О создании областной информационно-аналитической группы Күшін жойған
Басқа 0
Облыстың ақпараттық – талдау тобын құру туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімінің 12.11.2009 № 27 шешімімен.
Ақпараттық-насихат жұмысын жақсарту мақсатында және 1999 жылғы 10 қарашада Қазақстан Республикасы Үкіметінің жаңадан тағайындалған мүшелерінің ант қабылдау салтанатты рәсімінде берілген Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмаларын орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес ШЕШТIМ:
Тармақ 1
1. Облыстық ақпараттық-насихат тобының құрамы бекітілсін (1 қосымша).
Тармақ 2
2. Қала, аудан әкімдері 2000 жылғы 10 мамырға дейін осы сияқты топтар құрсын; ақпараттық-насихат тобының жұмысы туралы әр айдың 1 күніне облыс әкімі аппаратының ішкі саясат және әлеуметтік сала бөліміне ақпарат түсіріп отырсын.
Тармақ 3
3. Облыс әкімі аппаратының ішкі саясат және әлеуметтік сала бөлімі (И.В. Стенникова) 2000 жылғы 20 сәуірге дейін ақпараттық-насихаттық іс-шараларының жоспарын әзірлесін және бекітуге берсін.
Тармақ 4
4. Облыс әкімі аппаратының ішкі саясат және әлеуметтік сала бөлімі (И.В. Стенникова) облыс әкімі аппаратының баспасөз қызметімен (С.Ю. Киселев) әрі ақпарат және қоғамдық келісім басқармасымен (Ж.Қ. Мақанов) (келісім бойынша) бірлесе отырып, ақпараттық материалдар мен ұсыныстарды әзірлеуді қамтамасыз етсін.
Тармақ 5
5. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары С.Ш. Бектұрғановқа жүктелсін.
Басқа 6. Облыстың ақпараттық-талдау тобының құрамы
Қазақстан Республикасы
Қостанай облысы әкімінің
2000 жылғы 27 сәуірдегі
№ 100 шешіміне 1 қосымша
Облыстың ақпараттық-талдау тобының құрамы
1. Бектұрғанов Серік Шыңғысұлы - облыс әкімінің орынбасары, топ басшысы
2. Асанбаева Гүлнар Досқалиқызы - А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ журналистика
факультетінің деканы (келісім бойынша)
3. Вишниченко Валерий Георгиевич - Қазақстан халықтары облыстық
Ассамблеясының атқарушы хатшысы
4. Киселев Станислав Юрьевич - облыс әкімі аппараты баспасөз қызметінің басшысы
5. Киколенко Ольга Андреевна - облыстық еңбек, халықты жұмыспен қамту
және әлеуметтік қорғау басқармасының бастығы
6. Мақанов Жанділда Қожахметұлы - АҚКБ бастығы — топ басшысының орынбасары
(келісім бойынша)
7. Романов Олег Николаевич - ОТРК журналисі (келісім бойынша)
8. Стенникова Инна Викторовна - облыс әкімі аппараты ішкі саясат және әлеуметтік
сала бөлімінің меңгерушісі, топ басшысының орынбасары
9. Сүйінов Есенгелді Сүйінұлы - «Қостанай таңы» газетінің бас редакторы
10. Харченко Сергей Васильевич – «Костанайские новости» аймақтық газетінің
бас редакторы
Басқа 7. Қостанай облысының әкімі жанындағы ақпараттық- талдау тобы туралы Ереже
Қазақстан Республикасы
Қостанай облысы әкімінің
2000 жылғы 27 сәуірдегі
№ 100 шешіміне 2 қосымша
Қостанай облысының әкімі жанындағы ақпараттық- талдау тобы туралы Ереже
Тарау 1. І. Жалпы ережелер
І. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Ақпараттық-талдау тобын (бұдан әрі — топ) құрудың негізгі мақсаты облыс әкімін, сондай-ақ Президент Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторын әлеуметтік-саяси, қоғамдық-саяси даму, жергілікгі өкілетті және атқарушы органдардың қызметі, кадрлық саясатты жүргізу және басқалар туралы шынайы жедел ақпаратпен қаматамасыз ету болып табылады.
Тармақ 2
2. Өзінің практикалық қызметінде топ Қазақстан Республикасының Конституциясы мен зандарын, еліміздің Президенті және Үкіметінің, облыс әкімінің актілерін, сондай-ақ осы Ережені басшылыкқа алады.
Тармақ 3
3. Өз жұмысында топ облыстың, қалалар мен аудандардың өкілетті және атқарушы органдарымен бірлесе іс-қимыл жасайды.
Тарау ii. II. Топтың негізгі міндеттері
II. Топтың негізгі міндеттері
Тармақ 1
1. Оларды одан әрі пайдалану мақсатында мемлекеттік басқарудың сәйкесті органдарынан, қоғамдық ұйымдардан, меншіктің барлық нысанындағы кәсіпорындардан ақпараттық материалдар сұратады, өңдейді және жүйеге келтіреді.
Тармақ 2
2. Облыс әкімі, Президент Әкімшілігі мемлекеттік инспекторы үшін топтың жұмыс бағыттарының тізбесіне (бұдан әрі —Тізбесі) сәйкес материалдар даярлауды жүзеге асырады.
Тармақ 3
3. Топ басшысы бір жағынан оның мүшелерімен, келесі жағынан Президент Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторымен тұрақты жедел байланысты жүзеге асырады.
Тарау iii. ІІІ. Топтың өкілеттігі
ІІІ. Топтың өкілеттігі
Топтың мыналарға құқы бар:
- көрсетілген Тізбеге сәйкес мемлекеттік басқару органдарына, меншіктің барлық нысанындағы кәсіпорындар мен ұйымдардан ақпарат сұратуға;
- алқа отырыстарының, кеңестердің (облыс, қалалар мен аудандар әкімдерінің, облыстық басқармалар және департаменттер басшыларының жанындағы), мәслихаттар сессияларының (мәслихат хатшысымен келісім бойынша), кәсіпорындардың еңбек ұжымдарының, жиналыстарының (олардың жұмыстарымен келісім бойынша) жұмысына қатысуға;
- саяси партиялардың, қоғамдық және діни бірлестіктердің (олардың басшыларымен келісім бойынша) аймақтық
құрылымдары өткізетін іс-шараларға қатысуға;
Тарау iv. ІV. Топ қызметін ұйымдастыру
ІV. Топ қызметін ұйымдастыру
Тармақ 1
1. Топтың құрамы облыс әкімінің шешімімен бекітіледі.
Тармақ 2
2. Топ басшысының екі орынбасары болады.
Тармақ 3
3. Облыс әкімі аппаратының басшысы облыс әкімімен, Президент Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторымен келісім
бойынша топ жұмысының жылдық және тоқсандық жоспарларын бекітеді.
Тармақ 4
4. Топ басшысы айына екі рет, жұмыс қорытындысын шығару және алдағы кезеңге жоспарларды нақтылау мақсатында, оның мүшелерінің отырысын өткізеді.
Тарау v. V. Қорытынды ережелер
V. Қорытынды ережелер
Тармақ 1
1. Қажет болған жағдайда топтың жекелеген талдау материалдары облыс әкімінің сәйкесті шешімдерін даярлаған кезде пайдаланылуы мүмкін.
Тармақ 2
2. Топ қызметіне бақылау жасауды облыс әкімі аппаратының басшысы жүзеге асырады.