Об утверждении квалификационных требований при лицензировании деятельности по производству и ремонту средств измерений Күшін жойған
Басқа 0
Өлшем құралдарын шығару және жөндеу жөнiндегi қызметтi лицензиялау кезiндегi бiлiктiлiк талаптарын бекіту туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 25.07.2007 N 626 (ресми жарияланғаннан кейін жиырма бір күн мерзім өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Ескерту. Тақырыпқа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 11.05.2006 N 380 (алғаш рет ресми жарияланғаннан кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.
"Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 сәуірдегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған:
Өлшем құралдарын шығару жөніндегі қызметті лицензиялау кезіндегі біліктілік талаптары;
Өлшем құралдарын жөндеу жөніндегі қызметті лицензиялау кезіндегі біліктілік талаптары бекітілсін.
📌 Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 11.05.2006 N 380 (алғаш рет ресми жарияланғаннан кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлігінің Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі комитеті өзінің бұрынырақта қабылданған шешімдерін осы қаулыға сәйкес келтірсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Басқа 4. Өлшем құралдарын тексеру жөнiндегi қызметтi лицензиялау кезiндегi бiлiктiлiк талаптары
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң
2000 жылғы 7 маусымдағы
N 867 қаулысымен
бекiтiлген
Өлшем құралдарын тексеру жөнiндегi қызметтi лицензиялау кезiндегi бiлiктiлiк талаптары
📌 Ескерту. Талаптар алып тасталды - ҚР Үкіметінің 11.05.2006 N 380 (алғаш рет ресми жарияланғаннан кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.
Басқа 5. Өлшем құралдарын шығару жөнiндегi қызметтi лицензиялау кезiндегi бiлiктiлiк талаптары
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң
2000 жылғы 7 маусымдағы
N 867 қаулысымен
бекiтiлген
Өлшем құралдарын шығару жөнiндегi қызметтi лицензиялау кезiндегi бiлiктiлiк талаптары
Өлшеу (геометриялық, механикалық өлшеу көлемдерiн, массаны, күштi, қаттылықты, қозғалыс параметрлерiн, қысымды, вакуумды өлшеу, сұйықтар мен газдың шығыстарын және мөлшерiн, тығыздық пен тұтқырлықты өлшеу, физикалық-химиялық өлшеу, температура мен жылу-физикалық өлшеу, оптикалық және оптика-физикалық өлшеу, акустикалық, электрлiк, магниттiк өлшеу, уақыт пен жиiлiктi, радиотехникалық өлшеу, иондалған сәулеленудi өлшеу) құралдарын шығару жөнiндегi қызметтi лицензиялау кезiндегi бiлiктiлiк талаптары:
Тармақша 1
1) өлшем құралдарын дайындауға арналған нормативтiк, сондай-ақ белгiленген тәртiппен және бекiтiлген келiсiлген техникалық (техникалық тапсырмалар, техникалық шарттар, конструкторлық-технологиялық құжаттамалар) құжаттамаларының;
Тармақша 2
2) санитарлық нормалар мен ережелерге және еңбек қауiпсiздiгi мен қоршаған ортаны қорғау талаптарына сәйкес өлшем құралдарын дайындауға арналған өндiрiстiк үй-жайларының;
Тармақша 3
3) конструкторлық-технологиялық құжаттамаларға сәйкес қажеттi технологиялық жабдық пен оны пайдалану жөнiндегi нұсқамаларының;
Тармақша 4
4) қажеттi дәлдiкпен регламенттеушi өлшемдер әдiстерi мен сынаулардың нормативтiк құжаттарының;
Тармақша 5
5) шикiзатты жинақтаушы бұйымдардың және өнiмдердiң толық көлемде сапасын бақылауды қамтамасыз ететiн өлшеу және сынау жабдықтарының;
Тармақша 6
6) өлшеу және сынау жабдықтарын монтаждауды және орнатуды регламенттейтiн техникалық құжаттамаларының;
Тармақша 7
7) қолданылатын өлшеу және сынау жабдықтарын метрологиялық аттестаттау немесе тексерiсi туралы сертификаттарының;
Тармақша 8
8) белгiленген тәртiппен алынған өлшем құралдарының түрiн бекiту туралы сертификатының;
Тармақша 9
9) шығарылатын өлшеу құралдарын тексеруге құқығы бар заңды тұлғамен метрологиялық қызмет көрсетулердi орындауға арналған шарттарының;
Тармақша 10
10) өлшем құралдарын өндiру саласында тиiстi бiлiктiлiгi мен блiмi бар мамандар штатының;
Тармақша 11
11) өлшем құралдарын дайындау мен сынау сапасын iшкi бақылаудың құжаттық жүйесiнiң;
Тармақша 12
12) мәлiмдеушiнiң санитарлық нормалардың талаптарына сәйкестiгiн растайтын санитарлық қадағалау органдарының қорытындыларының болуын қамтиды.
