О присвоений наименовании улицам без названия в селах Кызылкайын, Алемды, Будыр Кольбайского сельского округа Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.09.2011. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Көлбай ауылдық округіндегі Қызылқайың, Әлемді, Бұдыр ауылдарындағы атаусыз көшелерге ат қою туралы Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4)-тармақшасына сәйкес, Алакөл аудандық қоғамдық ономастика кеңесінің келісімі және Қызылқайың, Әлемді, Бұдыр ауылдары тұрғындарының пікірін ескере отырып, Көлбай ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Көлбай ауылдық округіндегі Қызылқайың, Әлемді, Бұдыр ауылдарындағы атаусыз көшелерге төмендегідей көше аттары қойылсын:
Тармақша 1
1) Қызылқайың ауылындағы бірінші көшеге Абай Құнанбаев, екінші көшеге Тоқаш Бокин, үшінші көшеге Ыбрай Алтынсарин, төртінші көшеге Қызылқайың, бесінші көшеге Жамбыл Жабаев.
Тармақша 2
2) Әлемді ауылындағы бірінші көшеге Әлемді.
Тармақша 3
3) Бұдыр ауылындағы бірінші көшеге Бұдыр.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасауды өзіме қалдырамын.
Тармақ 3
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.