Об утверждении Правил по организации поисково-спасательного обеспечения полетов на территории Республики Казахстан Қолданыста
Басқа 0
Қазақстан Республикасының аумағында ұшуды іздестіру-құтқарумен қамтамасыз етуді ұйымдастыру жөніндегі қағидаларды бекіту туралы
«Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңының 98-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының аумағында ұшуды іздестіру-құтқарумен қамтамасыз етуді ұйымдастыру жөніндегі қағидалар бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Қазақстан Республикасының Біртұтас авиациялық іздеу-құтқару қызметі (БАІҚҚ) туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 4 қаңтардағы № 13 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Осы қаулы 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 4. Қазақстан Республикасының аумағында ұшуды іздестіру-құтқарумен қамтамасыз етуді ұйымдастыру жөніндегі қағидалар
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 4 қарашадағы
№ 1296 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының аумағында ұшуды іздестіру-құтқарумен қамтамасыз етуді ұйымдастыру жөніндегі қағидалар
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының аумағында ұшуды іздестіру-құтқарумен қамтамасыз етуді ұйымдастыру жөніндегі қағидалар (бұдан әрі – Қағидалар) апатқа ұшырау жағдайындағы немесе ұшыраған әуе кемелерін (бұдан әрі – ӘК), сондай-ақ олардың жолаушылары мен экипаж мүшелерін іздестіруді және құтқаруды ұйымдастыру тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Осы Қағидалардың ережелері Қазақстан Республикасының аумағында ұшуды қамтамасыз етудің іздестіру-құтқару қызметін бірлесіп құратын барлық мемлекеттік органдардың, әуе қозғалысына қызмет көрсету, әуе қозғалысын басқару органдарының, іздестіру-құтқару командаларының, мемлекеттік органдардың авариялық-құтқару қызметтерінің, КОСПАС-САРСАТ іздестіру мен құтқарудың халықаралық спутниктік жүйесінің іздестіру мен құтқарудың байланыс пункттері, ӘК пайдаланушылар мен әуежайлардың арасында жауапкершілікті бөлу және іс-шараларды ұйымдастыру арқылы іске асырылады және қамтамасыз етіледі. Ұшуды іздестіру-құтқарумен қамтамасыз ету қызметінің схемасы осы Қағидаларға 1-қосымшада келтірілген.
Тармақ 3
3. Осы Қағидаларда:
Тармақша 1
1) авариялық хабардар ету тәртібі, апатқа ұшырау жағдайындағы немесе ұшыраған әуе кемелерін, сондай-ақ олардың жолаушылары мен экипаж мүшелерін іздестіруді және құтқаруды ұйымдастыру схемасы;
Тармақша 2
2) персоналға және әуе қозғалысына қызмет көрсету, әуе қозғалысын басқару органдарын, іздестіру-құтқару командаларын, мемлекеттік органдардың авариялық-құтқару қызметтерін, әуе кемелері мен әуежайларды пайдаланушыларды қажетті жабдықпен және байланыс құралдарымен жарақтандыруға қойылатын талаптар;
Тармақша 3
3) іздестіру-құтқару операцияларын (жұмыстарын) (бұдан әрі – ІҚО (Ж)) жүргізу жоспарын әзірлеу, келісу және бекіту тәртібі;
Тармақша 4
4) барлық мемлекеттік органдардың, әуе қозғалысына қызмет көрсету органдарының, әуе қозғалысын басқару органдарының, КОСПАС-САРСАТ іздестіру мен құтқарудың халықаралық спутниктік жүйесінің іздестіру мен құтқарудың байланыс пункттерінің, мемлекеттік органдардың іздестіру-құтқару командаларының, іздестіру, авариялық-құтқару қызметтерінің, ӘК пайдаланушылардың және әуежайлардың арасында іздестіру мен құтқаруды қамтамасыз ету бойынша жауапкершілікті бөлу және іс-шараларды ұйымдастыру;
Тармақша 5
5) азаматтық авиация ұйымдары ІҚО (Ж) жүзеге асырған және оларды қамтамасыз етуге қатысқан жағдайда, олардың шығындарын өтеу тәртібі айқындалады.
Тармақ 4
4. Осы Қағидаларда мынадай анықтамалар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) авариялық кезең – әртүрлі жағдайлар кезіндегі айқынсыздық кезеңін, алаңдаушылық кезеңін немесе апат кезеңін білдіретін жалпы термин;
Тармақша 2
2) авариялық жағдай – әуе кемесін мәжбүрлі түрде қондыру қажет болатын ұшудағы ерекше жағдай немесе апаттық жағдайға ұласып кетуді болғызбау үшін экипажға физикалық және психологиялық ауыртпалық түсіретін және одан жоғары кәсіби шеберлікті талап ететін жағдай;
Тармақша 3
3) алаңдаушылық кезеңі – оның кезінде әуе кемесі мен оның бортындағы адамдардың қауіпсіздігі үшін қауіп бар жағдай;
Тармақша 4
4) апат кезеңі – әуе кемесіне және оның бортындағы адамдарға елеулі және тікелей қауіп төніп тұрғанына немесе жедел көмектің талап етілетіндігіне негізді сенімділіктің болуымен сипатталатын жағдай;
Тармақша 5
5) айқынсыздық кезеңі – әуе кемесінің және оның бортындағы адамдардың қауіпсіздігіне қатысты сенімсіздіктің болуымен сипатталатын жай-күй;
Тармақша 6
6) галс – әуе кемесінің бұрылыстан бұрылысқа дейінгі жол сызығы;
Тармақша 7
7) жердегі іздестіру-құтқару командасы (бұдан әрі – ЖІҚК) – арнайы оқытылған персоналдан тұратын және ІҚО (Ж) жүргізуге арналған жабдықтармен жарақталған команда;
Тармақша 8
8) квадрат – іздестіру мен құтқару ауданының шекараларындағы төрт жағы бірдей тікбұрыш нысанындағы жер;
Тармақша 9
9) қауіпті жүктер – адамның өмірі мен денсаулығына, қауіпсіздігі мен мүлкіне немесе қоршаған ортаға қатер төндіретін, Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) қауіпті жүктерді әуемен қауіпсіз тасымалдау жөніндегі техникалық нұсқаулықтарында айқындалатын қауіпті жүктер тізбесінде көрсетілген бұйымдар немесе заттар;
Тармақша 10
10) құтқару – апатқа ұшырау жағдайындағы адамдарды құтқару, оларға алғашқы медициналық немесе өзге де көмек көрсету және оларды қауіпсіз орынға жеткізу мақсатындағы операция;
Тармақша 11
11) парашюттік-десанттық құтқару тобы (бұдан әрі – ПДҚТ) – парашютпен секіруге дайындалған мемлекеттік авиацияның авиациялық құтқарушыларынан және/немесе азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарының құтқарушыларын тұратын, ІҚО (Ж) өткізуге арналған жарақтармен жарақтандырылған және іздестіру-құтқару ӘК бортында орналасқан топ;
Тармақша 11-1
11-1) авариялық-құтқару құралымы (бұдан әрі – АҚҚ) – авариялық-құтқару жұмыстары мен кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізуге арналған дербес немесе аттестатталған авариялық-құтқару қызметінің құрамына кіретін азаматтық қорғау күштерінің ұйымдық-құрылымдық бірлігі;
Тармақша 12
12) тіркеу мемлекеті – тізіміне ӘК енгізілген мемлекет;
Тармақша 13
13) Іздестіруді және құтқаруды үйлестіру орталығы (бұдан әрі – Үйлестіру орталығы) – іздестіру-құтқару қызметінің жұмысын тиімді ұйымдастыруға жәрдем көрсету үшін, Қазақстан Республикасының іздестіру және құтқару аудандарының шегінде ІҚО (Ж) жүргізуді үйлестіру үшін жауапты орган;
Тармақша 14
14) Щ-код – ӘК экипажы мен әуе қозғалысына қызмет көрсету (бұдан әрі – ӘҚҚ) және әуе қозғалысын басқару (бұдан әрі – ӘҚБ) органдарының диспетчерлері арасындағы, сондай-ақ әуежайлар арасындағы байланыс үшін кодтық таңбалау мен қысқарту;
Тармақша 15
15) авиациялық іздестіру мен құтқару күштері мен құралдары – экипаждары және құтқару мен тіршілікті қамтамасыз ету құралдары бар ӘК, ПДҚТ авариялық-құтқару мүлкімен және жарақтарымен, сондай-ақ оларды апат орнына десанттау құралдары (парашют жүйелері, құтқару контейнерлері, парашюттік платформалар) бар АҚҚ және ПДҚТ;
Тармақша 16
16) іздестіру мен құтқарудың қосалқы орталығы (бұдан әрі – Қосалқы орталық) – Үйлестіру орталығына бағынатын, соңғысын толықтыру үшін құрылған орган;
Тармақша 17
17) іздестіру – әдетте Үйлестіру орталығы немесе Қосалқы орталық үйлестіретін, қолда бар персонал мен апатқа ұшырау жағдайындағы адамдардың орналасқан орнын анықтауға арналған құралдар пайдаланылатын операция;
Тармақша 18
18) ІҚО (Ж) – апатқа ұшыраған әуе кемелерінің жолаушылары мен экипаждарын іздестіру және құтқару мақсатында жүргізілетін іс-шаралар кешені;
Тармақша 19
19) іздестіру-құтқару ӘК – ІҚО (Ж) жүргізу үшін арналған арнайы жабдықпен және арнайы мүлікпен жарақтандырылған кез келген ӘК, сондай-ақ арнайы жабдықтарсыз ІҚО (Ж) жүргізуге тартылатын ӘК;
Тармақша 20
20) іздестіру-құтқару қызметі – авариялық мониторинг, байланыс, үйлестіру, іздестіру мен құтқару, алғашқы медициналық көмек көрсету немесе мемлекеттік және жеке меншік ресурстарды, оның ішінде өзара іс-қимыл жасайтын әуе, теңіз және басқа да кемелер мен қондырғыларды пайдалана отырып, медициналық себептер бойынша эвакуациялау функцияларын жүзеге асыру;
Тармақша 21
21) іздестіру-құтқару күштері мен құралдары – олардың экипаждары, құтқару және тіршілікті қамтамасыз ету құралдары бар іздестіру-құтқару әуе кемелерін, авариялық-құтқару мүлкі, оларды апат орнына жеткізу жарақтары мен құралдары бар ПДҚТ және ЖІҚК, байланыс, бақылау және басқару органдары мен пункттерін қамтитын ұғым;
Тармақша 22
22) мемлекеттік авиация басқармасының пункті – мемлекеттік авиация саласындағы уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесі;
Тармақша 23
23) іздестіру және құтқару ауданы (бұдан әрі – ІҚА) – оның шегінде ІҚО (Ж), сондай-ақ іздестіру-құтқару күштері мен құралдарының кезекшілігі қамтамасыз етілетін айқындалған көлемдегі аймақ;
Тармақша 24
24) NОТАМ – электр байланысы құралдарымен таратылатын және кез келген аэронавигациялық жабдықты, қызмет көрсету мен қағидаларды қолданысқа енгізу, олардың жай-күйі немесе өзгерісі туралы ақпаратты немесе олар туралы уақтылы ескертудің ұшуларды орындауға байланысты персонал үшін маңызды мәні бар қауіп туралы ақпаратты қамтитын хабарлама;
Тармақша 25
25) ІҚО (Ж) жүргізу орнындағы үйлестіруші – нақты бір ауданда ІҚО (Ж) үйлестіру үшін тағайындалған адам;
Тармақша 26
26) ІҚО (Ж) үйлестіруші – нақты орын алған немесе болжамды авариялық жағдайға байланысты ден қою шараларын үйлестіру үшін уақытша тағайындалған лауазымды адам;
Тармақша 27
27) ӘК үйлестіруші – ІҚО (Ж) үйлестірушіге және ІҚО (Ж) жүргізу орнындағы үйлестірушіге қолдау көрсету мақсатында бірнеше ӘК-нің ІҚО (Ж) қатысуын үйлестіретін адам немесе адамдар тобы;
Тармақша 28
28) КОСПАС-САРСАТ жүйесі – 406 МГц жиілігінде сигнал тарататын авариялық маяктарды анықтауға арналған халықаралық спутниктік іздестіру және құтқару жүйесі;
Тармақша 29
29) кезекші іздестіру-құтқару ӘК – ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша кәсіптік даярлығы және авиациялық іздестіру мен құтқаруды орындауға рұқсат берілген экипажы бар дайындалған іздестіру-құтқару ӘК;
Тармақша 30
30) теңізде құтқару үйлестіру орталығы – кемелерден апат сигналдарын қабылдауды және оларды құтқару операцияларын жүргізуге жауапты мүдделі мемлекеттік органдардың қызметтеріне беруді (қайта беруді) қамтамасыз ету үшін өз қызметін навигациялық орталық базасында жүзеге асыратын ұйым;
Тармақша 31
31) іздестіру және құтқару жөніндегі ұлттық жоспар (бұдан әрі – ІҚҰЖ) – Қазақстан Республикасында ұшуды іздестіру-құтқарумен қамтамасыз етудің ағымдағы жай-күйі мен перспективалық дамуын сипаттайтын тұжырымдамалық құжат.
Тармақ 5
5. Іздестіру және құтқару мыналарды қамтиды:
Тармақша 1
1) апатқа ұшырау жағдайындағы немесе ұшыраған ӘК туралы іздестіру-құтқару қызметінің авариялық хабардар етуі;
Тармақша 2
2) ІҚО (Ж) ұйымдастыру және жүргізу;
Тармақша 3
3) іздестіру мен құтқарудың авиациялық күштері мен құралдарын басқару.
Тармақ 6
6. Іздестіру және құтқару мақсаттары үшін іздестіруді және құтқаруды жүзеге асыру жүктелген азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның, мемлекеттік авиация саласындағы уәкілетті органның және азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның қарамағындағы органдар мен ұйымдардың басшылары ҰІҚЖ-ға сәйкес ұшуды іздестіру-құтқарумен қамтамасыз етуді ұйымдастырады.
Апат үстіндегі немесе апатқа ұшыраған ӘК-ні, сондай-ақ олардың жолаушылары мен экипаж мүшелерін тиімді іздестіру және құтқару үшін үйлестіру орталықтары мен теңіздегі құтқару үйлестіру орталығы арасындағы өзара іс-қимылды ұйымдастыруды, іс-қимылды келісуді және ынтымақтастықты қамтамасыз ету қажет.
Тармақ 6-1
6-1. ІҚҰЖ азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның және азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның бірлескен шешімімен бекітіледі.
ІҚҰЖ мыналарды қамтиды:
Тармақша 1
1) ұйымның тиімділігін арттыру үшін құрылған кез келген іздестіру және құтқару аудандарының шекараларын қоса алғанда, іздестіру және құтқару аудандарының сипаттамасы;
Тармақша 2
2) қолда бар құралдардың, персоналдың және жабдықтардың сипаттамасы;
Тармақша 3
3) ІҚО (Ж) қатыстырылған персоналды оқыту бағдарламасын, біліктілік стандарттарын және сертификаттау рәсімдерін қарау;
Тармақша 4
4) ІҚО (Ж)-ға тартылған қызметтерді қамтамасыз ететін немесе қолдайтын барлық мекемелердің рөлі мен жауапкершілігін қарастыру;
Тармақша 5
5) ІҚО (Ж) үшін жауапты тұлғалардың тікелей бақылауына жатпайтын құралдар мен қызметтерді қамтамасыз ететін құзыретті органдармен жасалған барлық келісімдердің қысқаша мазмұны;
Тармақша 6
6) көршілес іздестіру-құтқаруды үйлестіру орталықтарымен өзара көмек туралы барлық келісімдердің қысқаша мазмұны.
Тармақ 7
7. Ұшуларды іздестіру-құтқарумен қамтамасыз ету мыналарды қамтиды:
Тармақша 1
1) ӘҚҚ (ӘҚБ) органдарының іздестіру-құтқару күштері мен құралдарының кезекшілігін ұйымдастыру;
Тармақша 2
2) іздестіру-құтқару күштері мен құралдарын авариялық-құтқару мүлкімен және жарағымен жарақтандыру;
Тармақша 3
3) ӘК және ұшқыштар құрамын құтқару және тіршілікті қамтамасыз ету құралдарымен жарақтандыру.
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасының аумағындағы КОСПАС-САРСАТ халықаралық спутниктік іздестіру және құтқару жүйесімен ақпарат қабылдау орталығының қызметі.
Тармақ 8
8. ІҚО (Ж) апатқа ұшырау жағдайындағы немесе апатқа ұшыраған ӘК жолаушылары мен экипаждарын құтқару мақсатында ұйымдастырылып, жүргізіледі.
Олар мыналарды қамтиды:
Тармақша 1
1) кезекші іздестіру-құтқару күштері мен құралдарының ұшып шығуын (шығуын) ұйымдастыру;
Тармақша 2
2) іздестіру-құтқару күштері мен құралдарын басқару, олардың өзара әрекет етуін ұйымдастыру және күшейту;
Тармақша 3
3) апатқа ұшыраған ӘК-ні іздестіру;
Тармақша 4
4) ӘК ішінен зардап шеккендерді шығару және оларға алғашқы медициналық көмек көрсету;
Тармақша 5
5) адамдарды апат орнынан, соның ішінде медициналық мекемелерге эвакуациялау.
Тармақ 9
9. Іздестіру мен құтқару Қазақстан Республикасының барлық аумағында ұйымдастырылады, онда іздестіру мен құтқару аудандары белгіленеді. Іздестіру мен құтқару аудандарының шекаралары ұшу ақпаратындағы аудандармен не болмаса жергілікті диспетчерлік пункттердің не болмаса салалардың немесе іздестіру-құтқару ӘК іс-қимылдары радиустарының жауапкершілік аудандарына сәйкес келеді.
Тармақ 10
10. Қазақстан Республикасынан тысқары жерде авиация ұшуларын іздестіру-құтқарумен қамтамасыз ету Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын тиісті халықаралық шарттар негізінде жүзеге асырылады.
Тармақ 11
11. Шет мемлекеттердің ӘК ұшуын Қазақстан Республикасының аумағында іздестіру-құтқарумен қамтамасыз ету Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияға сәйкес Қазақстан Республикасының ӘК тең негізде жүзеге асырылады.
Тарау 2. 2. Барлық мемлекеттік органдардың, әуе қозғалысына қызмет көрсету, әуе қозғалысын басқару органдарының, іздестіру-құтқару командаларының, мемлекеттік органдардың авариялық-құтқару қызметтерінің, әуе кемелерін пайдаланушылар мен әуежайлардың арасында іздестіру мен құтқаруды қамтамасыз ету бойынша жауапкершілікті бөлу және іс-шараларды ұйымдастыру
2. Барлық мемлекеттік органдардың, әуе қозғалысына қызмет көрсету, әуе қозғалысын басқару органдарының, іздестіру-құтқару командаларының, мемлекеттік органдардың авариялық-құтқару қызметтерінің, әуе кемелерін пайдаланушылар мен әуежайлардың арасында іздестіру мен құтқаруды қамтамасыз ету бойынша жауапкершілікті бөлу және іс-шараларды ұйымдастыру
Тармақ 12
12. Қазақстан Республикасының аумағында ұшуды іздестіру-құтқарумен қамтамасыз етуге жалпы басшылықты Үйлестіру кеңесі жүзеге асырады.
Үйлестіру кеңесі консультациялық-кеңесші орган болып табылады және азаматтық және мемлекеттік авиация саласындағы уәкілетті органдардың, азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның бірлескен шешімімен құрылады.
Үйлестіру кеңесін азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның өкілі басқарады.
Үйлестіру кеңесінің құрамына кіретін лауазымды адамдар іздестіру мен құтқаруды үйлестірушілер болып табылады, олар іздестіру-құтқару қызметін құру және оның жұмысын қамтамасыз ету және аталған қызметтің жұмысын жоспарлауды тиісті түрде үйлестіру үшін жауапты болады.
Үйлестіру кеңесінің құрамы мен жұмыс тәртібі азаматтық және мемлекеттік авиация саласындағы уәкілетті органдардың, азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның, құрамына авиациялық бөлімшелер кіретін басқа да мемлекеттік органдардың бірлескен шешімімен айқындалады.
Тармақ 13
13. Үйлестіру кеңесі мынадай функцияларды атқарады:
Тармақша 1
1) министрліктердің, ведомстволардың, ӘК пайдаланушыларының ІҚҰЖ сәйкес авиациялық оқиғалар болған жағдайда іздестіру мен құтқаруды ұйымдастыру, апатқа ұшыраған адамдарға көмек көрсету жүйесін құру және жетілдіру жөніндегі қызметін үйлестіреді;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасы экономикасының түрлі саласындағы авариялық-құтқару қызметтерімен өзара іс-қимыл жасауды ұйымдастырады;
Тармақша 3
3) шет мемлекеттердің іздестіру-құтқару қызметтерімен бірлесіп, ІҚО (Ж) және іздестіру-эвакуациялау жұмыстарын жүргізуге арналған келісімдер мен шарттарды қарайды;
Тармақша 4
4) іздестіру, құтқару және эвакуациялаудың жаңа техникалық құралдарына тапсырыстарды әзірлеу, беру және оларды пайдалануға беру кезінде бірыңғай техникалық саясат жүргізеді, сондай-ақ іздестіру-құтқару техникасы мен жарақтарының жаңа үлгілерін сынақтан өткізуге қатысады;
Тармақша 5
5) Қазақстан Республикасы авиациясының ұшуларын іздестіру-құтқарумен қамтамасыз етуді жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды қарайды;
Тармақша 6
6) іздестіру-құтқару ӘК экипаждарын, ПДҚТ, ЖІҚК, АҚҚ персоналдарын даярлау бағдарламаларын (курстарын) қарайды;
Тармақша 7
7) іздестіру мен құтқару аудандарының, мемлекеттік, азаматтық және эксперименттік авиацияға қатыстылығына қарай іздестіру-құтқару әуе кемелерінің, күштері мен құралдарының кезекшілігін ұйымдастыру аудандарының шекараларын белгілейді.
Тармақ 14
14. ІҚО (Ж) жүргізу кезінде қызметтердің іс-қимылдарын үйлестіруді қамтамасыз ететін жедел орган – Үйлестіру орталығы болып табылады. Апатқа ұшырау жағдайындағы (апатқа ұшыраған) мемлекеттік әуе кемелерінде ІҚО (Ж) жүргізу тиімділігін арттыру үшін мемлекеттік авиацияның Қосалқы үйлестіру орталығы (бұдан әрі – мемлекеттік авиацияның ҚҮО) құрылады.
Тармақ 15
15. Үйлестіру орталығы азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның шешімімен азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға ведомстволық бағынысты аэронавигациялық қызмет көрсетушінің (бұдан әрі – АНҚ көрсетуші) базасында ұшу ақпаратының әрбір ауданында құрылады және тәулік бойы жұмыс істейді.
ІҚО (Ж) тиімділігін арттыру мақсатында азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган ведомствосының шешімімен бас Үйлестіру орталығы айқындалып осы, Қағидалардың 16-тармағында көзделген функциялар оның және басқа үйлестіру орталықтарының арасында бөлінеді.
Мемлекеттік авиацияның ҚҮО мемлекеттік авиация саласындағы уәкілетті органның шешімімен мемлекеттік авиацияның басқару пунктінің базасында құрылады.
Тармақ 16
16. Үйлестіру орталығы (не Үйлестіру орталығымен келісу бойынша мемлекеттік авиацияның ҚҮО) мынадай функцияларды орындайды:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының аумағында апатқа ұшырау жағдайындағы немесе апатқа ұшыраған ӘК туралы ақпаратты қабылдайды және бұл туралы азаматтық және мемлекеттік авиация саласындағы, азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органдарды хабардар етеді;
Тармақша 2
2) авариялық жағдай кезінде және әзірліктер тексеру кезінде кезекші іздестіру-құтқару ӘК-ні көтеруге команда береді;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының аумағында апатқа ұшырау жағдайындағы ӘК экипаждары мен жолаушыларын іздестіру мен құтқарудың бастапқы жоспарын әзірлейді;
Тармақша 4
4) ӘК-нің мемлекеттік тиістілігіне қарамастан Қазақстан Республикасының аумағында апатқа ұшыраған (апатқа ұшырау жағдайындағы) ӘК экипаждары мен жолаушыларын іздестіру және құтқару жұмыстарын үйлестіреді;
Тармақша 5
5) азаматтық авиация және азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органдар тағайындаған байланыс, іздестіру және құтқару пункттері арқылы КОСПАС-САРСАТ жүйесінен алынған апат сигналдары туралы ақпаратты қабылдайды және оны іздестіру және құтқару аудандарындағы кезекші іздестіру-құтқару күштеріне хабарлайды.
КОСПАС-САРСАТ жүйесінің байланыс, іздестіру және құтқару пункттері мен Үйлестіру орталығының өзара іс-қимылы КОСПАС-САРСАТ хатшылығы әзірлеген «G.007 құтқару үйлестіру орталықтары (RCCs), іздестіру-құтқару байланыс пункттері (SPOCs) және халықаралық теңіз ұйымының Кемелерді күзету жөніндегі құзыретті органдары үшін апат туралы хабарламалар жөніндегі нұсқаулық» құжатына сәйкес қамтамасыз етіледі. КОСПАС-САРСАТ жүйесінің байланыс, іздестіру және құтқару пунктінен үйлестіру орталығына берілетін ақпарат форматының үлгісі осы Қағидаларға 13-қосымшада келтірілген;
Тармақша 6
6) Қазақстан Республикасының аумағында ұрыс қимылдары барысында апатқа ұшыраған ӘК экипаждарын іздестіруді және құтқаруды ұйымдастырады;
Тармақша 7
7) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 12 мамырдағы № 506 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану қағидасының (бұдан әрі – Әуе кеңістігін пайдалану қағидасы) 100-тармағына сәйкес іздестіру-құтқару ӘК-нің тиісті іздестіру және құтқару ауданындағы кезекшілік жоспарына сәйкес кезекшілігін, сондай-ақ әуе кеңістігін пайдалану жоспарына осындай әуе кемелерінің ұшу жоспарларын енгізуді бақылайды;
Тармақша 8
8) азаматтық және мемлекеттік авиация саласындағы, азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органдарды олардың сұрау салуы бойынша кезекші құралдар туралы хабардар етеді;
Тармақша 9
9) тұрақты негізде қажетті байланыс орнату және оны қолдау мақсатында шекаралас мемлекеттердің үйлестіру орталықтарымен ынтымақтастықты ұйымдастырады.
Қолданыстағы халықаралық келісімдерге сәйкес басқа іздестіру және құтқару үйлестіру орталықтарынан көмек сұрайды немесе сұрау бойынша көмек көрсетеді;
Тармақша 10
10) ИКАО-ның ұшуды басқару анықтамалығындағы (OPS CTRL) апаттық сигналдарды бақылаудың (ADT) электрондық дерекқорындағы жедел байланыс деректерін және ақпаратты бақылауды жаңартады;
Тармақша 11
11) апатқа ұшырау жағдайындағы әуе кемесінің (LADR) орналасқан жері туралы деректер қоймасына кіру үшін жазылымды ресімдейді және жаңартады.
Тармақ 17
17. Үйлестіру орталығының:
Тармақша 1
1) радиотелефон байланысында қолданылатын ағылшын тілін білетін оқытылған авиация персоналы;
Тармақша 2
2) тәулік бойғы жұмыс режимі;
Тармақша 3
3) іздестіру және құтқару ауданына қатысты карталары;
Тармақша 4
4) бағыттарды межелеу және орналасқан жерін белгілеу құралдары;
Тармақша 5
5) барлық ӘК пайдаланушыларының және олардың Қазақстан Республикасының аумағында ұшуды орындайтын ресми өкілдерінің телеграфтық AFTN мекенжайлары мен телефон нөмірлері;
Тармақша 6
6) іздестіру мен құтқарудың әрбір ауданы үшін ІҚО (Ж) жүргізуді ұйымдастыру жоспарлары;
Тармақша 7
7) радиоарналарда және тыңдалатын жиіліктерде кезекшілікті жүзеге асыратын қызметтердің орналасқан орны мен жұмыс сағаттарына қатысты мәліметтерді қоса алғанда, әуе қозғалысына қызмет көрсету органдарының телефон және телеграфтық мекенжайлары;
Тармақша 8
8) шекаралас мемлекеттердің үйлестіру орталықтарының телефон және телеграфтық мекенжайлары;
Тармақша 9
9) ӘК-ден түсірілетін авариялық-құтқару жарақтарының қоры сақталатын орындар туралы мәліметтер;
Тармақша 10
10) бұрын орын алған авиациялық оқиғалардың немесе ауадан байқылаған кезде табылмаған немесе белгісіз әуе кемесінің сынықтары ретінде қате қабылдану ықтималдығы белгілі объектілердің координаттары туралы мәліметтер;
Тармақша 11
11) 406 МГц (IBRD) жиілікте жұмыс істейтін радиомаяктарды тіркеудің халықаралық дерекқорында радиомаяктарды тіркеу деректеріне қолжетімділігі бар.
