Об утверждении Соглашения между Правительством Республики Казахстан и Правительством Объединенных Арабских Эмиратов о сотрудничестве в борьбе с организованной преступностью, терроризмом, незаконным оборотом наркотических средств, психотропных веществ, их прекурсоров и аналогов, и иными видами преступлений Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 03.10.2011. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Біріккен Араб Әмірліктерінің Үкіметі арасындағы ұйымдасқан қылмысқа, терроризмге, есірткі құралдарының және психотроптық заттардың, олардың прекурсорлары мен аналогтарының заңсыз айналымына және қылмыстың өзге де түрлеріне қарсы күрестегі ынтымақтастық туралы келісімді бекіту туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған 2010 жылғы 13 мамырда Астана қаласында жасалған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Біріккен Араб Әмірліктерінің Үкіметі арасындағы ұйымдасқан қылмысқа, терроризмге, есірткі құралдарының және психотроптық заттардың, олардың прекурсорлары мен аналогтарының заңсыз айналымына және қылмыстың өзге де түрлеріне қарсы күрестегі ынтымақтастық туралы келісім бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 3. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Біріккен Араб Әмірліктерінің Үкіметі арасындағы ұйымдасқан қылмысқа, терроризмге, есірткі құралдарының, психотроптық заттардың, олардың прекурсорлары мен аналогтарының заңсыз айналымына және қылмыстың өзге де түрлеріне қарсы күрестегі ынтымақтастық туралы келісім
📌 Ескерту. Нормативтік құқықтық актіге қоса тіркелген халықаралық Келісімнің мәтіні ресми болып табылмайды. ҚР халықаралық Келісімінің жасасқан тілдердегі ресми куәландырылған көшірмесін ҚР халықаралық Келісімдерін тіркеуге, есептеуге және сақтауға жауапты ҚР Сыртқы істер министрлігінен алуға болады Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Біріккен Араб Әмірліктерінің Үкіметі арасындағы ұйымдасқан қылмысқа, терроризмге, есірткі құралдарының, психотроптық заттардың, олардың прекурсорлары мен аналогтарының заңсыз айналымына және қылмыстың өзге де түрлеріне қарсы күрестегі ынтымақтастық туралы келісім Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Біріккен Араб Әмірліктерінің Үкіметі (бұдан әрі «Тараптар» деп аталатындар), ұйымдасқан қылмысқа және, атап айтқанда, есірткіге және терроризмге байланысты қылмысқа қарсы күресте екіжақты ынтымақтастыққа ортақ мүдделілік білдіре отырып; ұйымдасқан қылмыс тарапынан қауіп пен қатерге қарсы тұру мақсатында ұйымдасқан қылмыстан, есірткі мен терроризмге байланысты қылмыстан туындайтын қауіпке барлық құқық қорғау ведомстволары арасында осы саладағы ынтымақтастықты кеңейту қажеттілігіне көз жеткізе отырып, төмендегілер туралы келісті:
Бап 1. 1-бап
1-бап
Тармақ 1
1. Тараптар осы Келісімнің ережелеріне сәйкес:
Тармақша 1
1) ұйымдасқан қылмысқа;
Тармақша 2
2) есірткі құралдарының, психотроптық заттардың, олардың прекурсорлары мен аналогтарының заңсыз айналымына;
Тармақша 3
3) Тараптар мемлекеттерінің қауіпсіздігін қозғайтын терроризмге, экстремистік бағыттағы қылмыстарға, сондай-ақ оларды қаржыландыруға;
Тармақша 4
4) меншікке қарсы қылмыстарға;
Тармақша 5
5) улы, радиоактивті, жарылғыш заттардың, сондай-ақ ядролық, химиялық және биологиялық қару-жарақ контрабандасына;
Тармақша 6
6) атыс қаруының және жарылғыш заттардың заңсыз айналымына;
Тармақша 7
7) шекарадан заңсыз өтуге;
Тармақша 8
8) адамдар саудасына;
Тармақша 9
9) жезөкшелікке байланысты қылмыстарға;
Тармақша 10
10) ақша купюраларын, бланкілер мен ресми құжаттарды қолдан жасауға;
Тармақша 11
11) заңсыз қаржы әрекеттеріне, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға, оның ішінде ақшаны жылыстатуға және басқа да экономикалық қылмыстарға, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа;
Тармақша 12
12) жоғары технологиялар саласындағы қылмыстарға;
Тармақша 13
13) мәдени және тарихи құндылығы бар заттарды ұрлауға және контрабандасына;
Тармақша 14
14) экологиялық қылмыстарға;
Тармақша 15
15) ұрланған және конрабандалық тауарларды тасымалдауға қарсы күресте ынтымақтасады.
Тармақ 2
2. Тараптардың келісімімен ынтымақтастық қылмыстың өзге де түрлеріне қарсы күреске таралуы мүмкін.
