О мерах по организации погашения кредиторской задолженности по выплате заработной платы и социальным выплатам Қолданыста
Басқа 0
Жалақы төлеу және әлеуметтік төлемдер бойынша кредиторлық берешектерді өтеуді ұйымдастыру жөніндегі шаралар туралы
"2000 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 11 қарашадағы Z990473_ Заңының 16-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған 1999 жылы республикалық бюджеттен қаржыландырылған мемлекеттік мекемелердің республикалық бюджеттен жүзеге асырылған жалақы төлеу және әлеуметтік төлемдер бойынша кредиторлық берешектерін өтеудің ережесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі, Қорғаныс министрлігі және Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі және басқа да республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері жоғарыда көрсетілген Ережеге сәйкес кредиторлық берешектер туралы есептерді уақытылы ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары Е.Ә. Өтембаевқа жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.
Басқа 5. 1999 жылы республикалық бюджеттен қаржыландырылған
мемлекеттік мекемелердің республикалық бюджеттен жүзеге
асырылған жалақы төлеу және әлеуметтік төлемдер бойынша
кредиторлық берешектерін өтеудің
Ережесі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2000 жылғы 6 маусымдағы
N 862 қаулысымен
бекітілген
1999 жылы республикалық бюджеттен қаржыландырылған
мемлекеттік мекемелердің республикалық бюджеттен жүзеге
асырылған жалақы төлеу және әлеуметтік төлемдер бойынша
кредиторлық берешектерін өтеудің
Ережесі
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Ереже 1999 жылы республикалық бюджеттен қаржыландырылған мемлекеттік мекемелердің 2000 жылға арналған республикалық бюджетте осы мақсаттарға көзделген соманың шегінде республикалық бюджеттен жүзеге асырылған жалақы төлеу және әлеуметтік төлемдер бойынша кредиторлық берешектерін өтеудің тәртібін реттейді.
Тармақ 2
2. Мынадай төлемдер бойынша және мынадай басымдылықтағы кредиторлық берешектер өтеуге жатады:
Тармақша 1
1) жалақы;
Тармақша 2
2) әскери қызметшілер мен ішкі істер органдары қызметкерлерінің
қатарынан Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектеріне әлеуметтік
төлемдер;
Тармақша 3
3) жұмыссыздық жөніндегі жәрдемақы.
Тарау 2. 2. Жалақы төлеу бойынша кредиторлық берешектерді
өтеудің тәртібі
2. Жалақы төлеу бойынша кредиторлық берешектерді
өтеудің тәртібі
Тармақ 3
3. Мемлекеттік мекемелердің жалақыны төлеу бойынша кредиторлық берешектері (бұдан әрі - жалақыны төлеу бойынша кредиторлық берешек) негізгі жалақы, қосымша ақшалай төлемдер және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жеңілдіктер бойынша өтемақылық төлемдер бойынша кредиторлық берешектерді қамтиды.
Тармақ 4
4. 1999 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша пайда болған және 2000 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша өтелмеген жалақы бойынша кредиторлық берешек өтеуге жатады.
Тармақ 5
5. Мемлекеттік мекеме 1999 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша есептелген және 2000 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша төленбеген жалақыны есепке алу жөніндегі бастапқы құжаттар деректерінің негізінде 1-қосымшаға сәйкес 2000 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша жалақы төлеу жөніндегі кредиторлық берешек туралы екі данада есеп жасайды және 2000 жылдың 1 тамызына дейін мерзімде бір данасын республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшісіне (бұдан әрі - бағдарламалардың әкімшісі) ұсынады, екіншісі мемлекеттік мекеменің ісінде қалады.
Тармақ 6
6. Бағдарламалардың әкімшісі алынған есептердің негізінде 2-қосымшаға сәйкес 2000 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша жалақы төлеу жөніндегі кредиторлық берешек туралы жиынтық есеп жасайды және Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне (бұдан әрі - Қаржы министрлігі) ұсынады.
Тармақ 7
7. Қаржы министрлігі жалақы төлеу бойынша кредиторлық берешек туралы жиынтық есептің негізінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жалақы төлеу бойынша кредиторлық берешекті өтеу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасын әзірлейді және Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізеді.
Тармақ 8
8. Қаржы министрлігі жалақы төлеу бойынша кредиторлық берешекті өтеу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының негізінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бағдарламалардың әкімшілерін қаржыландырудың лимиттерін ашады.
Тармақ 9
9. Бағдарламалардың әкімшісі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы мемлекеттік мекеменің жалақы төлеу бойынша кредиторлық берешегі туралы есепте көрсетілген соманың шегінде мемлекеттік мекемеге жалақы төлеу бойынша кредиторлық берешекті өтеуге рұқсат жазып береді.
Тармақ 10
10. Мемлекеттік мекеме бағдарламалардың әкімшісі берген рұқсаттың негізінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жалақыны төлеуді жүргізеді.
