О переименовании улицы Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.10.2011. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Көшені қайта атау туралы Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 13-бабының 4) және 5) тармақшаларына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабының 1-тармағының 4) тармақшасына, 31-бабының 2-тармағына, Өскемен қалалық ономастикалық комиссиясының 2011 жылғы 10 қазандағы қорытындысына сәйкес Өскемен қалалық мәслихаты ШЕШТІ және Өскемен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Солнечная көшесі Астана көшесіне қайта аталсын.
Тармақ 2
2. «Өскемен қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесі қала бюджетін түзету кезінде көшені қайта атауға байланысты жұмыстарды орындауға қаражат қарастырсын.
Тармақ 3
3. «Өскемен қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі 2011 жылғы 31 желтоқсанға дейін көшені қайта атау бойынша жұмыстардың орындалуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы мен шешімнің орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары А.Қ. Нұрғазиевқа және Өскемен қалалық мәслихатының депутаттық өкілеттік, әлеуметтік инфрақұрылым және заңға сәйкестік мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына (М.А. Мишин) жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы шешім мен қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.