Бап 2. 2-бап
2-бап Осы Келісімнің ережелерін іске асыру мақсатында Тараптар арасындағы ынтымақтастықты мынадай құзыретті органдар жүзеге асырады: Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан: - Ішкі істер министрлігі; - Бас прокуратура; - Ұлттық қауіпсіздік комитеті; - Қорғаныс министрлігі; - Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы); - Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті; - Казақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі; Біріккен Араб Әмірліктерінің Үкіметі атынан: - Ішкі істер министрлігі, Криминалдық қауіпсіздік Бас басқармасы; - Мемлекеттік қауіпсіздік департаменті. Осы бапта көрсетілген құзыретті органдар өзгерген жағдайда Тараптар дипломатиялық арналар арқылы дер кезінде хабардар етілетін болады.
Бап 3. 3-бап
3-бап Өз мемлекеттерінің ұлттық заңнамаларына және өзінің халықаралық міндеттемелеріне сәйкес Тараптар осы Келісімнің 1-бабында көрсетілген қылмыстарды болдырмау және оларға қарсы күрес саласында ақпарат пен тәжірибе алмасады.
Бап 4. 4-бап
4-бап Тараптар осы Келісімнің 1-бабында көрсетілген қылмыстарға қарсы күрес саласында құзырлы органдар қызметкерлерінің біліктілігін арттыру, баспа өнімдерін шығару және ұйымдасқан қылмысты зерттеуде және зерделуде марапаттау, ұйымдасқан қылмысты болдырмау, қабылданатын шаралардың тиімділігін бағалау жүйелерін пайдалану, дамыту және жаңарту бойынша тәжірибе және оған қарсы күресте ақпарат алмасады.
Бап 5. 5-бап
5-бап Тараптар осы Келісімнің 1-бабында көрсетілген қылмыстарды болдырмау, оларға қарсы күрес саласында оқу курстарын, симпозиумдар, ғылыми конференциялар өткізуде көмек көрсетеді.
Бап 6. 6-бап
6-бап Тараптар осы Келісімнің 1-бабында көрсетілген қылмыстарды жасауды болдырмау мақсатында қылмыстық топтарды анықтауда және қудалауда ынтымақтасады.
Бап 7. 7-бап
7-бап Тараптар осы Келісімнің 1-бабында көрсетілген қылмыстарды болдырмау және оларға қарсы күресте қазіргі заманғы технологиялардың рөлін қолдау мақсатында оларды пайдалана отырып, күзет жүйелерін жаңарту әдістері туралы ақпарат алмасады.
Бап 8. 8-бап
8-бап Тараптар осы Келісімнің 1-бабында көрсетілген қылмыстарға қарсы күрес саласында өңірлік және халықаралық ұйымдармен тәжірибе алмасады.
Бап 9. 9-бап
9-бап Тараптар мемлекеттерінің мемлекеттік шекарасы арқылы есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, олардың прекурсорлары мен аналогтарын заңсыз тасымалдауды ашу және технологиясының әдістеріне қатысты ақпаратпен, жаңа есірткі құралдары, психотроптық заттар және оларды өндіру үшін қолданылатын, анықталған және ашылған әдістер туралы өзара ақпаратпен алмасады.
Бап 10. 10-бап
10-бап Тараптар мемлекеттері аумағында табылған, ұрланған және контрабандалық жолмен әкетілген мәдени және тарихи құндылықтарды қайтаруда ынтымақтасады.
Бап 11. 11-бап
11-бап
Тармақ 1
1. Осы Келісім шеңберіндегі ынтымақтастық құзыретті органдардың сұрау салуы бойынша жүзеге асырылады.
Тармақ 2
2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген сұрау салу сұрау салынатын Тараптың құзыретті органдарына тікелей, жазбаша түрде немесе дипломатиялық арналар арқылы немесе поштамен, факсимиль арқылы немесе құзыретті органдармен келісілген кез-келген басқа да тәсілдермен берілді.
Тармақ 3
3. Сұрау салуда оның орындалуы үшін қажетті мәліметтер, сондай-ақ іске қатысы бар құжаттардың көшірмесі болуы, оларға сұрау салушы Тараптың құзыретті органдары қол қойған және мөрімен бекітілген болуы тиіс.
Тармақ 4
4. Шұғыл жағдайда мұндай сұрау салу ауызша жасалуы мүмкін және қырық сегіз (48) сағат ішінде дереу жазбаша расталуы қажет. Қажет болған жағдайда сұрау салуды орындау бойынша қосымша ақпарат сұратылады.
Тармақ 5
5. Егер сұрау салуды орындау сұрау салынатын Тараптың осы Келісімде көрсетілген құзыретті органының өкілеттігіне жатпаса, сұрау салынатын Тарап сұрау салуды оны орындауға уәкілетті органға береді. Сұрау салынатын Тараптың құзыретті органы бұл рәсім туралы хабардар етілуі тиіс.
