Об утверждении требований к технико-экономическому обоснованию создаваемой специальной экономической зоны Қолданыста
Басқа 0
Құрылатын арнайы экономикалық аймақтың техникалық-экономикалық негіздемесіне қойылатын талаптарды бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 8) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Құрылатын арнайы экономикалық аймақтың техникалық-экономикалық негіздемесіне қойылатын талаптар бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Инвестиция комитеті (А.Ж. Серіков) осы бұйрықтың заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Инвестиция комитетіне (А.Ж. Серіков) жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енеді.
Басқа 0. Құрылатын арнайы экономикалық аймақтың техникалық-экономикалық негiздемесiне қойылатын талаптар
Қазақстан Республикасының
Индустрия және жаңа
технологиялар министрінің
міндетін атқарушының
2011 жылғы 16 қыркүйектегі
№ 326 бұйрығымен
бекітілген
Құрылатын арнайы экономикалық аймақтың техникалық-экономикалық негiздемесiне қойылатын талаптар
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Құрылатын арнайы экономикалық аймақтың техникалық-экономикалық негiздемесiне қойылатын талаптар (бұдан әрi - Талаптар) «Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 5-бабының 8) тармақшасына сәйкес әзiрленген.
Тармақ 2
2. Арнайы экономикалық аймақтың (бұдан әрі - АЭА) техникалық-экономикалық негіздемесі Қазақстан Республикасының арнайы экономикалық аймақтар туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына және осы Талаптарға сәйкес әзiрленедi.
Тарау 2. 2. Техникалық-экономикалық негіздеменің құрылымы
2. Техникалық-экономикалық негіздеменің құрылымы
Тармақ 1
1. АЭА құрудың технико-экономикалық негіздемесі мынандай бөлімдерді қамтиды:
Тармақша 1
1) АЭА түйiндемесi;
Тармақша 2
2) кiрiспе;
Тармақша 3
3) маркетингтiк бөлiм;
Тармақша 4
4) техникалық-технологиялық бөлiм;
Тармақша 5
5) экологиялық бөлiм;
Тармақша 6
6) институттық бөлiм;
Тармақша 7
7) қаржылық бөлiм;
Тармақша 8
8) экономикалық бөлiм;
Тармақша 9
9) әлеуметтiк бөлiм;
Тармақша 10
10) АЭА-ның нәтижелілік көрсеткіштері;
Тармақша 11
11) АЭА туралы жалпы қорытынды;
Тармақша 12
12) қосымшалар.
Тармақ 2
2. «АЭА түйiндемесi» бөлімінде АЭА атауы, АЭА қызметiнiң негiзгi бағыттары, АЭА мақсаттары мен мiндеттерi, АЭА орналасу орны (шекарасын көрсете облыс, қала), АЭА масштабы, оның iшiнде АЭА қуаты, олардың әрбiреуiнiң құнын көрсете отырып, АЭА компоненттері, болжанатын қаржыландыру көздері мен схемалары, АЭА-ны iске асыру кезеңi сипатталады.
Тармақ 3
3. «Кiрiспе» бөлiмiнде қолда бар саяси, әлеуметтiк-экономикалық, табиғи-климаттық, географиялық, инженерлiк-геологиялық және АЭА-ны iске асыру болжанған басқа шарттар сипатталады, оның iшiнде халық өмiрiнiң қазiргi және болжанатын деңгейiнiң көрсеткiштерi, инфрақұрылыммен қамтамасыз етуi, АЭА болжанатын орналасу орны мен әсер ету облысын сипаттайтын инвестициялық ахуал және басқа әлеуметтік-экономикалық көрсеткiштерi көрсетiледi
Сондай-ақ, осы бөлiмде АЭА-ны құру арқылы толықтай немесе ішінара шешілуі мүмкін проблемелар көрсетiледi.