Тармақ 18
18. Үйлестіру орталығы:
Тармақша 1
1) ӘҚҚ органдарымен, мемлекеттік авиацияның ҚҮО-мен, іздестіру және құтқару аудандарында радиопеленгаторлық және радиолокациялық станциялары бар ұйымдармен (мұндайлар болған жағдайда);
Тармақша 2
2) іздестіру және құтқару аудандарындағы ІҚО (Ж) жедел штабтарымен;
Тармақша 3
3) азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органмен;
Тармақша 4
4) азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық құрылымдық бөлімшелерімен немесе Бірыңғай кезекші диспетчерлік қызметпен (бұдан әрі – БКДҚ-112) және іздестіру-құтқару командаларымен;
Тармақша 5
5) КОСПАС-САРСАТ халықаралық спутниктік іздестіру және құтқару жүйесінің байланыс, іздестіру және құтқару пунктімен;
Тармақша 6
6) мемлекеттік авиацияның басқару пункттерімен;
Тармақша 7
7) әуеайлақтық метеорологиялық органдармен;
Тармақша 8
8) Үйлестіру кеңесінің тұрақты құрамына кіретін мемлекеттік органдардың өкілдерімен;
Тармақша 9
9) су үсті кемелерімен байланыс жүргізетін теңіз портын басқару пункттерімен жедел және тұрақты екі жақты байланыс құралдарымен жарақталады.
Байланыс құралдары таратылатын хабарламаларды кейін талдау үшін дыбыс жазу аппаратурасымен қамтамасыз етіледі.
Тармақ 19
19. Үйлестіру орталығы, мемлекеттік авиацияның ҚҮО өз қызметінде Қазақстан Республикасының авиация саласындағы қолданыстағы заңнамасын, халықаралық азаматтық авиация туралы Конвенцияның стандарттары мен ұсынымдарын, халықаралық авиациялық және теңіздегі іздестіру және құтқару жөніндегі нұсқаулықты (бұдан әрі – ХАТІҚН), азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органмен және мемлекеттік авиация саласындағы уәкілетті органмен келісілген ережелерді басшылыққа алады.
Үйлестіру орталығының мамандары өз жұмысында азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органмен келісілген лауазымдық нұсқаулықтарды басшылыққа алады.
ІҚО (Ж) өткізу кезеңінде үйлестіру орталығының мамандарына үйлестіру орталығының шешілетін міндеттеріне тікелей қатысы жоқ функционалдық міндеттер жүктелмейді. Үйлестіру орталығы мамандарының лауазымдарына АНҚ көрсетуші белгілеген біліктілік талаптары азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органмен келісіледі.
Тармақ 20
20. Үйлестіру орталығы басшылығының шешімімен әрбір ІҚО (Ж)-ға:
Тармақша 1
1) Үйлестіру орталығының немесе оған бағынысты органның не мемлекеттік авиацияның ҚҮО-ның құрамына кіретін персонал арасынан ІҚО (Ж) үйлестірушісі;
Тармақша 2
2) тиісті құрылымдық бөлімшемен келісу бойынша жедел штаб құрамына енгізілетін бірнеше іздестіру-құтқару ӘК пайдалануды үйлестіруді жүзеге асыратын ӘК үйлестірушісі (АНҚ көрсетушінің мамандары арасынан немесе іздестіру және құтқару ауданындағы мемлекеттік авиация өкілінен) тағайындалады.
Жедел штаб құрамына енгізілген АНҚ көрсетушінің маманы өз функцияларын әуе қозғалысына қызмет көрсету маманының жұмыс орнынан (немесе байланыс құралдарымен жабдықталған орындардан) орындайды.
Жедел штаб құрамына енгізілген мемлекеттік авиация өкілі өз функцияларын жедел штаб басшысымен келісілген жерде орындайды.
Тармақ 21
21. ІҚО үйлестірушісінің міндеттері:
Тармақша 1
1) авариялық жағдайға қатысты деректерді алу және жинау;
Тармақша 2
2) нақты бір авариялық жағдайға қарай ІҚО (Ж)-ның бастапқы жоспарын әзірлеу;
Тармақша 3
3) ІҚО (Ж) жүру барысына талдау жасау;
Тармақша 4
4) қосымша іздестіру-құтқару күштері мен құралдарын тарту мақсатында мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау;
Тармақша 5
5) азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган, мемлекеттік авиацияның ҚҮО, сондай-ақ шекаралас мемлекеттердің Үйлестіру орталықтарымен іс-қимылдарды үйлестіру;
Тармақша 6
6) ІҚО (Ж)-ға қатысты ақпаратты нақты және тұрақты түрде жаңартылған жазбасын хронологиялық тәртіппен жүргізу;
Тармақша 7
7) авариялық кезеңді жариялау/жабу;
Тармақша 8
8) функциясына авиациялық оқиғалар мен инциденттерді тексеру кіретін уәкілетті мемлекеттік органдарды хабардар ету;
Тармақша 9
9) ІҚО (Ж) жүргізу барысы туралы қорытынды есеп беруді дайындау болып табылады.
Тармақ 22
22. ӘК үйлестірушісінің міндеттері:
Тармақша 1
1) ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету:
ӘҚҚ органдарымен өзара іс-қимыл жасап, ӘК қауіпсіз эшелонда ұстау;
ІҚО (Ж) үйлестірушісін ІҚО (Ж) жүргізу орнындағы метеожағдай туралы хабардар ету;
ӘК-нің аймаққа кіру және одан шығу нүктесін, сондай-ақ ұшудың абсолюттік биіктіктерін белгілеу;
іздестіру-құтқару ӘК-ге жіберілетін және олардан келетін радиохабарламаларды фильтрлеу;
ІҚО (Ж) кезінде бөлінген радиожиіліктерді қолдануды үйлестіру;
ӘҚҚ-ның шектес органдарымен іс-қимылдарды үйлестіру;
Тармақша 2
2) міндеттердің бірінші кезектілігін айқындау және оларды бөлу:
іздестіру-құтқару ӘК экипаждарының ІҚО (Ж)-ны орындаудың жалпы жоспары туралы хабардар болуын қамтамасыз ету;
іздестіру және құтқару ауданын қамтуды бақылау және тиісті деректер ұсыну;
іздестіру-құтқару ӘК-нің экипаждарына ІҚО (Ж) жүргізілетін жерде үйлестіруші қойған міндеттерді орындау жөнінде нұсқау беру;
Тармақша 3
3) іздестіру ауданын қамтуды үйлестіру:
ІҚО (Ж) шарттарының өзгеруіне ден қою және іздестірудің тиімділігін бақылау;
ІҚО (Ж) жүргізілетін жердегі үйлестірушіге іздестіру-құтқару ӘК-нің үнемі даярлығын қамтамасыз ету жөнінде ұсынымдар беру;
Тармақша 4
4) Үйлестіру орталығына жиынтық ақпарат беру;
Тармақша 5
5) ІҚО (Ж) басшысымен тұрақты өзара іс-қимыл жасау, оған іздестіру-құтқару ӘК пайдалану бойынша әдістемелік көмек көрсету болып табылады.
Тармақ 23
23. ІҚО (Ж) жүргізілетін жердегі үйлестіруші операция жүргізілетін жерде ІҚО (Ж) жалпы басшылықты жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен Қазақстан Республикасының аса маңызды ұшуларын ұйымдастыру және қамтамасыз ету қағидаларында көзделген ерекшеліктерді ескере отырып, «Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тағайындалған жедел штабтың бастығы ІҚО (Ж) жүргізілетін жердегі үйлестіруші болып табылады.
ІҚО (Ж) жүргізілетін жердегі үйлестірушінің міндеттері:
Тармақша 1
1) ІҚО (Ж) жүргізілетін жердегі бөлінген күштер мен құралдарды басқару;
Тармақша 2
2) Үйлестіру орталығымен, азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органмен ІҚО (Ж) жүргізудің бастапқы жоспарын іске асыру бойынша өзара іс-қимыл жасау, кейіннен оны әзірлеу және нақтылау;
Тармақша 3
3) ІҚО (Ж) жүргізілетін жердегі байланыс орнату әдістерін айқындау;
Тармақша 4
4) іздестіру-құтқару күштері мен құралдарының іс-қимылын бақылау;
Тармақша 5
5) ІҚО (Ж) жүргізудің қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
Тармақша 6
6) Үйлестіру орталығына, азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органға күн сайын ІҚО (Ж) жүргізу нәтижелері туралы есеп беру;
Тармақша 7
7) ІҚО (Ж) жүргізудің барлық жағдайларын (іздестіру-құтқару күштері мен құралдарының ІҚО (Ж) жүргізілетін жерге келу және осы ауданнан кету уақыты, тексерілген аудандар, іздестіру кезінде қолданылған жол желілері арасындағы аралық, табылған заттар мен белгілер, жасалған әрекет, алынған нәтижелер) тіркеу;
Тармақша 8
8) ІҚО (Ж) үйлестірушісіне және азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органға, тартылған күштер мен құралдардың басшыларына бұдан әрі қажет болмайтын күштер мен құралдарды босату жөнінде ұсынымдар беру;
Тармақша 9
9) Үйлестіру орталығына, азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органға тірі қалған адамдар саны мен олардың тегі туралы ақпарат беру;
Тармақша 10
10) Үйлестіру орталығынан, азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органнан қосымша талап етілетін көмек сұрау болып табылады.
Тармақ 24
24. Іздестіру мен құтқарудың әрбір ауданында кезекші іздестіру-құтқару ӘК тағайындалады. Кезекші іздестіру-құтқару ӘК жауапкершілік аудандарын бөлу азаматтық, мемлекеттік және эксперименттік авиациядағы іздестіру-құтқару ӘК-нің қолда бар құрамына сүйене отырып, сондай-ақ іздестіру-құтқару ӘК-нің іс-қимылдары радиусымен әуе трассаларының, авиациялық жұмыстар жүзеге асырылатын аудандардың бағыттарын қамту шартымен Үйлестіру орталығының шешімімен жүзеге асырылады.
Кезекші іздестіру-құтқару ӘК-ні орналастыру олардың осы Қағидалардың 41-1-тармағында белгіленген мерзімдерде ұшуға әзірлігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін әуеайлақтарда не қону алаңдарында жүзеге асырылады.
Тармақ 25
25. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган Үйлестіру кеңесінің шешімін азаматтық авиация қарамағына жатқызылған іздестіру-құтқару ӘК кезекшілігін ұйымдастыру үшін АНҚ көрсетушіге жібереді.
АНҚ көрсетуші Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ӘК пайдаланушылармен Үйлестіру орталығының шешіміне сәйкес азаматтық авиацияның қарамағына жатқызылған іздестіру және құтқару аудандарындағы іздестіру-құтқару ӘК кезекшілігіне арналған шарт жасайды.
Іздестіру-құтқару ӘК-нің кезекшілігі мыналарды:
Тармақша 1
1) іздестіру-құтқару ӘК кезекші экипажының кезекшілік кезеңінде белгіленген мерзімде қызметтік міндеттерін (кәсіби қызметін) орындауға үнемі әзір болуы;
Тармақша 2
2) іздестіру-құтқару ӘК-нің белгіленген мерзімдерде ұшуға үнемі әзір болуын;
Тармақша 3
3) кезекші экипажды іздестіру және құтқару ауданына ұшу үшін іздестіру-құтқару ӘК-нің орналасқан жеріне жеткізуді қамтамасыз етуді қамтиды.
Азаматтық іздестіру-құтқару ӘК кезекшілігінің құнына жағдайды нақтылау үшін ІҚО (Ж) жүргізу кезінде үйлестіру орталығының шешімі бойынша іздестіру-құтқару ӘК кезекшісінің ұшуы, ІҚО (Ж) даярлау және орындау деңгейін ұстап тұру мақсатында жаттығу ұшулары және ұшуларды іздестіру-құтқарумен қамтамасыз ету бойынша оқу-жаттығулар жүргізу қосымша қосылады.
Аэронавигациялық қызмет көрсету ұйымдарымен іздестіру-құтқару ӘК-нің іздестіру және құтқару аудандарында кезекшілікке арналған шарт жасасқан іздестіру-құтқару АНҚ көрсетуші экипаждың және ӘК-нің белгіленген мерзімде ұшып шығуға үнемі әзір болуын қамтамасыз етеді және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шарт талаптарының орындамағаны үшін жауапты болады.
Тармақ 26
26. Үйлестіру кеңесінің кезекші іздестіру-құтқару ӘК-нің жауапкершілік аудандарын белгілеу жөніндегі шешімінде мыналар көрсетіледі:
Тармақша 1
1) іздестіру-құтқару ӘК-нің іздестіру және құтқару ауданындағы әрекетінің радиусі, ӘК-нің ұшу-техникалық сипаттамаларына қойылатын талаптар;
Тармақша 2
2) іздестіру және құтқару аудандарының шекаралары;
Тармақша 3
3) іздестіру-құтқару ӘК кезекшілігінің белгіленген мерзімдері (тәулік бойы немесе регламент бойынша, күнтізбелік кезең);
Тармақша 4
4) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган және азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган белгілеген АҚҚ және ЖІҚК тарта отырып, Қазақстан Республикасының аумағында ұшуды іздестіру-құтқарумен қамтамасыз ету жөніндегі ұшу құрамы үшін жаттығу ұшуларының үлгілік бағдарламасына сәйкес іздестіру және құтқару ауданында кезекші іздестіру-құтқару ӘК-нің жаттығу ұшулары;
Тармақша 5
5) іздестіру-құтқару ӘК-нің жабдықталмаған қону алаңдарына қону қажеттігі туралы талаптар;
Тармақша 6
6) экипаждың ІҚО (Ж)-ға қажетті рұқсатының болуы туралы мәліметтер;
Тармақша 7
7) осы Қағидалардың 41-1-тармағында айқындалатын әзірлік дәрежесі;
Тармақша 8
8) іздестіру және құтқару ауданының ерекше жағдайларына сүйене отырып, кезекші іздестіру-құтқару ӘК-ге қойылатын қосымша талаптар.
Тармақ 27
27. ӘК-нің барлық түрлерін іздестіру-құтқару мүлкімен, жарағымен жарақтандыруды, сондай-ақ іздестіру экипаждарын дайындауды иелігінде немесе меншігінде ӘК бар министрліктер мен ведомстволар, авиакомпаниялар (ӘК пайдаланушылар) жүзеге асырады.
Тармақ 28
28. Азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган ІҚО (Ж) үшін кәсіби авариялық-құтқару қызметтерінің күштері мен құралдарын бөледі. Авариялық-құтқару қызметтері персоналы қатысу рөліне байланысты АҚҚ және (немесе) ЖІҚК мәртебесіне ие болады. Кәсіби авариялық-құтқару қызметтерінің және құралымдарының ІҚО (Ж) үшін тартылған персоналының саны әрбір іздестіру және құтқару ауданы үшін ІҚО (Ж) жүргізуді ұйымдастыру жоспарында айқындалады.
Тармақ 29
29. Мемлекеттік авиация саласындағы уәкілетті орган Үйлестіру кеңесінің шешіміне сәйкес азаматтық авиацияның қарамағына жатқызылған іздестіру және құтқару аудандарына парашюттік қызметтің кезекші нұсқаушылары, құтқарушылар, медициналық және инженерлік-техникалық жұмыскерлер құрамынан құралатын ПДҚТ-ға мамандар бөледі. ПДҚТ-ға тарту тәртібі ІҚО (Ж) ұйымдастыру жоспарында айқындалады.
Тармақ 29-1
29-1. Азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган Үйлестіру кеңесінің шешіміне сәйкес азаматтық авиацияның қарамағына жатқызылған іздестіру және құтқару аудандарына АҚҚ мамандарын бөледі. АҚҚ тарту тәртібі ІҚО (Ж) ұйымдастыру жоспарларымен айқындалады.
Тармақ 30
30. Теңіздердің акваториялары мен ішкі су айдындарында апатқа ұшыраған ӘК-нің экипаждары мен жолаушыларын іздестіру мен құтқаруды қамтамасыз ету үшін ІҚО (Ж) ұйымдастыру жоспарларына сәйкес теңіз және өзен кемелері тартылады.
Тармақ 31
31. КОСПАС-САРСАТ жүйесінен апат туралы ақпарат қабылдау үшін азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган мен азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның бірлескен шешімімен іздестірудің және құтқару бойынша тәулік бойы жұмыс істейтін байланыс пункттері тағайындалады (КОСПАС-САРСАТ жүйесінен ақпарат қабылдау үшін іздестіру және құтқарудың түйісу нүктелері).
Тармақ 32
32. Авиациялық ІҚО (Ж) ұйымдастыру және жүзеге асыру кезінде бастапқы кезеңде, мүмкіндігінше іздестіру және құтқару ауданындағы ӘК экипажы тартылады.
Тармақ 33
33. ІҚО (Ж) ұйымдастыру және жүргізу кезіндегі ӘҚҚ органдарының негізгі міндеттері:
Тармақша 1
1) әуе кемесіндегі апат кезеңі туралы ақпаратты өзара әрекет етуші ӘҚҚ пункттерінен және Үйлестіру орталығынан қабылдау және оларға тарату;
Тармақша 2
2) іздестіру-құтқару ӘК-нің бірінші кезекте ұшып шығуын қамтамасыз ету;
Тармақша 3
3) өздерінің іздестіру және құтқару аудандарында әуе қозғалысына қызмет көрсету;
Тармақша 4
4) апат ауданындағы іздестіру-құтқару ӘК-нің ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
Тармақша 5
5) ІҚО (Ж) жүргізу ауданында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 12 мамырдағы № 506 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану қағидасына (бұдан әрі – Әуе кеңістігін пайдалану қағидасы) сәйкес ӘҚБ органы арқылы әуе кеңістігін пайдаланудың тиісті режимдері мен шектеулерін қамтамасыз ету болып табылады.
Тармақ 34
34. Әуежайларды (әуеайлақтарды) пайдаланушылар ІҚО (Ж) жүргізуде кез келген мүмкін болатын көмекті көрсетеді.
Әуежайлардың (әуеайлақтардың) персоналына және қажетті жабдықтармен жарақтандыруға қойылатын талаптар Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 325 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының әуежайларында ұшуды авариялық-құтқарумен қамтамасыз ету қағидаларында (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12216 болып тіркелген) және Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 6 маусымдағы № 329 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15323 болып тіркелген) бұйрығымен бекітілген Азаматтық авиацияда жолаушыларға медициналық көмек көрсету қағидаларында айқындалады.
Тармақ 35
35. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалар мен астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, ұйымдар ӘК-ні іздестіру мен құтқаруды жүргізу кезінде қолдан келетін кез келген көмекті көрсетеді және іздестіру-құтқару күштері мен құралдары келгенге дейін адамдарды құтқару, оларға медициналық және басқа да көмек көрсету, сондай-ақ ӘК мен оның бортындағы құжаттаманы, жабдықтар мен мүлікті қорғау бойынша қажетті шаралар қабылдайды.
Тармақ 36
36. ӘК жолаушыларын, экипаждарының мүшелерін апат орнынан эвакуациялау апатқа ұшыраған әуе кемесін пайдаланушының күшімен және құралдарымен немесе шығыстарды кейіннен пайдаланушы өтеп беретін өзге де күштермен және құралдармен жүзеге асырылады.
Тармақ 37
37. Апатқа ұшырау жағдайындағы немесе апатқа ұшыраған ӘК-ге қажетті көмек көрсету үшін:
Тармақша 1
1) басқа мемлекеттердің іздестіру-құтқару күштері мен құралдарына;
Тармақша 2
2) осы ӘК-нің иесі мен пайдаланушысына;
Тармақша 3
3) апатқа ұшырау жағдайындағы немесе апатқа ұшыраған ӘК тіркелген мемлекет билігіне Қазақстан Республикасының аумағына кіруге рұқсат беріледі.
Шетелдік іздестіру-құтқару ӘК-ге рұқсат беру тәртібі Әуе кеңістігін пайдалану қағидаларында белгіленеді.
Шет мемлекеттердің ЖІҚК рұқсат беру тәртібі Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзге тәртіп белгіленбесе, Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалады.
Тарау 3. 3. Дайындық іс-шаралары
3. Дайындық іс-шаралары
Тармақ 1
Тармақ 38
38. Әрбір іздестіру және құтқару ауданына осы Қағидаларға 2-қосымшада қамтылған іздестіру және құтқару ауданында (саласында) ІҚО (Ж) ұйымдастырудың және жүргізудің үлгілік жоспары негізінде іздестіру-құтқару операцияларын (жұмыстарын) жүргізуді ұйымдастыру жоспары (бұдан әрі – ІҚО (Ж) ұйымдастыру жоспары) әзірленеді.
Әзірленген ІҚО (Ж) ұйымдастыру жоспарларын Үйлестіру кеңесінің басшысы және Үйлестіру кеңесінің құрамына кіретін азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның және мемлекеттік авиация саласындағы уәкілетті органның өкілдері бекітеді.
Үйлестіру орталығы мемлекеттік авиацияның ҚҮО-мен бірлесіп, ІҚО (Ж) ұйымдастыру жоспарларын әзірлеу бойынша жұмыстарды жүзеге асырады.
Ұшуды іздестіру-құтқарумен қамтамасыз етудің қолданыстағы жоспарлары туралы ақпаратқа қолжетімділікті жоғарылату мақсатында ІҚО (Ж) ұйымдастыру жоспарлары АНҚ көрсетушінің интернет-ресурсында орналастырылады.
Тармақ 39
39. ІҚО (Ж) ұйымдастыру жоспарларын азаматтық және мемлекеттік авиация саласындағы және азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органдардың, басқа да мүдделі мемлекеттік органдардың, пайдаланушылар мен басқа да ұйымдардың өкілдері бірлесіп әзірлейді.
Жоспарлар ІҚО (Ж) үшін тағайындалған қолда бар күштер мен құралдардың мүмкіндігін ескеріп әзірленеді.
ІҚО (Ж) ұйымдастыру жоспарлары жауапкершілік аудандарын бөлу тұрғысынан, әуежай басшылары бекіткен әуежайларда авариялық-құтқару жұмыстарын ұйымдастыру және өткізу жөніндегі нұсқаулықтармен үйлестіріледі.
Тармақ 2
Тармақ 40
40. Қазақстан Республикасының аумағында ұшуды іздестіру-құтқарумен қамтамасыз ету үшін мынадай кезекшіліктер ұйымдастырылады:
Тармақша 1
1) іздестіру-құтқару ӘК мен экипаждардың;
Тармақша 2
2) апат сигналдарын уақтылы қабылдау және тарату үшін ӘҚҚ (ӘҚБ) органдарының;
Тармақша 3
3) ЖІҚК, авариялық-құтқару жасағы, құтқару жасағы, ПДҚТ және басқаларының;
Тармақша 4
4) Үйлестіру орталығының және мемлекеттік авиацияның ҚҮО кезекші ауысымының;
Тармақша 5
5) "КОСПАС-САРСАТ" халықаралық спутниктік жүйесінен ақпарат қабылдау пунктілерінің кезекші ауысымдарының кезекшілігі.
Тармақ 41
41. Азаматтық авиацияда іздестіру-құтқару ӘК кезекшілігі аэронавигациялық ұйымның азаматтық ӘК пайдаланушыларымен жасаған шарттарының негізінде жүзеге асырылады.
Мемлекеттік авиацияның кезекші іздестіру-құтқару ӘК бөлу тәртібін мемлекеттік авиация саласындағы уәкілетті орган айқындайды.
Басқа іздестіру-құтқару күштері мен құралдарын бөлу және олардың әзірлігін қамтамасыз ету тәртібі қарамағында осындай күштер мен құралдар бар уәкілетті орган басшысының шешімімен айқындалады.
Тармақ 41-1
41-1. Кезекші іздестіру-құтқару күштері мен құралдарына әзірліктің үш дәрежесі белгіленеді:
Тармақша 1
1) № 1 әзірлік:
іздестіру-құтқару ӘК дереу ұшып шығуға әзір, қозғалтқыштар сыналған, электрмен қоректендірудің жерүсті көздері қосылған, авариялық-құтқару мүлкі әуе кемесінің бортында және дереу пайдалануға әзір;
ұшу құрамы, АҚҚ немесе ПДҚТ (бар болса) әуе кемесінің ішінде, ал техникалық құрам – әуе кемесінің жанында;
экипаждардың міндеті белгіленген және қажет болғанда ұшу кезінде радио бойынша немесе спутниктік электр байланысы арқылы нақтыланады, экипаж командирі ұшуды басқару пунктімен радиобайланыста болады;
ЖІҚК тапсырмаларды орындау үшін дереу шығуға әзір тұрады;
тікұшақтың ұшып шығуы және ЖІҚК шығуы 10 минуттан кешіктірілмейді;
ұшақтың ұшып шығуы команда берілгеннен кейін 15 минуттан соң;
Тармақша 2
2) № 2 әзірлік:
іздестіру-құтқару ӘК ұшып шығуға әзір, қозғалтқыштар сыналған, авариялық-құтқару мүлкі ӘК бортында және пайдалануға әзір;
ұшу құрамы және техникалық құрам, АҚҚ немесе ПДҚТ (бар болса) ӘК-ге жақын арнайы бөлінген жерде;
экипаждарға ұшып шығуды ұйымдастыру және іздестіру тәсілі бойынша нұсқаулар берілді;
іздестіру бойынша тапсырма ұшар алдында және қажет болғанда ұшу кезінде нақтыланады;
ЖІҚК жеке құрамы бөлімше басшысы белгілейтін жерде болады, ПД ЖІҚК ҚТ мүлкі мен керек-жарақтары салынды және тапсырмаларды орындауға шығуға дайындалған көлік құралына тиелген, көлік құралдарының орналасқан орны әуеайлақ ауданында ұшуды жүргізу жөніндегі нұсқаулықта көрсетілген;
тікұшақтың ұшуы және ЖІҚК шығуы команда берілгеннен кейін 20 минуттан кешіктірілмейді;
ұшақтың ұшып шығуы команда берілгеннен кейін 30 минуттан кешіктірілмейді;
Тармақша 3
3) № 3 әзірлік:
іздестіру-құтқару ӘК, автомобильдер және тағы басқа іздестіру-құтқару құралдары пайдалануға әзір және белгіленген жерлерде (әуеайлақтарда, тұрақтарда немесе гараждарда) тұрады;
АҚҚ немесе ПДҚТ және ЖІҚК ұшу, техникалық және жеке құрамы сабақтарда, жұмыста және демалыста болады;
мемлекеттік авиацияның іздестіру-құтқару ӘК ұшып шығуы, ЖІҚК шығуы жазда 30 минуттан, қыста 45 минуттан кешіктірілмейді; Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Авиация қызметінің іздестіру-құтқару ӘК-нің № 3 әзірліктен ұшып шығуы үшін қажетті уақыт аралығы жазда 2 сағат 30 минутты және қыста 3 сағатты құрайды.
Азаматтық авиация экипаждары үшін № 3 әзірліктен ұшып шығу уақыты команда берілген соң жазда 1 сағаттан және қыста 1 сағат 30 минуттан кешіктірілмейді.
Ескертпелер:
Тармақ 1
1. Мемлекеттік авиация экипаждары үшін:
Тармақша 1
1) № 3 әзірліктен № 2 әзірлікке өту уақыты – 10 минут (тынығу, жұмыстан тыс уақыт жағдайынан – 2 сағат 10 минут);
Тармақша 2
2) № 3 әзірліктен № 1 әзірлікке өту уақыты – 20 минут (тынығу, жұмыстан тыс уақыт жағдайынан – 2 сағат 20 минут);
Тармақша 3
3) № 2 әзірліктен № 1 әзірлікке өту уақыты – 10 минут.
Тармақ 2
2. Азаматтық авиация экипаждары үшін № 3 әзірліктен № 1 және № 2 әзірлікке өту уақыты жазда 1 сағаттан, қыста 1 сағат 30 минуттан кешіктірілмейді.
Тармақ 3
3. Іздестіру-құтқару ӘК экипаждарының:
№ 1 әзірлікте болу уақыты 2 сағаттан аспайды;
№ 2 әзірлікте болу уақыты тәулік бойы (2 тәуліктен аспайды);
кейіннен № 3 әзірлікке ауысып, кезекшілік атқарғанда ұшу кезінде ғана № 2 әзірлікте болу уақыты – 7 тәулік (мемлекеттік авиация экипаждары үшін);
мемлекеттік авиация экипаждары мен азаматтық авиация экипаждары үшін № 3 әзірлікте (тұрақты орналасу орындарынан тыс) болу уақыты 15 тәуліктен аспайды.
Тармақ 42
42. Үйлестіру орталығы мемлекеттік авиацияның ҚҮО-мен бірлесіп іздестіру-құтқару ӘК-нің кезекшілікті ІҚО (Ж) ұйымдастыру жоспарларына сәйкес атқаруын күн сайын бақылауды жүзеге асырады.
АНҚ көрсетушімен шарт жасасқан кезекші іздестіру-құтқару ӘК-ні пайдаланушылар күн сайын Үйлестіру орталығына белгіленген уақытта кезекшілікке шыққан іздестіру-құтқару ӘК экипаждары туралы осы Қағидалардың 46-тармағына сәйкес іздестіру-құтқару ӘК-нің жауапкершілік ауданын жабу мүмкіндігімен ұшуды орындауға әзір екені туралы мәліметті баяндайды.