Тарау 3. 3. Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектеріне әлеуметтік төлемдер бойынша кредиторлық берешекті өтеудің тәртібі
3. Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектеріне әлеуметтік төлемдер бойынша кредиторлық берешекті өтеудің тәртібі
Тармақ 11
11. 1999 жылғы 1 қаңтарда қалыптасқан және 2000 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша өтелмеген әскери қызметшілер мен ішкі істер органдары қызметкерлерінің қатарынан Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектеріне әлеуметтік төлемдер бойынша кредиторлық берешек (бұдан әрі - ҰОС-на қатысушылар мен мүгедектеріне әлеуметтік төлемдер), оның ішінде төлемдердің мына түрлері бойынша:
Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне бензин сатып алуға және жеке автокөліктеріне техникалық қызмет көрсетуге арналған шығыстардың өтемақысы;
өздеріне тиесілі көлік құралдарын алмаған Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне көліктік қызмет көрсету үшін өтемақы;
Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектеріне жылына төрт айлық есептік көрсеткіштің мөлшерінде бір жолғы жәрдемақы;
Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектеріне санаториялық-курорттық емдеу үшін өтемақы;
Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектерін жерлеуге арналған жәрдемақы;
Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне жылына бір рет темір жол, әуе, су және қалааралық автомобиль көлігімен жүруге байланысты шығыстардың өтемақысы;
Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектерінің зейнетақысына айлық есептік көрсеткіштің мөлшерінде ай сайынғы үстемеақы өтеуге жатады.
Тармақ 12
12. Облыстық, Астана және Алматы қалалық ішкі істер басқармасы және Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери комиссариаттары (бұдан әрі - ішкі істер басқармасы, әскери комиссариат) 1999 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша тағайындалған және 2000 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша төленбеген Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектерінің әлеуметтік төлемдерін есепке алу жөніндегі бастапқы құжаттардың деректерінің негізінде 3-қосымшаға сәйкес 2000 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектеріне әлеуметтік төлемдер бойынша кредиторлық берешек туралы есепті екі данада жасайды және бір данасын 2000 жылдың 1 тамызынан кешіктірмей Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігіне және Қорғаныс министрлігіне ұсынады, екіншісі ішкі істер басқармасының, әскери комиссариаттың ісінде қалады.
Тармақ 13
13. Әскери комиссариат есептің негізінде Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектеріне әлеуметтік төлемдер бойынша кредиторлық берешекті бухгалтерлік есепте көрсетеді.
Тармақ 14
14. Министрліктер алынған есептердің негізінде 4-қосымшаға сәйкес облыстардың, Астана және Алматы қалаларының тұрғысында 2000 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектеріне әлеуметтік төлемдері бойынша кредиторлық берешек туралы жиынтық есеп жасайды және Қаржы министрлігіне ұсынады.
Тармақ 15
15. Министрлік Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектеріне әлеуметтік төлемдер бойынша кредиторлық берешекті өтеу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасын әзірлейді және Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізеді.
Тармақ 16
16. Қаржы министрлігі Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектеріне әлеуметтік төлемдер бойынша кредиторлық берешек туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының негізінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен министрліктерге қаржыландыру лимиттерін ашады.
Тармақ 17
17. Министрліктер Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектеріне әлеуметтік төлемдер бойынша кредиторлық берешекті өтеуге арналған қаржыландыру лимиттерін алған кезде ішкі істер басқармаларына, әскери комиссариаттарға олар ұсынған есептерге сәйкес көрсетілген кредиторлық берешекті өтеуге рұқсат жазып береді.
Тармақ 18
18. Ішкі істер басқармасы, әскери комиссариат Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектеріне қаражатты дербес шоттарға есептеу туралы (екінші деңгейдегі банктердің деректемелерін көрсете отырып) өтінішті ішкі істер басқармасына, әскери комиссариатқа ұсынудың қажеттігі туралы жазбаша хабарлама жібереді.
Тармақ 19
19. Ішкі істер басқармасы, әскери комиссариат аталған әлеуметтік төлемдерді алушылардың тізімдерін қоса беру арқылы бюджеттік шоттан Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектеріне дербес шоттар ашылған екінші деңгейдегі банктерге төлем тапсырмасымен ақша сомасын аударады.
Тармақ 20
20. Ақшаны дербес шоттарға есептеу жөніндегі шығыстар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүргізіледі.
Тарау 4. 4. Жұмыссыздық бойынша жәрдемақы төлеу жөніндегі кредиторлық берешекті өтеудің тәртібі
4. Жұмыссыздық бойынша жәрдемақы төлеу жөніндегі кредиторлық берешекті өтеудің тәртібі
Тармақ 21
21. Облыстық, Астана және Алматы қалаларының еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау департаменттері (бұдан әрі - еңбек департаменті (басқармасы) 2000 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша төленбеген жұмыссыздық бойынша жәрдемақыны есепке алу және төлеу жөніндегі бастапқы құжаттар деректерінің негізінде 5-қосымшаға сәйкес 2000 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша жұмыссыздық бойынша жәрдемақыны төлеу жөніндегі кредиторлық берешек туралы екі данада есеп жасайды және 2000 жылдың 1 тамызына дейін мерзімде бір данасын Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне (бұдан әрі - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі) ұсынады, екіншісі еңбек департаментінің (басқармасының) ісінде қалады.
Тармақ 22
22. Еңбек департаменті (басқармасы) есептің негізінде жұмыссыздық бойынша жәрдемақыны төлеу жөніндегі кредиторлық берешекті бухгалтерлік есепте көрсетеді.
Көрсетілген кредиторлық берешек республикалық бюджеттің берешегі болып табылады. Осы берешек бойынша міндеттемелерді орындау Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне жүктеледі.
