Об утверждении Правил допуска автомобильных перевозчиков к осуществлению международных автомобильных перевозок грузов Қолданыста
Басқа 0
Халықаралық автомобильмен жүк тасымалдауды жүзеге асыруға автомобильмен тасымалдаушыларға рұқсат беру қағидаларын бекіту туралы
«Автомобиль көлігі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 13-бабының 10) тармақшасына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Халықаралық автомобильмен жүк тасымалдауды жүзеге асыруға автомобильмен тасымалдаушыларға рұқсат беру қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Көліктік бақылау комитеті (Ә.Н.Барменқұлов) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу үшін ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация вице-министрі Е.С.Дүйсенбаевқа жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Бәсекелестікті қорғау агенттігінің
төрағасы (Монополияға қарсы агенттік)
М.Т. Есенбаев ___________________
2011 жылғы "___" _______________
Басқа 0. Халықаралық автомобильмен жүк тасымалдауды жүзеге асыруға автомобильмен тасымалдаушыларға рұқсат беру
қағидалары
Қазақстан Республикасының
Көлік және коммуникациялар
министрінің
2011 жылғы 24 тамыздағы
№ 523 бұйрығымен
бекітілген
Халықаралық автомобильмен жүк тасымалдауды жүзеге асыруға автомобильмен тасымалдаушыларға рұқсат беру
қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Халықаралық автомобильмен жүк тасымалдауды жүзеге асыруға автомобильмен тасымалдаушыларға рұқсат беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Автомобиль көлігі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 10) тармақшасына (бұдан әрі – Заң) және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының автомобиль тасымалдаушыларына мынадай автокөлік құралдарының иелері үшін міндетті халықаралық автомобиль тасымалдарын жүзеге асыруға рұқсат беру куәлігін және рұқсат беру карточкасын беру тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Жүктерді халықаралық автомобильмен тасымалдауды жүзеге асыруға:
Тармақша 1
1) жүк автомобильдері (тіркемені қоса алғанда, рұқсат етілген жалпы салмағы 6 тоннадан асатын немесе тіркемені қоса алғанда, рұқсат етілген пайдалы жүктеме 3,5 тоннадан астам) және (немесе) арнайы автомобильдері (жүктердің белгілі бір түрлерін тасымалдауға арналған) және (немесе) тұрақты немесе уақытша, оның ішінде экипажбен жалға алынғандарды қоспағанда, лизинг шарты, бірлескен қызмет туралы шарт, шарттың екінші тарапына шетелдік рұқсаттарды беру көзделген агенттік келісім бойынша иеліктегі арнаулы автомобильдері (әртүрлі, негізінен көліктік емес жұмыстарды орындауға арналған);
Тармақша 2
2) осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген және электрондық (цифрлық) тахографтарды пайдалану кезінде Қазақстан Республикасында берілген жүргізушінің қолданыстағы карточкасы бар жартылай (тіркемелерді) қоспағанда, шетелдік азаматтарды қоса алғанда, жұмысқа орналастырылған жүргізушілердің саны автокөлік құралының санынан кем емес (қайталанбайтын). Бұл ретте, жеке кәсіпкерлер жүргізуші ретінде ескерілетін болады.
Жүктерді автомобильмен халықаралық тасымалдауды жүзеге асыруға:
Тармақша 1
1) мемлекеттік немесе міндетті техникалық байқаудан өткен;
Тармақша 2
2) жартылай тіркемені (тіркеме) қоспағанда, тахографтармен жабдықталған;
Тармақша 3
3) жартылай тіркемені (тіркеме) қоспағанда, тахографты мерзімді тексеру (инспекция) туралы қолданыстағы куәлігі бар;
Тармақша 4
4) жартылай тіркемені (тіркеме) қоспағанда, тахографты тексеру туралы қолданыстағы сертификаты бар автокөлік құралдарына рұқсат етіледі.
Тармақ 3
3. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) автокөлік құралына рұқсат беру карточкасы (бұдан әрі – рұқсат беру карточкасы) – электрондық құжат нысанындағы автокөлік құралын халықаралық автомобильмен жүк тасымалдарын пайдалануға рұқсат беретін құжат;
Тармақша 2
2) халықаралық автомобильмен жүк тасымалдауды жүзеге асыруға рұқсат беру куәлігі (бұдан әрі – Рұқсат) – электрондық құжат нысанындағы Қазақстан Республикасының автомобильдік тасымалдаушыларына құқық беретін халықаралық автомобиль тасымалдарын жүзеге асыруға рұқсат беретін құжат;
Тармақша 3
3) көрсетілетін қызметті алушы – заңды тұлғалардың филиалдарын, Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік органдарын, шетелдік мекемелерін, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарын, қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімдерін қоспағанда, жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар;
Тармақша 4
4) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсететін Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитетінің аумақтық органдары;
Тармақша 5
5) «Электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, барлық шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосылуға техникалық шарттар беру жөніндегі көрсетілетін қызметтерге және электрондық нысанда көрсетілетін квазимемлекеттік сектор субъектілерінің көрсетілетін қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай терезесі болып табылатын ақпараттық жүйе.
Осы Қағидаларда пайдаланылатын өзге ұғымдар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қолданылады.
Тарау 2. 2-тарау. Рұқсатты және рұқсат беру карточкасын беру тәртібі
2-тарау. Рұқсатты және рұқсат беру карточкасын беру тәртібі
Тармақ 4
4. Рұқсатты және (немесе) рұқсаттама карточкасын ресімдеуді және беруді көрсетілетін қызметті беруші жүзеге асырады.
