Об утверждении Правил заключения Соглашения по применению трансфертного ценообразования Күшін жойған
Басқа 0
Трансферттік баға белгілеуді қолдану жөніндегі келісім жасасу қағидаларын бекіту туралы
«Трансферттік баға белгілеу туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 5 шілдедегі Заңының 4-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Трансферттік баға белгілеуді қолдану жөніндегі келісім жасасу қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 3. Трансферттік баға белгілеуді қолдану жөніндегі келісім жасасу қағидалары
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 24 қазандағы
№ 1197 қаулысымен
бекітілген
Трансферттік баға белгілеуді қолдану жөніндегі келісім жасасу қағидалары
Тармақ 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Трансферттік баға белгілеуді қолдану жөніндегі келісім жасасу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Трансферттік баға белгілеу туралы»
2008 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленген және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (бұдан әрі – Комитет) мен мәмілеге қатысушы арасында Трансферттік баға белгілеуді қолдану жөніндегі келісім (бұдан әрі – Келісім) жасасу тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Келісімде мынадай тармақтар көрсетіледі:
Тармақша 1
1) жалпы ережелер;
Тармақша 2
2) Келісім тараптары;
Тармақша 3
3) Келісім нысанасы;
Тармақша 4
4) ұсынылған құжаттар тізбесі;
Тармақша 5
5) нарықтық бағаны айқындау әдісі;
Тармақша 6
6) нарықтық бағаны айқындау үшін қолданылатын ақпарат көзі;
Тармақша 7
7) Келісімнің қолданыс мерзімі;
Тармақша 8
8) Келісімнің күшіне ену күні;
Тармақша 9
9) Келісімнің қолданысы кезеңінде қолданылатын бағалар туралы ақпарат беру мерзімі;
Тармақша 10
10) құпиялылық;
Тармақша 11
11) Келісімді шарттарын салық төлеушінің орындамауының (бұзудың) салдарлары;
Тармақша 12
12) Келісімді мерзімінен бұрын бұзудың негіздерді;
Тармақша 13
13) қосымша шарттар.
Тармақ 2. 2. Трансферттік баға белгілеуді қолдану жөніндегі келісім жасасу тәртібі
2. Трансферттік баға белгілеуді қолдану жөніндегі келісім жасасу тәртібі
Тармақ 3
3. Мәмілеге қатысушы Комитетке мыналарды:
Тармақша 1
1) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлікті* немесе анықтаманы, құрылтай құжаттарын (жарғы, құрылтай шарты), 5 %-дан аса акциялары (үлестері) бар акция (үлес) ұстаушылар тізілімінен үзінді көшірмені;
ескертпе: * «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаның қызметі тоқтатылғанға дейін жарамды болып табылады;
Тармақша 2
2) бизнес-сәйкестендіру нөмірін (жеке сәйкестендіру нөмірін (жеке тұлғалар үшін);
Тармақша 3
3) алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2012.07.04 № 905 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2012 жылғы 20 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады) Қаулысымен;
Тармақша 4
4) жеке басын куәландыратын құжат;
Тармақша 5
Тармақша 6
6) тауарларды өткізуге және сатып алуға келісімшарттарды (толықтыруларымен және езгерістерімен);
Тармақша 7
7) Қазақстан Республикасының құзыретті органымен және (немесе) Қазақстан Республикасының Үкіметімен (уәкілетті органдармен) жасалған жер қойнауын пайдалануға арналған (толықтыруларымен және өзгерістерімен) келісімшарттарды;
Тармақша 8
8) Қазақстан Республикасының және шет елдердің компанияларындағы инвестициялар (акциялары) туралы ақпаратты;
Тармақша 9
9) тараптардың өзара байланыстылығы туралы деректерді;
Тармақша 10
10) мәмілелер жасасу кезінде пайдаланылатын нарықтық бағалар жөніндегі ақпарат көзін;
Тармақша 11
11) нарықтық бағаны айқындау үшін ұсынылатын әдісті;
Тармақша 12
12) баға белгілеуге әсер ететін факторларға қатысты ақпаратты, нарықтағы беделін қоса алғанда, маркетингтік саясат (тауарлық, өткізу, бағалық, сондай-ақ тауардың рыноктағы жылжу саясаты), баға белгілеу әдіснамасы енетін бизнес стратегиясын қамтитын Келісім жасасу үшін қажет құжаттардың көшірмелері қоса берілетін Келісім жасасуға өтінішті жазбаша түрде және еркін түрде тапсырады.
