Об утверждении плана противопаводковых мероприятий Күшін жойған
Басқа 0
Су тасқынына қарсы шаралар жоспарын бекіту туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімінің 09.10.2001 № 114 шешімімен.
Көктемгі су тасқыны кезінде Төтенше жағдайлардың алдын алу және облыс экономикасы мен инфрақұрылымның тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында:
Тармақ 1
1. Облыста су тасқынына қарсы шаралар жоспары бекітілсін (1 қосымша).
Тармақ 2
2. Қалалар және аудандар әкімдері 15 наурызға дейінгі мерзімде:
- су тасқынын кедергісіз өткізу, көктем кезінде экономиканың тұрақгы жұмыс істеуін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды әзірлесін және бекітсін және оны төтенше жағдайлар жөніндегі облыстық басқармаға берсін;
- су тасқынына қарсы іс-шараларды жүзеге асыру үшін бақылау жасау жөнінде комиссиялар құрсын;
- баланстарында су қоймалары және канализациялық ағын суларының су жинақтағыш-буландырғыштары, олардағы бөгеттер мен су шығарғыштары бар ұйымдардың басшыларына оларға кезектен тыс байқау жүргізуді, апаттық су шығаруларға жол бермеу жөнінде нақгы шаралар қабылдауды, су тасқыны өтетін кезенде басшылар мен апаттық бригадалардың тәулік бойы кезекшіліктерін белгілеуді, оларды қажетті механизмдермен және материалдармен қамтамасыз етуді тапсырсын.
Тармақ 3
3. Аудан әкімдері облыстық экономика, индустрия және сауда департаментімен (Д.Т. Әбенов) бірлесе отырып, азық- түлікке, бірінші кезекте қажетті тауарларға сүранысты анықтасын және оларды су тасқыны басталғанға дейін су басатын аймаққа енетін елді мекендерге жеткізуді үйымдастырсын.
Тармақ 4
4. Азаматтық қорғаныс пен төтенше жағдайлардың облыстық қызметтерінің бастықгары облыс әкімінің 1999 жылғы 12 шілдедегі 173-А шешіміне сәйкес су тасқыны басталғанға дейін, азаматтық қорғаныс құрамаларын су тасқынының болатын зардаптарын жою үшін, дайындық жағдайына келтірсін.
Тармақ 5
5. Қаржы департаменті (М.А. Щеглова) — төтенше жағдай жөніндегі облыстық басқармаға үсынылып отырған шығыстар
сметасына сәйкес су тасқынына қарсы іс-шараларрды жүргізуге облыс әкімінің резервтік қорынан 3333474т теңге бөлсін.
Тармақ 6
6. Су тасқынына қарсы іс-шаралар жүргізу жөніндегі жүмыс облыс әкімінің бірінші орынбасары —ТЖ жөніндегі облыстық комиссияның төрағасы В.В. Мейстердің басшылығымен облыстық комиссияға жүктелсін.
Тармақ 7
7. Осы өкімнің орындалуына бақылау жасау ТЖ жөніндегі облыстық басқармаға (Е.В. Батов) жүктелсін.
Басқа 8. Облыстағы су тасқынына карсы іс-шаралардың жоспары
Қазақстан Республикасы
Қостанай облысы әкімінің
2000 жылғы 24 ақпандағы
№ 26 өкіміне 1 қосымша
Облыстағы су тасқынына карсы іс-шаралардың жоспары
Іс-шаралардың атауы
орындалу мерзімі
Жауаптылар
1. Тобыл өзеніндеп су қоймаларын толтыру және су тасқынын өткізу жөніндегі іс-шаралар кешенін орындау
Барлық кезенде
"Қостанайсушар" АМК Райымқұлов Д.Р. (келісім бойынша)
2. Автомобиль және теміржолдардың су жіберуші қондырғыларын тазартуды және тасқын суларды өткізуді қамтамасыз ету ''
Су тасқыны
басталғанға
дейін
"Қазақавтожол'' РМКК Абдуллин Х.А. (келісім бойынша) ''Қостанайоблавтожол'' ККМК Горват А.М.