Тармақ 23
23. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі алынған есептердің негізінде:
Мемлекеттік жұмыспен қамтуға жәрдемдесу қорының Тарату комиссиясымен бірге жұмыссыздық бойынша жәрдемақыны төлеу жөніндегі кредиторлық берешекті салыстыру актісін;
облыстардың, Астана және Алматы қалаларының тұрғысында 6-қосымшаға сәйкес 2000 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша жұмыссыздық бойынша жәрдемақыны төлеу жөніндегі кредиторлық берешек туралы жиынтық есеп жасайды.
Салыстыру актісі бойынша берешектің жалпы сомасы Мемлекеттік жұмыспен қамтуға жәрдемдесу қорының шығыстар сметасының орындалу балансында (аралық тарату балансы) көрсетілген жұмыссыздық бойынша жәрдемақы берешегінің сомасынан аспауы тиіс.
Тармақ 24
24. Жиынтық есеп пен Мемлекеттік жұмыспен қамтуға жәрдемдесу қорының шығыстар сметасының орындалу балансы сәйкес келген жағдайда Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен Мемлекеттік жұмыспен қамтуға жәрдемдесу қорының Тарату комиссиясы жұмыссыздық бойынша жәрдемақыны төлеу жөніндегі кредиторлық берешекті қабылдап алу-беру актісін жасайды.
Жұмыссыздық бойынша жәрдемақыны төлеу жөніндегі кредиторлық берешекті қабылдап алу-беру актісі мен жиынтық есептің негізінде Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жұмыссыздық бойынша жәрдемақыны төлеу жөніндегі кредиторлық берешекті бухгалтерлік есепте көрсетеді.
Тармақ 25
25. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қаржы министрлігіне жиынтық есеп береді және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жұмыссыздық бойынша жәрдемақыны төлеу жөніндегі кредиторлық берешекті өтеу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасын әзірлейді және Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсынады.
Тармақ 26
26. Қаржы министрлігі жұмыссыздық бойынша жәрдемақыны төлеу жөніндегі кредиторлық берешекті өтеу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының негізінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігін қаржыландыру лимитін ашады.
Тармақ 27
27. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жәрдемақыны төлеу жөніндегі кредиторлық берешекті өтеуге арналған қаржыландыру лимиттерін алған кезде облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша төлемдердің сомасын айқындайды және еңбек департаменттеріне (басқармаларына) рұқсат жазып береді.
Тармақ 28
28. Жұмыссыздық бойынша жәрдемақы төлеудің кезектілігін еңбек департаменті (басқармасы) жәрдемақыны есептеу аяқталған күн бойынша хронологиялық тәртіппен белгілейді.
Тармақ 29
29. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің аумақтық бөлімшесі жұмыссыздық бойынша жәрдемақыны төлеу жөніндегі кредиторлық берешекті өтеуді қаржыландыру үшін еңбек департаментінің (басқармасының) орналасқан жері бойынша оған N 120 "Қазақстан Республикасы республикалық бюджетінің шығыстары" бюджеттік шотын ашады.
Тармақ 30
30. Еңбек департаменті (басқармасы) жұмыссыз азаматтарға жұмыссыздық бойынша жәрдемақы төлеу үшін еңбек департаментіне (басқармасына) дербес шоттарға қаражатты есепке алу туралы өтініштер (екінші деңгейдегі банктің деректемелерін көрсете отырып) ұсынудың қажеттілігі туралы хабарлама жібереді.
Тармақ 31
31. Еңбек департаменті (басқармасы) бюджеттік шоттан төлем тапсырмасымен жұмыссыздық бойынша жәрдемақы алушыларға дербес шоттар ашылған екінші деңгейдегі банкке ақша сомасын аударады.
Тармақ 32
32. Дербес шоттарға ақшаны есепке алу жөніндегі шығыстар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүргізіледі.
Тарау 5. 5. Есеп және есептілік
5. Есеп және есептілік
Тармақ 33
33. Кредиторлық берешекті өтеудің есебі Қаржы министрлігі белгілеген тәртіппен жүргізіледі.
Тармақ 34
34. Бюджеттік шот бойынша көшірме алынғаннан кейін мемлекеттік мекеме он күн мерзімде 7-қосымшаға сәйкес жалақы төлеу жөніндегі кредиторлық берешекті өтеу туралы есеп жасайды және бағдарламалардың әкімшісіне ұсынады.
Тармақ 35
35. Бағдарламалардың әкімшісі барлық облыстардан есептер алғаннан кейін бір апта мерзімде 8-қосымшаға сәйкес жалақы төлеу жөніндегі кредиторлық берешекті өтеу туралы жиынтық есеп жасайды және Қаржы министрлігіне ұсынады.
Тармақ 36
36. Бюджеттік шот бойынша үзінді көшірме алғаннан кейін ішкі істер басқармасы, әскери комиссариат он күн мерзімде 9-қосымшаға сәйкес Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектеріне әлеуметтік төлемдер бойынша кредиторлық берешекті өтеу туралы есеп жасайды және жоғары тұрған министрлікке ұсынады.
Тармақ 37
37. Министрліктер барлық облыстардан есептерді алғаннан кейін бір апта мерзімде 10-қосымшаға сәйкес Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектеріне әлеуметтік төлемдер бойынша кредиторлық берешекті өтеу туралы жиынтық есептер жасайды және Қаржы министрлігіне ұсынады.
Тармақ 38
38. Бюджеттік шот бойынша үзінді көшірме алғаннан кейін еңбек
департаменті (басқармасы) он бес күн мерзімде 11-қосымшаға сәйкес
жұмыссыздық бойынша жәрдемақы төлеу жөніндегі кредиторлық берешекті өтеу
туралы есеп жасайды және Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау
министрлігіне ұсынады.
39. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі барлық
облыстардан есептерді алғаннан кейін бір апта мерзімде 12-қосымшаға
сәйкес жұмыссыздық бойынша жәрдемақы төлеу жөніндегі кредиторлық берешекті
өтеу туралы жиынтық есеп жасайды және Қаржы министрлігіне ұсынады.
Тарау 6. 6. Жауаптылық
6. Жауаптылық
Тармақ 40
40. Мемлекеттік органдардың басшылары мен Мемлекеттік жұмыспен
қамтуға жәрдемдесу қоры Тарату комиссиясының мүшелері Қазақстан
Республикасының заңнамасына сәйкес мәліметтердің уақытылы ұсынылуы,
есептерде қамтылған деректердің дұрыстығы үшін жауаптылықта болады.
Басқа 1. 2000 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша
жалақы төлеу жөніндегі кредиторлық берешек туралы
Есеп
1-қосымша
___________________________________________________
(Республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі)
2000 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша
жалақы төлеу жөніндегі кредиторлық берешек туралы
Есеп
Мемлекеттік мекеменің атауы ____________________ Коды ____________
-----------------------------------------------------------------------
Бюджеттік сыныптаманың кодтары ! Атауы ! Алушылардың ! Сомасы
-------------------------------! ! саны (адам) !(теңге)
функц- !Бағдар-!Кіші ! Ерек- ! ! !
топ !лама !бағдар-! шелік ! ! !
! !лама ! ! ! !
-----------------------------------------------------------------------
1 ! 2 ! 3 ! 4 ! 5 ! 6 ! 7
-----------------------------------------------------------------------
! ! ! 111 ! ! !
! ! ! 112 ! ! !
! ! ! 113 ! ! !
-----------------------------------------------------------------------
Жиыны:
-----------------------------------------------------------------------
Кредиторлық берешектің барлық сомасы __________ теңге ________________
(санмен) (жазумен сомасы)
_______________________________________________
Мемлекеттік
мекеменің басшысы __________________ ______________________
(қолы) (аты-жөні, лауазымы)
Қаржылық
қызметтің басшысы __________________ ______________________
(қолы) (аты-жөні, лауазымы)
МО
Басқа 2. 2000 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша
жалақы төлеу жөніндегі кредиторлық берешек туралы
Жиынтық есеп
2-қосымша
2000 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша
жалақы төлеу жөніндегі кредиторлық берешек туралы
Жиынтық есеп
_________________________________________________________ Коды _________
(Республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің атауы)
-----------------------------------------------------------------------
Бюджеттік сыныптаманың кодтары ! Атауы ! Алушылардың ! Сомасы
-------------------------------! ! саны (адам) !(теңге)
функц- !Бағдар-!Кіші ! Ерек- ! ! !
топ !лама !бағдар-! шелік ! ! !
! !лама ! ! ! !
-----------------------------------------------------------------------
1 ! 2 ! 3 ! 4 ! 5 ! 6 ! 7
-----------------------------------------------------------------------
! ! ! 111 ! ! !
! ! ! 112 ! ! !
! ! ! 113 ! ! !
-----------------------------------------------------------------------
Жиыны:
-----------------------------------------------------------------------
Кредиторлық берешектің барлық сомасы __________ теңге _________________
(санмен) (жазумен сомасы)
_______________________________________________
Республикалық бюджеттік
бағдарламалар
әкімшісінің басшысы __________________ ______________________
(қолы) (аты-жөні, лауазымы)
Қаржы бөлімшесінің
басшысы __________________ ______________________
(қолы) (аты-жөні, лауазымы)
МО
Басқа 3. 2000 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша
ҰОС-на қатысушылар мен мүгедектеріне әлеуметтік төлемдер
жөніндегі кредиторлық берешекті өтеу туралы
Есеп
3-қосымша
__________________
(министрлік)
2000 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша
ҰОС-на қатысушылар мен мүгедектеріне әлеуметтік төлемдер
жөніндегі кредиторлық берешекті өтеу туралы
Есеп
Атауы ________________________________________________________________
(ішкі істер басқармасы, облыстар, Астана және Алматы қалалары
бойынша әскери комиссариаттар)
-----------------------------------------------------------------------
N ! Атауы !Алушылардың!Сомасы
р/р ! !саны (адам)!(теңге)
-----------------------------------------------------------------------
1 ! 2 ! 3 ! 4
-----------------------------------------------------------------------
! І. ҰОС-ның мүгедектеріне бензинге және жеке ! !
! автокөліктеріне техникалық қызмет көрсетуге ! !
! жұмсалатын шығыстардың өтемақысы бойынша ! !
-----------------------------------------------------------------------
! ІІ. Өздеріне тиесілі көлік құралдарын ! !
! алмаған ҰОС-ның мүгедектеріне көліктік ! !
! қызмет көрсету үшін өтемақы бойынша ! !
-----------------------------------------------------------------------
! ІІІ. ҰОС-на қатысушылар мен мүгедектеріне ! !
! 4 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде бір ! !
! жолғы жәрдемақы ! !
-----------------------------------------------------------------------
! IV. ҰОС-на қатысушылар мен мүгедектеріне ! !
! санаторлық-курорттық емдеу үшін өтемақы ! !
-----------------------------------------------------------------------
! V. ҰОС-на қатысушылар мен мүгедектерін ! !
! жерлеуге арналған жәрдемақы ! !
