Положение о порядке переподготовки и повышения квалификации специалистов в области охраны труда Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.01.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Еңбекті қорғау саласындағы мамандарды қайта даярлаудың және олардың біліктілігін көтерудің тәртібі туралы Ережені бекіту туралы
Тармақ 1
"Еңбекті қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабына сәйкес және еңбекті қорғау саласындағы мамандардың біліктілігін одан әрі арттыру мақсатында бұйырамын:
Тармақ 1
1. Еңбекті қорғау саласындағы мамандарды қайта даярлаудың және олардың біліктілігін арттырудың тәртібі туралы Қазақстан Республикасының Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігінің Білім комитетімен келісілген Ереже бекітілсін.
Тармақ 2. Еңбекті қорғау саласындағы мамандарды қайта даярлаудың және олардың біліктілігін көтерудің тәртібі туралы ЕРЕЖЕ
2. Облыстардың, Ақмола және Алматы қалаларының еңбек және халықты әлеуметтік қорғау басқармаларының бастықтары: осы Ереженің меншік және шаруашылықты жүргізу нысандарына қарамастан ұйымдарға жеткізілуін қамтамасыз етсін; ұйымдардың осы Ережені сақтауына бақылау орнатсын. КЕЛІСІЛГЕН Қазақстан Республикасының Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігінің Білім комитеті 1998 ж. 2 ақпан N БЕКІТІЛГЕН Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің бұйрығымен 1998 ж.18 ақпан N 24п Еңбекті қорғау саласындағы мамандарды қайта даярлаудың және олардың біліктілігін көтерудің тәртібі туралы ЕРЕЖЕ
Тармақ 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1.1
1.1. Осы Ереже "Еңбекті қорғау саласындағы мамандарды даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін көтеру туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 10 мамырдағы N 493 қаулысын орындау үшін және Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің, Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігінің еңбекті қорғау саласындағы мамандарды қайта даярлау және олардың біліктілігін көтеру мәселелеріндегі жұмысын үйлестіру мақсатында әзірленді.
Тармақ 1.2
1.2. Осы Ереженің күші министрліктерде: комитеттерде, өзге де орталық және жергілікті атқару комитеттерінде, ұйымдарда, меншік және шаруашылықты жүргізу нысандарына қарамастан заңды және жеке тұлғаларда еңбекті қорғау саласындағы мамандарды қайта даярлау және олардың біліктілігін көтеру жүйесін ұйымдастырған кезде қолданылады.
Тармақ 2. 2. Басты міндеттері
2. Басты міндеттері Еңбекті қорғау саласындағы мамандарды оқыту жүйесінің басты міндеттері:
Тармақ 2.1
2.1. "Еңбекті қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес қызметі лауазымы жағынан ұйымдардың қызметкерлерінің еңбегін қорғаумен байланысты еңбекті қорғау саласындағы қызметкерлерді қайта даярлау және олардың біліктілігін көтеру;
Тармақ 2.2
2.2. Қызметкерлердің еңбекті қорғау және еңбек жағдайлары жөніндегі заңдық, нормативтік, құқылық актілерді, ережелерді, стандарттарды және басқа да құжаттарды, еңбекті қорғау саласындағы отандық және шетелдік тәжірибелерді, өндірістегі жазатайым жағдайлар мен кәсіптік аурудың алдын алудың тиімді әдістерін оқып үйренуін ұйымдастыру болып табылады.
Тармақ 3. 3. Еңбекті қорғау саласындағы кадрларды қайта даярлау мен олардың біліктілігін көтеру жүйесін басқару
3. Еңбекті қорғау саласындағы кадрларды қайта даярлау мен олардың біліктілігін көтеру жүйесін басқару
Тармақ 3.1
3.1. Еңбекті қорғау саласындағы кадрларды қайта даярлаудың және олардың біліктілігін көтерудің жүйесіне ұйымдастырушылық-әдістемелік басшылықты Қазақстан Республикасының Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігінің Білім комитетімен келісе отырып Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, сондай-ақ олардың жер-жерлердегі құрылымдық бөлімшелері жүзеге асырады.
Тармақ 3.2
3.2. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі: еңбекті қорғау саласындағы мамандарды оқыту үшін қажетті құқылық және нормативтік базаларды құрады; еңбекті қорғау саласындағы салааралық және салық оқу бағдарламаларын бекітеді; еңбекті қорғау саласындағы мамандарды оқыту жөніндегі бүкіл аймақтық мекемелердің жұмысын үйлестіреді; оқытудың сапасына бақылау жасайды.
Тармақ 4. 4. Еңбекті қорғау саласындағы мамандарды қайта даярлаудың және олардың біліктілігін көтерудің жүйесі
4. Еңбекті қорғау саласындағы мамандарды қайта даярлаудың және олардың біліктілігін көтерудің жүйесі
Тармақ 4.1
4.1. Еңбекті қорғау саласындағы мамандарды қайта даярлау жоғары оқу орындарында арнайы факультеттерде олардың бұрынғы жоғары білімі бойынша жүзеге асырылып, оларға "еңбекті қорғау инженері" немесе "еңбекті қорғау менеджері" атағы беріледі. Тыңдаушылардың біліктілігін көтеру республикалық, салалық, салааралық және аймақтық біліктілігін көтеру орталықтарында жүзеге асырылады.