Тармақ 43
43. Іздестіру-құтқару экипажы кезекшілікке шығар алдында ӘК тиесілі авиакомпанияның (пайдаланушының) ұшу қызметінің басшысы (немесе оның орынбасары) (мемлекеттік авиацияда – тікелей бастық немесе оның орынбасары не құрылымдық бөлімшенің командирі) нұсқау береді. Нұсқау барысында іздестіру-құтқару экипажы:
Тармақша 1
1) кезекшілікке тапсырма алады;
Тармақша 2
2) ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша нақты шараларды белгілейді;
Тармақша 3
3) іздестіру және құтқару ауданының шекараларын, кезекшілік уақытына арналған ұшу жоспарын нақтылайды.
Іздестіру-құтқару ӘК экипажы авиакомпанияның (пайдаланушының) тұрақты орналасу орнынан (мемлекеттік авиацияда – тұрақты орналасу пунктінен) тыс жерде болған жағдайда, нұсқауды байланыс құралдарын пайдалана отырып беруге рұқсат беріледі.
Тармақ 44
44. Кезекшілікке түсер алдында іздестіру-құтқару экипажы:
Тармақша 1
1) іздестіру-құтқару ӘК кезекші экипажының нұсқаулығын зерделейді;
Тармақша 2
2) нормативтік құқықтық актілердің іздестіру және құтқару жөніндегі талаптарын зерделейді;
Тармақша 3
3) іздестіру-құтқару ӘК-нің ұшар алдындағы дайындығын өткізеді;
Тармақша 4
4) іздестіру-құтқару ӘК-нің бортындағы авариялық-құтқару мүлкі мен жарақтарының бар болуын және олардың жай-күйін тексереді;
Тармақша 5
5) ауа райының іс жүзіндегі жай-күйін және болжамын зерделейді;
Тармақша 6
6) байланыс арналарының жарамдылығын тексереді.
Тармақ 45
45. Іздестіру-құтқару экипаждарының кезекшілік атқаруға әзірлігін бақылауды ӘК пайдаланушының ұшу қызметінің басшысы не оның орынбасары (мемлекеттік авиацияда – тікелей бастық не оның орынбасары) жүзеге асырады.
Тармақ 46
46. Кезекшілікке бөлінген іздестіру-құтқару ӘК-ні апатқа ұшырау жағдайындағы немесе апатқа ұшыраған ӘК жолаушылары мен экипаждарын іздестіру мен құтқару мақсаттарынан басқа жауапкершілік ауданын іргелес іздестіру және құтқару аудандарының кезекші іздестіру-құтқару әуе кемелерінің қорғауында болу шартымен ұшу жоспарында осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес HUM, HOSP, MEDEVAC, SAR, FFR, 04, 02 шартты белгілері, «ОК» және «ПК» литерлері бар мақсаттарға сәйкес келетін ұшу мақсаттары мен литерлерінің атауы көрсетілген кезде ұшуларды орындау үшін пайдалануға жол беріледі.
Тармақ 47
47. Авиациялық іздестіру және құтқару күштері мен құралдарының құрамына кіретін ПДҚТ түрлі климаттық географиялық жағдайларда күндіз де, түнде де парашютпен секіруге әзір болуы тиіс.
Тармақ 47-1
47-1. Авиациялық күштер мен іздестіру және құтқару құралдарының құрамына кіретін АҚҚ Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 16 наурыздағы № 235 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10772 болып тіркелген) авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарының құтқарушыларын даярлау бағдарламаларына сәйкес даярлануға тиіс.
Тармақ 48
48. Мемлекеттік авиацияның ЖІҚК басшысы бұйрықпен тағайындалады, ол ауысымға түсер алдында:
Тармақша 1
1) команданың жеке құраммен жасақталғанын;
Тармақша 2
2) топ құрамының ІҚО (Ж) жүргізу кезіндегі өз міндеттерін білуін, сондай-ақ ІҚО (Ж) ұйымдастыру жоспарларын білуін;
Тармақша 3
3) қажетті жеке жарақпен жабдықталғандығын және олардың барын;
Тармақша 4
4) көлік құралдарының даярлығын және автомобиль жолдары схемасының бар болуын;
Тармақша 5
5) байланыс құралдарының жарамдылығын;
Тармақша 6
6) авариялық-құтқару мүлкінің бар болуын және олардың жай-күйін тексереді.
Тармақ 3
Тармақ 49
49. Азаматтық авиацияның іздестіру-құтқару экипаждарының құрамына Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясында ұшу жұмыстарын ұйымдастыру қағидаларына сәйкес жерүсті және ұшу даярлығынан өткен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 307 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10809 болып тіркелген) және Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 25 маусымдағы № 390 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7102 болып тіркелген) азаматтық және эксперименттік авиацияның ұшуға дайындығы қағидаларына сәйкес арнайы рұқсаты бар ұшу құрамы тағайындалады.
Мемлекеттік авиацияның іздестіру-құтқару экипаждарының құрамына әскер түрлерінің жауынгерлік даярлық курсына сәйкес алған арнайы рұқсаты бар ұшу құрамы кіреді.
Тармақ 50
50. Іздестіру-құтқару ӘК осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес құтқару мүлкімен және жарағымен жарақталады.
Тармақ 4. 4-параграф. ЖІҚК, ПДҚТ және АҚҚ қажетті жабдықпен және байланыс құралдарымен жарақталуына қойылатын талаптар
4-параграф. ЖІҚК, ПДҚТ және АҚҚ қажетті жабдықпен және байланыс құралдарымен жарақталуына қойылатын талаптар
Тармақ 51
51. ПДҚТ осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес техникалық құралдармен жарақталады.
Тармақ 52
52. ЖІҚК осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес техникалық құралдармен жарақталады.
Тармақ 52-1
52-1. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2021 жылғы 6 қыркүйектегі № 429 бұйрығымен бекітілген кәсіби авариялық-құтқару қызметтерін жарақтандыру және кинологиялық қызметтерді қамтамасыз ету нормаларына сәйкес техникалық құралдармен АҚҚ жарақтандырылады.
Тармақ 53
53. ПДҚТ, ЖІҚК мен АҚҚ жарақтандыру бюджет қаражаты, ұйымдардың қаражаты, азаматтардың ерікті жарналары, қорлар мен қоғамдық бірлестіктер, азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органға және мемлекеттік авиация саласындағы уәкілетті органға көрсетілген мемлекеттік органдардың жеке құрамын жарақтандыруға және күтіп-ұстауға бөлінген Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де көздер шегінде жүзеге асырылады.
Тармақ 5
Тармақ 54
54. Апатқа ұшырау жағдайындағы немесе апатқа ұшыраған ӘК жолаушылары мен экипаждарын уақтылы табу және оларға көмек көрсету үшін «Апатқа ұшырадым» дегенді білдіретін «СОС» – телеграфтық бірыңғай халықаралық кодтық сигналы (ағылшын тіліндегі аббревиатурасы «SOS»), МЭЙДЕЙ – радиотелефондық (ағылшын тіліндегі қысқартылған аббревиатурасы MAYDAY), сондай-ақ авиациялық Щ-кодта көрсетілген қауіп туралы шұғылдық және ескерту сигналдары орнатылған.
Тармақ 55
55. Апат туралы хабарды қабылдау үшін әуеайлақтарда (тікұшақ айлақтарында), ӘҚҚ (ӘҚБ) органдарында 121,5 МГц жиілігінде авариялық арна ұйымдастырылады.
Тармақ 56
56. Апат сигналдары әуе кемесінің бортындағы байланыс, хабар беру және пеленгация құралдарымен:
Тармақша 1
1) аса жоғары толқынды (бұдан әрі – АЖТ) және қысқа толқынды (бұдан әрі – ҚТ) радиостанциялармен телефон режимінде;
Тармақша 2
2) ҚТ радиостанциялар – телеграф режимінде (экипажда борт радист бар болған жағдайда);
Тармақша 3
3) тану аппаратурасымен;
Тармақша 4
4) қайталама радиолокация аппаратурасымен;
Тармақша 5
5) ELT авариялық жетек таратқышы (бұдан әрі – ELT таратқышы) немесе авариялық жетек таратқышы (апат сигналдарын қадағалау) ELT (DT) (бұдан әрі – ELT (DT) таратқышы) беріледі.
Тармақ 57
57. Апат туралы сигнал беру осы Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес ашық мәтінде жүзеге асырылады.
Тармақ 57-1
57-1. Қауіп сигналы ELT немесе ELT (DT) таратқыштарынан 406 МГц жиілігінде КОСПАС-САРСАТ жүйесінің жер маңындағы орбиталық спутниктеріне автоматты түрде немесе экипаж мүшесі қолмен беріледі.
Тармақ 58
58. ӘК экипажынан апат туралы хабарлама алған барлық жерүсті радиостанциялары оған апат сигналын қабылдағаны туралы дереу растау жіберіп, онымен сенімді радиобайланыс орнату шараларын қабылдайды және сол жиілікте басқа радиостанциялармен радиоалмасуды тоқтатады.
Тармақ 59
59. Апат сигналын қабылдаған ӘК экипажы апат сигналын қабылдағаны туралы растау таратады және бұл туралы дереу ӘҚҚ (ӘҚБ) органына хабарлайды.
Тармақ 60
60. Апатқа ұшырау жағдайындағы немесе апатқа ұшыраған ӘК-мен радиобайланыс орнатқан ӘК экипажы сол экипаждан алған хабарламаны ӘҚҚ (ӘҚБ) органына ретрансляция жасайды және оған өз әуе кемесінің ұшуы, жолаушылары мен экипажы үшін қатер төндірмей, қолдан келген көмегін көрсетеді.
Апатты көзімен көрген ӘК экипажы ӘҚҚ (ӘҚБ) органына өзінің бақылауы және апат орын алған орынның координаттары туралы баяндайды, апатқа ұшырау жағдайындағы немесе ұшыраған ӘК-мен байланыс орнатып, оның жай-күйін анықтайды және координаттарын нақтылайды, байланыстың мүмкін деген барлық құралдарын қолданып, бақылау нәтижелері туралы жақын жердегі ӘҚҚ (ӘҚБ) пунктіне баяндайды.
Тармақ 60-1
60-1. Апатқа ұшырау жағдайындағы немесе апатқа ұшыраған ӘК экипажының әрекеті:
Тармақша 1
1) ӘК командирі (бұдан әрі – ӘКК) ұшып келе жатқан ӘК бортындағы адамдардың өмірі мен денсаулығын сақтау бойынша шаралар қабылдауды қамтамасыз етеді;
Тармақша 2
2) ұшу қауіпсіздігіне қауіп төндіретін барлық авариялық жағдайларда ӘК экипажы ELT немесе ELT (DT) таратқышын іске қосып, егер бұл әуе кемесін ұшуды пайдалану жөніндегі басшылық рәсімдерінде көзделсе, апат сигналын береді. Сигнал беру тәртібі осы Қағидаларға 11-қосымшада айқындалған.
Апат сигналдары апат кезінде пайдаланудағы ӘҚҚ (ӘҚБ) органымен байланыс арнасының жұмыс жиілігінде, сондай-ақ халықаралық авариялық жиіліктерде 121,5 МГц (әуе кемесін ұстап алу кезінде де пайдаланылатын), радиотелефон режимінде 123,1 МГц немесе 500 кГц немесе 2182 кГц және 4125 кГц жиіліктерінде, 156,8 МГц (16 арна) радиотелефон режимінде теңіз қызметтерінен көмек сұрату кезінде беріледі.
Тармақша 3
3) әуеайлақтан тыс мәжбүрлі қону туралы шешім қабылдау кезінде ӘКК экипаждың барлық мүшелері мен жолаушыларға бұл туралы ескертеді және олардың одан әрі іс-қимылдарының тәртібі туралы нұсқау береді;
Тармақша 4
4) мәжбүрлі қону кезінде экипаж жерге қонуға (суға қонуға) дейін жер бетіндегі (кеме) радиостанциялармен радиобайланыс жүргізеді, ал үзілістерде хабар таратқыштарды қосылған күйінде (батырмасы қосылған) ұстайды.
Пеленгілеу сигналдарын автоматты түрде беру құралдары да, егер олар болса тұрақты жұмыс режиміне қосылады.
Тармақ 60-2
60-2. Әуеайлақтан тыс мәжбүрлі қонуды жүзеге асырған ӘК экипажы мына тәртіппен әрекет етеді:
Тармақша 1
1) дереу жолаушыларды ӘК-ден қауіпсіз қашықтыққа шығарады;
Тармақша 2
2) зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетуді ұйымдастырады;
Тармақша 3
3) өзінің орналасқан жерін анықтайды немесе нақтылайды;
Тармақша 4
4) жақын арадағы әуеайлақпен, жердегі немесе ұшақ радиостанциясымен байланыс орнату бойынша шара қабылдайды;
Тармақша 5
5) жақын арадағы әуеайлаққа немесе жергілікті атқарушы органдарға мәжбүрлі қону уақыты, орны және жолаушылар мен экипаждың, әуе кемесінің жай-күйі және қажетті көмек туралы хабарлайды;
Тармақша 6
6) өрт болған жағдайда борттық және қолда бар өрт сөндіру құралдарының көмегімен мүмкіндігінше өртті сөндіреді.
Әуе кемесі мәжбүрлі қонған жердегі барлық жұмыстарға ӘКК басшылық жасайды, егер ӘК ұшуға пайдалану жөніндегі басшылық (экипаж нұсқаулығы) өзгеше тәртіп белгілемеген болса, ӘК-ден соңғы болып кетеді.
Мәжбүрлі қону аумағында қалу немесе кету туралы шешімді ӘКК қабылдайды.
Тармақ 60-3
60-3. Апатқа ұшыраған ӘК-нің сақталуын қамтамасыз ету мақсатында ӘКК кемені толық қол сұғылмаушылықта сақтау бойынша, жүкті, багажды, поштаны тасымалдау бойынша осы авиациялық оқиғаны тергеп-тексеру жөніндегі комиссия мүшелері немесе тергеп-тексеру жөніндегі уәкіл, сондай-ақ егер мұндай мемлекет тергеп-тексеруге қатысуға ниет білдірсе, әуе кемесін тіркейтін шет мемлекеттің уәкілетті өкілі (пайдаланушы, әзірлеуші немесе дайындаушы) келгенге дейін шаралар қабылдайды және басқа да қажетті шараларды жүргізеді.
Тармақ 60-4
60-4. ӘК суға мәжбүрлі қонған жағдайда одан тоқтағаннан кейін және ӘКК-нің бұйрығы бойынша шығу керек. Бұл ретте:
Тармақша 1
1) экипаж мүшелері мен жолаушылар құтқару кеудешелерін киюі және ӘК-ден шығар алдында газбен толтырылған жүйені қосуы;
Тармақша 2
2) суға топтық құтқару су құралдарын жіберу;
Тармақша 3
3) барлық адамдарды ӘК-ден салдарға жіберу қажет, жараланғандар мен балалар бірінші кезекте жіберіледі;
Тармақша 4
4) жүзу құралдарына қолда бар азық-түлік, су және жарақтар қорын тиеу;
Тармақша 5
5) ӘК-ден қауіпсіз арақашықтыққа ол суға батып кеткенше жүзіп кету қажет.
Апатқа ұшырау жағдайындағы ӘК-ге көмек көрсету үшін бағытталған авариялық-құтқару көлік құралдары су бетінде қозғалыстың барлық түрлері алдында басымдыққа ие.
Тармақ 61
61. Әуеайлақтан тыс жерге амалсыз қонғаннан кейін апатқа ұшырау жағдайындағы немесе апатқа ұшыраған экипаж авариялық радиоқұралдарды жұмысқа дайындайды. Бұл ретте байланыс апатқа ұшырау жағдайындағы немесе апатқа ұшыраған ӘК экипаж мүшелерінде бар авариялық-құтқару радиоқұралдарының түріне қарай 406 МГц, 121,5 МГц (243 МГц), 156,8 МГц, 2182 кГц, 4125 кГц жиілігінде немесе теңіз күштерінен көмек сұраған жағдайда 8364 КГц жиілігінде жүзеге асырылады.
Тармақ 62
62. Іздестіру-құтқару ӘК-нің дыбысы пайда болған немесе оны көзбен шолып қадағалау кезінде апатқа ұшырау жағдайындағы немесе апатқа ұшыраған ӘК-нің экипажы апат туралы таратуы және онымен екі жақты радиобайланыс орнатуы керек, егер екі жақты байланыс орнату мүмкін болмаса, апат туралы хабар таратуды 1,5-2 минут ішінде келтіру үшін сигналдар таратумен («Маяк» режимі) кезектестіреді; ӘК экипажымен екі жақты байланыс орнатылған кезде радиостанция жұмысының одан кейінгі тәртібін іздестіру-құтқару ӘК командирі айқындайды.
Тармақ 63
63. Топтық пайдаланымдағы ҚТ-радиостанциясымен жұмыс кезінде апатқа ұшырау жағдайындағы немесе апатқа ұшыраған экипаж мынадай тәртіппен әрекет етеді:
Тармақша 1
1) құрлықта:
мәжбүрлі қонғаннан кейін, радиостанция мен оның антенналарын өрістеткен соң апат туралы хабарлама әрбір таратқан сайын 3 минутқа қабылдау режиміне көше отырып, 8364 кГц жиілікте телеграф және телефон режимінде апат туралы хабарламаны үш реттік тарату жүргізіледі;
мәжбүрлі қонғаннан кейін алғашқы тәуліктердің әрбір сағатының басында 10-12 минут ішінде «СОС» сигналын автоматты түрде тарату режимі іске қосылады, қалған уақытта радиостанция телеграф режимінде қабылдауға қосылады.
Келесі тәуліктерде әрбір сағаттың басында радиостанция 5 минутқа «СОС» сигналын автоматты түрде тарату режиміне қосылады, одан кейін 5 минут телеграф режимінде қабылдау жүзеге асырылады. Қалған уақытта радиостанция өшіріледі.
Тармақша 2
2) теңізде:
мәжбүрлі қонғаннан (суға қонғаннан) кейін радиостанция мен оның антенналарын өрістеткен соң апат туралы хабарлама әрбір таратқан сайын 3 минутқа қабылдау режиміне көше отырып, 8364 кГц жиілікте телеграф және телефон режимінде апат туралы хабарламаны үш реттік тарату жүргізіледі;
8364 кГц жиілікте апат туралы хабарлама берілгеннен кейін 2182кГЦ жиілігінде телефон режимінде апат туралы хабарламаны үш реттік тарату жүргізіледі;
әрбір сағаттың келесі 1-минутынан 3-минутына дейін және 31-минутынан 33-минутына дейін әрбір берілген сайын қабылдау режиміне көше отырып, 2182 КГц жиілікте апат туралы хабарлама қайталанады.
Екі жақты радиобайланыс орнатылған кезде кейінгі жұмыс қабылданған нұсқауларға сәйкес жүргізіледі.
Тармақ 64
64. Апатқа ұшырау жағдайындағы немесе апатқа ұшыраған әуе кемесінің экипажымен 121,5 МГц жиілігіндегі байланысты іздестіру ауданына бірінші болып жеткен ӘК немесе корабль (кеме) орнатады.
Кейіннен апатқа ұшыраған экипажбен екі жақты байланыс тек ІҚО (Ж) басшысының нұсқауы бойынша 121,5 МГц жиілігінде жүзеге асырылады.
ЖІҚК бағыттау ІҚО (Ж) басшысы көрсеткен арнада жүзеге асырылады, ал ЖІҚК және ПДҚТ-ның апатқа ұшырағандармен тікелей байланысқа шығуы 121,5 МГц арнасында жүзеге асырылады.
Тармақ 65
65. ІҚО (Ж)-ге қатысатын ӘК, теңіз және өзен корабльдері (кемелері) өзара әрекеттесу мақсатында радиобайланысты 2182 кГц, 3023 кГц, 4125 кГц, 5680 кГц, 121,5 МГц, 123,1 МГц және 156,3 МГц (06 арна) жиіліктерде жүзеге асырады.
Тармақ 66
66. ІҚО (Ж) жүргізу кезінде іздестіру-құтқару күштері мен құралдарын басқару ІҚО (Ж) басшысы белгілеген арнада жүзеге асырылады:
Тармақша 1
1) әуеайлақ ауданында ӘҚҚ, ӘҚБ органдарының жұмыс жиілігінде;
Тармақша 2
2) авариялық жиілікте - 121,5 МГц;
Тармақша 3
3) арнайы бөлінген жиілікте - 123,1 МГц;
Тармақша 4
4) спутниктік электр байланысы бойынша (қажет болған жағдайда).
Тармақ 67
67. ПДҚТ мен АҚҚ өзінің шақыру белгісі ретінде 10-нан 19-ға дейінгі, ал ЖІҚК 20-дан 29-ға дейінгі екі мәнді сандық индексті қосып, тұрақты орналасатын әуеайлақтың трассалық шақыру белгісін пайдаланады.
Тармақ 68
68. Іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу үшін азаматтық авиацияда ұшуларды радиотехникалық қамтамасыз ету және байланыс құралдарының дайындығын қамтамасыз ету АНҚ көрсетуші филиалының (өкілдігінің) радиотехникалық жабдықты және байланысты пайдалану қызметінің басшысына (бұдан әрі – РТЖБП) жүктеледі.
Апатқа ұшырау жағдайындағы немесе апатқа ұшыраған әуе кемесінің экипажына көмек көрсету үшін барлық байланыс құралдарын дереу қолдану және ұшуды радиотехникалық қамтамасыз ету ұшу басшысының (ӘҚҚ аға диспетчерінің) немесе ӘҚБ органының лауазымды адамының шешімі бойынша жүзеге асырылады.
Тармақ 69
69. Апатқа ұшырау жағдайындағы немесе апатқа ұшыраған әуе кемесіне көмек көрсету үшін телефон және телеграфтық байланыс арналарын ұсыну бірінші кезекте жүргізіледі.
Апат туралы хабарлама – басқа хабарламаларға қарағанда басымдығы бар хабарлама.
Тармақ 70
70. Экипаждың апаттың алдын алу үшін қолданған шаралары нәтижесінде әуеайлаққа дейін әрі қарай ұшудың қауіпсіздігіне сенімділік туындаса, дереу қауіптің жойылғаны туралы хабарлама тарату қажет.
Тармақ 70-1
70-1. ELT (DT) таратқыштарымен жабдықталған әуе кемелерін қадағалауда ұстауды ендіру қағидаттары ИКAO Doc 10165 «Әуе кемелерінің жаһандық апаттық хабарлау және ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесі (GADSS) жөніндегі нұсқаулық», ИКAO Doc 10150 «Апатқа ұшыраған әуе кемесінің орналасқан жері туралы деректер қоймасына қойылатын функционалдық талаптар жөніндегі нұсқаулық (LADR)» және ИКAO Doc 10054 «Апатқа ұшыраған әуе кемесінің орнын анықтау және борттық жазу құрылғыларындағы деректерді қалпына келтіру жөніндегі нұсқаулық» құжаттарына сәйкес қамтамасыз етіледі.
Тарау 4. 4. Оқыту және оқу-жаттығулар
4. Оқыту және оқу-жаттығулар
Тармақ 1
Тармақ 71
71. Үйлестіру орталығының мамандары оқудан, жұмыс орнында тағылымдамадан және біліктілігін тексеруден өтеді.
Үйлестіру орталығының мамандарын оқыту азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган бекіткен оқыту және біліктілігін арттыру бағдарламалары бойынша ұшуды іздестіру-құтқарумен қамтамасыз ету бойынша даярлауды қамтиды.
Тармақ 72
72. Оқыту аяқталғаннан кейін Үйлестіру орталығының мамандарына ІҚО (Ж) (SMC) үйлестірушісі біліктілігі беріледі.
Тармақ 73
73. Үйлестіру орталығының мамандарын жұмыс орнында тағылымдамадан өткізуді және біліктілігін тексеруді нұсқаушылар мен Үйлестіру орталығының бастығы жүргізеді.
Тармақ 74
74. ӘК үйлестірушілерін даярлау және біліктіліктерін арттыру азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган бекіткен оқыту және біліктілігін арттыру бағдарламалары бойынша жүзеге асырылады.
Оқыту аяқталғаннан кейін АНҚ көрсетуші мамандарына ӘК үйлестірушісі біліктілігі беріледі.
Тармақ 75
75. Үйлестіру орталығы өз мамандарын даярлау, тағылымдамадан өткізу және қайта даярлау жоспарын бекітеді, сондай-ақ қайта даярлаудан уақтылы өткізуді есепке алуды жүргізеді.
Тармақ 75-1
75-1. ІҚО (Ж) нұсқаушыларын даярлау және оқыту азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган бекіткен (келіскен) оқыту және біліктілікті арттыру бағдарламалары бойынша оқу орталықтарында жүзеге асырылады.
Тармақ 2. 2-параграф. ЖІҚК, АҚҚ мен ПДҚТ даярлауға қойылатын талаптар
2-параграф. ЖІҚК, АҚҚ мен ПДҚТ даярлауға қойылатын талаптар
Тармақ 76
76. ЖІҚК:
Тармақша 1
1) арнайы даярлықтан;
Тармақша 2
2) ІҚО (Ж)-ға алдын ала даярлықтан өтеді.
Тармақ 77
77. ЖІҚК мыналарды атқара алуға тиіс:
Тармақша 1
1) апат туралы хабарлама қабылдау және тарату;
Тармақша 2
2) радиобайланыстың авариялық арналарының жұмысқа қабілеттілігін тексеру;
Тармақша 3
3) басқа іздестіру-құтқару командаларымен радиобайланыс жүргізу;
Тармақша 4
4) борттық авариялық-құтқару мүлкін және авариялық құтқару құралдарын (мемлекеттік авиацияның ЖІҚК) қолдану;
Тармақша 5
5) іздестіру-құтқару күштері мен құралдарын апат орнына бағыттауды жүзеге асыру;
Тармақша 6
6) авариялық ӘК-ден зардап шеккендерді эвакуациялау және шығару, оларға дәрігерге дейінгі көмек немесе алғашқы медициналық көмек көрсету, зардап шеккен адамдарды апат орнынан эвакуациялау.
Тармақ 78
78. ПДҚТ мен АҚҚ мыналарды атқара алуға тиіс:
Тармақша 1
1) қиылысқан және жетуі қиын жерлерде жол көрсету, топографиялық картаны қолдану және азимут бойынша ауысу;
Тармақша 2
2) ІҚО (Ж) жүргізу кезінде қауіпсіздік шараларын сақтай отырып, түрлі іздестіру тәсілдерін қолдану;
Тармақша 3
3) апатқа ұшыраған ӘК-ден кемесіндегі зардап шеккендерді эвакуациялау және шығару, оларға дәрігерге дейінгі көмек немесе алғашқы медициналық көмек көрсетіледі;
Тармақша 4
4) түрлі климаттық және физикалық-географиялық жағдайларда тірі қалу қағидаларын қолдану;
Тармақша 5
5) әуе кемесіндегі өртті сөндіру тәсілдері мен құралдарын қолдану;
Тармақша 6
6) іздестіру-құтқару ӘК-ні қондыру үшін алаң таңдау және таңбалау.
Тармақ 79
79. ПДҚТ мүшелері түрлі климаттық және географиялық жағдайларда кез келген уақытта парашюттен секіруді орындауға даярлықтан өтеді.
Тармақ 80
80. Медициналық қызметкер, егер ол АҚҚ, ЖІҚК және ПДҚТ құрамында болса:
Тармақша 1
1) тікелей апат орнында дәрігерге дейінгі көмек немесе алғашқы медициналық көмек көрсете білуі;
Тармақша 2
2) эвакуациялау кезектілігін, тасымалдау түрін айқындау және апатқа ұшырағандарды медициналық мекемелерге уақтылы эвакуациялауды қамтамасыз ете алуы қажет.
Тармақ 3
Тармақ 81
81. ІҚО (Ж) тиімділігін арттыру үшін:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының аумағында ұшуды іздестіру-құтқарумен қамтамасыз етуге тартылған күштерге оқу-жаттығу өткізу және құралдарды пайдалану;
Тармақша 2
2) ұшуларды іздестіру-құтқарумен қамтамасыз етуге қатысатын мамандардың және Үйлестіру орталығы персоналының басқа мемлекеттердің үйлестіру орталықтары мен іздеу және құтқарудың қосымша орталықтарына олармен байланыс орнату және сақтау мақсатында мерзімді баруы ұйымдастырылады.
Оқу-жаттығулар ІҚО (Ж) жүргізу ықтималдығы елеусіз болған уақыт кезеңінде өткізіледі.
Оқу-жаттығуға қатысушы мемлекеттердің ұшуды іздестіру-құтқарумен қамтамасыз етуге жауапты уәкілетті органдары өздерінің іздестіру-құтқару қызметі органдарының және басқа мемлекеттердің осыған ұқсас іздестіру-құтқару органдарының қатысуымен бірлескен оқу-жаттығуларын жүргізу іс-шараларын ұйымдастырады.