Тармақ 5
5. Рұқсат мынадай түрлерге бөлінеді:
Тармақша 1
1) шетелдік рұқсатты қолдана отырып рұқсат беру – Қазақстан Республикасының автомобиль тасымалдаушыларына көліктік дерекқордың ақпараттық-талдамалық жүйесіндегі (бұдан әрі – КДАТЖ) шетелдік рұқсаттар алуға мүмкіндік береді және шетелдік рұқсат талап етілетін елдерге жүктерді автомобильмен халықаралық тасымалдауды жүзеге асыруға арналған;
Тармақша 2
2) шетелдік рұқсатты қолданбай рұқсат беру – Қазақстан Республикасының автомобиль тасымалдаушыларына КДАТЖ-да шетелдік рұқсаттарды алуға мүмкіндік бермейді және шетелдік рұқсат талап етілмейтін елдерге жүктерді автомобильмен халықаралық тасымалдауды жүзеге асыруға арналған.
Тармақ 6
6. Рұқсат беру карточкасы мынадай түрлерге бөлінеді:
Тармақша 1
1) шетелдік рұқсатты қолдана отырып, рұқсат беру карточкасы – шетелдік рұқсатты қолдана отырып, жүктердің халықаралық автомобиль тасымалдарында автокөлік құралын КДАТЖ -да есепке алуға және пайдалануға рұқсат береді;
Тармақша 2
2) шетелдік рұқсатты қолданбай рұқсат беру карточкасы – шетелдік рұқсаттарды қолдану талап етілмейтін жүктердің халықаралық автомобиль тасымалдарында автокөлік құралын КДАТЖ -да есепке алуға және пайдалануға рұқсат береді.
Тармақ 7
7. Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, қызметті көрсету процесінің сипаттамаларын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес «Халықаралық автомобиль тасымалдарын жүзеге асыруға рұқсат беру туралы куәлік және автокөлік құралдарына рұқсат беру карточкасын беру» мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде (бұдан әрі - негізгі талаптар тізбесі) жазылған.
Көрсетілетін қызметті алушылар шетелдік рұқсатты қолданбай рұқсат алу үшін және шетелдік рұқсатты қолданбай рұқсат карточкасын көрсетілетін қызметті берушіге портал арқылы жібереді:
Тармақша 1
1) алынатын мемлекеттік көрсетілетін қызметке байланысты осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) қол қойылған электрондық құжат нысанындағы өтінішті;
Тармақша 2
2) автокөлік құралын жалдау шартының түрлі-түсті электрондық көшірмесін (автокөлік құралын жалға алған жағдайда);
Тармақша 3
3) жартылай тіркемені (тіркемені) қоспағанда, тахографты мерзімді тексеру (инспекциялау) туралы куәліктің түрлі-түсті электрондық көшірмесін;
Тармақша 4
4) жартылай тіркемені (тіркемені) қоспағанда, тахографты тексеру туралы сертификаттың түрлі-түсті электрондық көшірмесін жібереді.
Көрсетілетін қызметті алушы өтініште және ұсынылатын құжаттарда (мемлекеттік тіркеу белгісі, көлік құралының типі, маркасы, моделі, шығарылған күні, автокөлік құралдарын жалдау шарты туралы мәліметтер (бар болса) және тахографты мерзімді тексеру (инспекция) туралы куәліктің көшірмелері) мәліметтердің толықтығы мен дұрыстығын қамтамасыз етеді.
Тармақ 8
8. Көрсетілетін қызметті алушы шетелдік рұқсатты қолдана отырып, Рұқсат алған күннен бастап алты ай өткен соң шетелдік рұқсатты қолданбай Рұқсатты алады.
Халықаралық автомобильмен жүктерді тасымалдауды алты ай ішінде жүзеге асыру мерзімі соңғы алты айдағы мынадай құжаттармен:
Тармақша 1
1) жартылай тіркемені (тіркемені) қоспағанда, көрсетілетін қызметті алушы шетелдік рұқсатты қолданбай рұқсат карточкасын алған автокөлік құралдарының қатысуымен тасымалдауды жүзеге асырғанын растайтын, алдыңғы алты айдың әрбір 3 айы үшін тауар-көлік жүкқұжаттарымен (ТКЖ), халықаралық тауар-көлік жүкқұжаттарымен (CMR), кемінде 1 ТКЖ және/немесе CMR);
Тармақша 2
2) алып тасталды - ҚР Көлік министрінің 24.11.2025 № 394 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен;
Тармақша 3
3) теңгерімінде көрсетілетін қызметті алушының меншігіндегі бірден астам автокөлік құралы бар және жалдамалы еңбекті пайдаланбай қызметін жүзеге асыратын дара кәсіпкерлерді қоспағанда, «Еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесінде еңбек шарты туралы мәліметтерді ұсыну және алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 3 қыркүйектегі № 353 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21173 болып тіркелген) жүк автокөлік құралдары жүргізушілерінің еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесінен (бұдан әрі - ЕШЕАБЖ) жұмысқа орналастырылған қызметкерлер туралы мәліметтермен;
Тармақша 4
4) электрондық (цифрлық) тахографтарды пайдалану кезінде Қазақстан Республикасында берілген жүргізушінің қолданыстағы карточкаларымен.
Тармақша 5
5) алып тасталды - ҚР Көлік министрінің 24.11.2025 № 394 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Тармақ 9
9. Көрсетілетін қызметті алушылар шетелдік рұқсатты қолдана отырып рұқсат алу үшін және шетелдік рұқсатты қолдана отырып, рұқсат карточкасын портал арқылы көрсетілетін қызметті берушіге жібереді:
Тармақша 1
1) алынатын мемлекеттік қызметке байланысты осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанындағы өтінішті;
Тармақша 2
2) осы Қағидалардың 8-тармағында көзделген құжаттарды;
Тармақша 3
3) автокөлік құралын жалдау шартының түрлі-түсті электрондық көшірмесін (автокөлік құралын жалға алған жағдайда);
Тармақша 4
4) жартылай тіркемені (тіркеме) қоспағанда, тахографты мерзімді тексеру (инспекциялау) туралы куәліктің түрлі-түсті электрондық көшірмесін;
Тармақша 5
5) жартылай тіркемені (тіркеме) қоспағанда, тахографты тексеру туралы сертификаттың түрлі-түсті электрондық көшірмесін жолдайды.