"Қазақстан темір жолы' РМК Рахметжанов Е.Н. (келісім бойынша)
3. Автомобиль жолдары бойындағы қар еру кезінде ауыр салмақты көлік құралдарының қозғалысын шектеу
Қазақавтожол'' РМКК Абдуллин Х.А. (келісім бойынша) ''Қостанайоблавтожол " ҚКМК Горват АМ.
4. Мүмкін болатын апаттық су тасқындарына уақытылы және сапалы болжамдар алу және осы болжамдарды дер кезінде қалалар, аудандар әкімдеріне, ТЖ жөніндегі облыстық басқарма мен басқа да мүдделі ұйымдарға жеткізу
Барлық кезенде
'' Казгидромет'' РМК "Гидрометерология жөніндегі Қостанай орталығы"ЕМК Толканев А.Н. (келісім бойынша)
5. Құтқару стансаларын дайындау, жүзу құралдарында кезекшілік ұйымдастыру
Барлық кезенде
Суда құткару қызметінің Қостанай орталығы Решетняков А.И.
6. Су тасқыны жағдайында елді мекендер мен шаруашылық объектілерін тұрақт байланыс және электрмен жабдықтауды қамтамасыз ету
Барлық кезенде
Облыстық телекоммуникация дирекциясы Заболотько В.Н.
(келісім бойынша) "ҚЭЖТК" АҮАҚ Дручинин С.В. (келісім бойынша) «Оңтүстік электр желілері» ААҚ Мұсабеков М.Х. (келісім бойынша)
7. ЖЖМ қажетті қорын жасау, көлік пен техниканың сапалы және апатсыз жұмыс істеуін қамтамасыз ету
Су тасқыны
басталғанға
дейін
"Қазақавтожол" РМКК Абдуллин Х.А. (келісім бойынша) "Қостанайоблавтожол" ҚКМК Горват А.М. Қостанай жолдары" ААҚ Дирксен В.Я. (келісім бойвінша) Қостанай АМЕАК Жәкетов ҚС. (келісім бойынша)
8. Облыс аумағын жүргізу және су тасқыны жағдайын бақылау үшін тікұшақтық тұрақты дайыдығын қамтамасыз ету
Барлық кезеңде
"ССКББ"ААҚ Тұрдахунов М.М. (келісім бойынша)
9. Өзендерде мұмкін болатын мұз буылуының картасын дайындау, өзендердегі мұз жүретін кезендегі жарылыс жүмыстарының алдын ала қажетті көлемін анықтау."Қостанай- взрывпром" мемлекеттік еншілес кәсіпорынымен келісім-шарт негізінде қысылшаң шақта жарылыс жүмыстарын жүргізу мүмкіндігін уақытылы келісу
Су тасқыны
басталғанға
дейін
ТЖ жөніндегі Қостанай облыстық басқармасы Батов Е.В.
10. Кәсіпорындарға, үйымдар мен халыққа хабар берудің, сондай-ақ көшіру бағыттарының схемаларын анықтау
Су тасқыны
басталғанға
дейін
11. Су тасқынынан туындайтын төтенше жағдайлардағы іс-қимылдарға халықты және сәйкесті қызметтерді нақтылы жергілікті жағдайларға дайындауды жүргізу
Су тасқыны
басталғанға
дейін
12. Атқарылған жүмыстар және су тасқынының алдындағы және су тасқыны кезіндегі ағымдағы жағдайды ТЖ жөніндегі облыстық комиссияның төрағасына апта сайын хабарлап отыру
Барлық кезенге
Басқа 9. Су тасқынына карсы іс-шараларды жүргізу өткізуге
арналған шығыстар сметасы
Қостанай облысы әкімінің
2000 жылғы 24 ақпандағы
№ 26-ө өкіміне 2 қосымша
Су тасқынына карсы іс-шараларды жүргізу өткізуге
арналған шығыстар сметасы
📌 Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - Қостанай облысы әкімінің 18.04.2000 № 65-ө өкімімен.
Іс-шаралар
сомасы, теңге
Мұз шектелулерін жою жөніндегі жарылыс жұмыстары
245535
Гидрометеорталығының жұмысының тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін
200000
Телефон-телеграф байланысына арналған шығындар
512608
Кезекші тікұшаққа төлем төлеу
553957
Жанар-жағар материалдарын алу
1821374
Жиынтығы:
3333474