Тармақ 4.2
4.2. Еңбекті қорғау саласындағы мамандарды оқытуға тиісті мекеме қызметтің осы түріне ұйымдардың басшылары мен мамандарын еңбекті қорғау жөнінде оқытуға және олардың білімін тексеруге рұқсат берудің тәртібіне сәйкес лицензия алғанда рұқсат етіледі.
Тармақ 4.3
4.3. Еңбекті қорғау саласындағы мамандарды оқытудың нысаны мен оның ұзақтығы тапсырыс жасаушының келісімі негізінде, оқытудың мақсаты мен міндетіне, оқытылатындардың санатына, олардың кәсіптік деңгейіне және басқа да факторларға сүйене отырып белгіленеді.
Тармақ 4.4
4.4. Білім беру мекемесінің оқу-өндірістік базасы еңбекті қорғау саласындағы тыңдаушыларды даярлауға және олардың білімін бағалауға қажетті кешенді техникалық және бағдарламалық құралдармен жарақтандырылуға тиіс.
Тармақ 4.5
4.5. Оқыту жүйесінде сабақтардың мынадай басты түрлері: лекциялар, лабораториялық және практикалық сабақтар, семинарлар, іскер ойындар, консультациялар, тыңдаушылардың дербес сабақтары, түрлі меншік және шаруашылық нысандарындағы ұйымдарға бару көзделеді.
Тармақ 5. 5. Білім беру мекемелерінің құқылары мен міндеттері
5. Білім беру мекемелерінің құқылары мен міндеттері
Тармақ 5.1
5.1. Қайта даярлау және біліктілігін көтеру жүйесінің мекемелері: бүкіл министрліктердің, ведомстволардың және басқа да шаруашылық жүргізуші субъектілердің еңбекті қорғау саласындағы мамандарды даярлауға мұқтаждығын қанағаттандыруға; тыңдаушыларға еңбекті қорғау саласындағы отандық және шетелдік жетістіктерді үйретуді ұйымдастыруға; оқытудың нысандары мен түрлерін жетілдіріп, дамытуға; оқытушылар құрамының кәсіптік деңгейін арттыруға міндетті.
Тармақ 5.2
5.2. Қайта даярлау және біліктілігін көтеру жүйесінің мекемелері: тыңдаушыларды оқытудың қорытындысы бойынша аттестаттауға және ол бойынша оларға тиісті біліктілік құжатын: оқытудың бағдарламасы мен ұзақтығына қарай куәлік (сертификат) немесе куәлік беруге; еңбекті қорғауға мемлекеттік бақылау және қадағалау жасайтын мамандарды оқыту және аттестация жүргізуге тартуға; ұйымдарға және басқа да шаруашылық субъектілеріне, сондай-ақ жеке адамдарға еңбекті қорғау саласындағы қызметкерлерді оқыту және олардың біліктілігін көтеру мәселелері бойынша ақылы консультациялық және өзге де көмек көрсетуге құқылы.
Тармақ 6. 6. Біліктілігін көтеру және қайта даярлау мекемелерінің тыңдаушылары
6. Біліктілігін көтеру және қайта даярлау мекемелерінің тыңдаушылары
Тармақ 6.1
6.1. Қайта даярлау және біліктілігін көтеру мекемелеріне ұйымдардың басшылары мен мамандары қатарынан жоғары, орта арнаулы және жалпы орта білімі бар мамандар жіберіледі.
Тармақ 6.2
6.2. Оқытудың бағасын білім беру мекемесі тапсырыс жасаушының келісімімен белгілейді.
Тармақ 6.3
6.3. Оқыту орталықтарының тыңдаушылары: өндірісте жарақат алудың, кәсіптік ауруға шалдығудың алдын алу және өндірістіктің нақты жағдайларында еңбекті қорғауды ұйымдастыру саласындағы өздерінің кәсіби білімдерін, дағдылары мен іскерліктерін жетілдіруге; оқу бағдарламасында көзделген жұмыстарды уақытында және толық көлемінде орындауға; мекеменің оқу процесінің және ішкі тәртібінің талаптарын қатаң орындауға міндетті. Оқу жоспарын орындамаған, сондай-ақ ішкі тәртіп ережелерін өрескел бұзған жағдайда тыңдаушы мекеме басшысының бұйрығымен оқудан шығарылып, оған тиісінше оқудан шығарудың себептері көрсетілген анықтама қағазы беріледі.
Тармақ 6.4
6.4. Институттардың, факультеттер мен курстардың тыңдаушылары: оқу процесін жетілдіру жөнінде ұсыныстар жасауға; оқу орнының барлық оқу және қосалқы-оқу бөлмелерін, оларда бар нормативтік, нұсқамалық, оқу және оқу-әдістемелік құжаттамаларын, сондай-ақ келісімнің шарты белгіленген тәртіпте басқа да қызметтерді пайдалануға құқылы.