Көрсетілетін қызметті алушыда жаңа автокөлік құралын сатып алған және/немесе автокөлік құралын жалға алған жағдайда шетелдік рұқсатты қолдана отырып, рұқсат карточкасын алу үшін шетелдік рұқсатты қолдана отырып, Рұқсаты болған кезде көрсетілетін қызметті берушіге осы Қағидалардың 8-тармағының 1) тармақшасында көзделген құжаттарды жіберу талап етілмейді.
Мынадай автокөлік құралдарына:
Тармақша 1
1) экипажы бар жалға алынған автокөлік құралдарына (бірлескен қызмет туралы шарт, шарттың екінші тарапына шетелдік рұқсаттарды беру көзделген агенттік келісімдер);
Тармақша 2
2) шетелдік тұлғаға тиесілі жалға алынған автокөлік құралдарына;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасы аумағында уақытша мемлекеттік тіркеуде тұрған автокөлік құралдарына шетелдік рұқсатты қолдана отырып және шетелдік рұқсатты қолданбай рұқсат карточкаларын беруге жол берілмейді.
Соңғы 6 (алты) айда екі реттен артық жалға алынған сол бір автокөлік құралына шетелдік рұқсатты қолдана отырып және шетелдік рұқсатты қолданбай рұқсат карточкаларын беруге жол берілмейді.
Көрсетілетін қызметті алушы өтініште және ұсынылатын құжаттарда (мемлекеттік тіркеу белгісі, көлік құралының типі, маркасы, моделі, шығарылған күні, автокөлік құралдарын жалдау шарты туралы мәліметтер (бар болса) және тахографты мерзімді тексеру (инспекция) туралы куәліктің көшірмелері) мәліметтердің толықтығы мен дұрыстығын қамтамасыз етеді.
Тармақ 10
10. Көрсетілетін қызметті алушы шетелдік рұқсатты қолдана отырып Рұқсатты және (немесе) шетелдік рұқсатты қолдана отырып рұқсат беру карточкасын алу кезінде өзі мәлімдеген мәліметтердің өзгергені туралы көрсетілетін қызметті берушіні хабардар етеді және осындай өзгерістерді растайтын құжаттарды осындай мәліметтер өзгерген күннен бастап немесе олардың өзгергені туралы өзіне белгілі болған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде ұсынады.
Шетелдік рұқсатты қолдана отырып, Рұқсатты және (немесе) шетелдік рұқсатты қолдана отырып, рұқсат карточкасын алған кезде мәлімделген мәліметтердің өзгерісі анықталған кезде тасымалдаушы алынған шетелдік рұқсаттардың елу пайызынан астамын қайтармаса, көрсетілетін қызметті беруші 2 (екі) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушыға бұзушылық жойылғанға дейін шетелдік рұқсатты қолдана отырып, Рұқсаттың және (немесе) шетелдік рұқсатты қолдана отырып, рұқсат карточкасының қолданысын тоқтата тұру туралы хабарлама жібереді. Бұзушылықты жою елу пайыздан астам алынған шетелдік рұқсаттарды қайтаруды қамтамасыз ету және осы Қағидалардың 18-тармағына сәйкес сұрау салу беру болып табылады.
Тармақ 11
11. Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алатын күні мен мекенжайын көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.
Көрсетілетін қызметті алушылардан ақпараттық жүйелерден алынуы мүмкін құжаттарды талап етуге жол берілмейді.
Баж сомасының бюджетке төленгенін растайтын құжат (ЭҮТШ арқылы төленген жағдайда), автокөлік құралының мемлекеттік немесе міндетті техникалық байқаудан өткені туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден «электрондық үкіметтің» шлюзі арқылы алады.
Тармақ 12
12. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі 2 (екі) жұмыс күнін құрайды.
Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты жіберу мерзімі өтініш берілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнін құрайды.
Тармақ 13
13. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға құжаттар келіп түскен сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде өтініштегі және ұсынылған құжаттардағы мәліметтердің толықтығы мен дұрыстығын тексереді.
Тармақ 14
14. Ұсынылған құжаттарды қарау нәтижелері бойынша пайдаланушының кабинетіне көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ куәландырылған, электрондық құжат нысанындағы мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі немесе негізгі талаптар тізбесінің 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап жіберіледі.
Шетелдік рұқсатты қолдана отырып Рұқсат беру нысаны осы Қағидаларға 4-қосымшада келтірілген, шетелдік рұқсатты қолданбай Рұқсат беру нысаны осы Қағидаларға 5-қосымшада келтірілген, шетелдік рұқсатты қолдана отырып рұқсат беру карточкасы осы Қағидаларға 6-қосымшада келтірілген және шетелдік рұқсатты қолданбай рұқсат беру карточкасы осы Қағидаларға 7-қосымшада келтірілген.
Тармақ 15
15. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы деректерді ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.
Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезінде мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы деректер автоматты режимде мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне түседі.
Көлік саласындағы уәкiлеттi орган мемлекеттік қызметті көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актіні мемлекеттік тіркегеннен кейін 3 (үш) жұмыс күн ішінде осы Қағидаларға енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты көрсетілетін қызметті берушіге, «электрондық үкiметтiң» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына жібереді.
Тармақ 16
16. Көрсетілетін қызметті беруші рұқсатты және (немесе) рұқсаттама карточкасын беруден мынадай негіздер бойынша бас тартады:
Тармақша 1
1) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін отандық тасымалдаушы (көрсетілетін қызметті алушы) ұсынатын құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықталғанда;
Тармақша 2
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
Тармақша 3
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың белгілі бір мемлекеттік қызметті алуды талап ететін қызметке немесе жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген шешімі (үкімі) болса.