-----------------------------------------------------------------------
! VІ. ҰОС-ның мүгедектеріне жылына бір рет ! !
! темір жол, әуе, су және халықаралық ! !
! автокөлікте жүруге байланысты шығыстардың ! !
! өтемақысы ! !
-----------------------------------------------------------------------
! VII. ҰОС-на қатысушылар мен мүгедектерінің ! !
! зейнетақысына айлық есептік көрсеткіш ! !
! мөлшерінде ай сайынғы үстемеақы ! !
-----------------------------------------------------------------------
! Жиыны: ! !
-----------------------------------------------------------------------
Кредиторлық берешектің барлық сомасы __________ теңге ________________
(санмен) (жазумен сомасы)
_______________________________________________
Ішкі істер басқармасының,
әскери комиссариаттың
басшысы __________________ __________________________
(қолы) (аты-жөні, лауазымы)
Қаржылық қызметтің
басшысы __________________ __________________________
(қолы) (аты-жөні, лауазымы)
МО
Басқа 4. 2000 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша
ҰОС-на қатысушылар мен мүгедектеріне әлеуметтік төлемдер
жөніндегі кредиторлық берешекті өтеу туралы
Жиынтық есеп
4-қосымша
2000 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша
ҰОС-на қатысушылар мен мүгедектеріне әлеуметтік төлемдер
жөніндегі кредиторлық берешекті өтеу туралы
Жиынтық есеп
__________________
(министрлік)
-----------------------------------------------------------------------
N ! Атауы !Алушылардың!Берешектің
р/р ! (облыстар, Астана және Алматы қалалары) !саны (адам)! сомасы
! ! ! (теңге)
-----------------------------------------------------------------------
1 ! 2 ! 3 ! 4
-----------------------------------------------------------------------
! І. ҰОС-ның мүгедектеріне бензинге және ! !
! жеке автокөліктеріне техникалық қызмет ! !
! көрсетуге жұмсалатын шығыстардың ! !
! өтемақысы бойынша ! !
-----------------------------------------------------------------------
! ! !
-----------------------------------------------------------------------
! ! !
-----------------------------------------------------------------------
! Жиыны: ! !
-----------------------------------------------------------------------
! ІІ. Өздеріне тиесілі көлік құралдарын ! !
! алмаған ҰОС-ның мүгедектеріне көліктік ! !
! қызмет көрсету үшін өтемақы бойынша ! !
-----------------------------------------------------------------------
! ! !
-----------------------------------------------------------------------
! ! !
-----------------------------------------------------------------------
! Жиыны: ! !
-----------------------------------------------------------------------
! ІІІ. ҰОС-на қатысушылар мен мүгедектеріне ! !
! 4 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде бір ! !
! жолғы жәрдемақы ! !
-----------------------------------------------------------------------
! ! !
-----------------------------------------------------------------------
! ! !
-----------------------------------------------------------------------
! Жиыны: ! !
-----------------------------------------------------------------------
! IV. ҰОС-на қатысушылар мен мүгедектеріне ! !
! санаторлық-курорттық емдеу үшін өтемақы ! !
! V. ҰОС-на қатысушылар мен мүгедектерін ! !
! жерлеуге арналған жәрдемақы ! !
-----------------------------------------------------------------------
! ! !
-----------------------------------------------------------------------
! ! !
-----------------------------------------------------------------------
! Жиыны: ! !
-----------------------------------------------------------------------
! VІ. ҰОС-ның мүгедектеріне жылына бір рет ! !
! темір жол, әуе, су және халықаралық ! !
! автокөлікте жүруге байланысты ! !
! шығыстардың өтемақысы ! !
-----------------------------------------------------------------------
! ! !
-----------------------------------------------------------------------
! ! !
-----------------------------------------------------------------------
! Жиыны: ! !
-----------------------------------------------------------------------
! VII. ҰОС-на қатысушылар мен ! !
! мүгедектерінің зейнетақысына айлық есептік! !
! көрсеткіш мөлшерінде ай сайынғы үстемеақы ! !
-----------------------------------------------------------------------
! ! !
-----------------------------------------------------------------------
! ! !
-----------------------------------------------------------------------
! Жиыны: ! !
-----------------------------------------------------------------------
! Барлығы: ! !
-----------------------------------------------------------------------
Кредиторлық берешектің барлық сомасы ________ теңге __________________
(санмен) (жазумен сомасы)
____________________________________________
Министрліктің басшысы __________________ ________________________
(қолы) (аты-жөні, лауазымы)
Қаржы бөлімшесінің
басшысы __________________ ________________________
(қолы) (аты-жөні, лауазымы)
МО
Басқа 5. 2000 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша
жұмыссыздық бойынша жәрдемақы төлеу
жөніндегі кредиторлық берешек туралы
Есеп
5-қосымша
2000 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша
жұмыссыздық бойынша жәрдемақы төлеу
жөніндегі кредиторлық берешек туралы
Есеп
Еңбек департаментінің (басқармасының) атауы ___________________________
(облыс, Астана және Алматы қалалары бойынша)
-----------------------------------------------------------------------
N ! Жәрдемақы ! Үйінің ! Тіркелгені туралы ! Кезеңі ! Сомасы
р/р ! алушының ! мекен-жайы ! деректер ! (айы, ! (теңге)
! аты-жөні ! !-------------------! жылы) !
! ! ! N ! күні ! !
