О присвоении наименований улицам без названий в селе Жанама Жанаминского сельского округа Қолданыста
Басқа 0
Жанама ауылдық округіндегі Жанама ауылындағы атаусыз көшелерге ат қою туралы
Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4)-тармақшасына сәйкес, Алакөл аудандық қоғамдық ономастика кеңесінің келісімі және Жанама ауылы тұрғындарының пікірін ескере отырып, Жанама ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Жанама ауылдық округіндегі Жанама ауылындағы атаусыз көшелерге төмендегідей көше атаулары қойылсын: бірінші көшеге Абай Құнанбаев, екінші көшеге Жамбыл Жабаев, үшінші көшеге Дінмұхамед Қонаев, төртінші көшеге Ілияс Жансүгіров, бесінші көшеге Бауыржан Момышұлы, алтыншы көшеге Қаныш Сатпаев, жетінші көшеге Әлия Молдағұлова, сегізінші көшеге Мәншүк Мәметова.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау Жанама ауылдық округінің бас маманы Гүлсім Аманкельдықызы Башаеваға жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.