Об организации социальных рабочих мест для трудоустройства безработных из целевых групп Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.09.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Нысаналы топтардағы жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабы 1 тармағының 14 тармақшасын, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 наурыздағы N 316 "Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасын бекіту туралы" каулысын басшылыққа ала отырып, нысаналы топқа жататын жұмыссыз азаматтарға әлеуметтік қолдау көрсету мақсатында Балқаш қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. "Балқаш қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Ж.К. Томпиева) нысаналы топтардағы жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарындарын ұйымдастыру жүргізілсін.
Тармақ 2
2. Нысаналы топтарға жататын тұлғалардың тізбесі анықталсын:
Тармақша 1
1) оқу орындарының түлектері;
Тармақша 2
2) ұзақ уақыт (он екі және одан да көп ай) жұмыс істемеген жұмыссыздар;
Тармақша 3
3) қырық бес жастан асқан жұмыссыздар.
Тармақ 3
3. "Балқаш қаласының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Ж.М. Тлеулесова) 2011 жылғы қалалық бюджетте және мақсатты республикалық трансферттерде қарастырылған қаражаттардан әлеуметтік жұмыс орындарына жіберілген нысаналы топтардағы жұмыссыздарға еңбегі үшін төлемді қаржыландыруды қамтамассыз етсін.
Тармақ 4
4. "Нысаналы топтардағы жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы" 2011 жылғы 14 шілдедегі Балқаш қаласы әкімдігінің N 29/03 қаулысы жойылсын.
Тармақ 5
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Балқаш қаласы әкімінің орынбасары Молдабаева Бахит Кадыровнаға жүктелсін.
Тармақ 6
6. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енеді және 2011 жылдың 1 шілдеден бастап туындаған құқықтық қатынастарды реттейді.