Тармақ 82
82. Оқу-жаттығулар:
Тармақша 1
1) нақты авариялық жағдайда сенімділікті қамтамасыз ету үшін барлық іздестіру-құтқару күштері арасындағы орнатылған байланыс арналары мен құралдарын кезең-кезеңімен пайдалануға байланысты байланысқан оқу-жаттығулар;
Тармақша 2
2) іздестіру-құтқару күштері мен құралдарын ішінара өрістете отырып әзірленген жоспар-сценарийлер негізінде дағдарыс жағдайына ден қою шараларының имитациясын болжайтын үйлестіру оқу-жаттығулары;
Тармақша 3
3) апатқа ұшырау жағдайындағы немесе апатқа ұшыраған ӘК имитацияланған объектіні іздестіру мақсатында ІҚО (Ж) ұйымдастыру жоспарында көзделген іздестіру-құтқару күштері мен құралдарын қатыстырып өткізілетін толық ауқымды (далалық) оқу-жаттығулар болып бөленеді.
Тармақ 83
83. Осы Қағидалардың 80-тармағында көрсетілген оқу-жаттығуларды өткізу туралы шешімді (олардың мақсаты мен өткізу жоспарын әзірлеуді қоса алғанда) Үйлестіру кеңесінің басшысы қабылдайды.
Тарау 5. 5. Іздестіру-құтқару операцияларын (жұмыстарын) жүргізу тәртібі
5. Іздестіру-құтқару операцияларын (жұмыстарын) жүргізу тәртібі
Тармақ 1
Тармақ 84
84. ӘҚҚ (ӘҚБ) органдары, пайдаланушылар, аэроклубтар апатқа ұшырау жағдайындағы немесе апатқа ұшыраған ӘК туралы ақпарат алған кезде қажетті көмек көрсету бойынша мүмкін болатын барлық шараларды қолданады және ІҚО (Р) жүргізу жоспарына сәйкес іздестіру-құтқару командаларын, мемлекеттік органдардың авариялық-құтқару қызметтерін, ӘК пайдаланушыларын дереу хабардар етеді, сондай-ақ өз құзыреті шегінде авиациялық оқиғаға немесе инцидентке тергеп-тексеру жүргізуді ұйымдастыру үшін азаматтық және мемлекеттік авиация саласындағы уәкілетті органдарға хабарлайды.
Тармақ 85
85. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалар мен астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, жеке және заңды тұлғалар ӘК-нің апатқа ұшырауы жөнінде өздеріне белгілі болған барлық жағдайлар туралы азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органға немесе жақын маңдағы әуеайлаққа дереу хабарлайды.
Тармақ 86
86. ӘҚҚ органдарының диспетчерлері, ӘҚБ органдарының лауазымды адамдары ӘК апаты туралы хабарды алған кезде ӘК-ні табу, оның координаттарын айқындау, онымен радиобайланыс орнату, апаттың сипатын және ӘК командирінің одан кейінгі іс-қимылдар туралы шешімін анықтау үшін дереу шаралар қабылдайды. Қабылданған ақпаратты белгіленген схема бойынша хабарлауды жүргізетін ӘҚҚ органының ұшу басшысына (аға диспетчеріне) немесе ӘҚБ органы басшысына дереу баяндайды.
Тармақ 87
87. Үйлестіру орталығы, ұшу басшысы, ӘҚҚ органдарының диспетчерлері апат туралы хабарды қабылдаған кезде ол туралы мемлекеттік авиация басқармасының пунктін хабардар етеді.
Тармақ 88
88. Авариялық хабардар ету белгіленген схемалар бойынша жүргізіледі.
Тармақ 2
Тармақ 89
89. ІҚО (Ж) жүргізу кезінде шешім қабылдау және басқару жүйесі мына деңгейлерге бөлінеді:
Тармақша 1
1) ІҚО (Ж)-ның бастапқы кезеңі;
Тармақша 2
2) ІҚО (Ж) аймағын кеңейту кезеңі;
Тармақша 3
3) ІҚО (Ж)-ның аяқталу (тоқтату) кезеңі.
Тармақ 90
90. ІҚО (Ж)-ның бастапқы кезеңінде іс-қимылды үйлестіру мен шешім қабылдауды Үйлестіру орталығы азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган ведомствосымен келісу бойынша, қажет болған жағдайда мемлекеттік авиацияның ҚҮО-мен өзара іс-қимыл жасай отырып жүзеге асырады.
ІҚО (Ж)-ның бастапқы кезеңі уақыт бойынша қайсысының бұрын басталуына қарай апаттық кезең басталған сәттен жедел штаб жұмысы басталғанға дейін немесе апаттық кезең жабылғанға дейін қолданылады.
Тармақ 91
91. ІҚО (Ж) аймағын кеңейту кезеңінде ІҚО (Ж) басшысы азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органмен және қажет болған жағдайда Үйлестіру орталығымен және мемлекеттік авиацияның ҚҮО-мен өзара іс-қимыл жасай отырып шешім қабылдауды қамтамасыз етеді.
Тармақ 92
92. ІҚО (Ж) аяқталу кезеңінде ІҚО (Ж) басшысы авиациялық оқиғаны тексеру жөніндегі комиссияның басшысымен өзара іс-қимылда шешім қабылдауды қамтамасыз етеді.
ІҚО (Ж) тоқтату және осындай тоқтатуға байланысты іс-қимылдар туралы шешім қабылдауды ӘК иесі мен жедел штаб басшысының ӘК-ні, оның жолаушылары мен экипажын іздестіруді тоқтату туралы келісімі бойынша авиациялық оқиғаны тексеру жөніндегі комиссияның басшысы қабылдайды.
Тармақ 3
Тармақ 93
93. Авариялық кезеңдегі ӘК туралы ақпаратты қабылдағаннан кейін Үйлестіру орталығы мемлекеттік авиация ҚҮО-мен бірлесіп:
Тармақша 1
1) қабылданған ақпаратты бағалайды;
Тармақша 2
2) талап етілетін операцияның ауқымын айқындайды және іс-қимылдардың бастапқы жоспарын әзірлейді;
Тармақша 3
3) іздестіру-құтқару ӘК-ні көтеруге команда береді.
Тармақ 94
94. Іздестіру-құтқару ӘК-ні көтеруге команда берген кезде мыналар ескеріледі:
Тармақша 1
1) олардың орналасқан жерлерінің апат ауданынан алыстығы;
Тармақша 2
2) метеорологиялық, климаттық жағдайларға, жергілікті жердің бедері мен ондағы кедергілердің болуына қарай авиациялық, жерүсті құралдарын қолдану мүмкіндіктері.
Тармақ 95
95. ӘҚҚ (ӘҚҰ) органдары ӘК-нің авариялық кезеңде екені нақтыланған кезде Үйлестіру орталығын, мемлекеттік авиация ҚҮО-ны хабарландырады.
Тармақ 96
96. Егер авариялық кезеңдегі ӘК жөніндегі ақпарат ӘҚҚ органдарынан емес, басқа ақпарат көздерінен қабылданған болса, Үйлестіру орталығы мемлекеттік авиация ҚҮО-мен бірлесіп, аталған жағдайдың авариялық кезеңнің қайсысына жататындығын айқындайды.
Тармақ 97
97. Айқынсыздық кезеңі туындаған кезде Үйлестіру орталығы ӘҚҚ (ӘҚҰ) органдарымен және азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп келіп түскен ақпаратты бағалайды.
Тармақ 98
98. Алаңдаушылық кезеңі туындаған кезде Үйлестіру орталығы бұл туралы дереу азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органын хабардар етеді.
Азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган алаңдаушылық кезеңінің туындағаны туралы ІҚО (Ж) басшысын тағайындау үшін болжамды іздестіру мен құтқару ауданының өзінің аумақтық бөлімшесінің кезекші қызметін хабардар етеді.
Тармақ 99
99. Апат кезеңі басталған кезде Үйлестіру орталығы:
Тармақша 1
1) ӘК тұрған орынды анықтайды, оның тұрған орнын анықтау кезінде болуы мүмкін қатенің шамасын айқындайды және осы деректердің негізінде іздестіру аймағының көлемін айқындайды;
Тармақша 2
2) Азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп болжамды іздестіру мен құтқару аудандарындағы ІҚО (Ж) жедел штабтар арқылы іздестіру-құтқару күштері мен құралдарын дереу әрекетке кірістіреді, сондай-ақ жағдайдың өрбуін бағалау негізінде кезекші іздестіру-құтқару ӘК-ні көтеруге команда береді;
Тармақша 3
3) апатқа ұшыраған ӘК пайдаланушысын хабардар етеді және операцияның барысы туралы ақпарат береді (ол туралы ақпарат бар болса);
Тармақша 4
4) көмегі талап етілуі мүмкін немесе аталған операция оған қатысты болуы мүмкін шекаралас мемлекеттердің іргелес аумақтарының Үйлестіру орталығына (қажет болған кезде) хабарлайды;
Тармақша 5
5) егер авариялық жағдай туралы ақпарат басқа дереккөзден қабылданған болса, тиісті ӘҚҚ органын хабарландырады;
Тармақша 6
6) қолда бар ақпарат негізінде ІҚО (Ж) өткізу жөніндегі бірінші кезектегі іс-шаралар жоспарын жасайды және оны мемлекеттік авиация ҚҮО-мен және азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органмен келіседі;
Тармақша 7
7) авиациялық оқиғаны тексеруді ұйымдастыру, ӘК тіркеу мемлекеті мен пайдаланушы мемлекеті үшін ақпарат ұсыну үшін азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органды хабардар етеді.
Тармақ 99-1
99-1. Орналасқан жері туралы ешқандай мәліметтер жоқ және Қазақстан Республикасына жататын іздестіру және құтқару аудандарында және іргелес мемлекеттердің іздестіру және құтқару аудандарында болуы мүмкін ӘК-ге қатысты авариялық кезеңдерді жариялау кезінде одан әрі іс-қимылдарды және іздестіру-құтқару шараларын үйлестіру бойынша Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияға 12-қосымшаны басшылыққа алу қажет.
Тармақ 100
100. Апат кезеңі туралы хабарландырудан кейін Үйлестіру орталығы оған тартылған ІҚО (Ж)-ның қатыстырылған жедел штабтарына авариялық кезеңнің барлық жағдаяттары мен оқиғалардың әрі қарай дамуы туралы ақпараттандырады.
Тармақ 101
101. Авариялық кезеңге қатысты кез келген ақпаратты алған ІҚО (Ж) жедел штабтары оларды Үйлестіру орталығына тапсырады.
Тармақ 102
102. Үйлестіру орталығы жауапкершілік аймағында авариялық кезеңдегі ӘК бар ӘҚҚ органына оны осы ӘК-ге тапсыру үшін қабылданған іс-қимылдар туралы ақпаратты жолдайды.
Тармақ 102-1
102-1. Іздестіру-құтқару іс-шараларын дәл бағалау үшін іздестіру-құтқару ӘК экипаждарының есептерін сұрау және бағалау қажет. Бұл бағалау өз кезегінде іздестіру мен құтқаруды жалғастыру керектігін және оларды қайда жүргізу керектігін анықтайды. ІҚО (Ж) басшысы (үйлестірушісі) зерттелген аудандарды картаға түсіруді ұйымдастырады. Ұшуды іздестіру-құтқарумен қамтамасыз етуге тартылған күштер мен құралдардан алынған ақпарат іздестіруді жалғастыру және ауданды одан әрі зерттеу аймағын айқындау туралы шешім қабылдау мақсатында осы Қағидаларға 12-қосымшаға сәйкес кіріспе ақпарат және мәлімдеме нысанына енгізілуге тиіс.
Тармақ 103
103. Айқынсыздық, алаңдаушылық және апат кезеңдері үшін Үйлестіру орталығы мамандары іс-қимылдарының бақылау тізбесі Осы Қағидаға 6-қосымшада белгіленген.
Тармақ 4
Тармақ 104
104. Іздестіру мен құтқару аудандарында ІҚО (Ж)-ны тікелей басқаруды азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері жанынан құрылған ұшуды іздестіру-құтқарумен қамтамасыз ету жөніндегі жауапкершілік аудандарының ІҚО (Ж) жедел штабтары (бұдан әрі – Жедел штаб) жүзеге асырады.
Тармақ 105
105. Жедел штаб өзінің жауапкершілік ауданы шегінде ІҚО (Ж) жүргізу жоспарын әзірлейді. Штаб 1:1000000 (іздестіру ӘК-нің радиотехникалық іздестіруді жүргізуі үшін); 1:500000 (іздестіру ӘК-нің көзбен шолып іздестіруді жүргізуі үшін); 1:200000 (ЖІҚК-ның көзбен шолып іздестіруді жүргізуі үшін) масштабтағы жауапкершілік ауданы карталарының жиынтығымен қамтамасыз етіледі.
Тармақ 106
106. Іздестіру-құтқару күштері мен құралдарын басқару процесінде жедел штаб:
Тармақша 1
1) зардап шеккендерді тез табу және дереу көмек көрсету мақсатында барлық бөлінген іздестіру-құтқару күштері мен құралдарының іс-қимылдарын ұйымдастырады;
Тармақша 2
2) іздестіру-құтқару ӘК-ні апат орнына бағыттайды;
Тармақша 3
3) отын қорын, тәуліктің жарық уақытын, сондай-ақ, метеожағдайдың нашарлауы жағдайындағы іс-қимылды ескере отырып, әрбір іздестіру-құтқару экипажы үшін іздестіру ауданын айқындайды.
Тармақ 107
107. ІҚО (Ж)-ны басқару кезінде ІҚО (Ж) бойынша жауапкершілік ауданының ІҚО (Ж) штабының негізгі міндеттері:
Тармақша 1
1) іздестіру мен құтқару жүргізу кезінде әуе және жерүсті іздестіру-құтқару күштері мен құралдарының іс-қимылдарын тікелей басқару;
Тармақша 2
2) іздестіру мен құтқаруға тартылған күштер мен құралдардың үйлескен іс-қимылдарын қамтамасыз ету;
Тармақша 3
3) іздестіру мен құтқару процесінде күштер мен құралдарды өсіруді қамтамасыз ету болып табылады.
Тармақ 108
108. ІҚО (Ж) өткізуді тікелей басқаратын жедел штабтар:
Тармақша 1
1) өздеріне бағынысты органдарға нұсқау береді және осы нұсқаулар туралы азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органына хабарлайды;
Тармақша 2
2) Үйлестіру орталығын оқиғалардың дамуы туралы ақпараттандырады;
Тармақша 3
3) қажет болған жағдайда азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган арқылы іздестіру мен құтқару үшін қосымша әуе және жерүсті іздестіру-құтқару күштері мен құралдарын сұратады;
Тармақша 4
4) азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган ведомствосына және Үйлестіру орталығына күн сайын ІҚО (Ж)-ның орындалу барысы туралы есеп береді.
Тармақ 109
109. Жедел штабтардың нұсқау беруі және ұшудағы іздестіру-құтқару ӘК-ден ақпарат қабылдауы ӘҚҚ (ӘҚБ) органдары немесе ӘК үйлестіруші арқылы жүзеге асырылады.
Тармақ 5
Тармақ 110
110. Іздестіру-құтқару ӘК экипажы ұшып шығуға команда алысымен дереу ұшу алдындағы дайындыққа кіріседі, оның процесінде:
Тармақша 1
1) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган бекіткен Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясында ұшуды жүргізу қағидаларының талаптарына сәйкес немесе мемлекеттік авиация саласындағы уәкілетті орган бекіткен мемлекеттік авиацияда ұшуды жүргізу қағидаларының талаптарына сәйкес қажетті құжаттарды және ұшу карталарын алу және ресімдеу;
Тармақша 2
2) ұшу ауданындағы метеожағдай мен ауа райы болжамы туралы ақпаратты алу;
Тармақша 3
3) апатқа ұшыраған ӘК іздеу ауданын, үлгісі мен нөмірін нақтылау;
Тармақша 4
4) радиобайланыс жүргізу тәртібін нақтылау;
Тармақша 5
5) ӘК-нің іздестіру радиоаппаратурасының даярлығын, авариялық-құтқару мүлкі мен жарақтарының бар болуы мен жай-күйін нақтылау;
Тармақша 6
6) ПДҚТ немесе АҚҚ міндеттерін және ПДҚТ-мен немесе АҚҚ-мен өзара іс-қимыл тәртібін және экипаждағы міндеттерді нақтылау;
Тармақша 7
7) ұшып шығуға даярлығы туралы хабарлау қажет.
Тармақ 111
111. Шұғыл түрде ұшып шығу кезінде кезекші іздестіру-құтқару экипаждары «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 24-бабының 1-тармағына сәйкес ӘҚҚ органдарына ұшу жоспарын ұсынбай іздестіруге ұшып шығуы мүмкін. Бұл ретте іздестіру міндеттерін қою, апатқа ұшырау жағдайындағы және апатқа ұшыраған ӘК мен экипаж туралы, метеожағдай, ұшу бағыты мен биіктігі, әуе және жерүсті іздестіру-құтқару күштерімен өзара іс-қимыл тәртібі туралы деректерді нақтылау және басқа ақпаратты тарату экипаж ұшып көтерілгеннен кейін радио арқылы жүзеге асырылады.
Тармақ 112
112. Іздестіру-құтқару экипаждарының бұдан кейінгі ұшып шығуын ұйымдастыру кезінде міндеттер қоюды, мүмкіндігінше, ұшып шығу алдында ӘК үйлестірушісі арқылы ІҚО (Ж) басшысы жүргізеді, ал ұшу алдындағы дайындық процесінде көзбен шолып іздестіру үшін іздестіру ауданын жан-жақты зерделей отырып, ұшу карталары қосымша дайындалады.
Тармақ 113
113. Іздестіру-құтқару ӘК ұшуына диспетчерлік қызмет көрсетуді ӘК ұшып бара жатқан жауапкершілік ауданындағы ӘҚҚ органы жүзеге асырады, ал бақыланбайтын әуе кеңістігінде ұшу кезінде ұшу-ақпараттық қызмет көрсету қамтамасыз етіледі.
Тармақ 114
114. ӘҚҚ органы ІҚО (Ж) басшысын немесе ӘК үйлестірушісін іздестіру экипаждарының ұшып шығуы және жұмысы туралы хабардар етеді.
Тармақ 115
115. Ұшып көтерілу және берілген биіктікке жеткеннен кейін іздестіру-құтқару ӘК экипажы:
Тармақша 1
1) іздестіру аппаратурасының борттық кешенін іске қосады (бар болса);
Тармақша 2
2) ӘҚҚ (ӘҚБ) органымен радиобайланысты тоқтатпай тұрып, тыңдау үшін байланыстың авариялық арнасын іске қосады;
Тармақша 3
3) ӘҚҚ (ӘҚБ) органының диспетчеріне нұсқаулықта айтылған уақыттық мерзімде, бірақ 15 минуттан сиретпей іздестіру нәтижелері туралы баяндайды.
Тармақ 116
116. Іздестіру ауданына шығу барлық навигация құралдарын кешенді пайдалана отырып, сондай-ақ:
Тармақша 1
1) авариялық радиостанцияның жұмысы кезінде – іздестірудің радиотехникалық құралдарының көмегімен;
Тармақша 2
2) апатқа ұшырағандармен радиобайланыс бар болған кезде – олардың нұсқауы бойынша;
Тармақша 3
3) апат орнында басқа ӘК бар болған кезде – оның нұсқауы бойынша;
Тармақша 4
4) ӘҚҚ (ӘҚБ) органының командалары бойынша жүзеге асырылады.
Тармақ 117
117. Апатқа ұшырағандарды радиотехникалық құралдарды қолданумен іздестіру негізгі іздестіру әдісі болып табылады. Апатқа ұшырау жағдайындағы және апатқа ұшыраған ӘК-ні радиотехникалық іздестіруді орындау әдістемесі осы Қағидаларға 7-қосымшаның 2-бөлімінде келтіріледі.
Тармақ 118
118. Іздестіру-құтқару ӘК-нің авариялық радиомаяктан (радиобуй) ұшып өту уақыты мен орны туралы экипаж өзі байланыста болған ӘҚҚ органына баяндайды және апатқа ұшырағандарды көзбен шолып табу үшін төмендеуге рұқсат беруді сұрайды.
Тармақ 119
119. Егер радиотехникалық іздестіру нәтижесінде апатқа ұшырағандар табылмаса және олармен байланыс орнатылмаса, іздестіру-құтқару ӘК командирінің шешімі бойынша (қажет болған кезде ІҚО (Ж) басшысымен келісу бойынша) визуалды іздестіру жүргізіледі. Іздестірудің қолданылған әдісіне (радиотехникалық немесе визуалды) қарамастан, іздестірудің алғашқы екі күнінде ұшу борттық іздестіру аппаратурасының іске қосылған кешенімен (бар болса) орындалады.
Тармақ 120
120. Көзбен шолып іздестіру көзбен шолып іздестіру палеткаларын пайдалана отырып, берілген квадраттар бойынша жүзеге асырылады. Іздестіру ауданын квадраттарға бөлуді ІҚО (Ж) басшысы немесе ӘК үйлестірушісі жүзеге асырады. Іздестіру ауданын квадрат бойынша зерттеудің кезектілігі іздестіру-құтқару әуе кемесінің экипажына ұшу алдында немесе ұшып шыққаннан кейін радиобайланыс арналары арқылы көрсетіледі.
Көзбен шолып іздестіруді орындау әдістемесі осы Қағидаларға 7-қосымшаның 4-бөлімінде келтірілген.
Тармақ 121
121. Көзбен шолып іздестіру кезінде экипаж құрамына бақылаушылар кіреді. Іздестіру-құтқару ӘК-нің командирі әрбір экипаж мүшесі мен бақылаушыға ұшып өтетін жерді қарау секторларын айқындайды.
Тармақ 122
122. Іздестіру-құтқару ӘК-нің радиотехникалық іздестіру кезіндегі ұшу биіктігі мынадай шектерде тағайындалады:
Тармақша 1
1) В және С санатты ұшақтар үшін – 3000-8100 м.;
Тармақша 2
2) А санатты тікұшақтар мен ұшақтар үшін – 1200-2100 м.
Тармақ 123
123. Іздестіру-құтқару ӘК-нің көзбен шолып іздестіру кезіндегі ұшу биіктігі мынадай шектерде тағайындалады:
Тармақша 1
1) В және С санатты ұшақтар үшін – жергілікті жер бедерінің үстінен 500-600 м.;
Тармақша 2
2) А санатты тікұшақтар мен ұшақтар үшін – жергілікті жер бедерінің үстінен 100-300 м.
Тармақ 124
124. Ашық ауа райы кезінде жергілікті жердегі объектілерді көзбен шолып табудың қашықтығы осы Қағидаларға 8-да келтірілген.
Тармақ 125
125. Көзбен шолып іздестіру кезінде бүйірлік жолақтарды 25 % жаба отырып, берілген іздестіру ауданын тұтас қарап шығу қамтамасыз етіледі. Осы мақсатта галстардың арасында мынадай қашықтықты ұстану қажет:
Тармақша 1
1) қиылысқан жергілікті жер үстінде - 0,5 шақырым;
Тармақша 2
2) орман үстінде - 1 шақырым;
Тармақша 3
3) қалың орман үстінде - 0,5 шақырым;
Тармақша 4
4) ашық жер үстінде - 2 шақырым.
Галстардың ұсынылатын ұзындығы - 10-20 шақырым.
Тармақ 126
126. Қиылысқан жергілікті жер үстінен және қалың орманның үстінен көзбен шолып іздестіруді бастау алдында немесе радиоіздестіру процесінде өрт ошақтарын, түтіндерді немесе болуы мүмкін апат орнының басқа да белгілерін табу мақсатында іздестіру ауданын жалпы қарап шығуды қамтамасыз ететін жоғары биіктікте шолып ұшу орындалады.
Тармақ 127
127. Тауда іздестіру ұшуын орындау кезінде шатқалдар, аңғарлар, тау өзендері қаралады. Тау шыңдары мен бөктерлерін қарау барлық жағынан (көлденеңінен) жүргізіледі.
Тармақ 128
128. Апатқа ұшырағандармен байланыс орнатылған кезде іздестіру-құтқару ӘК экипажы олардан апат орны мен сипаты, физикалық жай-күйі және қажетті көмек туралы сұрайды, сигналдық немесе қолда бар құралдармен өзі туралы белгі бере отырып, авариялық радиостанцияны «Маяк» режиміне қосуға команда береді.
Тармақ 129
129. Апат орны анықталған кезде іздестіру-құтқару ӘК экипажына:
Тармақша 1
1) апат орнының координаталарын айқындау және картаға түсіру;
Тармақша 2
2) ӘК бортындағы құралдардың көмегімен апат орнын белгілеу (мүмкіндігінше);
Тармақша 3
3) радиомен немесе ӘК-нің эволюцияларымен апатқа ұшырағандарға олардың табылғандығы туралы осы Қағидаларға 9-ға сәйкес хабарлау;
Тармақша 4
4) апатқа ұшырағандарға жедел көмек қажет, ал қонуды орындау мүмкін болмаған жағдайда, ПДҚТ, авариялық-құтқару мүлкі мен жарақтарын түсіру;
Тармақша 5
5) басқа іздестіру-құтқару күштері мен құралдарын бағыттауды қамтамасыз ету;
Тармақша 6
6) егер отын қоры мүмкіндік берсе, ауыстырғанға немесе ӘҚҚ (ӘҚБ) органының диспетчері апат ауданынан кету туралы нұсқау бергенге дейін апат ауданының үстінен ұшуды жалғастыру қажет.
Тармақ 130
130. Су бетінде апатқа ұшыраған жолаушылар немесе ӘК экипажын тапқан кезде іздестіру-құтқару ӘК экипажы түтін, суды бояйтын маркерлер, жүзіп жүрген белгілер немесе ӘК бортында бар басқа құралдардың көмегімен апат орнын белгілеуді жүргізеді.
Тармақ 131
131. Іздестіру-құтқару ӘК-нің экипажы апат орнын тапқан кезде радиобайланыс арналары арқылы немесе спутниктік электр байланысы арқылы ӘҚҚ (ӘҚБ) органының диспетчеріне:
Тармақша 1
1) UTC бойынша сағатпен және минутпен анықталған уақытты, апат ауданының координаттарын;
Тармақша 2
2) ӘК-нің жай-күйі мен жағдайын, авариялық ӘК-ден эвакуацияланған жолаушылар мен экипаж мүшелерінің бар-жоғын және көзге байқалған жағдайын;
Тармақша 3
3) радиобайланыс арналары бойынша апатқа ұшырағандардан алынған ақпаратты;
Тармақша 4
4) апат ауданындағы ауа райын;
Тармақша 5
5) жергілікті жер бедерінің бағасын және апатқа ұшыраған ӘК мен адамдар тұрған жер (су) бетінің жай-күйін (теңіз толқынын, мұз жағдайын);
Тармақша 6
6) қозғалу құралдарын (су, теміржол, автокөлік, жегін көлік) пайдалану мүмкіндігін;
Тармақша 7
7) апатқа ұшырағандарға көмек көрсету үшін қабылданған іс-қимылдарды хабарлайды.
Тармақ 6
Тармақ 132
132. Іздестіру-құтқару ӘК экипажы қону үшін алаңды таңдап, оның координаттарын ӘҚҚ (ӘҚБ) органының диспетчеріне хабарлайды. Қонғаннан кейін ол туралы баяндайды және апатқа ұшырағандарды эвакуациялау бойынша өз іс-қимылдарын ІҚО (Ж) басшысымен келіседі.
ІҚО (Ж) басшысымен радиобайланыс болмаған кезде ӘК командирі апатқа ұшырағандардың қону және эвакуациялау қауіпсіздігін қамтамасыз ететін барлық факторларды ескере отырып, апатқа ұшырағандарды эвакуациялау тәсілін дербес таңдайды.
Қону үшін алаң таңдау және оны орындау Қазақтан Республикасының азаматтық авиациясында ұшуды жүргізу қағидаларының және ӘК-ні ұшу кезінде пайдалану жөніндегі нұсқаулықтың талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
Қонуды орындау мүмкін болмаған кезде іздестіру-құтқару ӘК командирі ПДҚТ-ны парашюттік тәсілмен жерге түсіреді немесе оларды ілініп тұру режимінен түсіру құрылғысының немесе шығырдың көмегімен тікұшақтан түсіреді.
Тармақ 133
133. Қонғаннан кейін іздестіру-құтқару ӘК командирі бірінші кезекте зардап шеккендерге дәрігерге дейінгі және алғашқы медициналық көмек көрсетуді және оларды жақын әуежайға немесе медициналық мекемеге эвакуациялауды ұйымдастырады.
Дәрігерге дейінгі немесе алғашқы медициналық көмек апат орнында өзіне-өзі және өзара көмек ретінде көрсетіледі. Дәрігерге дейінгі немесе алғашқы медициналық көмекті тікелей апат орнында АҚҚ немесе ПДҚТ, ЖІҚК құрамына кіретін медициналық персонал көрсетеді, ал оны көрсету мүмкін болмаған жағдайда, жақын медициналық мекемелерде көрсетіледі.
Зардап шеккендерді эвакуациялау кезектігі мен тасымалдау түрін апат орнында медициналық персонал айқындайды, бұл ретте радио арқылы мамандардан консультация алу мүмкіндігі қолданылады.
Тармақ 134
134. Апатқа ұшыраған ӘК-де өрт болған кезде іздестіру-құтқару ӘК экипажы қонғаннан кейін АҚҚ немесе ПДҚТ-мен бірлесіп адамдарды, бірінші кезекте жарақат алғандарды ӘК-ден эвакуациялауға дереу кіріседі және бір уақытта өрттің алдын алу шараларын қабылдайды.
