Об утверждении режима использования водных объектов и источников питьевого водоснабжения Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.06.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Су объектілерін және ауыз сумен жабдықтау көздерін пайдалану режимін бекіту туралы туралы Қазақстан Республикасы Су кодексінің 37-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Су объектілерін және ауыз сумен жабдықтау көздерін пайдалану режимі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Табиғат ресурстарын пайдалану стратегиясы департаменті (Қ.А.Мейрембеков) осы бұйрықтың заңнамада белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министрі М.Е. Толыбаевқа жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық 2011 жылғы 13 қазаннан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Басқа 5. Су объектілерін және ауыз сумен жабдықтау көздерін пайдалану режимі
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2011 жылғы 28 қыркүйектегі № 14-1/549 бұйрығымен бекітілген Су объектілерін және ауыз сумен жабдықтау көздерін пайдалану режимі
Тармақ 1
1. Осы Су объектілерін және ауыз сумен жабдықтау көздерін пайдалану режимі (бұдан әрі - Пайдалану режимі) Қазақстан Республикасы Су кодексінің 37-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына сәйкес әзірленген.
Тармақ 2
2. Пайдалану режимі экономика салалары мен қоршаған ортаның мұқтаждықтарын қамтамасыз ету үшін жүзеге асырылатын, су объектілерінен және ауыз сумен жабдықтау көздерінен су алу көлемінің, сондай-ақ, олардың деңгейі мен шығыстарының уақытқа қарай өзгеруін реттеу мақсатында бекітіледі.
Тармақ 3
3. Пайдалану режимі арнайы су пайдалануға арналған рұқсатнамада көрсетілген су ресурстарының көлемін есепке ала отырып белгіленеді.
Тармақ 4
4. Су пайдаланушы ағынды реттеу үшін арнайы су пайдалануға арналған рұқсатнама алғаннан кейін он бес күнтізбелік күн ішінде Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Су ресурстары комитетінің Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі бассейндік инспекциясына (бұдан әрі – Бассейндік инспекция) осы Пайдалану режимінің қосымшасына сәйкес нысанда су қоймасын пайдалану режимін келісуге ұсынады.
Тармақ 5
5. Бассейндік инспекция ұсынылған Пайдалану режимін он бес күнтізбелік күні ішінде қарастырып, Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Су ресурстары комитетіне (бұдан әрі – Комитет) бекітуге ұсынады. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның тиісті жылға арналған ресми деректерінің негізінде Бассейндік инспекция ұсынылған Пайдалану режиміне түзетулер енгізеді.
Тармақ 6
6. Комитет ұсынылған Пайдалану режимін бес жұмыс күні ішінде арнайы су пайдалануға берілетін рұқсаттың қолданыс мерзіміне тең мерзімге бекітеді.
Тармақ 7
7. Пайдалану режимі бекітілген соң Комитет үш жұмыс күн ішінде Бассейндік инспекцияға бекітілген Пайдалану режимінің көшірмесін жолдайды.
Тармақ 8
8. Бассейндік инспекция бекітілген Пайдалану режимінің көшірмесін екі жұмыс күн ішінде су пайдаланушыға жазбаша түрде жолдайды.
Тармақ 9
9. Су пайдаланушы Пайдалану режиміне мынадай жағдайларда түзету жасауы тиіс: суық маусым алдында 1 қарашаға дейін; жылы маусым алдында 1 сәуірге дейін; су объектілерінің және ауыз сумен жабдықтау көздерінің экологиялық және санитариялық-эпидемиологиялық жағдайы өзгергенде; су объектісінің ықпал ету аймағындағы су пайдаланушылар мен жер пайдаланушылар саны, сондай-ақ олардың су пайдалану жағдайларының өзгергенде.
Тармақ 10
10. Түзетілген Пайдалану режимін келісу және бекіту осы Пайдалану режимінің 4-8-тармақтарына сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 11
11. Табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде су пайдаланушы Пайдалану режимін жедел реттеу жөнінде шаралар қабылдайды және бұл туралы Бассейндік инспекцияны бір күнтізбелік күн ішінде жазбаша түрде хабардар етеді.
Басқа 17. 20 жылға арналған су қоймасының пайдалану режимі
Су объектілерін және ауыз сумен жабдықтау көздерін пайдалану режиміне қосымша 20 жылға арналған су қоймасының пайдалану режимі Р/с № Теңгерімді құраушылар Өлшем бірлігі Кесте/ нақты Айлар Қаңтар Ақпан Наурыз Сәуір Мамыр 1 2 3 4 5 6 7 8 9 1 Су қоймасының кезең басындағы көлемі Миллион текше метр кесте нақты 2 Су қоймасына судың ағып келуі Текше метр/секунд кесте Миллион текше метр Текше метр/секунд нақты Миллион текше метр 3 Су қоймасынан булануға және сүзілуге кеткен шығындар Текше метр/секунд кесте Миллион текше метр Текше метр/секунд нақты Миллион текше метр 4 Су қоймасынан су алу Текше метр/секунд кесте Миллион текше метр Текше метр/секунд нақты Миллион текше метр 5 Су қоймасының төменгі бъефіне су тастау Текше метр/секунд кесте Миллион текше метр Текше метр/секунд нақты Миллион текше метр 6 Су қоймасының кезең соңындағы көлемі Миллион текше метр кесте нақты Кестенің жалғасы Айлар Барлығы жылына Маусым Шілде Тамыз Қыркүйек Казан Карата Желтоқсан 10 11 12 13 14 15 16 17 Құқықтық қамтамасыз ету және мемлекеттік сатып алу стратегиясы департаментінің директоры Ә. Жеңісов