Тармақ 17
17. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.
Шағым көрсетілетін шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған қызметті берушіге және (немесе) лауазымды адамға беріледі.
Шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.
Бұл ретте шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам, егер ол 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім не өзге де әкімшілік әрекет қабылдаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермейді.
Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, сотқа жүгінуге Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-бабының 5-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін жол беріледі.
Тармақ 18
18. Осы Қағидалардың 19-тармағында көзделген жағдайларда жаңа Рұқсатты және (немесе) рұқсат беру карточкасын алуға өтініш осы Қағидалардың 12-тармағында көрсетілген мерзімдерде аумақтық органның қарауы үшін осы Қағидаларға 8 немесе 9-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша беріледі.
Тармақ 19
19. Отандық тасымалдаушыға жаңа Рұқсат және (немесе) рұқсат беру карточкасы:
Тармақша 1
1) жеке кәсіпкердің тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде), атауы, орналасқан жері өзгерген;
Тармақша 2
2) заңды тұлғаның атауын, орналасқан жерін, қайта тіркелуін және (немесе) қайта ұйымдастырылуын өзгерткен;
Тармақша 3
3) автокөлік құралының мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісін ауыстыру;
Тармақша 4
4) Рұқсаттың және (немесе) рұқсат беру карточкасының қолданылу мерзімі өткен жағдайда беріледі.
Жаңа рұқсатты және (немесе) рұқсат карточкасын алған кезде КДАТЖ жүйесінде шетелдік рұқсаттарды алу және қайтару бойынша тасымалдаушының тарихы сақталады.
Тармақ 20
20. Рұқсат және (немесе) рұқсат беру карточкасы мынадай:
Тармақша 1
1) жеке кәсіпкердің қызметі тоқтатылған, заңды тұлғаны қайта ұйымдастыру нәтижесінде таратылған немесе қызметі тоқтатылған;
Тармақша 2
2) автокөлік құралдарының тіркеу деректері өзгерген;
Тармақша 3
3) автокөлік құралдарын жалдау шартының мерзімі өткен;
Тармақша 4
4) автокөлік құралы мемлекеттік тіркеуден және есептен шығарылған;
Тармақша 5
5) көрсетілетін қызметті берушілерге осы Қағидалардың 2 және 8-тармақтарына сәйкессіздіктер анықталса;
Тармақша 6
6) соңғы 12 (он екі) ай ішінде шетелдік рұқсатты қолдануға байланысты бұрмалауды (шетелдік рұқсатты үшінші тұлғаларға беруді жасыру мақсатында автокөлік құралының МТНБ-ны дұрыс пайдаланылған деген атпен ауыстыру, шетелдік рұқсатты басқа тұлғаға беру) ;
Тармақша 7
7) Рұқсат алуға арналған өтініште көрсетілген жерде тасымалдаушының жоқтығы анықталған;
Тармақша 8
8) құрылтайшы және (немесе) көрсетілетін қызметті алушының басшысы құрылтайшы және (немесе) басшы болып табылатын басқа заңды тұлғада рұқсат болған кезде өз қолданысын тоқтатады.
Осы тармақтың 1) - 8) тармақшаларында көзделген жағдайлар анықталған кезде рұқсатты және (немесе) рұқсат карточкасын алған дара кәсіпкерді және (немесе) заңды тұлғаны рұқсаттың және (немесе) рұқсат карточкасының қолданылуы тоқтатылған сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде хабардар ете отырып, 1 (бір) жұмыс күні ішінде рұқсаттың және (немесе) рұқсаттама карточкасының қолданылуын тоқтату көрсетілетін қызметті берушілерге өтінімдерді электрондық беру жүйесінде олардың күшін жою жолымен жүзеге асырылады.
Тармақ 21
21. Шетелдік рұқсаттарды қолданбай рұқсат беру 2 (екі) жылға беріледі, шетелдік рұқсаттарды қолдана отырып, Рұқсат беру 5 (бес) жылға беріледі.
Рұқсат карточкасы 5 (бес) жылға беріледі. Жалға алынған автокөлік құралдарына рұқсат беру карточкасының қолданылу мерзімі жалдау шартының мерзімін негізге ала отырып, бірақ ол берілген сәттен бастап 2 (екі) жылдан аспайтын мерзімде айқындалады.
Тармақ 22
22. Рұқсат беру карточкалары әрбір тартқыш автомобильге және жартылай тіркемеге (тіркемеге) жеке ресімделеді.
Тармақ 23
23. Рұқсат және (немесе) рұқсат беру карточкалары басқа отандық тасымалдаушыларға берілмейді.
Автокөлік құралына біреуден артық қолданыстағы рұқсат беру карточкасының болуына жол берілмейді.
Тармақ 24
24. Берілген Рұқсаттарды және (немесе) рұқсат беру карточкаларын есепке алу ҚТҚ АТЖ-да жүзеге асырылады.
Тармақ 25
25. Алып тасталды - ҚР Көлік министрінің 24.11.2025 № 394 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Басқа 1. «Халықаралық автомобильмен тасымалдауды жүзеге асыруға рұқсат беру туралы куәлік және автокөлік құралына рұқсат беру карточкасын беру» мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі
Халықаралық автомобильмен
жүк тасымалдауды жүзеге
асыруға автомобильмен
тасымалдаушыға рұқсат беру
қағидаларына
1-қосымша
«Халықаралық автомобильмен тасымалдауды жүзеге асыруға рұқсат беру туралы куәлік және автокөлік құралына рұқсат беру карточкасын беру» мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы: «Халықаралық автомобильмен тасымалдауды жүзеге асыруға рұқсат беру туралы куәлік және автокөлік құралына рұқсат беру карточкасын беру».
