлімдерін қолданып, балалары бар отбастарына, туған балаларға әлеуметтік көмек көрсеткенде отбасы құрамын айқындап тағайындаланады.
Тарау 3. 3. Әлеуметтік көмек көрсетудің көлемі және кезенділігі
3. Әлеуметтік көмек көрсетудің көлемі және кезенділігі
Тармақ 3.1
3.1. Аудандардың және Петропавл қаласының жергілікті бюджетінде көзделген қаржыға қарай, әлеуметтік көмек мыналарға беріледі:
- бала туғанда – 4 айлық есептік көрсеткіші көлеміндегі, бірмезгілдік;
- жұмыс істейтін азаматтар мен жұмыссыздарды жерлегенде (заңды түрде айқындалған тәртіппен) – 2,3 айылық есептік көрсеткішінен бірмезгілді;
- балалары бар отбастарына көмек жеке тұрғыда қаралады, отбасы кірісіне және бюджеттік осы мақсатқа арналған қаржысына қарап, мына көлемде:
- отбасы мүшесіне кірістің, айлық есеп көрсеткіші 0,5 көлемінен аспаған отбастарына:
0 ден 3 жасқа дейін – 1,25 айсайынғы есеп көрсеткішінен;
3 тен 18 жасқа дейін – 1,3 айсайынғы есеп көрсеткішінен;
- отбасы мүшесіне кірістің, айлық есеп көрсеткіші 1 көлемінен аспаған отбастарына:
0 ден 3 жасқа дейін – 0,8 айсайынғы есеп көрсеткішінен;
3 тен 18 жасқа дейін – 0,9 айсайынғы есеп көрсеткішінен;
- отбасы мүшесіне кірістің, айлық есеп көрсеткіші 1,5 көлемінен аспаған отбастарына:
0 ден 3 жасқа дейін – 0,4 айсайынғы есеп көрсеткішінен;
3 тен 18 жасқа дейін – 0,5 айсайынғы есеп көрсеткішінен;
- отбасы мүшесіне кірістің, айлық есеп көрсеткіші 2 көлемінен аспаған отбастарына:
0 ден 3 жасқа дейін – 0,2 айсайынғы есеп көрсеткішінен;
3 тен 18 жасқа дейін – 0,3 айсайынғы есеп көрсеткішінен;
- жұмыссыздарға тұрмыстық көмек – 1 айлық есеп көрсеткіш көлемінде.
Бір мезгілде, белгіленген тәртіппен жұмыссыздар мәртебесімен әлеуметті көмекалушыға және балалары бар отбасы болып саналатын кісілерге әлеуметтік көмектің қалаулары бойынша бір түрі ғана беріледі.
Үйлерінде оқитын мүгедек балаларға жәрдемақы тоқсанында айлық есептік көрсеткішті 2,5 көлемінде тағайындалады.
7 жасқа дейінгі 4 және одан да көп балалы жұмыс істемейтін аналарға жәрдемақы ай сайын бір айлық есепті көрсеткішінің көлемінде тағайындалады.
📌 Ескерту. 3.1.-тармаққа өзгеріс енгізілді – Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің 15.12.1999 № 243 шешімімен
Тарау 4. 4. Жәрдемақының қаржылануы және төленуі
4. Жәрдемақының қаржылануы және төленуі
Тармақ 4.1
4.1. Әлеуметтік көмек Заңның 19 бабына сәйкес «Қазақстан Республикасының Заңына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы» 1999 жылғы Республикалық бюджеи жөнінде» жергілікті бюджеттің белгіленген өлшем шегіне қарап жүзеге асырады.
Тармақ 4.2
4.2. Аудандық (қалалық) еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау бөлімдері, адрестік әлеуметтік көмек түрлерінің тізімін ай сайын жинақтап аудандық (қалалық) Халыө банкі бөлімдеріне тапсырады.
Тармақ 4.3
4.3. Адрестік әлеуметтік көмек Халық банкі филиалдары арқылы азаматтардың есеп шотына енгізу арқыла төленеді. Адрестік әлеуметтік көмек көрсетуге арналған қарды, жергілікті қаржыдан банк шығысын, осы мақсатқа байланысты қаржы тағайындау арқылы толтырады. Төлеу «Мемлекеттік сатып алу жөніндегі» Заңына сәйкес Халық банкі филиалдары мен жасалған агенттік келісім негізінде халыө банк филиалдары және аудандық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау бөлімдері арасындағы келісім бойынша төленеді.