Об упрощении процедуры проектирования, строительства и ввода в эксплуатацию объектов для субъектов малого предпринимательства Күшін жойған
Басқа 0
Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне арналған объектілерді жобалау, салу және пайдалануға беру жосығын жеңілдету туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімінің 13.12.2004 № 55 шешімімен.
«Шағын кәсіпкерліктің дамуын мемлекеттік қолдауды күшейту және жандандыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 6 наурыздағы 3398 Жарлығына сәйкес «Тұрғын үй қатынастары туралы» 1997 жылғы 16 сәуірдегі және «Қазақстан Республикасындағы сәулет және қала құрылысы туралы» 1993 жылғы 22 қазандағы 2473-ХІІ Қазақстан Республикасы Заңдарының, «Қазақстан Республикасының жергілікті өкілетті және атқарушы органдары туралы» Қазақстан Республикасы заңына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 2 мамырдағы Заң күші бар Жарлығының негізінде тұрғын үй және басқа да босайтын ғимараттарды ұтымды пайдалану, қызмет көрсететін кәсіпорындарды тұтынушыларға жақындастыру, шағын кәсіпкерлік объектілеріне ғимараттарды қайта жабдықтауда және қайта жаңартуда жобалық-сметалық кеълісуді әзірлеуді жеңілдету мақсатында ШЕШТIМ:
Тармақ 1
1. Қала және аудан әкімдері:
- инспекция және бақылау жасайтын органдардың келісімінсіз құрылыс, санитариялық, өртке қарсы және басқа міндетті нормалары мен ережелерді сақтаған, сондай-ақ қайта жобалау немесе қайта жабдықтау олардың мүдделеріне қатысты болғанда, басқа меншік иелерінің жазбаша келісімі болған жағдайда, лицензиясы бар, заңды және жеке тұлғалар орындаған жоба негізінде тұрғын үй және тұрғын үй емес жайларды дербес қайта жабдықтау мен қайта жобалауға шағын кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтарының сақталуын қамтамасыз етсін;
- жобалауға, салуға және қайта жаңартуға (барлық жобалау алдындағы құжаттарды) нормативтік-құқықтық құжаттарды бақылау, инспекция жасайтын және пайдаланушы ұйымдардың ресімдеуі, бекітуі және беруі, қажет болғанда төлем алмай және келісуге олардың қатысуынсыз жүргізуді өндірістік қызметпен шұғылданатын шағын кәсіпкерлік объектілері тапсырыс берушілерінің тапсырыстары бойынша сәулет және қала құрылысы органдарының міндетіне артсын;
- шағын кәсіпкерлік объектілерін қабылдап алу және пайдалануға беру жөніндегі мемлекеттік комиссиялардың жұмысын жандандырсын және Қазақстан Республикасының нормативтік актілеріне сәйкес олардың айқын алқалық жұмысын қамтамасыз етсін.
Комиссия отырысын аптасына кем дегенде бір рет өткізсін. Комиссия жұмысы мен акті беруді тапсырыс берушінің төлемінсіз жүргізсін;
- лимиттер шегінде «Қазақстан Республикасындағы сәулет және қала құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 22 қазандағы 2473-XII Заңына сәйкес орындалатын жұмыстар көлемін қамтамасыз етуге жеткілікті сәулет және қала құрылысы ұйымдарының қажетті санын қарастырсын.
Тармақ 2
2. Сәулет және қала құрылысы органдары тапсырыс берушілерге облыста жұмыс істеп жатқан жобалау ұйымдарының тізбесін (мемлекеттік лицензиясы бар заңды және жеке тұлғалар) берсін.
Тармақ 3
3. Жобалаушының мыналарға міндеттілігі еске алынсын:
- тапсырыс берушілерге жобалау-сметалық құжаттарды сараптаудың тек оң қорытындыларымен бірге беру;
- тапсырыс берушілерге жобалау-сметалық құжаттарды сараптаудың тек оң қорытындыларымен бірге беру;
- шағын кәсіпкерлік объектілеріне арналған қажетті жобалау-сметалық құжаттарының көлемін ғимараттардың, инженерлік коммуникациялардың техникалық жағдайы туралы мәліметтерді, топырақты геологиялық зерттеу және топографиялық суретке түсіруді ескере отырып анықтау.
Тармақ 4
4. Сәулет және қала құрылысы органдарына жобалау және құрылысын жүргізу мерзімін қысқарту мақсатында сараптаудың оң қорытындысы болған жағдайда объектіні жобалау мен салуды кезең-кезеңімен жүргізуге рұқсат берілсін.
Тармақ 5
5. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің бірінші орынбасары В.В. Мейстерге жүктелсін.