ПДҚТ есебінің жетекшісі, АҚҚ үлкені немесе іздестіру-құтқару ӘК-нің командирі экипаж мүшелері мен құтқарушылар арасында міндеттерді бөле отырып, эвакуацияны басқарады. Өртті сөндіру үшін іздестіру-құтқару ӘК бортындағы құралдарды, сондай-ақ қолда бар құралдарды (су, құм, топырақ және т с.с.) барынша қолдану қажет. Мүмкін болса, жергілікті тұрғындарды жұмылдыру қажет.
Тармақ 135
135. Іздестіру-құтқару ӘК экипаждары мен ПДҚТ, ЖІҚК немесе АҚҚ мүшелері әуе кемесіндегі авариялық люктер мен шығатын жерлерді және фюзеляжды ашатын орынды білуге тиіс.
Тармақ 136
136. Апатқа ұшырағандарды тікұшақ бортына тартып көтеру әдетте құтқарушының көмегімен ілініп тұру режимінде кабельдік ілмекті шығырды, құтқару себетін, желісін, орындығын немесе зембілін пайдаланып қауіпсіздік шараларын сақтау режимінде жүргізіледі.
Тармақ 137
137. Суда апатқа ұшыраған ӘК экипажы немесе жолаушылары табылған кезде іздестіру-құтқару ӘК экипажы:
Тармақша 1
1) қажет болған кезде, апатқа ұшырағандарға жүзетін апаттық-құтқару құралдары мен басқа мүлкі бар төсемді лақтырады;
Тармақша 2
2) апатқа ұшырағандарды ӘК бортына көтеру және эвакуациялау мүмкіндігін бағалайды.
Тармақ 138
138. Ұшақтардан жерге түсіру парашюттік тәсілін, ал тікұшақтан төмендегі тәсілдердің бірін қолданумен орындалады:
Тармақша 1
1) парашюттік тәсілімен;
Тармақша 2
2) парашютсіз жерге түсу;
Тармақша 3
3) түсіру құрылғысының немесе электр шығырдың көмегімен тікұшақ тоқтап тұрған режимде.
Тармақ 139
139. Адамдарды су бетінен тікұшақ бортына көтеру құтқарушылардың көмегімен жүзеге асырылады. Суға құтқарушыларды түсіру мүмкін болмаған жағдайда тікұшақ командирі зардап шеккендерді орналастыру және әрі қарай бортқа көтеру үшін оларды шөміш-себет немесе басқа құрылғыны судағы немесе жақын жердегі адамдарға келтіру не жақындату тәсілімен көтеру туралы дербес шешім қабылдай алады.
Тармақ 140
140. Тікұшақтағы құтқарушыларды суға түсіру алдында зардап шеккендерге жүзетін құралдар (үрмелі қайықтар, сал және т.б.) лақтырады, ал құтқарушылар гидрокостюм немесе құтқару белдіктерін киеді.
Тармақ 141
141. Су үстінде тоқтата тұру үшін тоқтатуды орындауды гидрометеожағдайды ескере отырып және Тікұшақты ұшу кезінде пайдалану басшылығының ұсынымдарына сәйкес тікұшақ командирі жүзеге асырады.
Тармақ 142
142. Зардап шеккендерді эвакуациялау кезектілігін ПДҚТ немесе АҚҚ құрамындағы медицина қызметкерінің баяндауы бойынша ПДҚТ немесе АҚҚ жетекшісі немесе іздестіру-құтқару ӘК командирі айқындайды.
Тармақ 143
143. АҚҚ немесе ПДҚТ-ны жерге түсіру, апатқа ұшырағандарды қону тәсілімен немесе ілініп тұру режимімен эвакуациялау мүмкін болмаған жағдайда, адамдардың тірі қалуын қамтамасыз ету үшін апаттық-құтқару жарақтары мен арнайы жүктері бар салынған төсемді лақтырады.
Тармақ 144
144. Корабльдерді, кемелерді апат ауданына бағыттау радио арқылы, ал радиобайланыс жоқ кезде – орнатылған көзбен шолу сигналдары арқылы іздестіру-құтқару ӘК экипажы жүзеге асырады.
Тармақ 145
145. Егер апатқа ұшыраған ӘК суға батып кеткен болса, онда іздестіру-құтқару ӘК командирі суға бату орнын белгілеу немесе осы жерді сипатты бағдармен байланыстыру (торауылдау) үшін барынша мүмкін болатын дәлдікпен буй, радио немесе радиолокациялық маяк немесе бортта бар басқа құралдарды тастайды.
ӘК суға батқан және таңбалау құралдары тасталған орын туралы экипаж командирі ӘҚҚ (ӘҚБ) диспетчеріне хабарлайды және кейінгі іс-қимыл туралы нұсқау алғанға дейін объекті үстінен ұшуды жалғастырады.
Тармақ 146
146. ІҚО (Ж) орындалғаннан кейін іздестіру-құтқару ӘК командирі нәтижелер туралы ІҚЖ басшысына немесе ӘК үйлестірушісіне баяндайды.
ІҚО (Ж) басшысының нұсқауы бойынша баяндама жазбаша нысанда беріледі.
Тарау 7
Тармақ 147
147. Егер ӘК командирі басқа ӘК-нің апатқа ұшырағанын анықтаса, ол (өзі басқарып отырған ӘК-нің ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жағдайларды қоспағанда):
Тармақша 1
1) оның әуе кемесі оқиға орнынан кетуге мәжбүр болғанша немесе Үйлестіру орталығының нұсқауына сәйкес ӘҚҚ органы оның қажеті жоқ екендігі туралы хабарлағанға дейін апатқа ұшырау жағдайындағы ӘК-ні бақылауды жүргізеді;
Тармақша 2
2) апатқа ұшырау жағдайындағы ӘК-нің орналасқан жерін анықтайды;
Тармақша 3
3) мүмкіндігінше ӘҚҚ органына мына мәліметтерді хабарлайды:
апатқа ұшырау жағдайындағы ӘК үлгісін, тану белгілерін және жай-күйін;
географиялық координаттарда немесе тор координаттарында немесе радионавигациялық құрал орналасқан жердегі белгілі болған жерүсті бағдары немесе пункттегі арақашықтық пен шынайы пеленгте көрсетілген оның орналасқан орнын;
Дүниежүзілік үйлестірілген уақыттың (UTC) сағаты және минуттарымен көрсетілген бақылау уақыты;
байқалған адамдардың саны;
адамдардың апатқа ұшыру жағдайындағы әуе кемесінен кету фактісі;
оқиға орнындағы метеожағдайлар;
тірі қалғандардың сыртқы физикалық жай-күйі;
оқиға орнына қолжетімділіктің оңтайлы, айқын жерүсті бағыты.
Тармақ 148
148. Егер оқиға орнына іздестіруші-құтқарушы емес ӘК бірінші болып келсе, оқиға орнына алғашқы іздестіруші-құтқарушы ӘК келіп жеткенге дейін ол өзінен кейін келген барлық басқа ӘК-нің іс-қимылдарына басшылық жасауы керек. Егер осы кезеңде осындай ӘК ӘҚҚ (ӘҚБ) органымен байланыс орната алмаса, ол өзара келісу негізінде, алғашқы іздестіруші-құтқарушы ӘК келіп жеткенге дейін іс-қимылдарды басқару жауапкершілігін осындай байланысты орната және жүргізе алатын басқа ӘК-ге тапсырады.
Тармақ 149
149. Жерден сигнал берген кезде ӘК бұл сигналды түсінгендігін немесе түсінбегендігін осы Қағидалардың 152-тармағында көрсетілген құралдарды пайдаланып немесе егер бұл іс жүзінде жүзеге асырылмайтын болса, тиісті визуалды сигналдың көмегімен көрсетеді.
Тармақ 150
150. ӘК командирі апат туралы хабарды қабылдаған кезде мүмкіндігіне қарай:
Тармақша 1
1) егер ол хабарланса, апат туралы хабарлама алғандығын растайды және апатқа ұшырау жағдайындағы ӘК-нің орналасқан жерін белгілейді;
Тармақша 2
2) мүмкін болса, таратушы радиостанцияның пеленгісін анықтайды;
Тармақша 3
3) ӘҚҚ (ӘҚБ) диспетчеріне радиобайланыс арналары арқылы апат туралы хабардың қабылданғандығын айтады;
Тармақша 4
4) өз әуе кемесінің жай-күйі мен отын қорын ескере отырып, апат туралы хабарламада көрсетілген жерге бағыт алады;
Тармақша 5
5) барлық қабылданған мәліметтерді тарата отырып, ӘҚҚ (ӘҚБ) органын хабарламаны қабылданғаны туралы ақпараттандырады.
Тармақ 151
151. Су үстіндегі кемені апат орнына бағыттау қажет болған жағдайда, ӘК иелігінде бар кез келген құралдың көмегімен, қажет болған кезде, маневр қолдана отырып, осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нақты нұсқаулар береді.
Тармақ 152
152. Әуе кемесі тірі қалғандарға немесе ЖІҚК-ге қандай да бір ақпаратты беру қажет болған жағдайда және бұл ретте екі жақты байланыс жоқ болса, іс жүзінде жүзеге асырылған жағдайда радиобайланыс орнату үшін авариялық радиостанцияларды лақтырады немесе осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес ақпарат таратады.
Тармақ 153
153. «Әуе - жер беті» және «жер беті - әуе» көзбен шолу сигналдарын қолдану кезінде сипаттамаға сәйкес мәні болады. Олар көрсетілген мақсаттар үшін ғана қолданылады және бұл ретте шатастыруы мүмкін басқа сигналдар қолданылмайды.
Тармақ 154
154. Осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес сигналдар анықталған кезде ӘК осы қосымшада келтірілген сигналдардың мәніне сәйкес қажетті әрекет етеді.
Тармақ 8
Тармақ 155
155. Апатқа ұшырау жағдайындағы (апатқа ұшыраған) ӘК жолаушылары және экипаж мүшелерінің туыстарымен, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара әрекет ету үшін ІҚО (Ж) басшысы өкіл тағайындайды.
Тармақ 156
156. Өкіл ІҚО (Ж) жүргізу барысы туралы мынадай ақпарат түрінде жүйелі түрде ақпараттандыруды қамтамасыз етеді:
Тармақша 1
1) ІҚО (Ж) жүргізудің жалпы себептері;
Тармақша 2
2) апатқа ұшыраған ӘК үлгісі;
Тармақша 3
3) ӘК иесінің/пайдаланушысының атауы (тегі) (тек әуе кемесі иесі/пайдаланушысының ақпараттандыруынан және одан рұқсат алғаннан кейін ғана);
Тармақша 4
4) рейстің нөмірі (тек әуе кемесі иесі/пайдаланушысының ақпараттандыруынан және одан рұқсат алғаннан кейін ғана);
Тармақша 5
5) ӘК бортындағы адамдардың саны;
Тармақша 6
6) іздестірудің жалпы ауданы;
Тармақша 7
7) іздестіруге жұмылдырылған ӘК саны мен үлгісі, ұшу сағатының саны;
Тармақша 8
8) жерүсті іздестіру жөніндегі іс-шаралар (қажет болған кезде);
Тармақша 9
9) іздестіруге қатысып жатқан басқа уәкілетті органдар туралы толық мәлімет;
Тармақша 10
10) жақын туыстары ақпарат алу үшін байланыс телефонының нөмірі;
Тармақша 11
11) қосымша ақпарат алу үшін байланыс телефонының нөмірі;
Тармақша 12
12) бұқаралық ақпарат құралдары үшін байланыс телефонының нөмірі.
Тармақ 157
157. Өкіл келіп түскен ақпаратты жаңартып отыру үшін ІҚО (Ж) басшысымен және Үйлестіру орталығымен тікелей байланыста болуы қажет.
Тармақ 158
158. Тексеру процесінде зиян келтіруге жол бермеу үшін тағайындалған өкіл бөгде адамдармен талқылаудан, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдары үшін сұхбат барысында оқиғалардың себептері немесе оның алдын алудың мүмкін әдістері туралы өз пікірін немесе болжамын білдіруден аулақ болуы керек.
Тармақ 159
159. Азаматтық тұлғалардың арасынан қайтыс болғандардың тегі, оған туыстарының келісімі алынбағанға дейін жария етілмеуі керек.
Туыстарына хабарлағанша қаза тапқан, тірі қалған және жарақат алғандар саны туралы мәліметтер ашылады. Әскери қызметшілер арасынан қаза тапқандардың тектері олар қарасты әскери бөлім басшысының нұсқауы бойынша ғана жарияланады.
Тармақ 160
160. Тірі қалғандардың тектері оларды нақты сәйкестендіргенге дейін жарияланбауы керек.
Тарау 6. 6. Іздестіру-құтқару операцияларын (жұмыстарын) аяқтау және тоқтата тұру
6. Іздестіру-құтқару операцияларын (жұмыстарын) аяқтау және тоқтата тұру
Тармақ 1
Тармақ 161
161. ІҚО (Ж) мына жағдайларда аяқталған болып есептеледі:
Тармақша 1
1) іздестіру-құтқару операцияларына қатысы бар ӘК немесе адамдардың апатқа ұшырау жағдайынан шыққаны туралы ақпарат келіп түскенде;
Тармақша 2
2) іздестіріліп жатқан ӘК немесе адамдар табылған және тірі қалғандары құтқарылғанда;
Тармақша 3
3) «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 102-бабына сәйкес апат кезеңінде ӘК, оның жолаушылары мен экипажын іздестіруді тоқтату туралы шешім қабылданғанда.
Іздестіру-құтқару ӘК, ЖІҚК және АҚҚ немесе ПДҚТ ІҚО (Ж) жүргізгеннен кейін бастапқы орналасқан жерге қайтып келгенде ІҚО (Ж) толық аяқталды деп есептеледі.
Тармақ 162
162. ІҚО (Ж) апатқа ұшыраған ӘК болуы мүмкін (ықтимал) орналасқан жері туралы жаңа деректер қабылданған жағдайда қайта басталады.
Тармақ 2
Тармақ 163
163. ІҚО (Ж) аяқталуы туралы Үйлестіру орталығы дереу ІҚО (Ж)-ға қатыстырылған барлық органдарды, орталықтарды, қызметтерді немесе құралдарды хабардар етеді. Бастапқы хабарлама телефон (радио) арқылы, ал қорытынды хабарлама ІҚО (Ж) аяқталған сәттен бастап бір тәулік ішінде жүзеге асырылады.
Тармақ 3
Тармақ 164
164. Үйлестіру орталығы мемлекеттік авиацияның ҚҮО-мен бірлесіп, жүргізілген ІҚО (Ж) нәтижелері туралы есепті бір ай мерзімде ресімдейді және оның көшірмелерін азаматтық және мемлекеттік авиация саласындағы уәкілетті органдарға, азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органға жібереді.
Есептілік форматы осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес белгіленеді.
Тармақ 165
165. Есептілікті сақтауды ІҚО (Ж) аяқталған күннен бастап бес жылдың ішінде Үйлестіру орталығы жүзеге асырады. Үйлестіру орталығы әрбір есептілікке сәйкестендіру нөмірін береді.
Тармақ 4
Тармақ 166
166. Әуе кемелері ІҚО (Ж)-ға қатысқан азаматтық авиация ұйымдарына іздестіру-құтқару ӘК-ні көтеруге команда берілгеннен бастап ІҚО (Ж)-ны аяқтауға немесе тоқтата тұруға және тартылған ӘК-ні бастапқы орналасқан жеріне қайтаруға (орналастыруға дейінгі) кезеңде туындаған іздестіру-құтқару жұмыстарына кеткен шығыстар мемлекеттік бюджет есебінен өтеледі.
Тармақ 167
167. Азаматтық авиация ұйымы ІҚО (Ж)-ны жүзеге асыру кезінде мемлекеттік бюджет есебінен шығындарды өтеу үшін ІҚО (Ж) аяқталғанын немесе тоқтатылғанын хабарлаған күннен бастап отыз жұмыс күнінен кешіктірмей азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға дәйектемелер мен есептері бар мынадай материалдарды ұсынады:
Тармақша 1
1) еркін нысанда жасалған және ұйымның басшысы мен ұйымның бас бухгалтері қол қойған келтірілген шығындарды өтеу туралы өтінішті (қаржы қаражатын бөлу үшін заңдық және банктік деректемелерді көрсете отырып (банктің атауы, оның БСК, банк ЖСК, ағымдағы және жинақ шотының нөмірін қоса алғанда);
Тармақша 2
2) ұйым басшысы, ұйымның бас бухгалтері мен ІҚО (Ж) тартылған әуе кемесінің командирі растаған ұшу бағыттарын және ұшу уақытын көрсете отырып, ІҚО (Ж)-ны жүзеге асыру кезінде орындалған ұшу туралы мәліметтерді қамтитын ұшудың жұмыс жоспарларының көшірмелері;
Тармақша 3
3) олардың бастапқы орналасқан жеріне қайта оралуын қоса алғанда, ІҚО (Ж) жүзеге асыру кезінде ұшудың нақты орындалуын растайтын АНҚ көрсетушіден алынған анықтама;
Тармақша 4
4) осы ұшулардың жұмыс жоспарының негізінде авиаотын және басқа да жанар-жағармай материалдарының нақты шығысының мөлшері, сондай-ақ төлемге қойылған есеппен расталған оның құны туралы мәліметтер;
Тармақша 5
5) «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 1-тармағының 24) тармақшасына сәйкес азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган бекіткен субсидияланған бағыттарда ұшуды орындау кезінде ұшу сағатының өзіндік құнын есептеу жөніндегі нұсқаулықтың негізінде жүргізілген ӘК ұшу сағатының өзіндік құнының есептемесі.
Тармақ 168
168. Іздестіру-құтқару жұмыстарына кеткен шығыстарды өтеу туралы өтінішті тіркеу азаматтық авиация ұйымының өтінішті қабылдағаны туралы растау бере отырып, іздестіру-құтқару жұмыстары мен жасалған төлемдерге кеткен шығыстарды өтеуге арналған өтініштерді тіркеу журналында жүзеге асырылады.
Тармақ 169
169. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган осы Қағидалардың 167-тармағында көрсетілген материалдарды тіркеу күнінен бастап он жұмыс күні ішінде оларды тексереді және:
Тармақша 1
1) дәйексіз немесе толық емес ақпарат анықталған жағдайда азаматтық авиация ұйымы ұсынған материалдарды қайтару себебін көрсете отырып қайтаруды;
Тармақша 2
2) азаматтық авиация ұйымын хабардар ете отырып, шығындарды өтеу үшін Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында белгіленген тәртіпте одан әрі іс-қимылдарды жүзеге асырады.
Тармақ 170
170. Осы Қағидалардың 167-тармағында көрсетілген материалдар қайтарылған жағдайда, Азаматтық авиация ұйымы оларды алған күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде анықталған кемшіліктерді жою шартымен азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға көрсетілген материалдарды қайта ұсынады. Оларды қайта қарастыру тәртібі осы Қағидалардың 167–169-тармақтарына сәйкес айқындалады.
Тармақ 171
171. Ұсынылған материалдардағы бұрын анықталған кемшіліктерді қайта жоймаған жағдайда, азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган ІҚО (Ж)-ны жүзеге асыру кезіндегі шығыстарды өтеу үшін қарауға себебі көрсетілген бас тартуды өтініш берушіге жібереді.
Тармақ 172
172. Іздестіру-құтқару жұмыстарына кеткен шығыстар өтелгеннен кейін іздестіру-құтқару жұмыстары мен жасалған төлемдерге кеткен шығыстарды өтеуге арналған өтініштерді тіркеу журналында күні, төлем мөлшері және төлем құжатының нөмірі көрсетілген тиісті жазба жүргізіледі.
Тармақ 173
173. Іздестіру-құтқару жұмыстарына кеткен шығыстарды мемлекеттік бюджет есебінен өтеуге үміткер азаматтық авиация ұйымы мен азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган арасындағы оның құнын өтеу себебі бойынша туындаған даулар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген сот тәртібімен шешіледі.
Тармақ 174
174. Төлемдерді заңсыз алуға бағытталған іс-қимылдар Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауапкершілікке алып келеді.
Тармақ 5
Тармақ 175
175. ІҚО (Ж)-ны аяқталғаннан кейін азаматтық және мемлекеттік авиация саласындағы және азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органдар осындай операцияға қатыстырылған персоналдың, апатқа ұшыраған ӘК пайдаланушысының және басқа да мүдделі мемлекеттік органдар мен тұлғалардың қатысуымен ІҚО (Ж)-ны талқылау ұйымдастырады.
ІҚО (Ж) талқылау ІҚО (Ж) әдістерінің тиімділігін арттыру мен жетілдіру мақсатында жүзеге асырылады.
ІҚО (Ж) жүргізудің тиімсіздігі салдарынан адамдардың кінәлілігін белгілеу талқылау нысанасы болып табылмайды.
Тармақ 176
176. Талқылау қорытындылары бойынша азаматтық және мемлекеттік авиация саласындағы және азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органдар ұшуды іздестіру-құтқарумен қамтамасыз етуді жетілдіру жөнінде ұсынымдар әзірлейді, таратады және олардың орындалуын бақылайды.
Басқа 1. Қазақстан Республикасының аумағында ұшуды іздестіру-құтқарумен қамтамасыз ету схемасы
Қазақстан Республикасының аумағында ұшуды іздестіру-құтқарумен қамтамасыз етуді ұйымдастыру жөніндегі қағидаларға
1-қосымша
Қазақстан Республикасының аумағында ұшуды іздестіру-құтқарумен қамтамасыз ету схемасы
____________________________
Басқа 2. Іздестіру мен құтқару ауданында (облысында) іздестіру-құтқару операцияларын (жұмыстарын) ұйымдастыру мен жүргізудің үлгілік жоспары
Қазақстан Республикасының
аумағында ұшуды іздестіру-құтқарумен
қамтамасыз етуді ұйымдастыру
жөніндегі қағидаларға
2-қосымша
Іздестіру мен құтқару ауданында (облысында) іздестіру-құтқару операцияларын (жұмыстарын) ұйымдастыру мен жүргізудің үлгілік жоспары
Тармақ 1
1. Оларға сәйкес жоспар жасалатын құжаттар.
Тармақ 2
2. Облыс аумағында іздестіру мен құтқаруды ұйымдастыру және өткізу.
Тармақ 3
3. Іздестіру-құтқару күштері және ұшуды іздестіру-құтқарумен қамтамасыз ету құралдары кезекшілерінің жауапкершілік аудандары.
Тармақ 4
4. ІҚО (Ж) жүргізу үшін бөлінген күштер мен құралдар.
Тармақ 5
5. Іздестіру-құтқару күштері мен құралдарының облыс аумағында шоғырлану орындары.
Тармақ 6
6. Облыс аумағындағы іздестіру-құтқару күштері мен құралдарының кезекшілерін хабардар ету тәртібі.
Тармақ 7
7. Түрлі ведомстволар мен ұйымдар арасында өзара іс-қимылды ұйымдастыру.
Тармақ 8
8. ІҚО (Ж) жүргізу кезінде байланыс ұйымдастыру.
Тармақ 9
9. Емдеу-эвакуациялау іс-шараларының жоспары.
Қосымша
Тармақ 1
1. Іздестіру-құтқару күштері мен құралдарының кезекшілерін және олардың өзара әрекет етуін ұйымдастыру схемасы.
Тармақ 2
2. Кезекші іздестіру-құтқару күштері мен құралдарының жауапкершілік ауданының картасы.
Тармақ 3
3. ІҚО (Ж) жүргізу кезіндегі хабардар ету және жедел байланыс схемасы.
Тармақ 4
4. Облыс аумағындағы климаттық-географиялық және гидрометеорологиялық жағдайлар.
Тармақ 5
5. Облыс аумағында ІҚО (Ж) жүргізу кезіндегі жедел штабтың құрамы.
Тармақ 6
6. Телефон анықтамалығы.
Жоспар ІҚО (Ж)-ға тартылған мемлекеттік органдар мен тұлғалар қабылдаған іс-қимылдардың бөлшегін:
Тармақша 1
1) іздестіру мен құтқару ауданында ІҚО (Ж) жүргізу тәсілдерін;
Тармақша 2
2) қолда бар байланыс жүйелері мен құралдарын пайдалануды;
Тармақша 3
3) басқа іздестіру және құтқару үйлестіру орталықтарымен бірлесіп қабылданған іс-қимылдарды;
Тармақша 4
4) бағыт бойынша ұшып келе жатқан ӘК мен теңіздегі суүсті кемелерін авариялық хабардар ету әдістерін;
Тармақша 5
5) ІҚО (Ж) жүргізу тапсырылған адамдардың міндеттері мен құқықтарын;
Тармақша 6
6) метеорологиялық немесе басқа жағдайлардан туындаған құралдарды қайта орналастыру ықтималдығын;
Тармақша 7
7) метеомәліметтер мен болжамдарды, NOTAM хабарламасын қабылдау әдістерін;
Тармақша 8
8) суға қонуға мәжбүр болған ӘК-ні суүсті кемелері орналасқан аудаға бағыттау әдістерін;
Тармақша 9
9) іздестіру-құтқару ӘК-ні апатқа ұшырау жағдайындағы ӘК-ге бағыттау әдістерін;
Тармақша 10
10) заңсыз қол сұғу объектісі екендігі белгілі болған немесе болжанған ӘК-ге қатысты көмек көрсету үшін ӘҚҚ (ӘҚБ) органдары мен басқа мүдделі ведомстволармен өзара іс-қимылда қабылдануға жататын бірлескен шараларды;
Тармақша 11
11) ІҚО (Ж) кезінде қолданылған ӘК мен суүсті кемелерін, сондай-ақ жерүсті көлік құралдарына мүмкін болатын шекте қызмет көрсету және отын құю жөніндегі шараларды қамтиды.
Басқа 3. Іздестіру-құтқару әуе кемелерін мүлікпен және керек-жарақпен жарақтандыру
Қазақстан Республикасының аумағында ұшуды іздестіру-құтқарумен қамтамасыз етуді ұйымдастыру жөніндегі қағидаларға
3-қосымша
Іздестіру-құтқару әуе кемелерін мүлікпен және керек-жарақпен жарақтандыру
Тармақ 1
1. Құтқару мүлкі мен керек-жарағының тізбесі (ең төменгі)
Р/с
№
Мүлік пен керек-жарақ
Өлшем бірлігі
Саны
1
2
3
4
1.
Азық-түлік қоры (үш тәулікке): құрғақ азық (азық концентраттары жиынтығы немесе консервіленген азық-түлік тағамдары), қойытылған сүт, кофе, қант пен тұз, бұралатын тығыны бар, суы бар полиэтилен сыйымдылықтар
жиынтық
2
2.
Металл асхана керек-жарақтары (соққыға төзімді, сынбайтын)
жиынтық
3
3.
Термос (сыйымдылық) 10 л, суы бар
дана
1
4.
Портативті радиотаратқыш/қабылдағыш (авариялық радиостанция)
жиынтық
2
5.
Пиротехникалық сигнал беретін құралдар (түрлі-түсті түтін шығаратын шамдар және (немесе) жарық беретін зымырандар зымыран тасығышпен) немесе басқа жарық сигналдарын беретін құралдар
дана
10
6.
Қосалқы батареялар жиынтығы бар қалта шамы
жиынтық
2
7.
Компас
дана
1
8.
Дүрбі
дана
1
9.
Ысқырық
дана
2
1
2
3
4
10.
Сигнал беретін айна
дана
2
11.
Сигналдық кодтар кестесі, аман қалу әдістеріне қатысты ұсыныстары бар кітапша
дана
2
12.
Алғашқы медициналық көмек қобдишасы
жиынтық
1
13.
Жылы киім-кешек (күрте, шалбар, жүннен жасалған етік, жүннен тоқылған шұлық, жүннен жасалған бас киім, қолғап)
жиынтық
2
14.
Ұйықтау қапшығы (ауа райы салқын аудандарға арналған, тері)
жиынтық
2
15.
Шатыр
жиынтық
1
16.
Ылғал мен желге төзімді сіріңкелер
қорап
4
17.
Құрғақ жанармай (таблетка түрінде)
таблетка
20
18.
От жағуға арналған лупа
дана
1
19.
Суды тазартатын таблеткалар (құрал)
орам
4
20.
Жиналмалы пышақ
дана
2
21.
Балта
дана
2
22.
Төтенше жағдайларға арналған тығыз фольгадан жасалған көрпе
дана
4
23.
Репеллент және москит торы
дана
1
24.
Күннен қорғайтын көзілдірік немесе шағылысудан қорғайтын көзілдірік
дана
2
25.
Таяқтары бар шаңғы немесе қарда жүретін аяқ киім (қарлы аудандар үшін)
жұп
2
26.
Санитария зембілдер
дана
1
27.
Омыртқасы зақымданған адамдарды тасымалдауға арналған қалқан
дана
1
28.
Батареялар жиынтығы бар электр мегафон (тікұшақтарға арналған)
жиынтық
1
29.
Құтқару кеудешесі (белдігі)* (таулы аудандарға арналған)
дана
2
30.
Құтқару салы (немесе қайық)*
дана
1
31.
Су айдындарын бояуға арналған құрал (бояғыш маркерлер) немесе қалқымалы түтіндік буй*
орам
4
32.