Осы тармақтың 6), 7), 8), 9), 10), 11) және 12) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды табыс ету мүмкін болмаған кезде мәмілеге қатысушы оларды табыс етудің мүмкін еместігі туралы жазбаша негіздеме тапсырады.
Тармақ 4
4. Тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулерді) өзара байланысты компанияларға өткізген (сатып алған) жағдайда Келісім жасасатын мәмілеге қатысушы өзара байланысты компанияларға осы тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулерді) өткізуге (сатып алуға) байланысты құжаттарды да тапсырады.
Тармақ 5
5. Комитет мәмілеге қатысушының Келісім жасасуға арналған өтінішін мәмілеге қатысушыдан көрсетілген өтінішті алған күннен бастап алпыс жұмыс күні ішінде қарайды.
Комитет Келісімді жасасу туралы оң шешім қабылдаған жағдайда шешім қабылдаған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Комитеттің төрағасы немесе Комитет төрағасының міндеттерін орындау жүктелген лауазымды адам қол қойған Келісімді мәмілеге қатысушының атына жолдайды, ол қол қойылған күнінен бастап үш жылдан аспайтын мерзім ішінде қолданылады.
Комитеттің төрағасы немесе Комитет төрағасының міндеттерін орындау жүктелген лауазымды адам Келісімге қол қойғаннан кейін мәмілеге қатысушы Келісімге қол қойылған күннен бастап он жұмыс күні ішінде оны Комитетке жібереді.
Келісім жасасудан бас тарту туралы шешім қабылданған жағдайда Комитет мәмілеге қатысушының Келісім жасасуға арналған өтінішін қарау нәтижелері бойынша шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Келісім жасасудан бас тартудың себептерімен мәмілеге қатысушыға жазбаша жауап жібереді.
Тармақ 6
6. Комитет мәмілеге қатысушыға мынадай жағдайларда Келісім жасасудан бас тартады:
Тармақша 1
1) мәмілеге қатысушы Келісім жасасу үшін қажет және осы Қағидалардың 3-тармағында көзделген құжаттардың толық тізбесін табыс ету мүмкін еместігі туралы жазбаша негіздемені тапсырмаған кезде;
Тармақша 2
2) Заңның 12-бабында белгіленген дәйектілік ескеріле отырып және мәмілеге қатысушының Келісім жасасуға өтінішінде көзделмеген нарықтық бағаны айқындаудың өзге әдістерін қолдану мүмкіндігі болғанда;
Тармақша 3
3) Заңның 18-бабында белгіленген дәйектілік ескеріле отырып, нарықтық бағаны айқындау үшін қолданылатын және мәмілеге қатысушының Келісім жасасуға өтінішінде көзделмеген өзге ақпарат көздерін қолдану мүмкіндігі болғанда.
Тармақ 7
7. Қажет болған кезде Комитет жасалынатын Келісімге қатысы бар құжаттарды (ақпаратты) мынадай субъектілерден:
Тармақша 1
1) мемлекеттік органдардан;
Тармақша 2
2) банктерден, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардан;
Тармақша 3
3) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарынан, сақтандыру брокерлерінен;
Тармақша 4
4) бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларынан;
Тармақша 5
5) аудиторлардан, аудиторлық ұйымдардан;
Тармақша 6
6) басқа да ұйымдардан сұратады.
Тармақ 8
8. Комитеттің және мәмілеге қатысушының өзара келісімі бойынша Келісім көзделген қолданылу мерзімінен бұрын бұзылуы мүмкін, бұл ретте Келісімнің шарттары бұзылған сәтке дейін өз күшін сақтайды.