О выплате единовременной денежной компенсации на приобретение топлива для отопления жилых помещений педагогическим работникам образования, работающим в сельской местности Панфиловского района Қолданыста
Басқа 0
Панфилов ауданының ауылдық жерде жұмыс істейтін білім берудің педагог қызметкерлеріне тұрғын үй-жайларды жылыту үшін отын сатып алуға біржолғы ақшалай өтемақы төлеу туралы
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі "Білім туралы" Заңының 53–бабының 2–тармағының 2)-тармақшасына сәйкес Панфилов аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Панфилов ауданының ауылдық жерде жұмыс істейтін білім берудің педагог қызметкерлеріне 2011 жылғы бюджет қаражаты есебінен тұрғын үй-жайларды жылыту үшін отын сатып алуға бес айлық есептік көрсеткіш көлемінде біржолғы ақшалай өтемақы төленсін.
Тармақ 2
2. "Панфилов аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Жақыбай Азат Жапарұлы) біржолғы ақшалай өтемақының төленуін қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы шешiм мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.