Тармақ 4
4. «Маркетингтiк бөлiм» АЭА-ны iске асыру нәтижесінде өндiрiлетiн (ұсынылатын) өнім (қызмет) түрлеріне қолда бар және перспективалық сұранысты бағалауды (АЭА-ның даму және қалыптасу кезеңiнде) көрсетеді.
Осы бөлiм:
Тармақша 1
1) сұраныстың сандық параметрлерiнiң бағасын және негiздемесiн, оның үрдісі мен өніміне (қызметi) бағасын немесе әлеуметтiк қызметтерге қажеттiлiгіне бағасын білдіретін АЭА құруға сұранысты немесе әлеуметтiк-экономикалық қажеттiлiгiн талдауды;
Тармақша 2
2) елдiң, өңiрдiң экспорттық әлеуетiнiң өсуiне АЭА-ның әсерін бағалауды;
Тармақша 3
3) АЭА-ны қалыптастырумен байланысты өндiрiс шикiзаты, материалдары мен басқа факторлар нарығын талдауды;
Тармақша 4
4) АЭА шеңберiнде сатып алынатын, тауарлар, жұмыстар және қызметтер бағасын және нарығын талдауды;
Тармақша 5
5) осы салада қолданыстағы объектiлердiң жұмысын талдауды, оның iшiнде осы салада көрсетiлген дамудың негiзгi үрдiстерiн қоса алғанда, бәсекелестiкті талдауды;
Тармақша 6
6) өнiмдi (қызметтi) өткiзуге жәрдемдесу жөнiнде ұсынылатын iс-шараларды;
Тармақша 7
7) негiзгi тәуекел факторларын, ұзақтық сипатын және өзгерiстер диапазонын, қатерлерді төмендету бойынша ұсынылған iс-шараларды айқындайтын, коммерциялық қатерді бағалауды;
Тармақша 8
8) маркетингтiк зерттеулердi өткiзуде қолданылатын ақпарат және әдiстеме көздерiн қамтиды.
Тармақ 5
5. «Техника-технологиялық бөлiм» АЭА-ның құрылымын, АЭА компоненттерiнiң параметрлерiн айқындайтын техникалық шешiмiн, сондай-ақ оның құнын сипаттай отырып АЭА-ны iске асырудың әр түрлi технологиялық шешiмдерiн көрсетедi.
Осы бөлiм:
Тармақша 1
1) АЭА-ны iске асыруда әртүрлi технологиялық шешiмдердi, олардың басымдығы мен жетiспеушiлiктерiн, таңдалған нұсқаның негiздемесiн талдауды;
Тармақша 2
2) АЭА-ны орналастырудың орнын таңдауды, шикiзаттың көздерi мен жеткiзушiлерiне, өнiмдер мен қызметтердi тұтынушыларға, көлiк магистралдарына жақындығына, географиялық ерекшелiктерiне қатысты орналасуын негiздейтiн АЭА-ның орналасқан жерiн;
Тармақша 3
3) АЭА жобасының қуаттылығын, АЭА қуаттылығын игеру қарқынының есептiк негiздемесiн айқындайтын АЭА ауқымын;
Тармақша 4
4) АЭА-ның өңiрдiң инфрақұрылымына және бiрлескен (аралас) салаларды дамытуға әсерiн бағалауды;
Тармақша 5
5) АЭА орналасатын аумақтың инженерлiк құрылыстарымен, яғни көлiктiк кiреберiс пен құралдар, энергия, жылу, су құбыры мен кәрiз, қойма үй-жайларымен қамтамасыз етiлуiн;
Тармақша 6
6) уақыты бойынша iс-шаралардың реттiлiгi мен ұзақтылығын кестелік кескiнде көрсете отырып, АЭА-ның iске асыру жылдары бойынша және технологиялық сатылары бойынша инвестициялық кезеңiн көрсететiн алға қойылған мiндеттердi iске асыру кестесiн (жоспар-кесте);
Тармақша 7
7) қатердiң негiзгi факторларын, болжамды сипаты мен өзгерiс диапазонын, қатерлердi төмендету жөнiндегi болжамды iс-шараларды айқындайтын техникалық қатерлердi бағалауды қамтиды.
