О предоставлении социальной помощи на приобретение топлива специалистам государственных организаций здравоохранения, социального обеспечения, культуры и спорта, проживающим и работающим в сельских населенных пунктах Панфиловского района Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.12.2011. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Панфилов ауданының ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру және мәдениет ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек беру туралы Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 18-бабының 5-тармағына сәйкес Панфилов аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Панфилов ауданының ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру және мәдениет ұйымының мамандарына 2011 жылғы бюджет қаражаты есебінен отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек бес айлық есептік көрсеткіш көлемінде берілсін.
Тармақ 2
2. "Панфилов аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Жақыбай Азат Жапарұлы) әлеуметтік көмектің берілуін қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы шешiм мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.