О применении процедур государственных закупок государственными коммунальными предприятиями Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.05.2000. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындардың мемлекеттік сатып алулар жосығын қолдануы туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімінің 13.12.2004 № 55 шешімімен. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 13 шілдедегі № 966 "Мемлекеттік сатып алуларды ұйымдастырудың тиімділігін арттыру жөніндегі шаралар туралы" қаулысын орындауда және бюджет қаражатын жұмсауды оңтайландыру және мемлекеттік кәсіпорындар қызметтеріне бақылау жасауды жақсарту мақсатында ШЕШТIМ:
Тармақ 1
1. Мемлекеттік меншік құқығы субъектісінің функцияларын мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындарға қатынаста жүзеге асыратын мемлекеттік басқару органдары (өкілетті органдар) жергілікті бюджеттен ақша қаражатын алатын мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындардың тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді жеткізгені үшін, 2000 жылғы 1 шілдеден тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді меншікті сатып алуларын жүзеге асырғанда, мемлекеттік сатып алулар жосығын қолдануын қамтамасыз етсін.
Тармақ 2
2. Жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшіліктері 2000 жылғы 15 маусымға дейінгі мерзімде тауарлар, жұмыстар мен қызмет көрсетулер үшін жергілікті бюджеттен ақшалай қаражат алатын кәсіпорындардың тізімін уақытында жасасын, оларды толықтырып отырсын және Қостанай облыстық мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментіне (М.Е. Толыбаев) түсірсін.
Тармақ 3
3. Қостанай облыстық мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті жергілікті бюджет қаражатынан мемлекеттік сатып алу үрдісін реттеу жөніндегі жауапты орган ретінде осы шешімнен туындайтын кажетті шараларды қабылдасын.
Тармақ 4
4. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары С.А. Құланбаевқа жүктелсін.