О селективной поддержке местных предприятий в рамках программы импортозамещения Қолданыста
Басқа 0
Импорттың орнын басу бағдарламасы шеңберінде жергілікті кәсіпорындарды таңдауды қолдау туралы
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2000 жылғы 9 ақпанда Қазақстан Республикасының Үкіметі мәжілісінде және ауылшаруашылык қызметкерлерінің республикалық кеңесінде берген тапсырмаларын орындау жөніндегі Қостанай облысы әкімінің 2000 жылғы 28 ақпандағы № 44 (2, 7 тармақтары) шешіміндегі шараларын орындау және импорттың орнын басу бағдарламасы шеңберінде жергілікті кәсіпорындарды таңдауды қолдау мақсатымен ШЕШТIМ:
Тармақ 1
1. Экономика, индустрия және сауда департаментіне (Д.Т. Әбенов), статистика басқармасымен (К.Ш. Бәрімбеков), бас кеден басқармасымен (Е.Н. Байқасов) бірігіп 2000 жылдың 1 шілдесіне дейін облыста өндіруге болатын сырттан әкелінетін тауарлардың көлемі мен түрін анықтау тапсырылсын.
Тармақ 2
2. Қалалар, аудандар әкімдері, экономика, индустрия және сауда департаменті (Д.Т. Әбенов), ауыл шаруашылығы және азық-түлік департаменті (Т.А. Сәдуов), инфрақұрылым және құрылыс департаменті (В.Ф. Кочин), шағын және орта бизнесті қолдау жөніндегі департаменті (Б.К. Оразбаев):
- 2000 жылдың 30 шілдесіне дейін жергілікті кәсіпорындардың қаншасы импорттың орнын басу бағдарламасы шеңберінде өнімдер алатынын анықтасын;
- 2000 жылдың 1 қыркүйегіне дейін импорттың орнын басу өндірісін құру және дамытуға бағытталған инвестициялық жобалар жасап, оны жүзеге асыру шараларын дайындасын;
- отандық тауар өндірушілерді қолдауға екінші дәрежелі банк арқылы бөлінетін қаржы есебінен республикалық қаржыландыру бағдарламасына енгізуге басымдық беретін жобаларға қолдау және демеу көрсетсін.
Тармақ 3
3. 2000 жылдың 20 қыркүйегіне дейін экономика, индустрия және сауда департаменті (Д.Т. Әбенов) істелген жұмыстың нәтижесі мен ивестиңиялық жобалардың тізбесін берсін.
Тармақ 4
4. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары Т.Е. Омаровқа жүктелсін.