Халықаралық сигналдар жиынтығы*
дана
1
* теңіз акваторияларының аудандары үшін (үлкен су айдындары).
Тармақ 2
2. 1-24-тармақтарда және осы Қағидаларға 3-қосымшада көрсетілген құтқару мүлкі мен керек-жарағы әуе кемесінен лақтыру үшін арнайы жұмсақ қаптарға (парашютті-десанттық қаптар) немесе контейнерлерге салынады. Мүлік (жүзу құралдарынан басқа) су өткізбейтін қаптарға салынады.
Тармақ 3
3. Құтқару кеудешелері (белдіктері), құтқару салдары (қайықтар) қаптардан шығарылады және қолдануға дайын, олар үшін көзделген қаптамамен тиеледі.
Тармақ 4
4. Құтқару мүлкі мен керек-жарағы бар қаптарда түрлі-түсті кодтың, ағылшын, орыс (және қазақ) тілдеріндегі жазулардың баспаханалық тәсілмен жазылған және түсініктемені талап етпейтін нышандардың көмегімен (контейнерлерде) олардың ішіндегісінің жалпы сипаттамасы белгіленуге тиіс.
Қаптардың (контейнерлердің) сыртқы бетінде:
Тармақша 1
1) жиынтықтың ішіндегіні белгілейтін ені 50 мм түрлі-түсті сақиналы жолақ немесе боялған жалаушалар түріндегі таңба бекітіледі:
ҚЫЗЫЛ – дәрі-дәрмек пен медициналық көмек көрсету құралдары;
КӨК – су және азық-түлік, ыдыс-аяқ;
САРЫ – киім-кешек және баспана құралдары;
ҚАРА – дабыл құралдары, от жағуға және жарықтандыруға арналған құрылғы;
Тармақша 2
2) ХАТІҚН сәйкес жарық қайтаратын материалдан жасалған тиісті пиктограммалары бар таспалар пайдаланылады.
Түсірілетін барлық қаптарға (контейнерлерге) ағылшын, орыс және қазақ тілдерінде басып шығарылған тіршілікті қамтамасыз ету құралдарын пайдалану жөніндегі нұсқаулықтар салынады және мүмкіндігінше, түсініктемені қажет етпейтін суреттермен және нышандармен толықтырылады;
Тармақша 3
3) сондай-ақ жарық шағылыстыратын материалдан жасалған тиісті пиктограммаларды пайдалану керек. Пиктограммалар төмендегі суретте келтірілген.
____________________________
Басқа 4. Жерүсті іздестіру-құтқару командаларын (ЖІҚК) техникалық құралдармен жарақтандыру
Қазақстан Республикасының аумағында ұшуды іздестіру-құтқарумен қамтамасыз етуді ұйымдастыру жөніндегі қағидаларға
4-қосымша
Жерүсті іздестіру-құтқару командаларын (ЖІҚК) техникалық құралдармен жарақтандыру
Тармақ 1
1. Жарақтандыру табелі:
Р/с
№
Мүлік пен керек-жарақ
Өлшем бірлігі
Саны
1
2
3
4
1.
Радиостанциясы бар жол талғамайтын автомашиналар
дана
1
2.
Жол талғамайтын көлік құралына орнатылған және дауыс зорайтқыш құрылғымен жабдықталған жылжымалы басқару командалық пункті
дана
1
3.
Тікұшақ үшін қону алаңын белгілеуге арналған ақ және қызыл түсті жалаушалар (әрбір түсте 8 данадан)
дана
16
4.
Қондыру шашкалары (түтінді)
дана
10
5.
Компас
дана
2
6.
Батареялар жиынтығы бар электр шамы
жиынтық
6
7.
Көзбен шолып іздестіру палеткасы бар 1:200000 масштабтағы жергілікті жердің топографиялық карталары
жиынтық
2
8.
Дүрбі
дана
2
9.
Қолғап (брезент)
жұп
6
10.
Металл кесуге арналған бензинді ара
дана
1
11.
Балта
дана
4
12.
Сүймен
дана
2
1
2
3
4
13.
Үшкір күрек
дана
4
14.
Бақан
дана
1
15.
Слесарь құралдары: шойбалға, кескіш, балға, қол ара
жиынтық
1
16.
Өрт сөндіргіш
дана
2
17.
Батареялар жиынтығы бар мегафон
жиынтық
2
18.
Фотоаппарат
дана
1
19.
Санитария зембілдер
дана
2
20.
Алғашқы медициналық көмек қобдишасы
жиынтық
2
21.
Көп функциялы жиналмалы құрал (әрбір ЖІҚК мүшесіне)
дана
1
22.
Бензоплитка (примус)
дана
1
23.
Төрт орындық палатка
дана
2
24.
Кем дегенде 20 литр сыйымдылықтағы ауыз су
дана
1
25.
Асхана керек-жарақтары соққыға төзімді, сынбайтын (әрбір ЖІҚК мүшесіне)
жиынтық
1
26.
Жеке тамақтану рационы (үш тәулікке әрбір ЖІҚК мүшесіне)
жиынтық
1
Тармақ 2
2. ЖІҚК қолдану үшін міндетті техникалық құралдардың тізбесін іздестіру және құтқару ауданының климаттық, физикалық-географиялық және өзге де жағдайларын ескере отырып, азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган және мемлекеттік авиация саласындағы уәкілетті орган нақтылайды және толықтырады және жеке актімен (бұйрықпен/өкіммен) бекітеді.
____________________________
Басқа 5. Парашюттік-десанттық құтқару тобын (ПДҚТ) техникалық құралдармен жарақтандыру
Қазақстан Республикасының аумағында ұшуды іздестіру-құтқарумен қамтамасыз етуді ұйымдастыру жөніндегі қағидаларға
5-қосымша
Парашюттік-десанттық құтқару тобын (ПДҚТ) техникалық құралдармен жарақтандыру
Тармақ 1
1. Жарақтандыру табелі:
Р/с
№
Мүлік пен керек-жарақ
Өлшем бірлігі
Саны
1
2
3
4
1.
Жыл мезгіліне сай арнайы киім-кешек (ПДҚТ әрбір мүшесіне)
жиынтық
1
2.
Дайындық деңгейі бойынша парашют жүйесі (ПДҚТ әрбір мүшесіне)
дана
1
3.
Қосалқы парашют жүйесі (ПДҚТ әрбір мүшесіне)
дана
1
4.
Сақтандыру аспабы (ПДҚТ әрбір мүшесіне)
дана
1
5.
Парашюттік биіктік өлшегіш (ПДҚТ әрбір мүшесіне)
дана
1
6.
Парашютшінің қорғаныш шлемі (ПДҚТ әрбір мүшесіне)
дана
1
7.
Арқан кесетін пышақ (арқан кескіш) (ПДҚТ әрбір мүшесіне)
дана
1
8.
Құтқару кеудешесі (белдігі) (ПДҚТ әрбір мүшесіне)
дана
1
9.
Компас
дана
1
10.
Батареялар жиынтығы бар электр қалташамы (ПДҚТ әрбір мүшесіне)
жиынтық
1
11.
Ішетін су құйылған тысталған фляга (ПДҚТ әрбір мүшесіне)
жиынтық
1
12.
Су өтпейтін орамдағы желге төзімді сіріңке
қорап
1
1
2
3
4
13.
Көп функциялы жиналмалы құрал (ПДҚТ әрбір мүшесіне)
дана
1
14.
Бес саусақты техникалық қолғаптар (ПДҚТ әрбір мүшесіне)
жұп
1
15.
Екі тәулікке арналған жеке тамақтану рационы (ПДҚТ әрбір мүшесіне)
жиынтық
1
16.
Р-855УМ (Р-855А1) радиостанциясы
дана
1
17.
Алғашқы медициналық көмек қобдишасы
жиынтық
1
18.
2 орындық палатка
дана
1
Тармақ 2
2. ПДҚТ қолдану үшін міндетті техникалық құралдардың тізбесін іздестіру және құтқару ауданының климаттық, физикалық-географиялық және өзге де жағдайларын ескере отырып, азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган және мемлекеттік авиация саласындағы уәкілетті орган нақтылайды және толықтырады және жеке актімен (бұйрықпен/өкіммен) бекітіледі.
Тармақ 3
3. Көрсетілген техникалық құралдар сыйымдылықтарға салынады және іздестіру-құтқару әуе кемелерімен оқиға орнына парашютпен немесе парашютсіз лақтыра отырып жеткізуге дайындалады.
____________________________
Басқа 6
Қазақстан Республикасының
аумағында ұшуды іздестіру-құтқарумен
қамтамасыз етуді ұйымдастыру
жөніндегі қағидаларға
6-қосымша
Тарау 1. 1. Айқынсыздық кезеңі үшін Үйлестіру орталығының кезекші ауысымының іс-қимылын бақылау тізбесі
1. Айқынсыздық кезеңі үшін Үйлестіру орталығының кезекші ауысымының іс-қимылын бақылау тізбесі
Тармақ 1
1. Іздестіру-құтқару операциясының (жұмысының) үйлестірушісін айқындау.
Тармақ 2
2. ӘК-нің ұшуы барысында оның жіберілгені және белгіленген пунктіге келмеуі туралы соңғы деректерді тексеру.
Тармақ 3
3. Осы қосымшаның 2-бөліміне сәйкес ӘҚҚ (ӘҚБ) органдарына байланыс құралдарының көмегімен іздестіруді жүргізуге жәрдем көрсету.
Тармақ 4
4. Осы қосымшаның 3-бөлімінде белгіленген формат бойынша метеорологиялық ақпаратты сұрату.
Тармақ 5
5. Хабардар ету схемасы бойынша барлық мүдделі органдарды хабардар ету.
Тармақ 6
6. Әуе кемесінің тұрған орны анықталған және ол қауіпсіздікте болғанда, белгісіздік кезеңін жабу және барлық мүдделі органдарға қажетті хабарландыруды жіберу.
Тармақ 7
7. Егер байланыс құралдарының көмегімен алдын ала іздестіру кезінде кеменің орналасқан жері анықталмаған болса, алаңдаушылық кезеңін жариялау.
Тармақ 1
1. ӘК-нің келмегендігіне көз жеткізу үшін межелі әуежай және қосалқы әуежайлармен байланыс орнату. Барлық бақыланбайтын әуежайлар мен әуеайлақтардағы тұрақ алаңының физикалық тексерісін сұрату.
Тармақ 2
2. Ұшып шығу және қайтып оралмау фактісін растау үшін ұшып шыққан әуежаймен байланысу. Ұшу жоспарының мәліметтерін тексеру.
Тармақ 3
3. Із-түзсіз жоғалған ӘК-мен радиобайланыс орнатуға әрекет етуді өтініп, аталған бағыт бойынша ұшуды орындау жағдайындағы немесе оған жақын орналасқан ӘК-ге шектес жатқан ӘҚҚ (ӘҚБ) органдары арқылы хабарласу.
Тармақ 4
4. Аталған ӘК ұшып өтуі мүмкін аудандардың шегінде орналасқан ӘҚҚ (ӘҚБ) органдарын және әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерін авариялық хабардар етуді қамтамасыз ету.
Тармақ 1
1. Көру деңгейі және оларды нашарлататын, мысалы, тұман, түтін немесе мұнар сияқты факторлар, сондай-ақ метеожағдайдағы соңғы өзгерістердің уақыты.
Тармақ 2
2. Желдің бағыты мен жылдамдығы, сондай-ақ соңғы уақытта болған өзгерістер.
Тармақ 3
3. Бұлттылық, бұлттардың төменгі шегі және т.б., сондай-ақ соңғы уақытта болған өзгерістер.
Тармақ 4
4. Ауа температурасы.
Тармақ 5
5. Барометрлік қысым.
Тармақ 6
6. Жауын немесе қар жауып жатқаны немесе жауғаны туралы, сондай-ақ жауын-шашынның басталған немесе оның аяқталған уақыты.
Тармақ 7
7. Найзағай, қар, бұршақ, мұз қиыршығы немесе көктайғақ сияқты қолайсыз құбылыстар болып жатқаны немесе болғаны туралы, сондай-ақ олардың басталу және аяқталу уақыты.
Тарау 2. 2. Алаңдаушылық кезеңі үшін Үйлестіру орталығы кезекші ауысымының іс-қимылын бақылау тізбесі
2. Алаңдаушылық кезеңі үшін Үйлестіру орталығы кезекші ауысымының іс-қимылын бақылау тізбесі
Ескертпе: айқынсыздық кезеңі үшін бақылау тізбесінің пункттерін ескеру қажет.
Тармақ 1
1. Көмек көрсету үшін кезекші іздестіру-құтқару ӘК-ні көтеруге команда (командалар) беру.
Тармақ 2
2. Схемаға сәйкес авариялық хабардар етуді қамтамасыз ету.
Тармақ 3
3. ӘҚҚ органы арқылы аталған бағыт бойынша ұшуды орындау жағдайындағы ӘК тарапынан көмекпен қамтамасыз етуді ұйымдастыру.
Тармақ 4
4. Егер авариялық ӘК-де қалыпты пайдалану режимі қалпына келтірілген болса, онда ӘҚҚ (ӘҚБ) органдары арқылы оның қауіпсіздігі кепілдендірілген жағдайға дейін оның бақылауын жүзеге асыру қажет.
Тармақ 5
5. Көмек көрсету аяқталған кезде, алаңдаушылық кезеңін жабу.
Тармақ 6
6. Егер жағдай нашарласа және ӘК-ге маңызды және тікелей қауіп төніп тұрса, апат кезеңін жариялау.
Тармақ 1
1. Кезекші іздестіру-құтқару ӘК-ні авариялық хабардар етуді қамтамасыз ету.
Тармақ 2
2. Апатқа ұшырау жағдайындағы ӘК-мен байланыс орнату өтінішімен ӘҚҚ органдарына хабарласу.
Тармақ 3
3. Ұсынылған ұшу жоспарын талдау.
Тармақ 4
4. ӘҚҚ (ӘҚБ) органдарын және ӘҚҚ әскерін авариялық хабардар етуді қамтамасыз ету.
Тармақ 5
5. ӘҚҚ органы арқылы аталған бағыт бойынша ұшуды орындау жағдайындағы ӘК тарапынан көмекпен қамтамасыз етуді ұйымдастыру.
Тармақ 6
6. Белгіленген схема бойынша авариялық хабардар етуді қамтамасыз ету.
Тармақ 7
7. Шектес үйлестіру орталығын авариялық хабардар етуді қамтамасыз ету (егер авариялық ӘК ұшуы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасына жақын жүзеге асырылса).
Тармақ 8
8. Іздестіруді жоспарлауға және ІҚҚ (Ж)-ның бастапқы жоспарын пысықтауға кірісу.
Тармақ 9
9. Кезекші іздестіру-құтқару ӘК-ні көтеруге команда (командалар) беру және оны бастапқы іздестіруді жүргізу үшін жіберу.
Тармақ 10
10. Егер ӘК тұрған орын анықталса, барлық мүдделі тараптарды хабарландыру.
Тармақ 11
11. Егер жағдай нашарласа және болжамдағандай ӘК-ге маңызды және тікелей қауіп төніп тұрса, апат кезеңін жариялау.
Тармақ 1
1. Белгіленген схема бойынша авариялық хабардар етуді қамтамасыз ету.
Тармақ 2
2. Іздестіру-құтқару ӘК-ні авариялық хабардар етуді қамтамасыз ету.
Тармақ 3
3. Шектес үйлестіру орталығын авариялық хабардар етуді қамтамасыз ету (егер авариялық ӘК ұшуы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасына жақын жүзеге асырылса).
Тармақ 4
4. Одан кейінгі іс-қимылдарды Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Терроризмге қарсы орталығының нұсқауына сәйкес жүзеге асырылатын болады.
Тармақ 5
5. Егер ӘК құрлыққа немесе суға мәжбүрлі түрде қонуға ниет білдіру немесе қонуы мүмкін болмаса, апат кезеңін жариялау.
Тарау 3. 3. Апат кезеңі үшін Үйлестіру орталығының кезекші ауысымы іс-қимылын бақылау тізбесі
3. Апат кезеңі үшін Үйлестіру орталығының кезекші ауысымы іс-қимылын бақылау тізбесі
Ескертпе: айқынсыздық және алаңдаушылық кезеңдері үшін бақылау тізбелерінің пункттерін ескеру қажет.
Тармақ 1
1. Шектес үйлестіру орталығына авариялық хабардар етуді қамтамасыз ету (егер әуе кемесінің ұшуы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік шекарасына жақын жүзеге асырылса).
Тармақ 2
2. Кезекші іздестіру-құтқару ӘК-ні көтеруге команда беру және оны апат орнына (егер ол белгілі болса) жіберу.
Тармақ 3
3. Бастапқы іздестіру іс-қимылдарының жоспарын әзірлеу.
Тармақ 4
4. ӘҚҚ (ӘҚБ) органдары арқылы іздестіру-құтқару ӘК экипажына өткізілген операцияға қатысты ақпаратты ұсыну.
Тармақ 5
5. ІҚО (Ж) жүргізу орнында үйлестіруші (ІҚО (Ж) басшысы) тағайындау туралы мәселені азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органмен келісу.
Тармақ 6
6. ІҚО (Ж) жүргізу орнында ӘК үйлестірушісін тағайындау.
Тармақ 7
7. Тағайындалған ІҚО (Ж) басшысына іс-қимылдардың бастапқы жоспары туралы ақпаратты тапсыру.
Тармақ 8
8. Апатқа ұшырау жағдайындағы ӘК туралы соңғы радиолокациялық ақпарат туралы ӘҚҚ (ӘҚБ) органдары мен ӘҚҚ әскерін сұрастыру.
Тармақ 9
9. Оқиға куәгерлерімен байланысты ұйымдастыру үшін азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органына хабарлама мен байланыс телефонын ұсыну.
Тармақ 10
10. ӘҚҚ органы арқылы аталған бағыт бойынша ұшуды орындайтын ӘК тарапынан көмекпен қамтамасыз етуді ұйымдастыру.
Тармақ 11
11. ӘҚҚ органы арқылы апатқа ұшырау жағдайындағы ӘК-ні байланыс жасау.
Тармақ 12
12. Қолданған шаралар туралы апатқа ұшырау жағдайындағы ӘК-мен ақпараттандыру.
Тармақ 13
13. Апатқа ұшырау жағдайындағы ӘК-ні пайдаланушымен байланыс орнату және байланыс жасау.
Тармақ 14
14. Деректерді тіркеу және іздестіру іс-қимылдары мен іздестіру тиімділігін бағалауға қатысты тиісті карталарды жүргізу.
Тармақ 15
15. Сәтті іздестірген және құтқару операциясы аяқталған жағдайда, апаттық кезеңді жабу.
Тармақ 16
16. Талап етілген қорытынды есептерді дайындау.
Басқа 7. Апатқа ұшыраған әуе кемелерін іздестіруді жүргізу әдістемесі
Қазақстан Республикасының аумағында ұшуды іздестіру-құтқарумен қамтамасыз етуді ұйымдастыру жөніндегі қағидаларға
7-қосымша
Апатқа ұшыраған әуе кемелерін іздестіруді жүргізу әдістемесі
Тарау 1. 1. Апатқа ұшыраған әуе кемелерінің экипаждарын іздестіру ауданын анықтау әдістемесі
1. Апатқа ұшыраған әуе кемелерінің экипаждарын іздестіру ауданын анықтау әдістемесі
Қосымша мәліметтер болмаған жағдайда жалпы көріністе іздестіру ауданы былайша айқындалуы мүмкін (1-сурет):
1-сурет. Іздестіру ауданын анықтау әдістемесі
Тармақша 1
1) жұмыс картасына апатқа ұшыраған ӘК-нің берілген ұшу маршрутының учаскесі (АВ) ұшып өткенде байланыс болған соңғы бақылау нүктесінен (А нүктесі) ол келмеген немесе онымен байланыс болмай қалған нүктеге (В нүктесі) дейін енгізіледі;
Тармақша 2
2) карта масштабында маршрут учаскесінің бойымен (АВ) ені ±r болатын жолақ салынады, ол А нүктесін ұшып өткен кезде ӘК орнын айқындау қателіктерінің мәніне тең (a, f, g, b жолақтары) болады;
Тармақша 3
3) В нүктесінен маршрут сызығына перпендикулярлы түрде S жолын ұшып өту уақыты ішінде ӘК-нің ең үлкен L бүйірлік ауытқуына тең Ве және Вd бөліктері белгіленеді.
Картада түзілген пішін (а, d, е, b, с) апатқа ұшыраған ӘК тұрған жердің ең ықтимал ауданы болады.
Тарау 2. 2. Апатқа ұшырағандарды радиотехникалық іздестіруді орындау әдістемесі
2. Апатқа ұшырағандарды радиотехникалық іздестіруді орындау әдістемесі
Апатқа ұшыраған ӘК экипажын іздестіру-құтқару ӘК-нің және радиоторауылдауыш аппаратураның ерекше жоғары жиілігінің (ЕЖЖ) және жоғары жиілігінің (ЖЖ) көмегімен іздестіру негізгі іздестіру әдісі болып табылады.
Авариялық-құтқару маяктарының сигналдары бойынша іздестіру:
Тармақша 1
1) апатқа ұшыраған әуе кемесі немесе әуе кемесіндегі адамдар авариялық-құтқару маягымен жарақтандырылғаны белгілі болса немесе сондай жорамал болса, КОСПАС-САРСАТ жүйесі арқылы қандай да бір хабар алынған-алынбағанына қарамастан, биік эшелонда электрондық іздестіруді дереу бастау керек. Көптеген әуе кемелері ELT немесе ELT (DT) таратқыштармен жабдықталған, олар шамадан тыс жүктеме белгілі бір деңгейге, мысалы, авария кезіндегідей деңгейге жеткенде жұмыс істей бастайды. Электрондық іздестіруді бастағанда анағұрлым төменгі эшелондарда визуалды іздестіруді елемеуге болмайды, өйткені электрондық іздестірудің сәттілігі құтқару маягының сигнал беру қабілетіне байланысты;
Тармақша 2
2) электрондық іздестіру кезінде шолу ені іздестіру үшін таңдап алынған ұшу эшелоны үшін көкжиекке дейінгі қашықтық бойынша анықталуға тиіс, өйткені авариялық маяктардың көпшілігі тікелей көрінетін қашықтық шегінде ғана қабылдау мүмкіндігін қамтамасыз ететін жиіліктерде жұмыс істейді. Алайда, егер табудың ықтимал қашықтығы белгілі болса және ол көкжиекке дейінгі қашықтықтан аз болса, онда табу қашықтығынан бастау керек. Авариялық-құтқару маягын анықтаудың ықтимал қашықтығы белгісіз болған кезде теңіз үстінен ағаш аз көмкерген немесе ағаш мүлдем жоқ немесе жазықтық үстінен іздестіру кезіндегі есептік ен көкжиекке дейінгі қашықтықтың шамамен жартысына тең болуға тиіс. Таулы жерлердің үстінде есептік шолу ені көкжиекке дейінгі қашықтықтың 1/10 бөлігіне дейін азайтылуы мүмкін. Таулы жерлерде немесе өсімдік тығыз өскен жерлерде сигналдың таралу қашықтығы судағыға немесе тегіс жердегіге қарағанда айтарлықтай аз болады;
Тармақша 3
3) әдетте, авариялық-құтқару маяктарының сигналдары бойынша іздестіру кезінде қатарлас галс немесе толқын тәрізді сызық тәсілімен іздестіру әдісін қолдану керек. Егер белгілі бір ауданда бірінші іздестіру кезінде маяк табылмаса, ол жерде қайта іздестіру жүргізу керек, бұл ретте іздестіру маршрутының учаскелері бірінші іздестіру схемасына сәйкес іздестіру маршрутының учаскелеріне қатысты тік бұрыш жасауы керек. Егер маяктың орналасқан жері әлі анықталмаса, бірақ оның осы ауданда екеніне және жұмыс істеп тұрғанына айтарлықтай сенімділік болса, іздестіру маршрутының учаскелерін бірінші іздестіру кезіндегі маршрут учаскелеріне қатарлас, бірақ жол сызықтары арасындағы аралықтың жартысына ығыстырып орналастыру арқылы үшінші іздестіруді қарастырған жөн;
Тармақша 4
4) авариялық-құтқару маягының дабылы анықталғаннан кейін оның орналасқан жерін анықтау үшін мынадай схемалардың бірін пайдалануға болады.
Бағдарлау сигналы бойынша бағдар ала алатын іздестіру құралдары пайдаланылған кезде авариялық-құтқару маягының сигналы анықталған сәттен бастап іздестіру құралы сол маякқа бағытталады. Егер іздестіру құралы іздестіру объектісінің орналасу ықтималдығының тығыздығы ең жоғары болатын бастапқы нүктеге қарай қозғалса, құтқару маягының сигналы тез қабылдануы мүмкін. Егер бұл сәтті болмаса, онда бұл ауданда секторлық іздестіру, кеңейетін шаршы түрінде іздестіру, қатарлас галстаумен іздестіру немесе қамтамасыз етілетін іздестіру күшінің оңтайлы шамасына негізделген жол сызықтары арасындағы интервалмен толқын тәрізді сызықты іздестіру әдістерін қолдана отырып жүйелі іздестіру жүргізілуі керек.
Ұшып бара жатқан әуе кемелерінен 121,5 МГц жиіліктегі сигналдың анықталғаны туралы мәлімдеме алған кезде (бұл сигналды КОСПАС-САРСАТ жүйесі өңдемейді) радиомаякты электрондық іздестіруді жүргізу үшін іздестіру ауданын белгілеу қажет.
Бағдарлау сигналдары бойынша бағдар ала алмайтын іздестіру құралымен жүзеге асырылатын тыңдау арқылы электрондық іздестіру кезінде авариялық-құтқару маягының анықталған радиожиілік сигналы электрондық тәсілмен естуге болатын дыбысқа түрлендіріледі, оны іздестіру әуе кемесі экипажының кемінде бір мүшесі динамиктің немесе бас телефондардың көмегімен ести алады.
2-сурет. Автоматты радиокомпасты пайдалана отырып (АРК) авариялық радиостанцияға шығу үшін маневр
Апатқа ұшыраған ӘК тұрған жері анықталған ауданға шыққаннан кейін іздестіру-құтқару ӘК экипажы авариялық радиостанция сигналы анықталғанға дейін іздестіруді жүзеге асырады.
Жұмыс істеп тұрған авариялық радиостанцияның (радиомаяк) сигналы АРК-У2, АРК-УД, ЮР-26 радиокомпастарының көмегімен анықтағанда ӘК курстық бұрыш көрсеткішінің, ОЖЖ радиопеленгатор индикациясының орнықтылығына көз жеткізгеннен кейін іздестіру-құтқару ӘК экипажы ӘК-ні көрсетілген радиостанцияға бағыттайды.
Радиокомпастың курстық көрсеткішінің (РКК) тілінің 1800 градусқа бұрылуы бойынша айқындалатын авариялық радиостанциядан (радиомаяк) ұшып өткеннен кейін экипаж зардап шеккендерді көзбен шолып анықтауды қамтамасыз ететін ұшу биіктігінде оған қайта шығу есебінен маневр (2-сурет) жасайды.
Тарау 3. 3. Көзбен шолып іздестіру үшін іздестіру ауданын шаршыларға бөлу тәртібі
3. Көзбен шолып іздестіру үшін іздестіру ауданын шаршыларға бөлу тәртібі
Көзбен шолып тексеру кезінде іздестіру ауданы көзбен шолып іздестіру торы бар палеткаға сәйкес көлемі 20х20 км болатын шаршыларға бөлінеді (3-сурет). Қажет болған жағдайда 20х20 км шаршы палеткаға сәйкес 10х10 км болатын 4 шаршыға бөлінеді. Ойлы-қырлы жерлері көп орманды жерді жан-жақты тексеру үшін жерүсті іздестіру-құтқару командасы 10х10 км шаршыны 5х5 км болатын 4 шаршыға бөледі.
ІҚО (Ж) басшысы (үйлестірушісі) бірінші кезектегі тексеру шаршысын және іздестіру бағытын айқындайды.
Көзбен шолып іздестіру торы салынған палетканы пайдаланған кезде:
Тармақша 1
1) палетканың ортасын әуеайлақтың бақылау нүктесімен (ӘБН), өзіндік бағдармен немесе болжамды апат ауданының орталығымен түйістіру;
Тармақша 2
2) палетканың көлденең осін шын меридианның солтүстік бағытымен немесе болжамды ұшу бағытының перпендикуляр осімен түйістіру;
Тармақша 3
3) картада түзілген шаршыларды палетка нөміріне сәйкес нөмірлеу (3-1-сурет).
Тарау 4. 4. Апатқа ұшыраған әуе кемелерінің экипаждарын көзбен шолып іздестіру тәсілдері
4. Апатқа ұшыраған әуе кемелерінің экипаждарын көзбен шолып іздестіру тәсілдері
Егер радиотехникалық құралдардың көмегімен іздестіру ауданын үздіксіз тексеріп қарау нәтижесінде апатқа ұшырағандар табылмаса және олармен байланыс орнатылмаса, ІҚО (Ж) басшысының (үйлестірушісінің) шешімімен көзбен шолып іздестіру жүргізіледі, оны мынадай тәсілдермен жүзеге асыруға болады: «Тарақ», «Қатарлас галс (PS)», «Секторлық іздестіру (VS)», «Толқын тәрізді сызық (CS)», «Кеңейетін шаршы», «Жол сызығын тексеріп қарау (TS)», «Контурлық іздестіру (OS)» және «Берілген маршрут»:
Тармақша 1
1) «Тарақ» тәсілімен іздестіру (4-сурет) барынша аз уақытта және іздестіру-құтқару ӘК саны жеткілікті болғанда үлкен аумақты қарау мақсатында қолданылады.