-----------------------------------------------------------------------
1 ! 2 ! 3 ! 4 ! 5 ! 6 ! 7
-----------------------------------------------------------------------
! ! ! ! ! !
-----------------------------------------------------------------------
! ! ! ! ! !
-----------------------------------------------------------------------
! Жиыны: ! ! ! ! !
-----------------------------------------------------------------------
Кредиторлық берешектің барлық сомасы __________ теңге ________________
(санмен) (жазумен сомасы)
_______________________________________________
Еңбек департаментінің
(басқармасының) бастығы __________________ ______________________
(қолы) (аты-жөні, лауазымы)
Қаржылық қызметтің
басшысы __________________ ______________________
(қолы) (аты-жөні, лауазымы)
МО
Басқа 6. 2000 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша
жұмыссыздық бойынша жәрдемақы төлеу
жөніндегі кредиторлық берешек туралы
Жиынтық есеп
6-қосымша
2000 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша
жұмыссыздық бойынша жәрдемақы төлеу
жөніндегі кредиторлық берешек туралы
Жиынтық есеп
-----------------------------------------------------------------------
N ! Атауы ! Жәрдемақы ! Кезеңі ! Берешектің
р/р! (облыстар, Астана және ! алушылардың ! (айы, ! сомасы
! Алматы қалалары) ! саны (адам) ! жылы) !(мың теңге)
-----------------------------------------------------------------------
1 ! 2 ! 3 ! 4 ! 5
-----------------------------------------------------------------------
! ! ! !
-----------------------------------------------------------------------
! ! ! !
-----------------------------------------------------------------------
! Жиыны: ! ! !
-----------------------------------------------------------------------
Кредиторлық берешектің барлық сомасы __________ теңге ________________
(санмен) (жазумен сомасы)
_______________________________________________
Қазақстан Республикасы Еңбек
және халықты әлеуметтік қорғау
министрлігінің басшысы __________________ ______________________
(қолы) (аты-жөні, лауазымы)
Қаржы бөлімшесінің
басшысы __________________ ______________________
(қолы) (аты-жөні, лауазымы)
МО
Басқа 7. Жалақы төлеу жөніндегі кредиторлық берешекті өтеу туралы
Есеп
7-қосымша
Жалақы төлеу жөніндегі кредиторлық берешекті өтеу туралы
Есеп
2000 жылғы "____"_____________
__________
Мемлекеттік мекеменің атауы ________________ Коды _________|__________|
-----------------------------------------------------------------------
Бюджеттік ! Атауы !Алушы- ! Сомасы
сыныптаманың кодтары ! !лардың !-------------------------
------------------------! !саны ! бере- ! өтеу ! өтеуді
функц.!Бағ- !Кіші !Ерек-! !(адам) ! шектің !(теңге)! ескер-
топ !дар- !бағ- !ше- ! ! !(теңге) ! !гендегі
!лама !дар !лік ! ! ! ! !қалдық
! !лама ! ! ! ! ! !(теңге)
! ! ! ! ! ! ! !(7-8-
! ! ! ! ! ! ! ! баған-
! ! ! ! ! ! ! ! дар)
-----------------------------------------------------------------------
1 ! 2 ! 3 ! 4 ! 5 ! 6 ! 7 ! 8 ! 9
-----------------------------------------------------------------------
! ! ! 111 ! ! ! ! !
! ! ! 112 ! ! ! ! !
! ! ! 113 ! ! ! ! !
-----------------------------------------------------------------------
Жиыны:
-----------------------------------------------------------------------
Мемлекеттік мекеменің
басшысы __________________ ______________________
(қолы) (аты-жөні, лауазымы)
Қаржылық қызметтің
басшысы __________________ ______________________
(қолы) (аты-жөні, лауазымы)
МО
Басқа 8. Жалақы төлемдері бойынша несиелік берешектерді өтеу туралы
жиынтық есеп
8-қосымша
Жалақы төлемдері бойынша несиелік берешектерді өтеу туралы
жиынтық есеп
2000 жылғы "____"_____________
__________
____________________________________________ Коды _________|__________|
(Республикалық бюджеттік бағдарламалар
әкімшілерінің атауы)
-----------------------------------------------------------------------
Бюджеттік ! Атауы !Алушы- ! Сомасы
сыныптаманың кодтары ! !лардың !-------------------------
------------------------! !саны ! бере- ! өтеу ! өтеуді
функц.!Бағ- !Кіші !Ерек-! !(адам) ! шектің ! (мың. ! ескер-
топ !дар- !бағ- !ше- ! ! ! (мың. ! теңге)!гендегі
!лама !дар !лік ! ! ! теңге) ! !қалдық
! !лама ! ! ! ! ! ! (мың.
! ! ! ! ! ! ! ! теңге)
! ! ! ! ! ! ! !(7 б -
! ! ! ! ! ! ! ! 8 б.)
-----------------------------------------------------------------------
1 ! 2 ! 3 ! 4 ! 5 ! 6 ! 7 ! 8 ! 9
-----------------------------------------------------------------------
! ! ! 111 ! ! ! ! !
! ! ! 112 ! ! ! ! !
! ! ! 113 ! ! ! ! !
-----------------------------------------------------------------------
Жиыны: ! ! ! ! !
