Об учреждении Реестра государственных воздушных судов Республики Казахстан Қолданыста

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.08.1996. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы мемлекеттiк әуе кемелерiнiң тiзiлiмiн бекiту туралы "Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану және авиация қызметi туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 20 желтоқсандағы № 2697 жарлығын жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк әуе кемелерiнiң тiзiлiмi қоса берiлiп отырған нысанда /бұдан әрi - Тiзiлiм/ құрылсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi, Iшкi iстер министрлiгiнiң iшкi әскерлерiмен және Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасын қорғау жөнiндегi мемлекеттiк комитетiмен бiрлесе отырып үш ай мерзiм iшiнде: көрсетiлген Тiзiлiмге мемлекеттiк әуе кемелерiнiң тiркеуiн жүргiзсiн; Тiзiлiм жүргiзу, сондай-ақ тiркеу туралы куәлiк беру тәртiптерiн бекiтсiн; Тiзiлiмге енгiзiлген әуе кемелерiнiң иелерiне тiркеу туралы куәлiк берсiн; Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникацияларминистрлiгiмен келiсе отырып және өз құзыретi шегiнде мемлекеттiкавиацияны пайдаланушылар үшiн әуе кеңiстiгiн қауiпсiз пайдаланудыреттейтiн ережелер, тәлiмдемелер, нұсқаулықтар, басқа да нормативтiкқұқықтық актiлер шығарсын және олардың орындалуына бақылау жасасын;
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау ҚазақстанРеспубликасының Қорғаныс министрлiгiне жүктелсiн.
Басқа 4. Қазақстан Республикасы мемлекеттiк әуе кемелерiнiң ТIЗIЛIМI
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 12 тамыздағы N 999 қаулысына қосымша Қазақстан Республикасы мемлекеттiк әуе кемелерiнiң ТIЗIЛIМI ___________________________________________________________________ Р/н|Әуе кеме.|Толық |Шыққан|Авиадвигательдiң|Авиадвигатель.|Ескерту    |сiнiң    |зауыт.|жылы  |үлгiсi және     |толық зауыттық|    |түрi     |тық   |      |модификациясы   |нөмiрi        |    |         |нөмiрi|      |                |              | ___|_________|______|______|________________|______________|_______ 1 |    2    |   3  |   4  |        5       |      6       |   7 ___|_________|______|______|________________|______________|_______      Тiзiлiмдi жүргiзуге      жауапты адамның лауазымы                                                          /қолы/