«Тарақ» тәсілі көзбен көру шамамен 75 % болған немесе іздестіру аппаратурасының әрекет ету қашықтығы аралықтарда қатарлас түзу сызықты маршруттар бойынша бірге ұшу арқылы ӘК тобының іздестіру ауданын бір мезгілде тексеруінен тұрады.
«Тарақ» тәсілі, әдетте, іздестіру-құтқару ӘК-нің орналасқан жерінен әлдеқайда алыс қашықтықта іздестіруді ұйымдастыруда қолданылады;
4-сурет. «Тарақ» тәсілімен іздестіру схемасы
Тармақша 2
2) «Қатарлас галс (PS)» тәсілімен іздестіру қолда бар іздестіру ұшақтарының (тікұшақтардың) саны жеткіліксіз болған кезде және ауқымды аумақты тексеріп қарау үшін қолданылады.
Қатарлас галс іздестіру әдісі әдетте тірі қалғандардың орналасқан жеріне қатысты белгісіздік тым жоғары болғанда қолданылады, бұл біркелкі қамтып, кең ауқымды аумақта іздестіруді қажет етеді. Бұл су кеңістігінде немесе мейлінше жазық жерлерде іздестіруде тиімді. Қатарлас галс іздестіру әдісі тікбұрыш пішінді аймақты қамтиды (5-сурет). Ол әрдайым дерлік үлкен іздестіру аймағын бір уақытта операция жүргізілетін жерде болатын жеке іздестіру құралдары бойынша бөлінген шағын аудандарға бөлу қажет болған жағдайда қолданылады.
Бұл тәсілмен іздестіру аймағын бірнеше жеке ұшақпен (тікұшақпен) немесе бір ұшақпен (тікұшақпен) бір уақытта қаралатын бірнеше іздестіру учаскелеріне (жолақтарына) бөлуге болады.
Іздестіру апатқа ұшыраған әуе кемесінің ең ықтимал орналасқан жерінен (жолағынан) басталуға тиіс (6-сурет).
Галстар арасындағы қашықтық (қабаттасудың 25 %-ы қамтамасыз етілгенде) «Тарақ» тәсілімен іздеген кездегі ұшақтар (тікұшақтар) арасындағы интервалмен бірдей белгіленеді. Тексеріп қарау жолақтары арасындағы интервал галстар арасындағы қашықтықтың жартысына тең алынады.
Кері бұрылу санын азайту үшін галстардың түзу сызықты учаскелерін тексеріп қарау жолақтары бойымен бағыттаған жөн.
5-сурет. Бір әуе кемесімен «Қатарлас галс» тәсілімен іздестіру әдісі
«Қатарлас галс» және «Кеңейетін шаршы» тәсілдерін іздестіру кезінде галс арасындағы ұсынылатын қашықтық (6-сурет):
Тармақша 1
1) ойлы-қырлы жер – 0,5 км;
Тармақша 2
2) орман – 1 км;
Тармақша 3
3) тығыз орман – 0,5 км;
Тармақша 4
4) ашық жер – 2 км.
Галстардың ұзындығы 10–20 км болуы керек;
мұнда: ҰМБН – ұшу маршрутының бастапқы нүктесі;
ҰМСП – ұшу маршрутының соңғы пункті.
6-сурет. Екі ұшақпен (тікұшақпен) «Қатарлас галс» тәсілімен іздестіру
Тармақша 3
3) «Кеңейетін шаршы» тәсілімен іздестіру (7-сурет), әдетте, ӘК апат орны туралы деректер болған кезде қолданылады.
Іздестіру апатқа ұшыраған экипаждың болуы ықтимал деген жорамал бар белгілі нүктенің айналасындағы ауданды бір ӘК-мен тексеруден тұрады.
Маршруттың іргелес қатарлас учаскелері арасындағы қашықтық жергілікті жердің анық көрінуіне кепілдік беруі керек;
мұнда: ББП – бағыттың бастапқы пункті;
БАП – бағыттың аралық пункті;
ҰБСП – ұшу бағытының соңғы пункті.
7-сурет. «Кеңейетін шаршы» тәсілімен іздестіру
Тармақша 4
4) «Межелі маршрут» тәсілімен іздестіру (8-сурет) апатқа ұшыраған ӘК маршрутының учаскесі бойымен өтетін межелі жол сызығы бойынша орындалады.
Бұл тәсіл іздестіру аймағы іздестіру-құтқару ӘК ұшуының межелі биіктігінде іздестіру аппаратурасының әрекет ету қашықтығы 0,5–0,7 құрайтын жолақ болған кезде қолданылады;
мұнда: ҰББП – ұшу бағытының бастапқы пункті;
ҰБСП – ұшу бағытының соңғы пункті;
L – іздестіру радиотехникалық аппаратурасы (тексеру) жолағының ені;
l – іздестіру аймағының ені.
8-сурет. «Межелі маршрут» тәсілімен іздестіру
Тармақша 5
5) «Секторлық іздестіру (VS)» тәсілімен іздестіру (9-сурет).
Секторлық іздестіру әдісі іздестіру объектісінің орналасқан жері нақты белгілі болған кезде және іздестіру аймағы шағын болған жағдайда тиімді болады. Мысалы, команда мүшелерінің бірі команданың екінші мүшесінің теңіз кемесінің бортынан құлап кеткенін көргенде немесе авариялық жағдай орын алған жер туралы мәлімдеме ол жер туралы өте нақты дерек берген кемеден алынған кезде. Секторлық іздестіру 9-суретте көрсетілгендей бастапқы нүктеде орталығы бар шеңбер болып табылатын ауданда іздестіру кезінде қолданылады. Мұндай іздестіру кезінде навигацияны жүзеге асыру оңай, іздестіру объектісін табу ықтималдығы жоғары орталық нүктеге жақын аймақты жаппай қамту қамтамасыз етіледі. Аудан көлемінің шағын болуына байланысты бұл іздестіру әдісіне бір немесе жақын эшелондарда ұшатын бірнеше әуе кемесі немесе бірнеше теңіз кемесі бір уақытта қатыспауы керек. Оның орнына бір теңіз кемесі мен бір әуе кемесін бір ауданда тәуелсіз секторлық іздестіру үшін пайдалануға болады.
Бастапқы нүктеге қолайлы маркер (мысалы, түтін қалтқысы немесе маяк) тастап жіберуге болады, ол схеманың ортасын білдіретін бағдар немесе навигациялық құрал ретінде қолданылады. Іздестіру маршрутының әрбір учаскесі маркерге жақын қашықтықта немесе оның дәл үстінен өтуі керек. Секторлық іздестіру теңізде маркер бойынша жүргізілгенде іздестіру барысында іздестіру объектісінің қозғалысына жалпы су ағысының әсерін ескере отырып түзету оңайырақ болады. Бірінші учаскеде іздестіру әдетте дрейф бағытында жүзеге асырылады. Әуе кемелері пайдаланылған кезде іздестіру әдісінің радиусы әдетте 9-дан 37 км-ге дейін (5-тен 20 теңіз миліне дейін) болады. Іздестіру маршрутының алдыңғы және кейінгі учаскелері арасындағы бұрыш пайдаланылған радиусқа және іздестіру маршруты учаскелерінің соңындағы жол сызықтары арасындағы максималды аралыққа байланысты болады. Теңіз кемелері пайдаланылған кезде іздестіру әдісінің радиусы әдетте 3,7-ден 9 км-ге дейін болады (2-ден 5 теңіз миліне дейін) және әр бұрылыс 1200 жетеді. Әдетте, секторлық іздестірудегі барлық кері бұрылу оң жақтағы борт бағытында орындалады.
Егер секторлық іздестіру әдісі бойынша бірінші іздестіру аяқталған кезде іздестіру объектісінің орналасқан жері анықталмаса, онда іздестіру әдісін бұрып, 9-суретте нүктелі сызықтармен көрсетілгендей, бірінші іздестіру барысында тексерілген маршрут учаскелерінің ортасында орналасқан іздестіру маршрутының учаскелерін қолдана отырып екінші іздестіруді жүргізу қажет;
9-сурет. «Секторлық іздестіру (VS)» әдісі: бір құрал
Тармақша 6
6) «Жол сызығын тексеру (TS)» тәсілімен іздестіру.
Жол сызығын тексерумен іздестіру әдісі әдетте әуе немесе теңіз кемесі бір пункттен екінші пунктке дейінгі маршрутта із-түзсіз жоғалып кеткен жағдайларда қолданылады. Ол апатқа ұшыраған кеме апатқа ұшырады, қонуға мәжбүр болды немесе таңдалған жол сызығында немесе оның жанында батып кетті деген болжамға негізделген және 10-суретте көрсетілгендей іздестіру күшінің осы бастапқы сызыққа жақын шоғырлануын болжайды.
Әдетте тірі қалғандар едәуір қашықтықта болса да, іздестіру құралының назарын сигналдық айна немесе боялған түтін (күндізгі уақытта), сигналдық зымырандар, жыпылықтайтын от немесе сигналдық от (тәуліктің қараңғы уақытында) немесе электронды маяк (ашық немесе қараңғы уақытта) сияқты кез келген құралдардың көмегімен тарта алады деп болжанады).
Жол сызығын тексеру арқылы іздестіру апатқа ұшыраған кеме таңдап алған маршрут бойынша жылдам және барынша мұқият іздестіруді қамтамасыз етеді.
Іздестіру құралы жол сызығының бір жағынан іздей алады және 10-суретте көрсетілгендей кері бағытта (TSR) орала алады немесе таңдалған жол сызығы бойымен және әр жағынан бір рет іздей алады, содан кейін 11-суретте көрсетілгендей кері қайтпай, (TSN) өз жолын жалғастыра алады. Қозғалыс жылдамдығы жоғары болғандықтан, әуе кемелері көбінесе әдетте күндізгі уақытта жер бетінен 300-600 м (1000-2000 фут) немесе қараңғы уақытта 600-900 м (2000-3000 фут) биіктікте жол сызығын тексеру кезінде іздестіруде қолданылады. Бұл схема көбінесе іздестірудің бірінші кезеңі ретінде қолданылады, өйткені ол салыстырмалы түрде аз жоспарлауды қажет етеді және оны тез жүзеге асыруға болады. Егер іздестіру барысында жол сызығын тексере отырып, тірі қалғандардың орналасқан жерін анықтау мүмкін болмаса, онда іздестіруді неғұрлым қарқынды түрде анағұрлым кең ауданда жүргізу керек.
Осы ауданда және апатқа ұшыраған кемемен немесе оған жақын маршрутпен жүретін әуе кемелеріне іздестіруге көмек көрсету үшін маршруттан ауытқуды ұсыну керек. Бұл олардың маршруттан ауытқып, апатқа ұшыраған кеменің ең ықтимал маршрутымен немесе қатарлас дерлік маршрутпен жүруі керек дегенді білдіреді. Мұндай көмек көрсетуге бірнеше құрал жұмылдырылған жағдайларда, әсіресе егер олар қарсы бағытта жүріп бара жатса, іздестіруді жоспарлайтын қызметкер барлық құралды басқа құралдардың бар екендігі туралы хабардар етуі керек және қарсы бағытта жүретін құралдардың әр жақтан бір маршрут бойынша жүруіне жол бермеуі керек.
Ұшып бара жатқан әуе кемелерін жол сызығын тексеріп іздестіруге тартуды экипажы оқытылған құралдардың іздестіру-құтқару күштері жүргізетін іздестіруге қатысты қосымша шара ретінде қарастырған жөн, өйткені мұндай әуе кемелері:
бортында даярланған бақылаушылардың жеткілікті саны болмауы мүмкін;
оңтайлы іздеу биіктігі мен жылдамдығында емес, стандартты ұшу эшелондары мен жылдамдығында ұшуға мәжбүр болуы мүмкін;
бұлттардың үстінен ұшуға мәжбүр болуы мүмкін;
10-сурет. «Жол сызығын тексеріп қайта оралу (TSR)» тәсілімен іздестіру әдісі
11-сурет. «Жол сызығын қайта оралмай тексеру (TSN)» тәсілімен іздестіру әдісі
Тармақша 7
7) «Толқын тәрізді сызық (CS)» тәсілімен іздестіру.
Толқын тәрізді сызық бойынша іздестіру әдісі негізінен қатарлас галс іздестіру әдісіне ұқсас, тек іздестіру маршрутының учаскелері тіктөртбұрыштың ұзын жақтарына емес, қысқа жақтарына қатарлас орналасады. Бір аймақты қамту үшін толқын тәрізді сызық (CS) іздестіру әдісін қолдану әлдеқайда көп кері бұрылуды қажет ететіндіктен, әдетте қатарлас галс әдісі (PS) сияқты тиімді емес, алайда әуе кемесі мен теңіз кемесін бірге үйлестірілген іздестіру үшін пайдалануға болады. Толқын тәрізді сызық бойынша іздестіру әдісі 12-суретте көрсетілген.
Толқын тәрізді сызық бойынша үйлестірілген іздестіру (CSC).
Үйлестірілген әуе-теңізде іздестіру, әдетте, әуе кемесі жүзеге асыратын іздестіруге ден қою бағытындағы іздестіру ауданының үлкен осі бойында толқын тәрізді сызық бойынша іздестіру схемасымен ұшатын әуе кемесінің қозғалысын теңіз кемесінің қозғалысымен үйлестіру арқылы жүзеге асырылады. Әуе кемесі іздестіру маршрутының учаскелері бойынша ұшуды теңіз кемесінің бағытына тік бұрыш жасай отырып орындайды.
Теңіз кемесінің жылдамдығы, әуе кемесінің жылдамдығы, әуе кемесін іздестіру маршруты учаскелерінің ұзындығы және жол сызықтары арасындағы интервал жоспарлау кезінде әуе кемесінің іздестіруге ден қою бағыты бойынша қозғалу жылдамдығы суүсті құралының жылдамдығына тең болатындай етіп айқындалады. Іздестіру әдісі дұрыс орындалған кезде әуе кемесі 13-суретте көрсетілгендей іздестіру маршрутының әр учаскесінің ортасында теңіз кемесінің дәл үстінен өтуі керек;
12-сурет. «Толқын тәрізді сызық (CS)» тәсілімен іздестіру әдісі
13-сурет. «Толқын тәрізді сызық бойынша үйлестірілген іздестіру (CSC)» тәсілімен іздестіру әдісі
Тармақша 8
8) «Контурлық іздестіру (OS)» тәсілімен іздестіру.
Контурлық іздестіру таулар мен шатқалдардың айналасында қолданылады, өйткені жер бедерінің күрт өзгеруі басқа әдістерді іс жүзінде қолдануға мүмкіндік бермейді. Әр тау шыңынан етегіне қарай тексеріледі, бірақ ешқашан етегінен шыңына қарай тексерілмейді. Контурлық іздеу әдісінің (OS) егжей-тегжейлі сипаттамасы 14-суретте көрсетілген.
Іздестіруші әуе кемесі осы эшелонда тауды толық айналып ұшып, іздестіруді ең биік шыңнан бастайды. Әуе кемесі 150-300 м (500-1000 фут) төмен болуы мүмкін контурлық іздестірудің келесі эшелонына дейін тегіс және қауіпсіз түсуі үшін таудан алыстау бағытта биіктігін төмендете отырып, айнала ұшуды орындап, содан кейін контурлық іздеуді төменгі биіктікте жалғастыра алады. Іздестірудің кері бағытында айнала ұшу үшін орын жеткілікті болмаған кезде әуе кемесі тауды айнала шиыршық жасап төмендей алады, бірақ төмендеу жылдамдығы шамамен бірқалыпты болуы керек. Егер қандай да бір себептермен тауды айналып ұшу мүмкін болмаса, жоғарыда көрсетілгендей биіктік бойынша оның көлбеуінің бойынан бірдей аралықпен біртіндеп ұшып өтуі керек.
Аңғарларда іздестіру шеңбер бойымен айнала ұшу түрінде жүргізіледі, әрбір айналып ұшып өткен сайын шеңбердің ортасы жол сызықтарының арасындағы бір аралыққа ығыстырылады.
14-сурет. «Контурлық іздестіру (OS)» тәсілімен іздестіру әдісі
Контурлық іздестіру өте қауіпті болуы мүмкін. Сондықтан тауларда, шатқалдарда және аңғарларда іздестіру кезінде өте сақ болу керек. Төменде ескеру қажет қауіпсіздік нұсқаулары берілген.
Экипаж өте тәжірибелі, дұрыс нұсқау алған және олардың ірі масштабты дәл карталары болуы керек (ұсынылатын масштаб 1:100000).
Таулы аудандарда іздестіру үшін мүмкіндігінше бірнеше қозғалтқышы бар әуе кемелерін бөлу керек.
Іздестіру кезінде ұшқыштың назары толығымен әуе кемесін басқаруға бағытталуы керек. Ұшқыш кез келген қауіптен аулақ болу үшін (электр желілері, аспалы жолдар және т.б.) алдындағы жер бедерін бағалауы керек және жергілікті жер бедерінің алдамшы болу ықтималдығын болжай білуі керек, себебі ол әуе кемесінің қауіпсіздігіне нұқсан келтіруі мүмкін. Аңғарларда іздестіруді жүзеге асыру кезінде ұшқыш әуе кемесі кездесетін кедергілерді еңсеріп не биіктікке көтеріле алуы, не оларды айналып өту үшін бұрыла алуы үшін ұшуды алдын ала жоспарлауы керек. Ол сондай-ақ қауіпті жағдай туындаған жағдайда әуе кемесін қай бағытқа бұру керектігін әрдайым білуге тиіс.
Іздестіру аймағындағы ауа-райы қолайлы болуы керек. Көрінуді де, турбуленттілікті де үнемі бақылауда ұстау қажет. Желдің жылдамдығы 56 км/сағ (30 түйін) асатын таулы аймақтарда ұшудан аулақ болу керек, өйткені бұл жағдайда төмендеу жылдамдығы 10 м/с (2000 фут/мин) асуы мүмкін.
Ұшу алдында экипаж жер бедерінің биіктіктері мен көлденең контурларын көрсететін үлкен масштабтағы контурлы карталарды зерттеп, ықтимал күшті турбуленттілік аймақтарын анықтауы қажет. Ұшқыштар тау баурайына жақын жерде іздестіру және ұшу биіктігіне дейін төмендеуді орындамай тұрып, турбуленттілік пен төмен ағындарды анықтауы керек.
Таулы аймақтардағы жел мен ауа легінің бағыты тым өзгергіш болуы мүмкін. Турбуленттілікке ұшыраған кезде ұшқыш әуе кемесінің конструкциясындағы шекті жүктемелердің асып кетуіне жол бермеу үшін дереу тиісті шаралар қабылдауы керек.
Егер әуе кемесінің бағыты бойынша алда аңғардан шығатын қауіпсіз маршрут болмаса, әуе кемесі ұшу биіктігінде 180 градусқа бұрылыс жасауға мүмкіндік бермейтін тым тар аңғарға кірмеуге тиіс. Іздестіру кезінде ұшуды қажет болған жағдайда 1800 бұрылуды орындау үшін оның бүкіл енін пайдалану мүмкін болатындай етіп шатқалдың немесе аңғардың бір жағына жақын орындау керек. Бұл талап тауды айналып өту кезінде контурлық іздестіру кезінде сақталуы керек.
Әуе кемесі жоғары маневрлі және кері бұрылу радиусы аз болуы керек.
Контурлық іздестірудің әрбір ауданында басқа іздестіруші әуе кемесімен ықтимал соқтығысуды болдырмау үшін бір әуе кемесі ғана болуға тиіс.
____________________________
Басқа 8. Ауа райы ашық болғанда жергілікті жердегі объектілерді көзбен шолып табу қашықтығы
Қазақстан Республикасының
аумағында ұшуды іздестіру-құтқарумен
қамтамасыз етуді ұйымдастыру
жөніндегі қағидаларға
8-қосымша
Ауа райы ашық болғанда жергілікті жердегі объектілерді көзбен шолып табу қашықтығы
№
Қадағалау объектісі
Жыл, тәулік уақыты
Ұшу биіктігі (метр)
Табу қашықтығы (шақырым)
1.
Бір адам (адамдар тобы)
қыс
жаз
200
200
1,6-1,8
1,0-1,4
2.
Әуе кемесі
қыс және жаз
200
2-4
3.
От
түн
300
8-12
4.
Жыпылықтаушы шам
түн
300
2-4
Басқа 9. Іздестіру-құтқару операцияларын (жұмыстарын) жүргізу кезінде қолданылатын сигналдар мен кодтар
Қазақстан Республикасының
аумағында ұшуды іздестіру-құтқарумен
қамтамасыз етуді ұйымдастыру
жөніндегі қағидаларға
9-қосымша
Іздестіру-құтқару операцияларын (жұмыстарын) жүргізу кезінде қолданылатын сигналдар мен кодтар
Тармақ 1
1. Апатқа ұшырағандарға таратылған көзбен шолу белгілері мен сигналдары 1-кестеде келтірілген.
1-кесте
№
Белгінің, сигналдың мәні
Апатқа ұшыраған әуе кемесі экипажының мүшесі беретін белгі немесе сигнал
Адам пішінінің көмегімен
Парашюттің көмегімен
1.
Ұшу оқиғасы болды, зардап шеккендер бар
Жатқан адамның пішіні
Парашюттің күмбезі ортасында жатқан адамның пішіні бар шеңбер нысанында жерге төселген
2.
Азық-түлікке, суға, жылы киім-кешекке мұқтажбыз
Отырған адамның пішіні
Парашюттің күмбезі үшбұрыш болып жиналған
3.
Қандай бағытқа жүруді көрсетіңіз
Қолдары жоғары көтеріліп екі жаққа шамалы жайылған адамның пішіні
Парашюттің күмбезі ұзына бойы созылған
4.
Осы жерге қонуға болады
Екі қолын созып, тізерлеп отырған адамның пішіні
Парашюттің күмбезі шаршы түрінде жиналған
5.
Көрсетілген бағытта қонуға жақындаңыз
Қолдарын қонуға кіру бағытында алға қарай созып түрегеп тұрған адамның пішіні
Парашюттің күмбезі қону «Т» түрінде жиналған
6.
Бұл жерге қонуға болмайды
Қолдары жоғары көтеріліп крест түрінде көрсетілген адамның пішіні
Парашюттің күмбезі крест түрінде жиналған
Тармақ 2
2. Іздестіру-құтқару ӘК тарататын көзбен шолу белгілері мен сигналдары 2-кестеде келтірілген.
2-кесте.
№
Белгінің немесе сигналдың мәні
Іздестіру-құтқару ӘК экипажы беретін белгі немесе сигнал
ӘК эволюцияларымен
Зымырандардың көмегімен
1.
Сіздерді көріп тұрмын
Көлденең жазықтықтағы шұғыл бұрылыс (табылған адамдардың үстінен шеңбер жасау)
Жасыл зымыран
2.
Көмекті осы жерде күтіңіздер, сіздерге әуе кемесі келеді
Көлденең кеңістікте сегіздікпен ұшу
Қызыл зымыран
3.
Көрсетілген бағытта жүріңіздер
Ұшақтың апатқа ұшырағандардың үстімен қозғалыс курсы бағытында ұшуы
Сары зымыран
4.
Сіздерді түсіндім
Қанаттан қанатқа тербелу
Ақ зымыран
5.
Сіздерді түсінбедім
Батпырауықша ұшу
Екі қызыл зымыран
6.
Қону бағыты мен жерге жақындау орнын белгілеңіздер
Кейіннен бұрыла отырып төмен құлдилау
Екі жасыл зымыран
Тармақ 3
3. Іздестіру мен құтқаруды жүргізу кезінде қолданылатын «Жер-әуе» халықаралық көзбен шолу белгілері 3-кестеде келтірілген.
3-кесте
№
Белгінің мәні
Белгі
1.
Көмек талап етіледі
V
2.
Медициналық көмек талап етіледі
X
3.
Жоқ немесе теріс
N
4.
Иә немесе оң
Y
5.
Осы бағытта қозғаламыз
|
6.
Операциялар аяқталды
LLL
7.
Біз барлық адамдарды таптық
LL
8.
Біз бірнеше адамды ғана таптық
-|-|-
9.
Біздің іздестіруді жалғастыратын жағдайымыз жоқ және базаға ораламыз
XX
10.
Екі топқа бөлінді. Әрқайсысы көрсетілген бағытпен бара жатыр
/___/
11.
ӘК осы бағытта екендігі туралы мәліметтер алынды
-> ->
12.
Ештеңе табылмады. Іздестіруді жалғастырудамыз
NN
Тармақ 4
4. Белгілердің көлемі 2,5 м. кем емес және оларды барынша дәрежеде көрінетіндей етіп жасау қажет.
Белгілер мата жолағының, парашют материалының, ағаш, тастар кесектерінің көмегімен қойылады. Белгілерді жердің бетіне орналастыру топырақты таптау, бетін маймен сырлау жолымен жүзеге асырылады.
Белгілерге сигналдық зымырандардың, түтіннің, шағылысқан жарықтың, радионың көмегімен назар аудартуға болады.
Тармақ 5
5. Егер жерден берілетін белгілер ӘК экипажына түсінікті болса, онда ол мынадай сигналдар береді:
Тармақша 1
1) күндізгі жарық кезінде - ӘК қанаттарымен шайқалу;
Тармақша 2
2) қараңғылық түскен кезде - қону шамдарын екі рет жағу және өшіру, егер әуе кемесі олармен жабдықталмаса, аэронавигациялық оттарын екі рет жағу және өшіру.
Жоғарыда көрсетілген сигналдардың болмауы жерден берілген белгінің түсінікті болмағанын білдіреді.
Тармақ 6
6. ІҚО (Ж)-ны теңізде орындау кезінде мынадай сигналдар беріледі:
Тармақша 1
1) егер ӘК экипажына суүсті кемесіне апатқа ұшырау жағдайындағы әуе немесе суүсті кемесіне бағыт алу өтінішін беру қажет болса, онда ӘК экипажы мынадай маневрлерді жүргізеді:
суүсті кемесінің үстінен айналымдар орындайды;
суүсті кемесінің тұмсық бөлігінің алдынан төменірек биіктікте кесіп өту және қанаттарымен шайқалуды орындайды, жапқышын ашып-жабуды немесе ебелегінің қадамын өзгертуді жүзеге асырады;
суүсті кемесі жүріп бара жатқан бағытқа шығады;
Тармақша 2
2) егер осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген сигнал арналған суүсті кемесінің көмегі одан әрі талап етілмесе, онда ӘК экипажы суүсті кемесінің артқы бөлігіне жақын жерден кильватер сызығын төмен биіктікте кесіп өтеді және қанаттарын шайқауды орындайды, жапқышын ашып-жабуды немесе ебелегінің қадамын өзгертуді жүзеге асырады;
Тармақша 3
3) суүсті кемесінің экипажы осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген сигналдың алынғандығын растау үшін мынадай сигналдар береді:
ақ және қызыл тік жолақтары бар кодтық жалаушаны барынша жоғары көтереді (бұл сигналдың түсінікті болғанын білдіреді);
сигналдық шамның көмегімен Морзе коды бойынша «Т» әріптерінің қатарын таратады; бағытты өзгерту және ӘК соңынан жүру.
Тармақ 7
7. Берілген нұсқауларды орындау мүмкін болмаған кезде суүсті кемесінің экипажы:
Тармақша 1
1) «N» халықаралық туын (шахмат тақтасы түріндегі көк және ақ шаршылар) көтереді;
Тармақша 2
2) сигналдық шамның көмегімен Морзе коды бойынша «N» әріптер қатарын таратады.
Тармақ 8
8. Көзбен шолу сигналын беру құралдары пиротехникалық, жарық техникалық, дыбыстық және түстік болады:
Тармақша 1
1) пиротехникалық құралдарға зымырандардың әр алуан түрлері және сигналдық патрондар жатады;
Тармақша 2
2) жарық-техникалық құралдарға қол сұғылмайтын авариялық қорлар (бұдан әрі – ҚАҚ) мен үрлемелі құтқару құралдарының жиынтығына кіретін сигналдық айналар және қол шамдары мен сигналдық шырағдандардың әр алуан түрлері жатады;
Тармақша 3
3) дыбыстық құралдарға дыбыстық зымырандар мен ысқырықтар жатады;
Тармақша 4
4) түстік құралдарға қоршаған ортаны қарама-қарсы түстерге бояуға арналған химиялық заттар жатады.
Тармақ 9
9. Түнгі және күндізгі әрекет ететін сигналдық патрон (бұдан әрі – ТКСП) тәуліктің кез келген уақытында қолданылады. Ол олардың біреуі – қызыл түсті отпен, ал екіншісі қызғылт-сары түтін бөліп жанатын екі бөліктен тұрады. Әрбір бөліктің жану уақыты 30 секундты құрайды. Түнде оттың және күндіз түтіннің көріну қашықтығы:
Тармақша 1
1) 500 м биіктіктен - түнде 25-30 шақырымға және күндіз 8-10 шақырымға;
Тармақша 2
2) су бетінде кемеден түнде 20 шақырымға және күндіз 6 шақырымға жетеді.