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің атауы:
1) Шетелдік рұқсатты қолдана отырып, халықаралық автомобиль тасымалдарын жүзеге асыруға рұқсат беру куәлігі;
2) Шетелдік рұқсатты қолданбай халықаралық автомобиль тасымалдарын жүзеге асыруға рұқсат беру куәлігін беру;
3) Шетелдік рұқсатты қолдана отырып, автокөлік құралына рұқсат беру карточкасын беру;
4) Шетелдік рұқсатты қолданбай автокөлік құралына рұқсат беру карточкасын беру.
1
Көрсетілетін қызметті берушінің атауы
Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитетінің аумақтық бөлімшелері.
2
Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері
Барлық кіші түрлері «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы.
3
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі
Барлық кіші түрлері 2 (екі) жұмыс күні.
4
Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны
Барлық кіші түрлері электрондық (толық автоматтандырылған).
5
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі
1) шетелдік рұқсатты қолдана отырып, халықаралық автомобильмен жүк тасымалдауға рұқсат беру куәлігі;
2) шетелдік рұқсатты қолданбай халықаралық автомобильмен жүк тасымалдауға рұқсат беру куәлігі;
3) шетелдік рұқсатты қолдана отырып автокөлік құралына рұқсат беру карточкасы;
4) шетелдік рұқсатты қолданбай автокөлік құралына рұқсат беру карточкасы.
6
Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері
Рұқсат беру куәлігін беру үшін мемлекеттік баж «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) 615-бабы 10) тармақшасында белгіленген баж мөлшерлемесі бойынша республикалық бюджетке төленеді және мемлекеттік баж төленген күнге белгіленген 0,25 айлық есептік көрсеткішті құрайды.
Мемлекеттік бажды төлеу екінші деңгейдегі банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар немесе электрондық үкіметтің планшеттік шлюзі (бұдан әрі - ЭҮПШ) арқылы қолма-қол және қолма-қол ақшасыз нысандарда жүзеге асырылады.
Ақылы түрде:
1) шетелдік рұқсатты қолдана отырып, халықаралық автомобильмен жүк тасымалдауға рұқсат беру куәлігі;
2) шетелдік рұқсатты қолданбай, халықаралық автомобильмен жүк тасымалдауға рұқсат беру куәлігі;
Тегін түрде:
1) шетелдік рұқсатты қолдана отырып, автокөлік қөұралына рұқсат беру карточкасы;
2) шетелдік рұқсатты қолданбай автокөлік қөұралына рұқсат беру карточкасы.
7
Көрсетілетін қызметті беруші, Мемлекеттік корпорация және ақпарат объектілерінің жұмыс кестесі
1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін жүзеге асырылады.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетілетін қызметті алушының тіркелген жері бойынша, жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек тәртібімен көрсетіледі;
2) порталда - жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы.
Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтініштерді қабылдау және Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
8
Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін қажетті құжаттар тізбесі мен мәліметтері
Шетелдік рұқсатты қолданбай Рұқсатты алу үшін және шетелдік рұқсатты қолданбай рұқсат карточкасын алу үшін көрсетілетін қызметті берушіге мыналарды:
1) алынатын мемлекеттік көрсетілетін қызметке байланысты осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) қол қойылған электрондық құжат нысанындағы өтінішті;
2) автокөлік құралын жалдау шартының түрлі-түсті электрондық көшірмесін (автокөлік құралын жалға алған жағдайда);
3) жартылай тіркемені (тіркемені) қоспағанда, тахографты мерзімді тексеру (инспекциялау) туралы куәліктің түрлі-түсті электрондық көшірмесін;
4) жартылай тіркемені (тіркемені) қоспағанда, тахографты тексеру туралы сертификаттың түрлі-түсті электрондық көшірмесін «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі-портал) арқылы жібереді.
Көрсетілетін қызметті алушы өтініште және ұсынылатын құжаттарда (мемлекеттік тіркеу белгісі, көлік құралының типі, маркасы, моделі, шығарылған күні, автокөлік құралдарын жалдау шарты туралы мәліметтер (бар болса) және тахографты мерзімді тексеру (инспекция) туралы куәліктің көшірмелері) мәліметтердің толықтығы мен дұрыстығын қамтамасыз етеді.
Шетелдік рұқсатты қолдана отырып Рұқсатты және шетелдік рұқсатты қолдана отырып рұқсат беру карточкасын алу үшін көрсетілетін қызметті алушыға портал арқылы:
1) алынатын мемлекеттік көрсетілетін қызметке байланысты осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) қол қойылған электрондық құжат нысанындағы өтінішті;
2) автокөлік құралын жалдау шартының түрлі-түсті электрондық көшірмесін (автокөлік құралын жалға алған жағдайда);
3) жартылай тіркемені (тіркемені) қоспағанда, тахографты мерзімді тексеру (инспекциялау) туралы куәліктің түрлі-түсті электрондық көшірмесін;
4) жартылай тіркемені (тіркемені) қоспағанда, тахографты тексеру туралы сертификаттың түрлі-түсті электрондық көшірмесін жібереді.
Көрсетілетін қызметті алушы өтініште және ұсынылатын құжаттарда (мемлекеттік тіркеу белгісі, көлік құралының типі, маркасы, моделі, шығарылған күні, автокөлік құралдарын жалдау шарты туралы мәліметтер (бар болса) және тахографты мерзімді тексеру (инспекция) туралы куәліктің көшірмелері) мәліметтердің толықтығы мен дұрыстығын қамтамасыз етеді.
9
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту негіздері
1) отандық тасымалдаушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігі анықталуы;
2) отандық тасымалдаушының (көрсетілетін қызметту алушының) және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған құжаттардың, деректер мен мәліметтердің осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) отандық тасымалдаушыға (көрсетілетін қызметту алушыға) қатысты мемлекеттік қызмет алуды талап ететін қызметті немесе жекеленген қызмет тірлерін атқаруға, оның ішінде жүктерді тасымалдауға тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің(үкімінің) болуы.
