Лебяжі ауданының Шақа, Шарбақты, Майқарағай ауылдық округтеріндегі елді мекендердің шекараларын белгілеу туралы Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.10.2011. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Лебяжі ауданының Шақа, Шарбақты, Майқарағай ауылдық округтеріндегі елді мекендердің шекараларын белгілеу туралы Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 108-бабының 5-тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 12-бабының 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына, 31-бабының 2-тармағына сәйкес, ауылдардың басқару органдарының пікірін ескере отырып аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қосымшаға сәйкес Лебяжі ауданының:
Тармақша 1
1) Шақа ауылдық округінің Шақа, Бәйімбет;
Тармақша 2
2) Шарбақты ауылдық округінің Жабағлы ауылындағы зират, Селезнев боры, Шарбақты ауылы;
Тармақша 3
3) Майқарағай ауылдық округінің ескі Майқарағай ауылдық елді мекендерінің шекаралары белгіленсін.
Тармақ 2
2. Осы бірлескен қаулы мен шешімнің орындалуын бақылау мәслихаттың бюджеттік саясат, әлеуметтік сала, заңдылық пен адам құқығын қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы бірлескен қаулы мен шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 7. Лебяжі ауданының Шақа, Шарбақты, Майқарағай ауылдық округтеріндегі елді мекендердің шекаралары
2011 жылғы 20 қазандағы Лебяжі аудан әкімдігінің № 1 Лебяжі аудандық мәслихатының № 3/34 бірлескен қаулы мен шешіміне қосымша Лебяжі ауданының Шақа, Шарбақты, Майқарағай ауылдық округтеріндегі елді мекендердің шекаралары р/с Ауылдық округтер атауы Елді мекендердің атауы Жоспардағы шекараның барлық көлемі (га) Оның ішінде жайылым (га) құрылыстар (га) зират басқа жерлер 1 Шақа
Тармақша 1
1) Шақа 169,0 167,4 1,6
Тармақша 2
2) Бәйімбет 306,0 275,6 30,24 0,16 2. Шарбақты
Тармақша 1
1) Жабағлы зираты 2,0 2,0
Тармақша 2
2) Селезнев боры 4,2 2,5 1,7
Тармақша 3
3) Шарбақты ауылы 46,1 46,1 3 Майқарағай
Тармақша 1
1) Ескі Майқарағай 117,8 106,5 11,3 Барлығы 645,1 600,1 43,24 1,6 0,16