Бап 12. 12-бап
12-бап
Тармақ 1
1. Егер мұндай сұрау салуды орындау сұрау салынатын Тарап мемлекетінің егемендігіне, қауіпсіздігіне немесе өзге де мемлекеттік мүдделеріне қауіп төндіруі мүмкін болса немесе мұндай сұрау салуды орындау сұрау салынатын Тарап мемлекетінің ұлттық заңнамасына немесе сұрау салынатын Тарап мемлекеті қатысушы болып табылатын халықаралық шарттар бойынша міндеттемелеріне қайшы келетін болса, сұрау салынған Тараптың құзыретті органдары сұрау салуды орындаудан толық немесе ішінара бас тарта алады.
Тармақ 2
2. Сонымен қатар сұрау салуды орындау сұрау салынатын Тараптың тергеу немесе басқа құқықтық рәсімдерді жүргізуін қиындататын болса, оны орындауды кейінге қалдыруға жол беріледі.
Тармақ 3
3. Егер сұрауды орындау ерекше шарттарды орындауды қажет ететін болса, Тараптардың бірлескен консультацияларын өткізуге жол беріледі.
Тармақ 4
4. Сұрау салынатын Тараптың құзыретті органдары кешіктірмей сұрау салуды орындаудан бас тарту немесе ішінара орындаудың себептеріне қатысты дереу сұрау салушы Тараптың құзыретті органдарына хабарлайды.
Бап 13. 13-бап
13-бап Тараптар өздерінің ұлттық заннамасына сәйкес, осы Келісімді орындауы барысында туындайтын шығыстарды олар өздерінің ұлттық заңнамаларына сәйкес дербес көтереді.
Бап 14. 14-бап
14-бап Осы Келісім қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек көрсету немесе адамдарды беру мәселелерін қозғамайды.
Бап 15. 15-бап
15-бап Тараптардың қарым-қатынас тілі ағылшын тілі болып табылады.
Бап 16. 16-бап
16-бап
Тармақ 1
1. Тараптар мемлекеттерінің ұлттық заңнамаларына сәйкес Тараптар алынған ақпараттың құпиялылығын қамтамасыз етеді.
Тармақ 2
2. Осы Келісімнің шеңберінде алынған құжаттама, ақпарат және техникалық жабдық беруші Тараптың құзыретті органдарымен алдын ала келісімсіз үшінші тарапқа беріле алмайды.
Тармақ 3
3. Тараптар мемлекеттерінің ұлттық заңнамаларына сәйкес мемлекеттік құпиялар бар ақпарат алмасу тәртібі және оларды қорғау жеке халықаралық шартпен белгіленеді.
Бап 17. 17-бап
17-бап Тараптар қажет болған жағдайда осы Келісімнің ережелерін іске асыру барысында туындайтын мәселелерді талқылау үшін бірлескен кездесулер өткізеді.
Бап 18. 18-бап
18-бап Осы Келісім Тараптар мемлекеттері қатысушылары болып табылатын басқа халықаралық шарттардан туындайтын құқықтар мен міндеттемелерді қозғамайды.
Бап 19. 19-бап
19-бап Осы Келісімнің ережелерін орындау немесе түсіндіру барысында туындайтын барлық келіспеушіліктер дипломатиялық арналар арқылы келіссөздер мен консультациялар жолымен шешіледі.
Бап 20. 20-бап
20-бап Осы Келісімге Тараптардың өзара келісімі бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін, олар оның ажырамас бөлігі болып табылады және осы Келісімнің 21-бабында көзделген шарттарға сәйкес күшіне енетін хаттамалармен ресімделеді.
Бап 21. 21-бап
21-бап Осы Келісім оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді орындау туралы соңғы жазбаша хабарлама алған күннен бастап 30 күннен кейін күшіне енеді.
Бап 22. 22-бап
22-бап Осы Келісім белгіленбеген мерзімге жасалады. Тараптар бірін-бірі осы Келісімді тоқтату туралы дипломатиялық арналар арқылы жазбаша хабарламамен хабардар етеді. Осы Келісім Тараптардың бірі екінші Тараптың тиісті жазбаша хабарламасын алған күннен кейін алты ай өткен соң әрекетін тоқтатады. Осы Келісімнің әрекетін тоқтату оның әрекет етуі кезеңінде келісілген рәсімдерді олар толығымен аяқталғанға дейін әсер етпейді. Астана қаласында 2010 жылғы 13 мамырда әрқайсысы қазақ, араб, орыс және ағылшын тілдерінде екі данада жасалды, барлық мәтіндерінің күші бірдей. Осы Келісімнің ережелерін түсіндіруде келіспеушілік туындаған жағдайда, Тараптар ағылшын тіліндегі мәтінге жүгінеді. 2010 жылғы 13 мамырда Астанада жасалған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Біріккен Араб Әмірліктерінің Үкіметі арасындағы ұйымдасқан қылмысқа, терроризмге, есірткі құралдарының, психотроптық заттардың, олардың прекурсорлары мен аналогтарының заңсыз айналымына және қылмыстың өзге де түрлеріне қарсы күрестегі ынтымақтастық туралы келісімнің бұл көшірмесінің дәлдігін куәландырамын.