10
Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар
Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары интернет-ресурстарда орналастырылған:
1) Министрліктің – www.transport.gov.kz «Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитеті» бөлімінің «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімі; www.еgov.kz порталы.
2) Көрсетілетін қызметті алушының Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі Бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі және мәртебесі туралы ақпаратты алуға мүмкіндігі бар.
3) Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі Бірыңғай байланыс орталығының телефоны: 1414, 8 800 080 7777.
4) Көрсетілетін қызметті алушы ЭЦҚ болған жағдайда Мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алады.
Басқа 2
Халықаралық автомобильмен
жүк тасымалдауды жүзеге
асыруға автомобильмен
тасымалдаушыға рұқсат беру
қағидаларына
2-қосымша
Нысан
________________________________________________________________________
(жеке кәсіпкердің ТАӘ (бар болған жағдайда) немесе заңды тұлғаның атауы)
Мына автокөлік құралдарына шетелдік рұқсатты қолданбай, халықаралық автомобильмен жүк тасымалдауды жүзеге асыруға рұқсат беру куәлігін және (немесе) шетелдік рұқсатты қолданбай автокөлік құралына рұқсат беру карточкасын беруді сұраймын:
№ п/п
Автокөлік құралының маркасы
Мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі
АКҚ сәйкестендіру нөмірі (VIN)
Теңгерімдегі АКҚ/ жалға алу құқығындағы АКҚ
АКҚ жалға алған жағдайда, АКҚ жалға алу шартының қолданылу мерзімі
Жүргізушінің ТАӘ (бар болған жағдайда), ЖСН
ЖСН/БСН ____________________________________________
Мекенжайы _________________________________________
(индекс, қала, аудан, облыс, көше, үйдің№, телефон, факс)
Қоса берілетін құжаттар:
_______________________________________________________________
Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін
___________________________________________________________________________
ТАӘ (бар болған жағдайда) (қолы)
Мөр орны (болған жағдайда)
Аббревиатуралардың толық жазылуы:
АКҚ – Автокөлік құралы;
ЖСН - Жеке сәйкестендіру нөмірі;
БСН - Бизнес сәйкестендіру нөмірі;
ТАӘ - тегі, аты, әкесінің аты.
Басқа 3
Халықаралық автомобильмен
жүк тасымалдауды жүзеге
асыруға автомобильмен
тасымалдаушыға рұқсат беру
қағидаларына
3-қосымша
Нысан
________________________________________________________________________
(жеке кәсіпкердің ТАӘ (бар болған жағдайда) немесе заңды тұлғаның атауы)
Мына автокөлік құралдарына шетелдік рұқсатты қолдана отырып, халықаралық автомобильмен жүк тасымалдауды жүзеге асыруға рұқсат беру куәлігін және (немесе) шетелдік рұқсатты қолдана отырып автокөлік құралына рұқсат беру карточкасын беруді сұраймын:
№ п/п
Автокөлік құралының маркасы
Мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі
АКҚ сәйкестендіру нөмірі (VIN)
Теңгерімдегі АКҚ/ Жжалға алу құқығындағы АКҚ
АКҚ жалға алған жағдайда, АКҚ жалға алу шартының қолданылу мерзімі
Жүргізушінің ТАӘ (бар болған жағдайда) ЖСН
(ЖСН)/(БСН) ____________________________________________
Мекенжайы _________________________________________
(индекс, қала, аудан, облыс, көше, үйдің№, телефон, факс)
Қоса берілетін құжаттар:__________________________________________
Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін
___________________________________________________________________________
ТАӘ (бар болған жағдайда) (қолы)
Мөр орны (болған жағдайда)
Аббревиатуралардың толық жазылуы:
АКҚ – Автокөлік құралы;
ЖСН - Жеке сәйкестендіру нөмірі;
БСН - Бизнес сәйкестендіру нөмірі;
ТАӘ - тегі, аты, әкесінің аты.
Басқа 4. ШЕТЕЛДІК РҰҚСАТТЫ ҚОЛДАНА ОТЫРЫП, ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АВТОМОБИЛЬМЕН ЖҮК ТАСЫМАЛДАУДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУҒА РҰҚСАТ БЕРУ КУӘЛІГІ
УДОСТОВЕРЕНИЕ ДОПУСКА К ОСУЩЕСТВЛЕНИЮ МЕЖДУНАРОДНЫХ АВТОМОБИЛЬНЫХ ПЕРЕВОЗОК ГРУЗОВ С ПРИМЕНЕНИЕМ ИНОСТРАННОГО РАЗРЕШЕНИЯ
Халықаралық автомобильмен
жүк тасымалдауды жүзеге
асыруға автомобильмен
тасымалдаушыға рұқсат беру
қағидаларына
4-қосымша
Нысаны
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі
ШЕТЕЛДІК РҰҚСАТТЫ ҚОЛДАНА ОТЫРЫП, ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АВТОМОБИЛЬМЕН ЖҮК ТАСЫМАЛДАУДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУҒА РҰҚСАТ БЕРУ КУӘЛІГІ
УДОСТОВЕРЕНИЕ ДОПУСКА К ОСУЩЕСТВЛЕНИЮ МЕЖДУНАРОДНЫХ АВТОМОБИЛЬНЫХ ПЕРЕВОЗОК ГРУЗОВ С ПРИМЕНЕНИЕМ ИНОСТРАННОГО РАЗРЕШЕНИЯ
Тіркеу №/Регистрационный №______ от «____» __________ 20___ жылғы/года
Куәлік иесі/ Владелец Удостоверения________________________________________________________
________________________________________________________________
(Заңды тұлға мен жеке кәсіпкердің атауы және ұйымдастырушылық-құқықтық нысаны/организационно-правовая форма и наименование юридического лица или наименование индивидуального предпринимателя)
Орналасқан мекенжайы бойынша/ Находящийся по адресу _______________________________________________________
_____________________________________________
(Заңды тұлға үшін - заңды мекенжайы, жеке кәсіпкер үшін – тұрғылықты мекенжайы/ для юридического лица - юридический адрес, для индивидуального предпринимателя –адрес проживания)
Осы куәлік оның иесінің шетелдік рұқсатты қолдана отырып, халықаралық автомобильмен жүк тасымалдауды жүзеге асыруға рұқсатын растайды.
