О признании утратившими силу некоторых решений Правительства Республики Казахстан Қолданыста

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.06.2000. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Басқа 3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 6 маусымдағы N 855 қаулысына қосымша Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
Тармақ 1
1. "Қазақ ССР-інің мемлекеттік басқару органдары аппараты қызметкерлеріне еңбекақы төлеуді жетілдіру туралы" Қазақ ССР Министрлер Кабинетінің 1991 жылғы 31 шілдедегі N 460 қаулысы.
Тармақ 2
2. "Қазақ ССР Юстиция министрлігінде Қазақ ССР-інің территориясындағы қоғамдық бірлестіктер мен діни ұйымдардың жарғыларын тіркеу жөнінде арнайы қызмет құру туралы" Қазақ ССР Министрлер Кабинетінің 1991 жылғы 5 қыркүйектегі N 511 қаулысының 3-тармағының екінші абзацы (Қаз. ССР ҚЖ, 1991 ж., N 21, 148-құжат).
Тармақ 3
3. "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік басқару органдары аппараты қызметкерлеріне еңбекақы төлеу туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1992 жылғы 8 қаңтардағы N 13 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1992 ж., N 1, 12-құжат).
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 1992 жылғы 25 наурыздағы N 64 өкімі.
Тармақ 5
5. "Мемлекеттік қызметке қабылдаудың үлгі контрактісін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 21 мамырдағы N 622 қаулысы.
Тармақ 6
6. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Мемлекеттік қызметтерді реформалау жөніндегі комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 3 маусымдағы N 686 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., N 35, 333-құжат).
Тармақ 7
7. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 3 маусымдағы N 686 қаулысына өзгертулер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 26 тамыздағы N 1051 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., N 26, 216-құжат).
Тармақ 8
8. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 3 маусымдағы N 686 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 2 желтоқсандағы N 1465 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., N 49, 475-құжат).
Тармақ 9
9. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 3 маусымдағы N 686 қаулысына өзгерту енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 6 ақпандағы N 161 қаулысы.