О наименовании улиц села Караозек, станции Караозек, села Айнакол Кызылозекского аульного округа Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 16.09.2011. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қызылөзек ауылдық округі Қараөзек ауылы, Қараөзек бекеті, Айнакөл ауылындағы көшелерге атау беру туралы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзін басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35-бабын, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес және 2011 жылғы 24 мамырдағы Қызылорда қаласының әкімі жанындағы ономастикалық комиссия отырысының 2/3 ұйғарымы және Қызылөзек ауылдық округі, Қараөзек ауылы тұрғындарының 2011 жылғы 17 мамырдағы N 1 хаттамасы негізінде ШЕШЕМІН:
Тармақ 1
1. Сызбалық картаға байланысты Қызылөзек ауылдық округі, Қараөзек ауылында орналасқан көшелерге: Абай Құнанбаев көшесі, Абылайхан көшесі, Жамбыл Жабаев көшесі, Жаңа арық көшесі, Қорқыт ата көшесі, Сәкен Сейфуллин көшесі, Есентұр Дәуітбаев көшесі, Арғын көшесі атаулары берілсін.
Тармақ 2
2. Сызбалық картаға байланысты Қызылөзек ауылдық округі, Қараөзек бекетінде орналасқан бекет пен көшелерге: Қараөзек бекеті, Қараөзек бекеті-1 көшесі, Қараөзек бекеті-2 көшесі атаулары берілсін.
Тармақ 3
3. Сызбалық картаға байланысты Қызылөзек ауылдық округі, Айнакөл ауылында орналасқан көшелерге: Айнакөл көшесі, Айнакөл-1 көшесі, Айнакөл-2 көшесі, Айнакөл-3 көшесі, N 4 көшесі, N 5 көшесі атаулары берілсін.
Тармақ 4
4. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау Қызылөзек ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Г. Үлментаеваға жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткен сәтінен бастап күшіне енеді алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.