О ратификации Протокола о внесении изменения в Соглашение между Правительством Республики Казахстан и Правительством Соединенных Штатов Америки об обеспечении коммерческого железнодорожного транзита специального груза через территорию Республики Казахстан в связи с участием Соединенных Штатов Америки в усилиях по стабилизации и восстановлению Исламской Республики Афганистан Қолданыста
Басқа 0
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Америка Құрама Штаттарының Үкіметі арасындағы Ауғанстан Ислам Республикасының тұрақтылығы және қайта қалпына келтіру жөніндегі іс-қимылға Америка Құрама Штаттарының қатысуына байланысты Қазақстан Республикасының аумағы арқылы арнайы жүктің коммерциялық теміржол транзитін қамтамасыз ету туралы келісімге өзгеріс енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы
2011 жылғы 8 шілдеде Вашингтонда жасалған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Америка Құрама Штаттарының Үкіметі арасындағы Ауғанстан Ислам Республикасының тұрақтылығы және қайта қалпына келтіру жөніндегі іс-қимылға Америка Құрама Штаттарының қатысуына байланысты Қазақстан Республикасының аумағы арқылы арнайы жүктің коммерциялық теміржол транзитін қамтамасыз ету туралы келісімге өзгеріс енгізу туралы хаттама ратификациялансын.
📌 Ескерту. Нормативтік құқықтық актіге қоса тіркелген халықаралық Хаттаманың мәтіні ресми болып табылмайды. ҚР халықаралық Хаттамасының жасасқан тілдердегі ресми куәландырылған көшірмесін ҚР халықаралық Хаттамаларын тіркеуге, есептеуге және сақтауға жауапты ҚР Сыртқы істер министрлігінен алуға болады
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Америка Құрама Штаттарының Үкіметі арасындағы Ауғанстан Ислам Республикасының тұрақтылығы және қайта қалпына келтіру жөніндегі іс-қимылға Америка Құрама Штаттарының қатысуына байланысты Қазақстан Республикасының аумағы арқылы арнайы жүктің коммерциялық теміржол транзитін қамтамасыз ету туралы келісімге өзгеріс енгізу туралы
хаттама
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Америка Құрама Штаттарының Үкіметі,
Астана қаласында 2010 жылғы 20 маусымда қол қойылған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Америка Құрама Штаттарының Үкіметі арасындағы Ауғанстан Ислам Республикасының тұрақтылығы және қайта қалпына келтіру жөніндегі іс-қимылға Америка Құрама Штаттарының қатысуына байланысты Қазақстан Республикасының аумағы арқылы арнайы жүктің коммерциялық теміржол транзитін қамтамасыз ету туралы келісімнің (бұдан әрі - Келісім) 13-бабының 2 және 3-тармақтарына сәйкес,
осы Келісімге мынадай өзгеріс енгізуге келісті:
Бап 1. 1-бап
1-бап
Келісімнің 3-бабының 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Арнайы жүктің және бірге жүретін персоналдың коммерциялық теміржол транзиті мынадай өткізу пунктері арқылы жүзеге асырылады:
а) Ресей Федерациясынан/Ресей Федерациясына: Илецк/Жайсаң;
b) Өзбекстан Республикасынан/Өзбекстан Республикасына: Сарыағаш/Келес және/немесе Бейнеу/Қарақалпақстан.».
Бап 2. 2-бап
2-бап
Осы Хаттама Келісімнің 13-бабында көзделген тәртіппен күшіне енеді.
2011 жылғы 8 шілдеде Вашингтон қаласында әрқайсысы қазақ, ағылшын және орыс тілдерінде екі данада жасалды, әрі барлық мәтіндердің күші бірдей.
2011 жылғы 8 шілдеде Вашингтон қаласында жасалған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Америка Құрама Штаттарының Үкіметі арасындағы Ауғанстан Ислам Республикасының тұрақтылығы және қайта қалпына келтіру жөніндегі іс-қимылға Америка Құрама Штаттарының қатысуына байланысты Қазақстан Республикасының аумағы арқылы арнайы жүктің коммерциялық теміржол транзитін қамтамасыз ету туралы келісімге өзгеріс енгізу туралы хаттаманың куәландырылған көшірмесі екендігін растаймын.