-----------------------------------------------------------------------
Республикалық бюджеттік
бағдарламалар әкімшілерінің
басшысы __________________ ___________________
(қолы) (тегі, қызметі)
Қаржы бөлімшесінің
басшысы __________________ ___________________
(қолы) (тегі, қызметі)
МО
Басқа 9. ҰОС-на қатысушылар мен мүгедектеріне әлеуметтік төлемдер
бойынша несиелік берешектерді өтеу туралы
Есеп
9-қосымша
ҰОС-на қатысушылар мен мүгедектеріне әлеуметтік төлемдер
бойынша несиелік берешектерді өтеу туралы
Есеп
2000 жылғы "___"_____________
Атауы __________________________________________________________________
(облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша ішкі істер
басқармасы, әскери комиссариаттар)
-----------------------------------------------------------------------
N ! Атауы ! Алушы- ! Сомасы
р/р! ! лардың !----------------------------
! ! саны !бере- ! өтеу !өтеуді ес-
! ! (адам) !шектер !(теңге)!кергендегі
! ! !(теңге)! !қалдық
! ! ! ! !(мың теңге)
! ! ! ! !(4 б.-5 б.)
-----------------------------------------------------------------------
1 ! 2 ! 3 ! 4 ! 5 ! 6
-----------------------------------------------------------------------
! І. ҰОС-ның мүгедектеріне ! ! ! !
! бензинге және жеке ! ! ! !
! автокөліктеріне техникалық ! ! ! !
! қызмет көрсетуге ! ! ! !
! жұмсалатын шығыстардың ! ! ! !
! өтемақысы бойынша ! ! ! !
-----------------------------------------------------------------------
! ІІ. Өздеріне тиесілі көлік ! ! ! !
! құралдарын алмаған ҰОС-ның ! ! ! !
! мүгедектеріне көліктік ! ! ! !
! қызмет көрсету үшін ! ! ! !
! өтемақы бойынша ! ! ! !
-----------------------------------------------------------------------
! ІІІ. ҰОС-на қатысушылар ! ! ! !
! мен мүгедектеріне 4 айлық ! ! ! !
! есептік көрсеткіш ! ! ! !
! мөлшерінде бір жолғы ! ! ! !
! жәрдемақы ! ! ! !
-----------------------------------------------------------------------
! IV. ҰОС-на қатысушылар мен ! ! ! !
! мүгедектеріне санаторлық- ! ! ! !
! -курорттық емдеу үшін ! ! ! !
! өтемақы ! ! ! !
-----------------------------------------------------------------------
! V. ҰОС-на қатысушылар мен ! ! ! !
! мүгедектерін жерлеуге ! ! ! !
! арналған жәрдемақы ! ! ! !
-----------------------------------------------------------------------
! VІ. ҰОС-ның мүгедектеріне ! ! ! !
! жылына бір рет темір жол, ! ! ! !
! әуе, су және халықаралық ! ! ! !
! автокөлікте жүруге ! ! ! !
! байланысты шығыстардың ! ! ! !
! өтемақысы ! ! ! !
-----------------------------------------------------------------------
! VII. ҰОС-на қатысушылар ! ! ! !
! мен мүгедектерінің ! ! ! !
! зейнетақысына айлық ! ! ! !
! есептік көрсеткіш ! ! ! !
! мөлшерінде ай сайынғы ! ! ! !
! үстемеақы ! ! ! !
-----------------------------------------------------------------------
! Барлығы: ! ! ! !
-----------------------------------------------------------------------
Ішкі Істер басқармасының,
әскери комиссариаттың
басшысы __________________ _____________________
(қолы) (тегі, қызметі)
Қаржы қызметінің
басшысы __________________ _____________________
(қолы) (тегі, қызметі)
МО
Басқа 10. ҰОС-на қатысушылар мен мүгедектеріне әлеуметтік төлемдер
бойынша несиелік берешектерді өтеу туралы
Жиынтық есеп
10-қосымша
ҰОС-на қатысушылар мен мүгедектеріне әлеуметтік төлемдер
бойынша несиелік берешектерді өтеу туралы
Жиынтық есеп
__________________ ______________
(министрлік) (күні)
-----------------------------------------------------------------------
N ! Атауы ! Алушы- ! Сомасы
р/р! ! лардың !----------------------------
! ! саны !бере- ! өтеу !өтеуді ес-
! ! (адам) !шектер ! (мың !кергендегі
! ! ! (мың ! теңге)!қалдық
! ! ! теңге)! !(мың теңге)
! ! ! ! !(4 б.-5 б.)
-----------------------------------------------------------------------
1 ! 2 ! 3 ! 4 ! 5 ! 6
-----------------------------------------------------------------------
! І. ҰОС-ның мүгедектеріне ! ! ! !
! бензинге және жеке ! ! ! !
! автокөліктеріне техникалық ! ! ! !
! қызмет көрсетуге ! ! ! !
! жұмсалатын шығыстардың ! ! ! !
! өтемақысы бойынша ! ! ! !
-----------------------------------------------------------------------
! ! ! ! !
-----------------------------------------------------------------------
! ! ! ! !
-----------------------------------------------------------------------
! Жиыны: ! ! ! !
-----------------------------------------------------------------------
! ІІ. Өздеріне тиесілі көлік ! ! ! !
! құралдарын алмаған ҰОС-ның ! ! ! !
! мүгедектеріне көліктік ! ! ! !
! қызмет көрсету үшін ! ! ! !
! өтемақы бойынша ! ! ! !
-----------------------------------------------------------------------
! ! ! ! !
-----------------------------------------------------------------------
! ! ! ! !
-----------------------------------------------------------------------
! Жиыны: ! ! ! !
-----------------------------------------------------------------------
! ІІІ. ҰОС-на қатысушылар ! ! ! !
