Лебяжі ауданы Майқарағай ауылдық округіне қарасты Майқарағай ауылы мен Мерғалым ауылының көше атауларын бекіту туралы Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.09.2011. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Лебяжі ауданы Майқарағай ауылдық округіне қарасты Майқарағай ауылы мен Мерғалым ауылының көше атауларын бекіту туралы Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасындағы әкімшілік - аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4-тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабының 2-тармағына, 2011 жылғы 9 маусымдағы Майқарағай және Мерғалым ауылының тұрғындары жиынының хаттамасына сәйкес ШЕШІМ ҚАБЫЛДАЙМЫН:
Тармақ 1
1. Лебяжі ауданы Майқарағай ауылдық округіне қарасты Майқарағай ауылы мен Мерғалым ауылының көше атаулары қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуына бақылау өзіме қалдырамын.
Басқа 4
Майқарағай ауылдық округінің әкімінің 2011 жылғы 28 қыркүйектегі № 06 шешіміне қосымша Майқарағай ауылдық округі Майқарағай ауылы 1 Маяковского көшесі 2 Абай көшесі 3 Мұхтар Әуезов көшесі 4 Иса Байзаков көшесі 5 Уахатов көшесі 6 Қаныш Сәтпаев көшесі 7 Амангелді көшесі 8 Жангелді көшесі 9 Жабаев көшесі Мерғалым ауылы 1 Жаңауыл көшесі 2 Қайырбаев көшесі 3 Мерғалым көшесі 4 Уахатов көшесі 5 Абай көшесі