Настоящее удостоверение подтверждает допуск его владельца к осуществлению международных перевозок грузов автомобильным транспортом с применением иностранного разрешения.
Рұқсат берілді/ Разрешение выдано______________________________________
(Уәкілетті мекеменің атауы, Аты-жөні, әкесінің аты (бар болған жағдайда), берілген уақыты/ наименование уполномоченного органа, фамилия, имя, отчество (при его наличии), дата выдачи)
Шетелдік рұқсатты қолдана отырып, халықаралық автомобильмен жүк тасымалдауды жүзеге асыруға рұқсат беру куәлігі қолдану мерзімі 5 (бес) жыл (қолданылу мерзімі берілген сәттен бастан есептеледі)/ Срок действия удостоверения допуска с применением иностранного разрешения 5 (пять) лет (срок действия исчисляется с момента выдачи).
Басқа 5. ШЕТЕЛДІК РҰҚСАТТЫ ҚОЛДАНБАЙ, ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АВТОМОБИЛЬМЕН ЖҮК ТАСЫМАЛДАУДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУҒА РҰҚСАТ БЕРУ КУӘЛІГІ
Халықаралық автомобильмен
жүк тасымалдауды жүзеге
асыруға автомобильмен
тасымалдаушыға рұқсат беру
қағидаларына
5-қосымша
Нысаны
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі
ШЕТЕЛДІК РҰҚСАТТЫ ҚОЛДАНБАЙ, ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АВТОМОБИЛЬМЕН ЖҮК ТАСЫМАЛДАУДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУҒА РҰҚСАТ БЕРУ КУӘЛІГІ
УДОСТОВЕРЕНИЕ ДОПУСКА К ОСУЩЕСТВЛЕНИЮ МЕЖДУНАРОДНЫХ АВТОМОБИЛЬНЫХ ПЕРЕВОЗОК ГРУЗОВ БЕЗ ПРИМЕНЕНИЯ ИНОСТРАННОГО РАЗРЕШЕНИЯ
Тіркеу №/Регистрационный №______ от «____» __________ 20___ жылғы/года
Куәлік иесі/ Владелец
Удостоверения_________________________________________________________
_______________________________________________________________
(Заңды тұлға мен жеке кәсіпкердің атауы және ұйымдастырушылық-құқықтық нысаны/организационно-правовая форма и наименование юридического лица или наименование индивидуального предпринимателя)
Орналасқан мекенжайы бойынша/ Находящийся по адресу ________________________________________________________________
____________________________________
(Заңды тұлға үшін - заңды мекенжайы, жеке кәсіпкер үшін – тұрғылықты мекен-жайы/ для юридического лица - юридический адрес, для индивидуального предпринимателя –адрес проживания)
Осы куәлік оның иесінің шетелдік рұқсатты қолданбай, халықаралық автомобильмен жүк тасымалдауды жүзеге асыруға рұқсатын растайды.
Настоящее Удостоверение подтверждает допуск его владельца к осуществлению международных перевозок грузов автомобильным транспортом без применения иностранного разрешения.
Рұқсат берілді/ Разрешение выдано______________________________________
(Уәкілетті мекеменің атауы, Аты-жөні, әкесінің аты (бар болған жағдайда),берілген уақыты/ наименование уполномоченного органа, фамилия, имя, отчество (при его наличии), дата выдачи)
Шетелдік рұқсатты қолданбай, халықаралық автомобильмен жүк тасымалдауды жүзеге асыруға рұқсат куәлігі қолдану мерзімі 2 (екі) жыл (қолданылу мерзімі берілген сәттен бастан есептеледі)/ Срок действия удостоверения допуска без применения иностранного разрешения 2 (два) года (срок действия исчисляется с момента выдачи).
Басқа 6
Халықаралық автомобильмен
жүк тасымалдауды жүзеге
асыруға автомобильмен
тасымалдаушыға рұқсат беру
қағидаларына
6-қосымша
Нысан
Тіркеу №/ Регистрационный № ________________
Рұқсатқа тіркелу куәлігіне/
К Удостоверению допуска с применением иностранного разрешения регистрационный №
___ от _______ 20 __ жылғы/ года
Жарамдылық мерзімі/ Действительна по: _____ ________ 20 __ года
Автокөлік құралының маркасы/ Марка автотранспортного средства: __________________
Тіркеу белгісі №/ Регистрационный знак № ____________________________
автокөлік құралының сәйкестендіру нөмірі (VIN) / идентификационный номер (VIN)
автотранспортного средства № ____________________________
Куәлік иесі/ Владелец Удостоверения:___________________________________
Рұқсат берілді/ Разрешение выдано______________________________________
(Құзыретті мекеменің атауы, ТАӘ (бар болған жағдайда), берілген уақыты/наименование
уполномоченного органа, ФИО (при его наличии), дата, выдачи)
Шетелдік рұқсатты қолдана отырып, рұқсат беру карточкасы 2 (екі) жылға беріледі (қолданылу мерзімі берілген сәттен бастан есептеледі)/Карточка допуска с применением иностранного разрешения выдается на 2 (два) года (срок действия исчисляется с момента выдачи).
Жалға алынған автокөлік құралдарына шетелдік рұқсатты қолдана отырып, рұқсат карточкасының қолдану мерзімі жалдау шартының мерзімінін негізге ала отырып, берілген сәттен бастан 2 (екі) жылға айқындалады/ На арендованные автотранспортные средства срок действия карточки допуска с применением иностранного разрешения определятся исходя из срока договора аренды, 2 (два) года с момента ее выдачи.