Тармақ 6
6. «Экологиялық бөлiм» АЭА-ны құрудың және жұмыс істеуінің экологиялық аспектiлерiн көрсетедi.
Осы бөлім:
Тармақша 1
1) қоршаған орта жағдайына АЭА әсерiн бағалауды, АЭА-ны iске асырудан экологиялық зиянды сандық бағалауды және оның зиянды әсерiн азайту бойынша болжамды iс-шараларды;
Тармақша 2
2) өңiрдiң де, тұтастай алғанда елдiң де экологиялық жағдайын жақсарту үшiн болжанатын iс-шаралары мен олардың сандық сипаттағы нәтижесiн;
Тармақша 3
3) қатердің негiзгi факторларын айқындайтын экологиялық қатерлердi бағалау, болжамды сипаты мен өзгеру диапазоны, қатерлердi азайту бойынша болжамды iс-шараларды қамтуы тиіс.
Тармақ 7
7. «Институттық бөлiм» АЭА-ның өмiршеңдiк кезеңiнiң өң бойында басқарудың құқықтық негiздерiн, құрылымы мен қаржылық шығындарын бағалауды, сондай-ақ қаржыландыру көздерiн сипаттай отырып, басқару сызбасын қамтиды. Жаңа институттық сызбаны жасаған жағдайда, балама нұсқаларды келтiре отырып, осы сызбаны жасаудың егжей-тегжейлi негiздемесiн көрсету қажет.
Тармақ 8
8. «Қаржылық бөлiм» АЭА-ның балама кестелерi мен қаржыландыру көздерiн бағалаумен қатар қаржылық шығындар мен кiрiстердi бағалауды қамтиды.
Осы бөлiм:
Тармақша 1
1) инфрақұрылым объектiлерiнiң құрылысына арналған шығындарды қоса алғанда, АЭА құруға арналған болжамды шығындарды бағалауды;
Тармақша 2
2) жалпы инвестициялық шығындарды есептеудi, қаржыландырудағы қажеттiлiктерiн бөлудi;
Тармақша 3
3) өндiрiстiк шығындарды (пайдалану шығындарын) есептеудi;
Тармақша 4
4) мыналарды:
- қаржылық бағалаудың қарапайым әдiстерiнiң, оның iшiнде өтiмдiлiк мерзiмiн, табыстың қарапайым нормасын, берешектi жабудың коэффициентiн есептеудiң көмегiмен АЭА-ның талдауын;
- дисконттау әдiстерiнiң, оның iшiнде дисконтталған таза табысты (Net Present Value – NPV), табыстылықтың iшкi нормасын (Internal Rate of Return – IRR), дисконтталған пайда мен шығынның ара қатынасын (Вenefits/Сosts – B/C), өтiмдiлiктiң дисконтталған мерзiмiн есептеу арқылы АЭА-ның талдауын;
- қаржыландыру мен олардың балама нұсқаларының сызбаларын, көздерiн, шарттарын талдауды;
- қатердiң негiзгi факторларын айқындайтын қатерлердi қаржылық бағалауды, болжамды сипаты мен өзгеру ауқымын, тәуекелдердiң төмендеуi бойынша болжамды iс-шараларын АЭА қаржылық талдауын қамтитын АЭА қаржылық талдауын қамтиды.
Тармақ 9
9. «Экономикалық бөлiм» тұтастай республика (өңiр) экономикасының тұрғысынан алғанда АЭА құрудың талдауын көрсетедi.