! мен мүгедектеріне 4 айлық ! ! ! !
! есептік көрсеткіш ! ! ! !
! мөлшерінде бір жолғы ! ! ! !
! жәрдемақы ! ! ! !
-----------------------------------------------------------------------
! ! ! ! !
-----------------------------------------------------------------------
! ! ! ! !
-----------------------------------------------------------------------
! Жиыны: ! ! ! !
-----------------------------------------------------------------------
! IV. ҰОС-на қатысушылар мен ! ! ! !
! мүгедектеріне санаторлық- ! ! ! !
! -курорттық емдеу үшін ! ! ! !
! өтемақы ! ! ! !
-----------------------------------------------------------------------
! ! ! ! !
-----------------------------------------------------------------------
! ! ! ! !
-----------------------------------------------------------------------
! Жиыны: ! ! ! !
-----------------------------------------------------------------------
! V. ҰОС-на қатысушылар мен ! ! ! !
! мүгедектерін жерлеуге ! ! ! !
! арналған жәрдемақы ! ! ! !
-----------------------------------------------------------------------
! ! ! ! !
-----------------------------------------------------------------------
! ! ! ! !
-----------------------------------------------------------------------
! Жиыны: ! ! ! !
-----------------------------------------------------------------------
! VІ. ҰОС-ның мүгедектеріне ! ! ! !
! жылына бір рет темір жол, ! ! ! !
! әуе, су және халықаралық ! ! ! !
! автокөлікте жүруге ! ! ! !
! байланысты шығыстардың ! ! ! !
! өтемақысы ! ! ! !
-----------------------------------------------------------------------
! ! ! ! !
-----------------------------------------------------------------------
! ! ! ! !
-----------------------------------------------------------------------
! Жиыны: ! ! ! !
-----------------------------------------------------------------------
! VII. ҰОС-на қатысушылар ! ! ! !
! мен мүгедектерінің ! ! ! !
! зейнетақысына айлық ! ! ! !
! есептік көрсеткіш ! ! ! !
! мөлшерінде ай сайынғы ! ! ! !
! үстемеақы ! ! ! !
-----------------------------------------------------------------------
! ! ! ! !
-----------------------------------------------------------------------
! ! ! ! !
-----------------------------------------------------------------------
! Жиыны: ! ! ! !
-----------------------------------------------------------------------
! Барлығы: ! ! ! !
-----------------------------------------------------------------------
Министрлік басшысы __________________ __________________
(қолы) (тегі, қызметі)
Қаржы бөлімшесінің
басшысы __________________ ___________________
(қолы) (тегі, қызметі)
МО
Басқа 11. Жұмыссыздарға жәрдемақы төлеу бойынша әлеуметтік
төлемдердің несиелік берешектерін өтеу туралы
Есеп
11-қосымша
Жұмыссыздарға жәрдемақы төлеу бойынша әлеуметтік
төлемдердің несиелік берешектерін өтеу туралы
Есеп
2000 жылғы "___"____________
Еңбек басқармасының атауы ____________________________________________
(облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша)
-----------------------------------------------------------------------
N ! Жәрдемақы !Тіркеу туралы !Дербес ! Сомасы (теңге) ! Өтеуді
р/с! алушының ! деректер !шотының!-----------------! ескергендегі
! аты-жөн !--------------! N !берешектер! өтеу ! қалдық (мың
! ! N ! күні ! ! ! ! теңге)
! ! ! ! ! ! ! (6 б. 7 б.)
-----------------------------------------------------------------------
1 ! 2 ! 3 ! 4 ! 5 ! 6 ! 7 ! 8
-----------------------------------------------------------------------
! ! ! ! ! ! !
-----------------------------------------------------------------------
! ! ! ! ! ! !
-----------------------------------------------------------------------
! Жиыны: ! ! ! ! ! !
-----------------------------------------------------------------------
Еңбек департаментінің
(басқармасының) басшысы __________________ ___________________
(қолы) (тегі, қызметі)
Қаржы қызметінің
басшысы __________________ ___________________
(қолы) (тегі, қызметі)
МО
Басқа 12. Жұмыссыздарға жәрдемақы төлеу бойынша әлеуметтік
төлемдердің несиелік берешектерін өтеу туралы
Жиынтық есеп
12-қосымша
Жұмыссыздарға жәрдемақы төлеу бойынша әлеуметтік
төлемдердің несиелік берешектерін өтеу туралы
Жиынтық есеп
2000 жылғы "___"____________
-----------------------------------------------------------------------
N ! Облыстардың, Астана және ! Алушы- ! Сомасы
р/р! Алматы қалаларының ! лардың !----------------------------
! атауы ! саны ! бере- ! өтеу !өтеуді ес-
! ! (адам) !шектер !(теңге)!кергендегі
! ! ! (мың ! ! қалдық
! ! ! теңге)! !(мың теңге)
! ! ! ! !(4 б.-5 б.)
-----------------------------------------------------------------------
1 ! 2 ! 3 ! 4 ! 5 ! 6
-----------------------------------------------------------------------
! ! ! ! !
-----------------------------------------------------------------------
! ! ! ! !
-----------------------------------------------------------------------
! Жиыны: ! ! ! !
-----------------------------------------------------------------------
Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрлігінің басшысы ______________ ___________________
(қолы) (тегі, қызметі)
Қаржы бөлімшесінің басшысы ______________ ___________________
(қолы) (тегі, қызметі)
МО