О публикации в средствах массовой информации решений и распоряжений акима Костанайской области Күшін жойған
Басқа 0
Қостанай облысы әкімінің шешімдері мен өкімдерін бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімінің 12.11.2009 № 27 шешімімен.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 12 желтоқсандағы 1278 "Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрамына енетін және енбейтін орталық атқарушы және басқа мемлекеттік органдарының және Қазақстан Республикасының жергілікті уәкілетті және атқарушы органдарының Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеудің ережелерін бекіту туралы" қаулысын жүзеге асыру мақсатында ШЕШТIМ:
Тармақ 1
Облыс әкімінің шешімдері мен өкімдерін жариялау үшін "Қостанай таңы" және облыс әкімі аппаратының ресми сайты (www.kostanaі.kz), сондай-ақ (келісім бойынша) «Костанайские новости» , «Қостанай» газеттері белгіленсін.