Осы бөлiм:
Тармақша 1
1) өңiрдiң АЭА-мен және АЭА-сыз экономикалық жағдайын;
Тармақша 2
2) экономикалық пайда мен шығынды, оның iшiнде нәтижелердiң талдауын, салдарлары мен әсерлерiн, шығындар мен өлшенбейтiн пайданың тиiмдiлiгiн талдауды, өсiрiлген пайда мен шығынды, тұтынушының қосымша пайдасын, қайтымсыз шығында, сыртқы әсердi, халықаралық әсердi, жанама пайданы бағалауды;
Тармақша 3
3) неғұрлым аз шығынды талдауды;
Тармақша 4
4) АЭА-ның бюджеттiк тиiмдiлiгiн есептеуді;
Тармақша 5
5) АЭА-ның экономикалық тиiмдiлiк көрсеткiшiн, оның iшiнде экономикалық дисконтталған таза табысты (Economic Net Present Value – ENPV) және экономикалық табыстылықтың iшкi нормасын (Economic Internal Rate of Return – ЕIRR) қамтиды.
Тармақ 10
10. «Әлеуметтiк бөлiм» АЭА-ның әлеуметтiк аспектiлерiн және бенефициарлары бойынша АЭА-ның мiндеттерiн iске асырудан түсетiн пайданы көрсетеді.
Осы бөлiм:
Тармақша 1
1) халықтың әлеуметтiк-мәдени және демографиялық сипаты тұрғысынан алғанда АЭА-ны құрудың негiздемелiгiн;
Тармақша 2
2) еңбек ресурстарындағы АЭА-ның қажеттiлiгiн және оның халықты жұмыспен қамтуға әсерiн;
Тармақша 3
3) тиiстi бiлiктiлiктердi еңбек ресурстарымен нақты қамтамасыз етушiлiгiн;
Тармақша 4
4) қызметкерлер мен мамандарды оқыту мен қайта даярлаудың қажеттiлiгiн;
Тармақша 5
5) еңбектi қорғау мен қауiпсiздiк техникасының нормаларын;
Тармақша 6
6) халықтың өмiр деңгейiнiң көрсеткiштерiн есептеудi (демографиялық көрсеткiштер, халықтың табыстары, жұмыспен қамтудың деңгейi, бiлiм деңгейiн арттыруға әсерi және т.с.с);
Тармақша 7
7) қатердiң негiзгi факторларын айқындайтын әлеуметтiк тәуекелдердi бағалау, болжамды сипаты мен өзгеру диапазоны, қатерлердi азайту бойынша болжамды iс-шараларды қамтиды.
Тармақ 11
11. «АЭА-ның нәтижелілік көрсекіштері» бөлімінде АЭА-ның жұмыс істеуінің негізгі экономикалық, қаржылық және басқа көрсеткіштер көрсетіледі. Осы көрсеткіштер АЭА-ның құру мақсаттарына қолжеткізу нәтижелерінен, АЭА-ны құруға болжанатын дамыту үшін экономиканың салаларының ерекшеліктерінен, сондай-ақ АЭА-ны құруға болжанатын аумағының өңір ерекшеліктерінен шыға отырып жазылады.
Тармақ 12
12. «Жалпы қорытынды» бөлiмiнде АЭА-ның негiзгi құндылықтары мен жетiспеушiлiктерi, АЭА-ны iске асырудың оңтайлы нұсқаларын таңдау бойынша түйiндер мен қисынды сипаттау, АЭА-ны құру жобасы бойынша негiзгi қатерлер, басқа да қорытындылар беріледі.
Тармақ 13
13. АЭА-ның техникалық-экономкалық негіздемесіне «Қосымшалар» бөлімі АЭА-ны iске асырудың әрбiр қаралатын нұсқалары бойынша қаржы-экономикалық моделiн, шығыстар кестесiн, қырқын, өтiмдiлiк сызбасын, диаграммаларды, суреттердi, жергiлiктi жердiң картасы мен басқа да материалдарды және АЭА-ның техникалық-экономкалық негіздемесінде келтiрiлген ақпараттарды растайтын және ашатын құжаттарды қамтиды.