Патрондарды іске қосу үшін қақпағын бұрап алу, бауды суыру және баудың ұшындағы сақинаны қолды созып тұрып күрт жұлқып қалу қажет.
ТКСП-да патронның түнгі бөлігінің қақпағында ойық бар. Тұтанған патронды жел бағытында созылған қолмен 15-750 бұрышпен ұстау керек. Жүзу құралдарын ұшқынмен бүлдіруге жол бермеу үшін патронды судың үстінде ұстау керек.
Тармақ 10
10. «РПСП - 40К» маркасындағы қызыл түсті патрон күндізгі және түңгі уақытта сигнал беру үшін қызмет етеді. Сигналдық патронды пайдалану қағидасы патронда көрсетілген.
Атуға арналған құрылғысы бар қызыл түсті сигналдық патрон апатқа ұшырау жағдайындағы экипаждың тұрған орнын анықтау мақсатында іздестіру-құтқару ӘК-ге сигналдар беруге арналған.
Атуға арналған құрылғы автоқалам түріндегі металлдан жасалған өзекті білдіреді, оның бір ұшында сигналдық патрондарды бұрап кіргізуге арналған бұрандалы тесігі бар, құрылғының корпусына соққылы әскери серіппе және көтеруге арналған құрылғы орнатылған.
Атуға арналған құрылғы мен сигналдық патрондар қорапқа немесе қаптамаға жиналады.
Тармақ 11
11. Сигналдық айна күн сәулелерімен шағылысқан (күн қояншасы түрінде) жарық сигналын беруге арналған. Айна әрленген тегіс бетті болаттан дайындалған. ҚАҚ жиынтығындағы айнамен берілген «сәулені» табу қашықтығы - 14 шақырым, топтық сал жиынтығындағымен - 37 шақырым.
«Сәулені» ұшаққа дәлдеу айнаның сыртқы жағына жазылған нұсқаулыққа сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 12
12. Сигналдық бояғыш - әуеден жақсы көрінетін, суға түскен кезде күндіз сарғылт-жасыл, ал түнде ашық-жасыл флюоресценциялаушы үлкен дақ түзетін ұнтақ. Оның көмегімен қарды да бояуға болады, ол үшін ұнтақты қардың үстіне себу қажет. Бояғыштың көмегімен қар үстіне әртүрлі белгілер салуға болады.
Басқа 10. Жүргізілген іздестіру-құтқару операциясы туралы есеп беру форматы
Қазақстан Республикасының
аумағында ұшуды іздестіру-құтқарумен
қамтамасыз етуді ұйымдастыру
жөніндегі қағидаларға
10-қосымша
Жүргізілген іздестіру-құтқару операциясы туралы есеп беру форматы
1-бөлім. Іздестіру объектісі туралы ақпарат (ӘК, рейс нөмірі, пайдаланушы, борттық жабдық, апат орны, мерзімдері көрсетілген болжамды бағыты, авариялық жағдайсың сипаты, метеожағдай).
2-бөлім. Іздестіру-құтқару операциясы туралы ақпарат:
Тармақ 1
1. Үйлестіру орталығының іс-қимылы
Тармақша 1
1) Журналдағы жазбалар бойынша бастапқы әрекеттердің қысқаша сипаттамасы.
Тармақша 2
2) Жұмылдырылған іздестіру-құтқару күштері мен құралдары, ден қою уақыты.
Тармақша 3
3) Іздестіру объектісіне қатысты негізгі болжамдар.
Тармақ 2
2. Іздестіру операциясы
Тармақша 1
1) Іздестіру жоспарының негіздемесі.
Тармақша 2
2) Іздестіру жоспарындағы кез келген өзгерістерді түсіндіру.
Тармақша 3
3) Іздестіру ауданын, қатыстырылған іздестіру-құтқару күштері мен құралдарын және метеожағдайды қоса, күнделікті іздестіру операцияларын қысқаша сипаттау.
Тармақша 4
4) Іздестіру объектісін анықтаған жағдайда, іздестіру және құтқару объектісінің тұрған орны, тірілердің болуы, қаза болғандар саны, іздестіру-құтқару құралдарынан объектіні табу қашықтығы, іздестіру әдісі, уақыты, іздестіру шарттары туралы ақпаратты, авариялық радиомаяктар туралы мәліметті және іздестіру объектісіне жататын басқа да ақпаратты беру.
Тармақша 5
5) Іздестіру объектісі табылмаған жағдайда, себебін көрсету (жалпы түрде).
Тармақ 3
3. Құтқару операциясы
Тармақша 1
1) Тірі қалғандардың жай-күйі.
Тармақша 2
2) Жұмылдырылған іздестіру-құтқару күштері мен құралдары.
Тармақша 3
3) Эвакуация туралы толық ақпарат.
Тармақша 4
4) Туындаған мәселелер, егер ондайлар орын алған болса.
3-бөлім. ІҚО тоқтату/тоқтата тұру:
Тармақ 1
1. Іздестіру объектісі табылды (күні/уақыты, тұрған орны, тірі қалғандар, зардап шеккендер, із-түссіз жоғалғандар және т.б.).
Тармақ 2
2. Іздестіру уақытша тоқтатылды (іздестіруді тоқтата тұруға берілген рұқсат, тірі қалғандар, зардап шеккендер, із-түссіз жоғалғандар және т.б.).
4-бөлім. Қорытындылар/ұсыныстар:
Тармақ 1
1. ІҚО үйлестірушісінің қорытындылары.
Тармақ 2
2. Келешекте осыған ұқсас жағдайлар мен оқиғаларға жол бермеуге жәрдем көрсету үшін ІҚО үйлестірушісінің ұсыныстары.
Тармақ 3
3. Үйлестіру орталығы басшысының ескертулері.
Тармақ 4
4. Іздестіру және құтқару үйлестірушісінің ескертулері.
Қосымша:
Тармақ 1
1. Метеорологиялық мәліметтер.
Тармақ 2
2. Көзбен шолып бақылауды жүзеге асырған тұлғалардың хабарламалары.
Тармақ 3
3. ІҚО карталары.
Тармақ 4
4. Іздестіру-құтқару құралдарын пайдалану (ұшу сағаттары).
Тармақ 5
5. Табылған заттар тізбесі.
Тармақ 6
6. Фотосуреттер (егер ондайлар болса).
Тармақ 7
7. Тарату тізімі.
Басқа 11. Әуе кемелерінің апат және шұғыл сигналдары
Қазақстан Республикасының
аумағында ұшуды
іздестіру-құтқарумен
қамтамасыз етуді
ұйымдастыру жөніндегі
қағидаларға
11-қосымша
Әуе кемелерінің апат және шұғыл сигналдары
Тарау 1. 1. Апат сигналдары
1. Апат сигналдары
Тармақ 1
1. Бір мезгілде немесе бөлек-бөлек берілетін апат сигналдары әуе кемесіне үлкен, тікелей қауіп төніп тұрғандығын және оның дереу көмек көрсетуге мұқтаж екендігін білдіреді.
Тармақ 2
2. Ұшып келе жатқан кезде апат туралы хабарламалар ашық мәтінде, бірінші кезекте:
Тармақша 1
1) радиотелефонмен:
апатқа ұшыраудамын – үш рет (халықаралық ұшу кезінде «МЭЙДЭЙ»);
мен – бір рет;
апатқа ұшырау жағдайындағы әуе кемесінің шақыру белгісі – үш рет;
апат орнының координаттары – екі рет беріледі;
Тармақша 2
2) радиотелеграфпен:
радиотелеграф бойынша берілетін сигнал мынадай топтан тұрады:
«SOS» (...- - -...) үш рет қайталанатын, «ДЕШ» (-) – бір рет
thisis (зис из) тіркесі (халықаралық ұшулар кезінде);
апатқа ұшырау жағдайындағы әуе кемесінің шақыру белгісі – үш рет;
апат орнының координаттары – екі рет;
қысқа уақыт аралығында бір-бірден жіберілетін, қызыл түсті от шығаратын зымырандар;
Тармақша 3
3) радиотелефон және радиотелеграфпен:
ұшу бағыты;
ұшу жылдамдығы;
ұшу биіктігі (эшелоны);
апаттың сипаты мен қажетті көмек;
ӘКК шешімі және іздестіру мен құтқаруға ықпал ететін басқа мәліметтер беріледі.
Бір уақытта «SOS» немесе «Апатқа ұшыраудамын» сигналдарын таратқан кезде, тану аппаратурасының «Апат» сигналы және екінші реттік радиолокация жүйесінің ӘҚБ борттық жауап бергішінде «Авария» (7700 коды) сигналы қосылады.
Тармақ 3
3. Мүмкіндік болса, апат сигналынан кейін бірден мыналарды көрсету арқылы апат туралы хабарлама беріледі:
Тармақша 1
1) жердің ендігі – екі рет;
Тармақша 2
2) жердің ұзақтығы – екі рет;
Тармақша 3
3) дүниежүзілік үйлестірілген уақыт (UTC) – екі рет;
Тармақша 4
4) зақымдану және қажетті көмек түрі – бір рет;
Тармақша 5
5) ӘКК қабылдаған шешім және іздестіру мен құтқаруға әсер ететін басқа да мәліметтер – бір рет;
Тармақша 6
6) «Қабылда» сөзі.
Апат туралы әр хабарламаны бергеннен кейін радиоэфирді тыңдау үшін 1-2 минутқа қабылдауға көшу керек.
Тармақ 4
4. Авариялық-құтқару ӨЖЖ-радиостанциялармен жұмыс істеген кезде, апатқа ұшырау жағдайындағы ӘК экипажы қонғаннан кейін «КОСПАС-САРСАТ» спутник жүйесінің пеленгациясын қамтамасыз ету үшін дереу радиостанцияны («Маяк» режимін) тоналдық тарату режиміне қосады, бұл режимде 3 сағат бойы жұмыс істеп, содан кейін қабылдау режиміне көшеді.
Тармақ 5
5. Апатқа ұшыраған ӘК экипажында «Комар» типті автоматты радиомаягы болған жағдайда, парашютпен түскеннен кейін бірден таратқыш жұмысы тоналдық дыбыстарды тыңдау арқылы тексеріледі. Бұл режимде таратқыштың жұмысы 3 сағат бойы жалғасады. Содан кейін қабылдау-таратқышты радиомаяктың үрлемелі баллонынан алып, антеннаны орнату және қабылдау режиміне қосу керек.
Тармақ 6
6. Бірінші тәуліктерде әрбір сағаттың басында қонғаннан кейін әрбір таратудан кейін 3 минутқа қабылдау режиміне көшу арқылы апат туралы хабарламаны үш рет беру жүргізіледі, қалған уақытта радиостанция қабылдау режимінде тұруға тиіс. Келесі тәуліктерде әрбір сағаттың басында әрбір таратудан кейін 3 минутқа қабылдау режиміне көшу арқылы апат туралы хабарламаны үш рет беру жүргізіледі, қалған уақытта радиостанция өшіріліп тұрады.
Тармақ 7
7. Жерге қонғаннан кейін берілетін апат туралы хабарлама ауада берілетін апат туралы хабарламаға ұқсас. Іздестіру-құтқару ӘК-сінің (ұшақтың немесе тікұшақтың) дыбысы пайда болған немесе оны визуалды көрген кезде апат туралы хабарлама беру және онымен екіжақты радиобайланыс орнатуы керек; егер екіжақты байланыс орнату мүмкін болмаса, апат туралы хабарлама беруді 1,5-2 минут ішінде келтіру үшін сигналдар таратумен («Маяк» режимі) кезектестіреді; ӘК экипажымен екіжақты байланыс орнатылған кезде радиостанциямен одан кейінгі жұмыс тәртібін іздестіру-құтқару ӘК командирі айқындайды.
Тармақ 8
8. Апатқа ұшыраған ӘК командирінің (экипажының) өзара радиокедерілерді болдырмау үшін бір жерде бір уақытта тарату үшін бірнеше авариялық-құтқару ӨЖЖ-радиостанцияларын қосуына тыйым салынады.
Осы бөлімнің бірде-бір ережесі апатқа ұшырау жағдайындағы ӘК экипажына назар аудару, өзінің орналасқан жері туралы хабарлау және көмек алу үшін өз қарамағындағы кез келген құралдарды пайдалануға тыйым салмайды.
Электр байланыс арналары бойынша апаттық және шұғыл сигналдарын таратудың толық қағидалары Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияға «Авиациялық электр байланыс» деген 10-қосымшада көрсетілген.
Тарау 2. 2. Шұғыл сигналдар
2. Шұғыл сигналдар
Тармақ 9
9. Шұғыл сигналдар ӘК экипажы оны амалсыз қонуға мәжбүрлейтін, бірақ дереу көмек көрсетуді қажет етпейтін қиыншылықтарға тап болғанын көрсетеді және:
Тармақша 1
1) қондыру фараларының қайта-қайта жанып-сөнуі;
Тармақша 2
2) импульсті аэронавигациялық оттардың жыпылықтауынан ерекшеленетін аэронавигациялық оттардың қайта-қайта жанып-сөнуі арқылы беріледі.
Тармақ 10
10. ӘК және ондағы жолаушылар мен экипаж үшін төнуі мүмкін қауіп жағдайларында берілетін халықаралық шұғыл сигналдар:
Тармақша 1
1) радиотелеграф арқылы «ЬЬЬ» – үш рет;
Тармақша 2
2) радиотелефон арқылы «ПАН ПАН» (PAN PAN) – үш рет беріледі.
Тармақ 11
11. Бірге немесе бөлек берілетін төмендегі сигналдар ӘК-нің қауіпсіздігіне немесе бортта немесе оның көру шегінде қандай да бір адамның бар болуына қатысты шұғыл түрде таратылатын хабарламасы бар екенін білдіреді:
Тармақша 1
1) радиотелеграф арқылы немесе таратылатын XXX тобынан тұратын және сигналдарды берудің қандай да бір басқа әдісінің көмегімен тарату арқылы берілетін сигнал;
Тармақша 2
2) дауыстап айтылатын PAN, PAN, PAN сөздерінен тұратын радиотелефондық шұғыл сигнал;
Тармақша 3
3) деректерді тарату желісі арқылы жіберілген және PAN PAN сөздерінің мағынасын беретін шұғыл хабарлама.
Басқа 12. Кіріспе ақпарат және мәлімдеме нысаны
(ІҚО (Ж) үйлестірушісі толтырады)
Қазақстан Республикасының аумағында ұшуды іздестіру-құтқарумен қамтамасыз етуді ұйымдастыру жөніндегі қағидаларға
12-қосымша
Нысан
Кіріспе ақпарат және мәлімдеме нысаны
(ІҚО (Ж) үйлестірушісі толтырады)
Кіріспе ақпарат
Briefing
SAR (оқиға атауы): _________________
SAR: __________________________
Күні: _____________________________
Date: ___________________________
ӘК нөмірі және типі:________________
АҚҚ командасы: _____________________
A/C Type & Number: _____________
Unit: ___________________________
ӘК командирі: _____________________
Captain: ________________________
Апаттың сипаты немесе авариялық жағдай туралы нақты деректер: _____________
Details as to nature of distress or emergency: ______________________
Іздестіру объектісінің сипаттамасы:
(1) Әуе немесе теңіз кемесінің түрі: ___
(2) Кеменің нөмірі немесе атауы: _____
(3) Ұзындығы ______________________
Ені (қанат ұзындығы): ______________
(4) Борттық нөмір: __________________
(5) Түсін және таңбалануын қоса алғанда, кеменің толық сипаттамасы: _________
(6) Жоғалған кеменің жұмыс істеу жиіліктері:
__________________________________
Description of Search Object:
(1) Type of aircraft or vessel: _______
(2) Number or name of craft: ________
(3) Length: ______________________
Width (Wing-Span): ______________
(4) Number on board: _____________
(5) Full description of craft, including color and markings: _______________
(6) Frequencies of missing craft:
_______________________________
Берілген іздестіру аймақтары
Аудан: ____________________________
Assigned Search Areas
Area: __________________________
Іздестіру тәсілі: ________________________
Type of Search: __________________
Абс. биіктік/көріну қашықтығы_______
Altitude/Vis: ____________________
Тапсырманы орындауға кететін уақыт: __________________________________
Time on Task: _______________________________
Нүктеде іздестіруді бастау (орналасу жері): __________________________________
Commence Search at (Posn): _______________________________
Сызық жолымен (N-S)(E-W) _________
and track (N-S) (E-W) _____________
Жұмыс істеу жиіліктері:
(1) Басқарушы орган: _______________
(2) Әуе кемелері: ___________________
(3) Су үсті теңіз кемелері: ________________
(4) Басқа құралдар: _________________
Frequencies:
(1) Controlling Agency: ____________
(2) Aircraft: _____________________
(3) Surface Vessels: _______________
(4) Others: ______________________
Операция барысы туралы мәлімдемелер
Бағыттау (кімге): ___________________
әр __________ сағат сайын және метеорологиялық жағдайлар туралы әр ______ сағат сайын
Progress Reports
To be passed to: _________________
every ______ hours with weather report included every ________hours
ІҚО (Ж) Үйлестірушісі _____________________/__________________/
Кіріспе ақпарат және мәлімдеме нысаны
(ІҚО (Ж) дан кейін іздестіру-құтқару ӘК-нің командирі толтырады)
Мәлімдеме
Debriefing
SAR құралы: ___________________
SAR: __________________________
ӘК нөмірі: ________________________
A/C No.: ________________________
Күні: _____________________________
Date: ___________________________
Жөнелту пункті: _________________
Point of Departure: _______________
Қону пункті: _______________________
Point of Landing: _________________
Жалпы ұшу уақыты: ________________
Time Off: _______________________
Міндетті орындауға: _______________
Міндеттен тыс: __________________
On Task: _______________________
Off Task: _______________________
Қону уақыты: ______________________
Landed: ________________________
Нақты тексерілген аудан: ____________
Area Actually Searched: ___________
Іздестіру түрі: ______________________
Type of Search: __________________
Абс. биіктік /көріну қашықтығы: _____
Altitude/Vis: ____________________
Жергілікті жердің сипаты немесе теңіздің жай-күйі: __________________
Terrain or Sea State: _______________________________
Бақылаушылар саны: _______________
Number of Observers: _____________
Іздестіру ауданындағы метеорологиялық жағдай (көріну қашықтығы, жел жылдамдығы, бұлттардың төменгі шекарасы және т.б.): ______________________________
Weather Conditions in Search Area (Vis, Wind velocity, Ceiling, etc.):
_______________________________
Іздестіру объектісі табылды.
Орналасқан жері: ___________________
Object of Search:
(located) at Position: ______________
Тірі қалғандардың саны мен жағдайы: __________________________________
Number and Condition of Survivors: _______________________________
Көзбен шолып анықтау және (немесе) басқа мәлімдемелер: ________
Sightings and (or) other reports: _______________________________
Байланыс: (Байланыс сапасын көрсету және (немесе) нұсқама деректерімен салыстырғандағы кез келген өзгерістер) __________________________________
Telecommunications: (Note quality of communications and (or) any changes other than briefed) ______________________________
Ескертпелер: (Іздестіру кезінде жасалған кез келген іс-қимыл, мәселелер, күрделі ескертулер, ұсыныстар) ________________________
Remarks: (To include any action taken on search, any problems, criticism, suggestions) _____________________
«_____» ______________ ____________
Күн/уақыт (жергілікті) ӘК командирі
«_____» ____________ ___________
Date/Time (Local) Captain
____________________________
Басқа 13. КОСПАС-САРСАТ сигналын қабылдау орталығы авариялық жағдай туралы
Іздестіру мен құтқарудың үйлестіру орталығына беретін авариялық хабар форматы
(формат стандартты КОСПАС-САРСАТ форматына негізделген)
Қазақстан Республикасының аумағында ұшуды іздестіру-құтқарумен қамтамасыз етуді ұйымдастыру жөніндегі қағидаларға
13-қосымша
КОСПАС-САРСАТ сигналын қабылдау орталығы авариялық жағдай туралы
Іздестіру мен құтқарудың үйлестіру орталығына беретін авариялық хабар форматы
(формат стандартты КОСПАС-САРСАТ форматына негізделген)
№
Жол атауы
Жол мазмұны
Жол форматы
1
2
3
4
1.
Хабар тарату орталығы
хабарды өңдеу орталығының сәйкестендіргіші
хабарды өңдеу орталығының келісілген әріптік аббревиатурасы (мысалы, TPS немесе GEOS)
2.
Хабарлама нөмірі
хабардың жеке нөмірі
қоңырауларды өңдеу орталығының аббревиатурасы, содан кейін қоңырауларды өңдеу орталығы берген хабардың жеке нөмірі (мысалы, GEOS/12345)
3.
Хабар күні
Григориан күнтізбесі бойынша күні, айы, жылы
DD MMM YY, мұндағы DD – күн, MMM – ай атауы, алғашқы үш әрпіне дейін қысқартылған және YY – жылдың соңғы екі цифры
4.
Хабар берілген уақыт
дүниежүзілік үйлестірілген уақыт бойынша сағат, минут (UTC)
UTC, мұндағы hh – түн ортасынан бастап өткен толық сағаттардың саны (00–24), mm – сағаттың басынан бастап өткен толық минуттардың саны (00–59)
5.
Жергілікті уақыт (факультативтік)
құрылғының орналасқан жері анықталған пункттің жергілікті уақыты бойынша сағат, минут
(жергілікті уақыт), мұндағы hh – түн ортасынан бастап өткен толық сағаттардың саны (00–24), mm – сағаттың басынан өткен толық минуттар саны (00–59) және «жергілікті уақыт» сөздері EST, CST, MST, PST немесе басқа жергілікті уақыт белдеуінің аббревиатураларымен ауыстырылады. Тиісті жағдайларда аббревиатура «жазғы уақытты» қамтиды
6.
Хабар түрі
жаңа авариялық құлақтандыру немесе жаңарту (егер жаңарту хабардың бастапқы нөмірін қамтыса)
нақты жағдайға байланысты «Жаңадан құлақтандыру» немесе «Жаңарту», № 2 жолға сәйкес хабардың бастапқы нөмірінің жаңартылуына қолданылады
7.
Межелі пункттің ІҚО (Ж) жауапты өкілетті органы
хабар жіберілетін пункт
хабар жіберілген (ағылшын тілінде) ІҚО (Ж) өкілетті органының тану коды
8.
Құрылғы сәйкестендіргіші
IMEI нөмірі (15-ұялы байланыс құрылғысының цифрлық халықаралық сәйкестендіру нөмірі (IMEI)
мұндағы AABBBBBB – құрылғының түрін анықтау коды (TAC), CCCCCC – құрылғыға сериялық нөмір берген өндіруші және D – бақылау цифры
9.
Құрылғы өндірушісі және модель нөмірі
авариялық хабар тарататын құрылғының тану белгісі
құрылғы өндірушісі және модель нөмірі (мысалы, SPOT Satellite GPS Messenger)
10.
Спутниктік жүйе
авариялық құлақтандырудың сәйкестендіру коды
пайдаланылатын спутниктік жүйенің сәйкестендіру коды (мысалы, Глобалстар, Инмарсат, Иридиум)
11.
Хабар
толық хабар
құрылғы жіберген хабардың толық мәтіні
12.
Ендік
градуспен және минуттың ондық бөлшектерімен көрсетілген WGS-84 форматындағы ендік
DD MM MMMs, мұндағы DD градустарды көрсетеді, ал MM MMM минуттар мен минуттың ондық бөліктерін (дәлдігі шамамен 2 м (6 фут), ал s ендік экваторға қатысты солтүстік «N» немесе оңтүстік «S» екенін көрсетеді
13.
Бойлық
градуспен және минуттың ондық бөлшектерімен көрсетілген WGS-84 форматындағы бойлық
DDD MM MMMs, мұндағы DDD градустарды көрсетеді және MM MMM минуттарды және минуттық бойлықтың ондық бөліктерін көрсетеді (дәлдігі шамамен 2 м (6 фут), ал s бойлық нөлдік меридианға қатысты шығыс «E» немесе батыс «W» екенін көрсетеді
14.
Орналасу туралы дереккөз және оның дәлдігі
GPS, GLONASS, допплерлік жүйесі және т.б. көрсеткен орналасқан жері және болжамды орналасқан жерінің дәлдігі
орналасқан жерінің дереккөзі (мысалы, GPS, GLONASS, допплерлік жүйе) және метрмен көрсетілген болжамды орналасқан жерінің дәлдігі (мысалы, GPS:10 м)
15.
Ықтимал координаталық қозғалыс және салыстырмалы биіктік
егер жерге қатысты жылдамдық пен курс (SOG және COG), сондай-ақ теңіз деңгейіне қатысты биіктік бар болса
SSS:CCC:HHHHH, мұндағы SSS – жерге қатысты түйіндермен өлшенген жылдамдық (SOG) (1-ден 999-ға дейін), CCC – солтүстік меридианның шын бағытына қатысты градуспен (1-ден 360-қа дейін) көрсетілген нақты жол сызығы (жерге қатысты курс (COG) және HHHHH – жер деңгейінен биіктігі (салыстырмалы биіктігі 1-ден 99999-ға дейін) метрмен. Егер қандай да бір жол болмаса, таза күйінде қалдырылады
16.
Құрылғы туралы бастапқы деректер базасы
пайдаланушы туралы байланыс ақпараты бар дерекқордың орналасқан жері туралы мәлімет
толық мекенжайы мен телефон нөмірлері (оның ішінде елдің атауы, пошта коды/индексі және халықаралық телефон теру кодтары)
17.
Тіркелген аты
құрылғы иесінің аты
тіркелген құрылғы иесінің толық аты-жөні
18.
Тіркелген мекенжайы
иесінің мекенжайы
құрылғы иесінің толық мекенжайы, оның ішінде елдің атауы және пошта коды/индексі
19.
Тіркелген телефон нөмірлері
иесінің телефон нөмірлері
телефон нөмірлері, соның ішінде кабельдік және мобильді/ұялы телефонды қоса алғанда, иесі тіркеген барлық телефондарға арналған толық теру кодтары
20.
Қоңырауларды өңдеу орталығы туралы байланыс ақпараты
қоңырауларды өңдеу орталығының толық мекенжайы мен телефон нөмірлері
толық мекенжайы мен телефон нөмірлері (оның ішінде елдің атауы, пошта коды/индексі және халықаралық телефон теру кодтары)
21.
Қоңырауларды өңдеу орталығының жедел қызметкері
қоңырауларды өңдеу орталығындағы авариялық хабарды қабылдаушының аты-жөні және оның тікелей телефоны
толық аты-жөні және телефон нөмірі (қажет болған жағдайда қосымша нөмірді қоса)
22.
Ескертпелер
қоңырауларды өңдеу орталығына мәлім жағдай туралы кез келген қосымша ақпарат
еркін мәтінді енгізу өрісі
23.
Соңғы хабар
хабардың соңы
хабардың аяқталуы
КОСПАС-САРСАТ сигналын қабылдау орталығы авариялық жағдай туралы Іздестіру және құтқарудың үйлестіру орталығына беретін авариялық құлақтандыру үлгісі
Мәлімдемені жеткізетін орталық
: TKPS-Kazakhstan, LLP
Хабар нөмірі
: TKPS/12345
Хабар күні
: 31 DEC 23
Хабар беру уақыты
: 2113 UTC
Жергілікті уақыт (факультативті)
: 1513 (AST)
Хабар түрі
: New message, or
: Update to TKPS/12344
ІҚО (Ж) өкілетті органы
: Rescue Control Centre
020000 Astana, Esil district, E522 street, 15
Құрылғы сәйкестендіргіші
: B684D34D35929C5
Құрылғы өндірушісі / модель нөмірі
: SPOT Satellite GPS Messenger
Спутниктік жүйе
: Globalstar
Хабар
: «құрылғы арқылы жіберілген авариялық хабарлау»
Ендік
: 420 06 935 N
Бойлық
: 122 42 340 W
Орналасу деректерінің көзі және дәлдігі
: GPS:10m
Жылдамдық: курс: салыстырмалы биіктік (факультативті)
: 010:034:00500
(деректер болмаған жағдайда бос қалдыру қажет)
Тіркелген аты
: Kazaviaspas, JSC
Тіркелген мекенжайы
: Republic of Kazakhstan
Z01G8X5, Astana city, Almaty district,
Bauyrzhan Momyshuly avenue, building 2/11
Тіркелген телефон нөмірі
: +7 (7172) 78 82 82
Төтенше жағдайдағы байланысатын тұлға туралы мәлімет
: Aslanov Nurzhan
Head of OCC
Home +7 (7172) 00 00 00
Cell +7 (701) 000 00 00
Қосалқы ақпарат
: «Еркін мәтін енгізуге арналған орын»
Орталық туралы байланыс ақпараты
: TKPS, LLP
Almaty, Bostandyk district, Egizbayev street, house 7/21, sq. 53
e-mail: eltmayak@gmail.com
AFTN:
Жедел орталық қызметкері
: Serikov Serik
Home +7 (727) 000 00 00
Cell +7 (701) 000 00 00
Ескертпелер
: «Жағдай туралы қосымша ақпарат»
************************* ХАБАР СОҢЫ **********************
____________________________