Басқа 7
Халықаралық автомобильмен
жүк тасымалдауды жүзеге
асыруға автомобильмен
тасымалдаушыға рұқсат беру
қағидаларына
7-қосымша
Нысан
Тіркеу №/ Регистрационный № ________________
Рұқсатқа тіркелу куәлігіне/
К Удостоверению допуска без применения иностранного разрешения регистрационный №
___ от _______ 20 __ жылғы/ года
Жарамдылық мерзімі/ Действительна по: _____ ________ 20 __ года
Автокөлік құралының маркасы/ Марка автотранспортного средства: __________________
Тіркеу белгісінің №/ Регистрационный знак № ____________________________
автокөлік құралының сәйкестендіру нөмірі (VIN )/ идентификационный номер (VIN)
автотранспортного средства № ____________________________
Куәлік иесі/ Владелец Удостоверения:___________________________________
Рұқсат берілді/ Разрешение выдано______________________________________
(Құзыретті мекеменің атауы, ТАӘ (бар болған жағдайда), берілген уақыты/наименование
уполномоченного органа, ФИО (при его наличии), дата, выдачи)
Шетелдік рұқсатты қолданбай рұқсат беру карточкасы 2 (екі) жылға беріледі (қолданылу мерзімі берілген сәттен бастан есептеледі)/Карточка допуска без применения иностранного разрешения выдается на 2 (два) года (срок действия исчисляется с момента выдачи).
Жалға алынған автокөлік құралдарына шетелдік рұқсатты қолданбай рұқсат карточкасының қолдану мерзімі жалдау шартының мерзімінін негізге ала отырып, берілген сәттен бастан 2 (екі) жылға айқындалады/ На арендованные автотранспортные средства срок действия карточки допуска без применения иностранного разрешения определятся исходя из срока договора аренды, 2 (два) года с момента ее выдачи
Басқа 8
Халықаралық автомобильмен
жүк тасымалдауды жүзеге
асыруға автомобильмен
тасымалдаушыға рұқсат беру
қағидаларына
8-қосымша
Нысан
__________________________________________________________________________
(жеке кәсіпкердің ТАӘ (бар болған жағдайда) заңды тұлғаның атауы)
Мынадай автокөлік құралдарына:
1) жеке кәсіпкердің ТАӘ (бар болған жағдайда), атауымен, орналасқан жерінің өзгеруіне;
2) заңды тұлғаның атауының, орналасқан жерінің өзгеруіне және қайта ұйымдастырылуына;
3) ) автокөлік құралының мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісінің ауысуына байланысты Халықаралық автомобильмен жүк тасымалдауды жүзеге асыруға жаңа рұқсат беру куәлігін және (немесе) рұқсат беру карточкасын беруіңізді сұраймын.
(керегінің астын сызу)
№ п/п
Автокөлік құралының маркасы
Мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі
АКҚ сәйкестендіру нөмірі (VIN)
Теңгерімдегі АКҚ/ Жалға алу құқығындағы АКҚ
АКҚ жалға алған жағдайда, АКҚ жалға алу шартының қолданылу мерзімі
Жүргізушінің ТАӘ (бар болған жағдайда) ЖСН
ЖСН/БСН_______________________________________________
Мекенжайы______________________________________________________________
(индекс, қала, аудан, облыс, көше, үйдің №, телефон, факс)
Қоса берілетін құжаттар:
___________________________________________________________________________
Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді
пайдалануға келісемін_____________________________
ТАӘ (бар болған жағдайда) (қолы)
Мөр орны (болған жағдайда)
Аббревиатуралардың толық жазылуы:
АКҚ – Автокөлік құралы;
ЖСН - Жеке сәйкестендіру нөмірі;
БСН - Бизнес сәйкестендіру нөмірі;
ТАӘ - тегі, аты, әкесінің аты.
Басқа 9
Халықаралық автомобильмен
жүк тасымалдауды жүзеге
асыруға автомобильмен
тасымалдаушыға рұқсат беру
қағидаларына
9-қосымша
Нысан
_______________________________________________
(жеке кәсіпкердің ТАӘ (бар болған жағдайда) заңды тұлғаның атауы)
Мынадай автокөлік құралдарына:
1) жеке кәсіпкердің ТАӘ (бар болған жағдайда), атауымен, орналасқан жерінің өзгеруіне;
2) заңды тұлғаның атауының, орналасқан жерінің өзгеруіне және қайта ұйымдастырылуына;
3) ) автокөлік құралының мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісінің ауысуына байланысты Халықаралық автомобильмен жүк тасымалдауды жүзеге асыруға жаңа рұқсат беру куәлігін және (немесе) рұқсат беру карточкасын беруіңізді сұраймын.
(керегінің астын сызу)
№ п/п
Автокөлік құралының маркасы
Мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі
АКҚ сәйкестендіру нөмірі (VIN)
Теңгерімдегі АКҚ/ Жалға алу құқығындағы АКҚ
АКҚ жалға алған жағдайда, АКҚ жалға алу шартының қолданылу мерзімі
Жүргізушінің ТАӘ (бар болған жағдайда) ЖСН
ЖСН/БСН_______________________________________________
Мекенжайы____________________________________________________________
(индекс, қала, аудан, облыс, көше, үйдің №, телефон, факс)
Қоса берілетін құжаттар:
_____________________________________________________________________________
Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді
пайдалануға келісемін_____________________________
ТАӘ (бар болған жағдайда) (қолы)
Мөр орны (болған жағдайда)
Аббревиатуралардың толық жазылуы:
АКҚ – Автокөлік құралы;
ЖСН - Жеке сәйкестендіру нөмірі;
БСН - Бизнес сәйкестендіру нөмірі;
ТАӘ - тегі, аты, әкесінің аты.