Об утверждении Методики расчета размера платы за пользование жилищем из государственного жилищного фонда Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 07.10.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерін есептеу әдістемесін бекіту туралы Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 10-2-бабының 10-2) тармақшасына сәйкесБҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерін есептеу әдістемесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық департаменті осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен соң осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының орынбасары Н.П.Тихонюкке жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. "КЕЛІСІЛГЕН" Қазақстан Республикасының Қаржы министрі _________________ Б. Жәмішев 2011 жылғы «___»_____________
Басқа 5. Мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерін есептеу әдістемесі
Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің 2011 жылғы 26 тамыздағы № 306 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерін есептеу әдістемесі
Тармақ 1
1. Осы Мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерін есептеу әдістемесі (бұдан әрі - Әдістеме) «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңынына сәйкес әзірленген.
Тармақ 2
2. Әдістеме мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді пайдаланғаны үшін өндіріп алынатын төлемақы мөлшерін есептеу үшін тұрғын үй қатынастары саласында қолдануға ұсыным ретінде ұсынылады.
Тармақ 3
3. Мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшеріне коммуналдық қызметтер үшін төлемақы кірмейді.
Тармақ 4
4. Кондоминиум объектісінің құрамына жатпайтын мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді пайдаланғаны үшін алынатын төлемақының мөлшерін есептеу кезінде мынадай көрсеткіштер қолданылады: А – кондоминиум объектісінің құрамына жатпайтын мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшері (айына 1 шаршы метр үшін, теңге); Ц – тұрғын үйдің жалпы көлемінің 1 шаршы метрін салудың (сатып алудың) құны (теңге); Т – ғимараттың қызмет көрсету есептік мерзімі, жыл; Р – пайдалануға, тұрғын үйдің ағымдағы және күрделі жөнделуіне, сондай-ақ жер учаскесін күтуіне қажетті көлемнің сомасы (айына 1 шаршы метр үшін теңге). Тұрғын үйдің жалпы көлемінің 1 шаршы метрін салудың (сатып алудың) құны (Ц) ғимараттың құрылысына арналған жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес немесе ғимаратты мемлекеттік сатып алу қорытындылары бойынша анықталады. Ғимараттың қызмет көрсетуінің есептік мерзімі (Т) ҚР ҚН 1.04-26-2022 «Азаматтық, өндірістік ғимараттар мен құрылыстарды реконструкциялау, күрделі және ағымдық жөндеу» құрылыс нормаларына сәйкес анықталады. Пайдалануды, тұрғын үйді ағымдағы және күрделі жөндеуді, сондай-ақ жер учаскесін күтуді қамтамасыз ету үшін қажетті көлемнің сомасы (Р) мынадай формула бойынша анықталады: мұнда Гз – жергілікті атқарушы органы (мемлекеттік кәсіпорыны) тартқан немесе құрған тұрғын үй-пайдалану қызметінің тұрғын үйді пайдалануға, ағымдағы және күрделі жөндеуге, сондай-ақ жер учаскесінің күтіміне арналған шығынының жылдық сметасы, қажетті көлемінің жылдық сомасы (жылына теңге); – тұрғын үй ғимаратындағы тұрғын үйдің жалпы алаңының сомасы (шаршы метр).
Тармақ 5
5. Кондоминиум объектісінің құрамына жатпайтын мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді пайдаланғаны үшін айына алынатын төлемақы мөлшері мынадай формула бойынша есептеледі: А= Ц/Т/12+Р
Тармақ 6
6. Кондоминиум объектісінің құрамына кіретін мемлекеттік тұрғын үй қорындағы үйді пайдаланғаны үшін алынатын төлемақының мөлшерін есептеу кезінде мынадай көрсеткіштер қолданылады: А – кондоминиум объектісінің құрамына кіретін мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшері (айына 1 шаршы метр үшін, теңге); Ц – тұрғын үйдің жалпы көлемінің 1 шаршы метрін салудың (сатып алудың) құны (теңге); Т – ғимараттың қызмет көрсету есептік мерзімі, жыл. Тұрғын үйдің жалпы көлемінің 1 шаршы метрін салудың (сатып алудың) құны (Ц) ғимараттың құрылысына арналған жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес немесе ғимаратты мемлекеттік сатып алу қорытындылары бойынша анықталады. Ғимараттың қызмет көрсетуінің есептік мерзімі (Т) ҚР ҚН 1.04-26-2022 «Азаматтық, өндірістік ғимараттар мен құрылыстарды қайта жаңарту, күрделі және ағымдық жөндеу» құрылыс нормаларына сәйкес анықталады. Кондоминиум объектісінің құрамына кіретін мемлекеттік тұрғын үй қорындағы үйді пайдаланғаны үшін айына алынатын төлемақының мөлшері мынадай формула бойынша есептеледі: А= Ц/Т/12.