Басқа 18. Өлшем құралдарын жөндеу жөнiндегi қызметтi лицензиялау кезiндегi бiлiктiлiк талаптары
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң
2000 жылғы 7 маусымдағы
N 867 қаулысымен
бекiтiлген
Өлшем құралдарын жөндеу жөнiндегi қызметтi лицензиялау кезiндегi бiлiктiлiк талаптары
Өлшеу (геометриялық, механикалық өлшеу көлемдерiн, массаны, күштi, қаттылықты, қозғалыс параметрлерiн, қысымды, вакуумды өлшеу, сұйықтар мен газдың шығыстарын және мөлшерiн, тығыздық пен тұтқырлықты өлшеу, физикалық-химиялық өлшеу, температура мен жылу-физикалық өлшеу, оптикалық және оптика-физикалық өлшеу, акустикалық, электрлiк, магниттiк өлшеу, уақыт пен жиiлiктi, радиотехникалық, иондалған сәулеленудi өлшеу) құралдарын жөндеу жөнiндегi қызметтi лицензиялау кезiндегi бiлiктiлiк талаптары мәлiмделген лицензиялау саласына сәйкес:
Тармақша 1
1) өлшем құралдарын жөндеуге арналған нормативтiк, сондай-ақ белгiленген тәртiппен бекiтiлген және келiсiлген техникалық және технологиялық құжаттамалардың;
Тармақша 2
2) санитарлық нормалар мен ережелерге, еңбек қауiпсiздiгi мен қоршаған ортаны қорғаудың талаптарына сәйкес келетiн өлшем құралдарын қабылдауды, жөндеудi және сақтауды ұйымдастыруға арналған үй-жайлардың;
Тармақша 3
3) қажеттi технологиялық жабдықтар мен оны пайдалану жөнiндегi нұсқамалардың;
Тармақша 4
4) қажеттi дәлдiкпен өлшемдер мен сынаулардың орындалу тәсiлдерiн регламенттейтiн нормативтiк құжаттардың;
Тармақша 5
5) шикiзаттың, жинақтаушы бұйымдардың және жөндеу жұмыстарының сапасын толық көлемде бақылауды қамтамасыз ететiн өлшеу және сынау жабдықтарының;
Тармақша 6
6) белгiленген талаптарға сәйкес өлшем құралдарына сынақ жүргiзу мен жөндеу жұмыстарының сапасын бақылауға арналған жағдайлардың;
Тармақша 7
7) өлшем құралдарын жөндеу, дәлдеу және реттеу жұмыстары жөнiнде тиiстi бiлiм деңгейi мен практикалық жұмыс тәжiрибесi бар бiлiктi мамандардың;
Тармақша 8
8) жөнделетiн өлшем құралдарын тексеруге құқы бар заңды тұлғамен метрологиялық қызмет көрсетулердi орындауға арналған шарттардың;
Тармақша 9
9) мәлiмдеушiнiң санитарлық нормалар талаптарына сәйкестiгiн растайтын санитарлық қадағалау органдарының қорытындыларының болуын қамтиды.