О наименований улиц населенных пунктов Косшынырауского аульного округа Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.08.2011. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қосшыңырау ауылдық округіне қарасты елді мекендердегі көшелерге атау беру туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37-бабы мен Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабы 4-тармақшасы басшылыққа алып, Қосшыңырау ауылдық округі тұрғындарының жалпы жиналысының 2011 жыл 18 мамырдағы N 3 хаттамасы мен 2011 жылғы 24 мамырдағы Қызылорда қаласының әкімі жанындағы ономастикалық комиссиясының 2/3 ұйғарымы негізінде ШЕШЕМІН:
Тармақ 1
1. Сызбалық картаға байланысты Қосшыңырау ауылдық округі, Абай ауылында орналасқан көшелерге: Абай Құнанбаев көшесі, Бейбітшілік көшесі, Жамбыл Жабаев көшесі, Юрий Гагарин көшесі, Сиыр фермасы көшесі, Амангелді Иманов көшесі, Жақыпбек Маханбетов көшесі атаулары берілсін.
Тармақ 2
2. Сызбалық картаға байланысты Қосшыңырау ауылдық округі, Досан ауылында орналасқан көшелерге: Досан Елеусінов көшесі, N 21 көшесі атаулары берілсін.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау Қосшыңырау ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Кушенбаева Ұлдашқа жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткен сәтінен бастап күшіне енеді және оның ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.