Ырғыз ауданының кейбір әкімдігінің қаулылары мен мәслихатының шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы Қолданыста
Басқа 0
Ырғыз ауданының кейбір әкімдігінің қаулылары мен мәслихатының шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабының 1 тармағының 15) тармақшасына, 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 сәуірдегі № 425-ІV «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне норма шығармашылық қызметті жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ
Тармақ 1
1. Ырғыз аудандық әкімдігінің кейбір қаулылары мен мәслихатының шешімдеріне осы қаулы мен шешімнің қосымшасына сәйкес өзгерістер енгізілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулы мен шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары К.Қосаяқовқа жүктелсін.
Тармақ 3. Өзгерістер енгізіліп отырған Ырғыз ауданы әкімдігінің қаулылары мен мәслихаты шешімдерінің тізбесі
3. Осы әкімдіктің қаулысы мен мәслихаттың шешімі алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі:
М. Дуанбеков
Аудандық мәслихат сессиясының
төрағасы:
Б. Балдан
Аудандық мәслихат хатшысы:
М. Өтемұратов
2011 жылғы 27 қазандағы № 218/191 Ырғыз аудандық әкімдігінің қаулысына және мәслихаттың шешіміне қосымша
Өзгерістер енгізіліп отырған Ырғыз ауданы әкімдігінің қаулылары мен мәслихаты шешімдерінің тізбесі
Ырғыз ауданының кейбір әкімдігінің қаулылары мен мәслихатының шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
Тармақша 1
1) «Тәуіп селолық округіне қарасты елді мекендер жерінің жер-шаруашылық жайғастыру мақсатында шекарасы мен көлеміне өзгертулер енгізу туралы» 2008 жылғы 18 желтоқсандағы № 254/60 бірлескен қаулысы мен шешіміне өзгеріс енгізу туралы» 2009 жылғы 25 желтоқсандағы № 242/109 Ырғыз ауданы әкімдігінің қаулысы мен мәслихатының шешіміне (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-5-108 болып тіркелген, 2010 жылғы 19 қаңтарда № 3-5 «Ырғыз» газетінде жарияланған):
қаулы мен шешімнің кіріспесінде «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 28-бабына» деген сөздер алынып тасталынсын.
Тармақша 2
2) «Аманкөл селолық округіне қарасты елді мекендер жерінің жер-шаруашылық жайғастыру мақсатында шекарасы мен көлеміне өзгертулер енгізу туралы» 2008 жылғы 18 желтоқсандағы № 255/61 бірлескен қаулысы мен шешіміне өзгеріс енгізу туралы» 2009 жылғы 25 желтоқсандағы № 243/110 Ырғыз ауданы әкімдігінің қаулысы мен мәслихатының шешіміне (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-5-109 болып тіркелген, 2010 жылғы 19 қаңтарда № 3-5 «Ырғыз» газетінде жарияланған):
қаулы мен шешімнің кіріспесінде «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 28-бабына» деген сөздер алынып тасталынсын.
Тармақша 3
3) «Жайсаңбай селолық округіне қарасты елді мекендер жерінің жер-шаруашылық жайғастыру мақсатында шекарасы мен көлеміне өзгертулер енгізу туралы» 2008 жылғы 18 желтоқсандағы № 256/62 бірлескен қаулысы мен шешіміне өзгеріс енгізу туралы» 2009 жылғы 25 желтоқсандағы № 244/111 Ырғыз ауданы әкімдігінің қаулысы мен мәслихатының шешіміне (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-5-110 болып тіркелген, 2010 жылғы 19 қаңтарда № 3-5 «Ырғыз» газетінде жарияланған):
қаулы мен шешімнің кіріспесінде «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 28-бабына» деген сөздер алынып тасталынсын.